А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Экономика кафедрасы
Жиентаев С.М.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ
Оқу құралы
Қостанай, 2014
УДК 330 (075.8)
ББК 65.01я73
Ж 60
Автор:
Жиентаев Сансызбай Мухаметгалиевич,
экономика ғылымдарының докторы
Рецензенттер:
Р.Елемесов
э.ғ.д.,Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
Е.Жатқамбаев
э.ғ.д.,Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
С.Турежанов
э.ғ.к.,А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің доценті
Оқу құралында экономикалық теорияның негізгі өзекті мәселелері қарастырылады, бұл сұрақтарды ҚР нарықтық қатынастар жағдайына өту кезеңіндегі шаруашылық-тәжірибемен байланыстыру жүргізіледі.
Оқу құралы экономика мамандығының студенттеріне, оқытушыларына, сонымен бірге қазіргі экономикалық теория мәселелеріне қызығушылық танытқандарға арналған.
УДК 330 (075.8)
ББК 65.01я73
А. Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік
университеті, 2014
Мазмұны
Кіріспе.....………………………….…………………………….....................
|
4
|
1. Экономикалық ғылымның пәні мен әдісі...................................................
|
7
|
1.1.Экономикалық теорияның пәні мен әдісі …………...……….................
|
7
|
Экономикалық білімнің қайта тууы мен дамуы….…………..................
|
10
|
2. Нарық субъектілерінің қалыптасуы………………....................................
|
14
|
2.1 Қазақстандағы нарықтық қатынастардың тарихи генезисі....................
|
14
|
2.2 Фермерлік (қожалық) шаруашылықтың қалыптасуы.............................
|
23
|
2.3 Адекватты нарықтық экономикада жер пайдалану жүйесінің қалыптасуы…………………………………………………............................
|
29
|
2.4 Мемлекеттік меншіктің мемлекет иелігінен алынуы мен фермерлік (қожалық) шаруашылықтың құрылуы ...........................................................
|
42
|
2.5 Меншіктің әртүрлі формалары мен кәсіпкерліктің даму жүйесі……...
|
50
|
3. Экономикалық жүйедегі ақша, пайыз және баға......…….........................
|
67
|
3.1 Ақша сұранысы…........................……………...........................................
|
67
|
3.2 Пайыз мөлшерлемесі мен баға индексі.....................……........................
|
74
|
3.3 Экономикаға сырттан салынатын қаржылардың тиімділігі...................
|
78
|
4. Нарықтық инфрақұрылым мен бәсекелестік.............................................
|
83
|
4.1 Өндіріс инфрақұрылымының мәні мен рөлі............................................
|
83
|
4.2 Ауылшаруашылығында әлеуметтік инфрақұрылымның қалыптасу ерекшеліктері.....................................................................................................
|
88
|
4.3 Ауылшаруашылық шикізат нарығында бәсекелестік ортаның қалыптасуы........................................................................................................
|
94
|
4.4 Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігінің агроэкономикалық негізі…..
|
102
|
5. Нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеу жүйесі.......………………
|
109
|
5.1 Нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеу қажеттігі мен қағидаттары.......................................................................................................
|
109
|
5.2 Мемлекеттік реттеудің функциялары мен құралдары.……...................
|
117
|
5.3 Шаруашылық субъектілер және олардың даму процестерін реттеу.....
|
124
|
6. Нарықтық қатынастарды реттейтін экономикалық әдістер………….....
|
133
|
6.1 Транзитті экономика жағдайында баға орнату мен салықтар………...
|
133
|
6.2 Нарықтық қатынастарды қолдаудың қаржылық-несиелік әдісі.............
|
140
|
Қорытынды…………………………………………………………………....
|
149
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………….........…………….......
|
151
|
Кіріспе
Қоғамдық өмірдің демократизациясы, қоғамда жаңа өндірістік қатынастардың қалыптасуы қоғамның экономикалық өмірін табанды түрде терең, жан жақты игеруге мәжбүрлейді.
Бұл әсіресе болашақта қоғамның экономикалық мәселелерін шешетін қазіргі жастарға өзекті болып табылады.
Экономикалық білімнің жалпы және әсіресе ерекше түрі қоғамға қажет болды. Қазіргі жағдайда қоғамдық өмірдің барлық мәселелері, яғни, адамның, биоәлеуметтік жәндік ретінде ең алдымен экономикалық жазықта шешіледі. Сондықтанда қазіргі студенттерге экономикалық теорияны нақты игеруі қажет.
Бұл оқу құралы экономикалық теория бойынша білімді студенттердің терең меңгеруі мәселенің бір бөлігін шешуші құрал ретінде табылады.
Сондықтан да бұл оқу құралында экономикалық теория курсының барлық сұрақтары, сонымен қатар мәселелері қарастырылмаған.
Бұл оқу құралы біздің түлектердің қүнделікті өмірлерінде кездесетін мәселелер мен міндеттерін ескере отырып жазылған.
Нарықтық қатынастардың талдауын бөлек шаруашылық субъектінің қарым қатынасына енгізу қажет. Экономиканың аграрлық секторындағы бұл қатынастар мінездемесі мен ұйымдастырылуы республикадағы азық-түлік қауіпсіздігін қамту міндеттемелерінен туындауы қажет.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы объективті экономикалық заңның әрекетімен байланысты. Яғни нарықтық қатынастардың анықтаушы белгісі болып еңбек өнімін айырбастау кезіндегі эквиваленттілік табылады, өйткені құн заңына басты рөлдің бірі бөлінеді. Осымен бірге басқа заңдардың да бірге, өзарабайланыс ретінде әрекет етілетінін де ұмытпауымыз керек. Өкінішке орай біздің өндірістік қоғамымызда әлі де объективті негізде экономикалық заңдар кешенінің барлық талабын ескеретін механизм орнаған жоқ.
Нарықтық құрылымның қалыптасуы меншік қатынастың өзгеруімен байланысты. Яғни бұл жерде ең бастысы ауылда шағын ғана көптеген меншіктердің пайда болуында емес, ауыл экономикасына тиімді жұмыс істеуге динамизм беретін меншік иесінде. Мұнда плюрализм түрінде меншік формаларының мемлекеттік монопольден жеке меншік монополіне ауысуы орын алмаса керек. Мемлекеттік меншіктен жеке меншікке дейін барлық меншік формаларын экономикалық және құқықтық қамтамасыз ету қажет. Міне осы мақсатпен 1993-1995 (2 кезең) жылдарда республикамызда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру ұлттық бағдарламасы қабылданды. Бұл құбылыстың талдауы бағдарламаны жүзеге асырудағы жетіспеушілігін және жекешелендіруге халықтың жағымсыз қатынастарын бірінші кезеңде қалыпты өткізілмегенін көрсетті. Бұл құбылыстың талдауы приватизация бағдарламасын жүзеге асыруда жетіспеушіліктің және халықтың оған деген жағымсыз қатынасын бірінші кезеңде қалыпты жүргізілмеуінен негізделген. «Төменнен» инициатива болған жоқ, ал «жоғарыдан» міндетті реттеу мен бақылау болмады. Бұдан басқа, ауылшаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіруде нақты, дәл жекешелендіру механизмі болмады.
Осы уақытта ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардың қалыптасуы объективті және субъективті сипатқа ие қиыншылықтармен кездесті. Біріншіден, бұрынғы СССР аймақтары арасында тік және көлденең байланыстардың бұзылуы республика экономикасының дамуына, әсіресе ауыл шаруашылығына кері әсер етті. Ауылшаруашылығында техника мен машиналардың, бұйымдардың жеткізілуі тоқтатылды. Бұдан басқа рубльдің қарқынды инфляциясы, ұлттық валюта – теңгені енгізу республика арасында төлемді жүргізуді тіптен қиындатып жіберді. Екіншіден техниканы жеткізушілер үнемі монополистер болып шығады және сондықтан да дәл солар шаруа еңбеккерлеріне өз шарттарын қояды, өндірістік және ауылшаруашылық тауарлар арасында баға паритеті жоқ. Республика арасында жаңа байланыс республиканың өзінің ішінде экономика басқарудың адекватты нарықтық әдісі әлі жоқ. Сондықтан осы кезең тәжірибесіндегі шаруашылықта жаппай күштеу әдісімен, яғни бұрынғы административті топтық әдістермен, объективті экономикалық заңдардың бұзылуы байқалды. Бұл нарықтық қатынастар толық күшімен жұмыс атқармауы үшін жағымды жағдай жасайды, және ауылшаруашылық еңбеккерлерінің нарыққа деген идеяларына сенімділігін кетіреді.
Республикада әлеуметті экономикалық қатынастардың және өндірістің құрылымында терең өзгерістерді, сонымен қатар ақша несиелік және қаржы жүйесін нығайтуға бағытталған тұрақтандыру шараларын, әкімшілікті топтық жүйе шегінде қалыптасқан және ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардың қалыптасуына кедергі болатын экономиканы демонополизациялау және ұйымдастырушылық құрылымдарды жоюды қарастыратын әлеуметтік бағытты нарықтық экономикаға көшуінің Ұлттық бағдарламасы қабылданған. Қазақстанның ауыл шаруашылық тәжірибесінің критикалық талдау жұмысының негізінде бұл бағдарламаның сенімсіз жағдайын дәлелдейді.
Ауылшаруашылық өндірістің ерекше өзгешеліктер тізімі мемлекеттің үнемі араласуын талап етеді. Монополизм аралас салаларында ауылшаруашылығындағы қайта өндіру жағдайын бірден нашарлатып жіберді. Топырақтың құнарлығын сақтау мен жоғарлату қажеттілігі ауылшаруашылық кәсіпорындардың коммерциялық тиімділігін шектейді, оның нарықтық күшін төмендетеді. Нарық шегінен тыс ауылдың әлеуметтік және жартылай өндірістік инфрақұрылымының дамуы, экологиялық мәселелердің шешілу тізімі жатыр. Мұның бәрі мемлекеттік реттеу мен субсидияны талап етеді.
Қазіргі жағдайда республикада нарық қатынастары әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерімен дамып жатыр. Қоғамдық қайта өндіру шарты жағдайының өзгеруі, шаруашылықтың экономикалық әдістеріне кошу нарық қатынастарын енгізуге жақсы жағдай туғызды. Ауыл шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңі құрылымды қайта құрумен, оны жүргізудің интенсивті әдісіне көшумен, сонымен қатар бұрынғы административті-топтық диктатын алып тастайтын басқарудың тиімді формасымен ерекшеленеді.
Нарықтық қатынастың маңызды жағынын бірі болып табылатын эквивалент негізінде алмастыру бәсекесіз жүруі мүмкін емес. Бұл өте маңызды, сондықтан агроөнеркәсіп секторында өндіріс құралдар нарығы мен ауылшаруашылық шикізаттар монополденген. Бәсекелестіктің шарты мен мәнін түсіну республикада болып жатқан барлық қалыптасқан өндірістік қатынастар мен құбылыстар талдауы негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұдан басқа бәсекелестік еңбек сипатынын ішкі қайшылығы туындауының формасы: қоғамдық және жеке мүдделердің арасында. Сонымен бірге материалдық қызығушылықтың бар болуы қоғамдық мүдделерді еңбеккерлердің ұғынған көлемінен байланысты болғанмен, сонша ең алдымен нарықтық қатынастардың функциялану себептерімен, сонымен қатар жұмысшының өмір деңгейінің жоғарлауымен байланысты. Монополиялық нарықта нарықты реттеуіштер әрекетінің өзгертілуі мен бұрмалануын тәжірибе дәлелдеп отыр.
Басты тауарлы ауылшаруашылық өнім өндірушілер болып қандай меншік формасын қалайтынына байланыссыз топтық шаруашылық болып қала береді, ал жаңа пайда болып келе жатқан фермерлер классы Қазақстан экономикасында аграрлы сектордың экономикалық дамуының басты қоғамдық күші болып әлі шыға алмайды. Басқа жағынан республика үшін жеткілікті мықты мемлекеттік сектормен әлеуметтік-бағытты нарық экономиканың қалыптасуы өзгеше. Мұндай жағдайда ТМД шегінде экономикалық зонаның біртұтастығын сақтау, Ресеймен және ТМД басқа мүшелерімен интеграциондық процессті ары қарай ынталандыру мен қолдау, аграрлық саясатты үйлестіретін мемлекетаралық мүшелердің қалыптасуы, сонымен қатар алынған шарт міндеттемелерін орындауға кепілдеме беруі өте маңызды.
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСІ
1.1 Экономикалық теорияның пәні мен әдісі
Экономикалық теорияның пәні туралы адамдардың түсінігі қоғамның шаруашылық өмірінің жүйесі туралы біліміне байланысты қалыптасты. Сондықтан да экономикалық теория пәнінің әртүрлі анықтамасы бар.
Экономикалық теория адамдар өндіріс, айырбастау, қайта бөлу және қоғамда пайда болған материалды және материалды емес игіліктерді тұтынушыға қатысатын экономикалық қатынастар жиынтығын игереді. Қоғам өндірісі ресурстардың шектеулігі мен сиректілігі жағдайында дамиды. Осыдан қоғам алдында шектеулі және сирек кездесетін ресурстарды пайдалануды баламалы жолдары мен әдістерін өзінің алдына қойған мақсаттардың маңызды деңгейіне байланысты әрқашанда таңдау мәселесі тұрады.
Экономикалық теория қоғамдық ғылым болып келеді және өмір сүруге арналған игіліктерді өндіру барысында немесе өндіріс құрылымын өндіру үрдісінде пайда болатын адамдардың қоғамдық қатынастарын игереді. Қоғамдық өндіріс бұл халық өмірінің негізі. Адам өмір сүру үшін тағам, киім, үй және басқа да игіліктер өндіруі қажет. Сондықтан бірінші тарихи акт болып адамдардың қажеттіліктері қанағаттанатын игіліктерді өндіру болды [1].
Экономикалық теория пәнінің тараған анықтамаларының бірі болып ағылшын экономисі Л. Робинсон берген анықтама болып табылады: «Сирек ресурстарды пайдалану қажеттілігі туындағанда, адам тәртібін қабылдайтын нақ сан формалар біртұтас экономикалық ғылым пәні құрайды... Экономикалық ғылым – бұл адамдардың іс-әрекетін мақсаттар мен шектеулі ресурстар арасындағы қатынастар көз-қарасынан игеретін ғылым»[2]. Шектеулі ресурстарды әртүрлі пайдалану мүмкіндігі қоғам алдында рационалды таңдау міндетін қояды.
Экономикалық ғылым даму процесінде, қоғамда экономикалық талдаудың 2 деңгейін айыра бастады: экономикалық талдау жеке индивидтердің алынған алынған үй шаруашылығы, шаруашылық субъектілер, салалар –макроэкономика қызметі деңгейінде. Ал анализ болса бүкіл ұлттық экономиканың және оның құралдарының функциалануының заңдарын игеру деңгейінде, осы құрамдардың арасында байланыс макроэкономика деген атауға ие болады.
Н.Фридман өзінің «саяси экономияның пәні мен әдісі» деген кітабында позитивті және нормативті экономикалық теория арасындағы келесі айырмашылықтарды келтірген: «позитивті ғылым – жүйелі түрдегі білім жиынтығы, не бар соларға қатысты: нормативті немесе регулятивті ғылым – жүйелі түрдегі білім жиынтығы, не болу керек соған қатысты» [3]. Жалпы түрде, егер позитивті экономикалық теория «не болады, егер...?», деген сұраққа жауап берсе, онда нормативті экономикалық теория «не болу керек?» деген сұраққа жауап беруге тырысуда. Сұрақтарды орналастыру барысында белгілі шарт немесе жаңылыс айтылған сөз жеберілетіні түсінікті. Мысалы: жылдық инфляция 10% құрағанда ҚР экономикасында инвестиция көлемі қаншаға өседі? Қазіргі қалыптасқан жағдайда қазақстан қоғамына жұмыссыздық көлемі жіберілуі мүмкін бе?
Экономикалық құбылыстарды зерттеу ауыр процесс болып табылады. Ол «тірі пайымдаудан абстрактілі ойлауға және одан тәжірибеге жылжуы...» [4]. Нақты экономикалық құбылыстың тірі пайымдауы оның сыртқы бейнесімен ғана таныстырады. Бірақта экономикалық теория экономикалық құбылыстың және процестердің сыртқы жағынан бейнелемейді. Ол құбылыстың ең мәніне енуі керек. В.И. Ленин саяси экономия мен тарихтың жаратылыстануын жолы деп жазған. Ғылыми танудың нәтижелі пункті болып адамдардың қабылдай алатын тәжірибелік қызметтері табылады. Соңғысы кез келген ғылымның бастапқы туындау пунктісі болып табылатын фактілі белгілер жиынтығы. Белгілі қорытындыларды жасауға мүмкіндік беретін кездейсоқ емес спорадикалық фактілердің белгілі жиынтығы ғылыми зерттеулер үшін пайдалы болды. Бұл ақиқатты ғылыми танудың басы ғана болатын. Әрі қарай объективті фактілердің астында көрінбей отырған құбылыс мәнін және оның заңнамасын шығару үшін жиналған фактілермен көрінбейтін, маңдай тер төгілетін жұмыс жасау қажет. Бұны тек өзімен «абстракция процесі, ұғымдар мен заңдардың қалыптасуын, пайда болуын...». Көрсететін ғылыми ойлау қадамына көтерілген соң ғана жүзеге асыруға болады.
Талдау кезінде ой көрінетін нақты құбылыстан абстрактілі құбылысқа жылжиды. Осымен бірге зерттелініп жатқан құбылыстан құрамдас бөлшектерге мүшеленуі жүреді. Зерттелінетін құбылыстын синтезі нәтижесінде оны құрайтын барлық жақтардың өзара байланысуын зерттейді.
Талдау процесі кезінде пәннің оның жеке құрамы бөлшектерге мүшеленуі іске асырылады. Мұндай талдау нәтижесінде біртұтас күйінде зерттелетін объектіні игеру үшін пайдаланылатын жалпы абстракция пайда болады[5].
Синтез нәтижесінде құбылыс мәнінің ашылуы аяқталады. Егер талдау құбылыстағы мәннің бар екенін анықтаса, ол синтез экономикалық ақиқаттың үстіне бұл мән қандай формада шығатынын көрсетеді. «Талдау мен синтез – ақиқатты ғылыми танитын бір процестің екі жақты органикалық бірлігі. Тек нақтыдан абстрактілікке және абстрактіден нақтылыққа жылжу процесінде зерттелініп жатқан құбылысқа тән әр бейнелі біртұтастық ашылады». Тек осындай тану процесінде құбылыстың мәнсіз жай жеке элементтерінен оның жалпы мәніне бірден көтерілуге болады [6].
Экономикалық теория нақты ақиқатты өзіне тән тарихи реттілікпен көрсетеді. Сондықтан экономикалық теорияда тарихи әдіс болып табылады. Экономикалық құбылыстарды өздерінің реттілігімен меңгере отырып, қоғамдық экономикалық қатынастарының дамуындағы кездейсоқ моменттеріне көңіл аудармай отырып, ол мәні бар ең бастысын мүшелеп алады. Яғни, тарихи әдіс зерттеудің логикалық әдісімен органикалық әдісті «шын мәнінде ол сол тарихи әдіс болып табылады, тек тарихи формалардан және оған кедергі болып тұрған кездейсоқтармен ажыратылған». Тарих неден басталса ой өрісі де содан басталу керек, және оның ары қарай жылжуы абстрактілі формадағы тарихи процесстің сипаты болып көрсетіледі; атап дұрысталған, тек заңға сай дұрысталған, сонымен бірге әрбір кездегі даму нүктесінде, яғни процесс өзінің классикалық формасында толық жетілуіне жеткен жерден қарастырылады» деп атап өткен.
Кез-келген экономикалық құбылысқа көлемді сапалы жақ тән. Сондықтан экономикалық теория кең көлемде зерттеудің математикалық, статистикалық әдістерін қолданады. Қоғамның шаруашылық өмірінің қазіргі деңгейі экономика көрсеткіштерін және сапалы мөлшерлілерді жан-жақты есепке алуды компьютерлер мен ЭЕТ-ді осы мақсаттар үшін кең қолдануды обективті талап етеді.
Экономикалық процестің көлемі өзгерістерін талдай отырып, экономикалық теория көлемнің жаңа экономикалық сапаға ауысуын да игереді. Әрбір экономикалық құбылыс көлемді жағынан да, сапасы жағынан да бір бірінен бөлінбей өзара байланысып ажырамай меңгерілуі керек. Осы жағдайда ғана осы немесе басқа құбылыстың талдауына, соның ішінде экономикалық анализге объективті жол сақталады.
Бұл әдістерден басқа, экономикалық теория қоршаған ақиқатты тану үшін әртүрлі әдіс қолданады. Бұлар алдында экономикалық ғылымға: индукция, дедукция, аналогия, функционалдық талдау әдісі және т.б. ретінде белгілі.
Экономикалық теория әдісінің соңғы звеносы болып қоғамдық тәжірибе табылады. Міне, осы ақиқаттың крийтерийі болып табылады, яғни тәжірибе процесінде ғылыми оймен шыққан теориялық абстракцияның шындылығы және жалғандығы шығады.
Экономикалық теорияны игеру студентті ойлауға, ойландыруға және қорытынды жасай білуіне бағытталуы керек. Атақты неміс педагогы А. Дистерверг: нашар мұғалім ақиқатын айтады, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді»,-дейді [7]. Сондай-ақ қазіргі таңда В.И. Лениннің ойлау диалектикалық типін дамыту, білімді өз бетінше меңгеру жөніндегі тезисі өзекті болып табылады. Ол: «өз бетінше жасалған белгілі еңбексіз ешқандай сұрақ ақиқатқа жетпейді, кім еңбектен қорықса, сол ақиқатты табу мүмкіндігінен айырылады»,- деп көрсеткен болатын [8]. Экономикалық теория адамзат қызметінің негізгі сферасы – материалдық өндіріс заңдылықтарын ашады. Болашақ маман оны игере отырып, өндірістік қатынастар жүйесін, экономикалық заңдар әрекетінің объективті сипатын талдайды, саяси құбылыстарды олардың экономиалық мазмұны тұрғысынан қарастыруға бейімделеді.
Бұл процесс әр түрлі экономиалық ілімдердің теориялық мұраларын терең игеруге негізделеді. Мұндай зерттеу талдау, ойлаудың диалектиалық типін өңдеу, әртүрлі авторлардың шығармаларын терең игеру сипатында болуға тиіс. Осының барлығын бірге алсақ, студент жеткілікті мөлшерде меңгере бермейтін жалпы және арнайы білімнің (көбіне айтарлықтай жоғары) деңгейін білдіреді. Бұл студенттің қажырлы еңбегін оқытушының көмегін қажет етеді. Мұндай оқытушы дер кезінде дұрыс сұрақ қоя отырып, студенттің алдына қойған міндетті шешудің дұрыс жолдары мен адамдарын іздестіруне ықпал етеді, студенттің өз бетінше ізденуіне деген қызығушылығын оятады. Осылай білім алуға, интеллектуалдық тұрғыдан оянуға, әлемді тануға деген құштарлық пайда болады. Студенттер әртүрлі мектеп өкілдері болып табылатын экономистердің шығармаларын, мерзімді анықтамалық әдебиеттерді, шаруашылықтардың нақты деректерін терең және үлкен қызығушылықпен игере бастайды, ол теорияны жақсы меңгеруге жағдай жасап қана қоймай, білімнің ақиқатына көз жеткізуге, теориялық мәселелерді шаруашылық жүргізудің қазіргі тәжірибесімен байланыстыруға, дұрыс шешім қабылдауға, қазіргі өмірге сыни тұрғыдан қарауға әсер етеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Экономикалық теория ұғымының жалпы түсінігі.
2. Экономикалық теория пәні нені зерттейді?
3. Экономикалық әдісіне сипаттама.
4. Экономикалық теория қызметінің негізгі сферасы не болып табылады?
5. Экономикалық теорияның қазіргі кездегі рөлі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |