3.2 Пайыз мөлшерлемесі мен баға индексі
Біз, қаржыгерлер капитал нарығындағы бекітілген пайыздық мөлшерлемеге ықпал жасай алады деп шештік. Орталық Банк (түрлі елдерде аталған органдар түрліше аталады, алайда одан оның маңызы өзгермейді) жетекшілерінің кеңесінде қабылданатын есептік мөлшердің (қайта қаржыландыру мөлшерлемесі) өзгеруі туралы директивадан басқа реттеуші органдар ақша нарығында түрлі интервенцияларды жүргізіп отырады. Бұл ақшаның құнсыздану деңгейіне әсер етеді.
Біздің пайымдауымыз түсінікті болуы үшін жиынтық сұранысқа табыстың, пайыздық мөлшердің және тұрғындардың қолындағы ақшаның нақты көлемінің (қолдағы ақшаның нақты қалдығы) қалай әсер ететінін қарастырайық .
4 сурет. Нақты жиынтық сұраныс.
Мұндағы Е- нақты жиынтық сұраныс, С- нақты (шынайы) тұтынушылық сұранысы, І- инвестиция, G- мемлекеттік шығындар, Y-жиынтық нақты ұлттық кіріс (табыс),
Сурет 5
(3)
г0 - пайызыдық мөлшер, —- - фирманың бастапқы нақты ақша қоры және Ро- бағаның абсолютті деңгейіне бөлінген үй шаруашылығы.
4 суретте мемлекеттік шығыстар тұрақты мағына ретінде берілген және ол үкіметтің әрекетіне тікелей тәуелді. Тұтынушылық сұраныс пен инвестицияға келетін болсақ, олар келесідей түрде көрініс береді: үй шаруашылықтарының нақты ақша қоры, р ,rF М0 - фирманың бастапқы нақты ақша қоры.
Сонымен жеке тұлғаның базарда тауар сатып алу жөніндегі шешіміне нақты еңбекақымызды ауыстыра отырып, біздің талаптарымызды қанағаттандыра алатын пайыздық мөлшер, қолдағы ақшаның алғашқы қоры, бағаның деңгейі мен нақты ұлттық кіріс (ол кезеңдерге тең бөлінген деп есептеледі) ықпал етеді. Өткен бөлімдерде біз сұранымның пайыздық мөлшердің көлеміне қатысты азаятынын қарастырып кеткен болатынбыз. Енді пайыздық мөлшер мен нарықтағы тауар бағаларының деңгейі арасындағы байланысты қарастырып көрейік. Егер Орталық банк пайыздық мөлшерді көтеретін болса, онда жеке тұлғалар ақшаға деген сұраныстарын қысқартады, ақша қалдықтарының нақты көлемі қысқарады. Жұрт тұтыну тауарларына ақша жұмсауды мейлінше азайтады, бұл өз кезегінде бағаның төмендеуіне әсер етеді. Дәл осындай жағдай инвестициялық тауарлар нарығына да тән, пайыздық мөлшердің жоғары болуы кейбір жобаларға қатысты инвестициялық қызығушылықтың жоғалуына әкеліп соғады, мұның өзі дефляциялық қысымға алып келеді. Осылайша, пайыздық мөлшер мен бағалар деңгейінің арасындағы байланыс сәйкес келмейді, ол 5 суреттегі СС қисығымен берілуі мүмкін және дәл осы байланыс тауарлар нарығында жұмыс істейді.
Пайыздық мөлшерлеменің облигациялар нарығына да әсер ететініне дау жоқ. Айталық 5 суреттегі ВВ қисығы облигация нарығындағы теңдік нүктесінің геометриялық орны болып табылсын. ВВ қисығы (р0;г0) нүктесі арқылы өтіп, жағдайының біршама жақсы екендігін көрсетеді.
Біз облигация нарығы туралы сөз еткенде баға деңгейі деп облигация нарығындағы бағаның деңгейін айтатынымызды еске сала кетудің артықшылығы жоқ. Осылайша, пайыздық мөлшері тауарлар нарығы мен облигациялар нарығында түрлі бағытта дамитынын көрсетеді. Әрине, пайыздық мөлшердің өсуі бұрын шыққан облигациялардың құнын түсіргенімен жаңадан шығайын деп тұрған облигациялардың құнын көтереді және бағаның деңгейін анықтауда солар басты назарға алынады. Жүйе жабық деп есептелгендіктен капиталдың өсімі мен шығыны жалпы алғанда экономикада теңеліп отырады.
(4)
(5)
Бағаның өсу деңгейі облигация нарығына тек ақшаның нақты қалдығы арқылы әсер етеді, бұл өз кезегінде облигацияға деген сұраныс қисығын төменге түсіруге және тиісінше пайыздық мөлшердің тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғады. СС және ВВ қисықтары графикті төрт облысқа I, II, III және IV бөледі. Егер экономиканың тепе-теңдігі бұзылған жағдайда болатын болса, онда төрт сектордағы а, Ь, с және d нүктелерінің әрқайсы графиктегі бағыттар бойынша тепе-теңдік жағдайға ұмтылатын болады.
Жүйе қозғалысының 5 суреттегі е нүктесінен g тепе-теңдік нүктесіне дейінгі траекториясын қарастырып көрейік. Е нүктесінде баға деңгейі мен пайыздық мөлшері тепе-теңдіктен төмен, бұл тауар нарығындағы артық сұраныстың пайда болуына және құнсыздану қысымына алып келеді. Бұл кезде облигация нарығында бағаның төмендігінен және жұртта артық ақшаның пайда болуынан артық сұраныс көрініс береді, нақты қалдық ақшаның болуы фирмаларға да әсер етеді, облигацияларды ұсыну құлайды (фирмаларда қол ақша қорының болуына байланысты төмен бағалар қызықтырмайды). Осының нәтижесі ретінде алғашқы кезеңде пайыздық мөлшердің төмендеуін, баға деңгейінің өсуін бақылауға болады. Осыдан кейін жұрттың тұтынушылық қабілетінің артуы және қанағаттандырылмаған сұраныс бағаның жоғары көтерілуін қамтамасыз етеді. Егер сатып алушылар нарықтағы белгілі бір тауарға деген өздерінің сұранысын қанағаттандыра алмаса, онда олар басқаға қызығушылық танытатын болады. Уақыт өте келе сатып алушылар облигацияларға назар аудара бастайды, олардың бағасы өсе түседі. Осылармен бір мезгілде құнсыздану қысымдары фирмалардың қаржыландыруға деген қажеттіліктерін арттырады. Нарықтың үйлестіруші уәждері шектен тыс күшті болған жағдайда тепе-теңдік қозғалысы шиыршықтың қозғалыс жылдамдығы бойынша өтуі мүмкін.
К нүктесі жағдайында біршама оңайырақ, ол П секторында орналасқан. Пайыздық мөлшер мен баға деңгейінің тепе-теңдігі жоғары. Пайыздық жоғары мөлшер салымға деген қызығушылықты арттырады, мұның өзі тауар нарығындағы сұранысты төмендетіп, бағаға дефляциялық қысым көрсетеді. Бұлармен қатар облигация нарығында сұраныстың жетіспеушілігі байқалады, ал бұл пайыздық мөлшердің төмендеуіне алып келеді.
Осылайша, теңсіздік нүктесі қандай секторда орналасса да оны әр уақытта теңдікке итермелейтін нарықтық күштерінің болуы заңды құбылыс. Бұл tatonnement біртіндеп жақындауының процесі дегенді және нарықтың оның көмегімен теңдікке апарар жолды іздестіруде дегенді білдіреді. Бұл орайда қозғалыстың сағат тіліне қарсы бағытта өтетінін атап өткен жөн.
Бұл бөлікте біз нақтылықпен дәлелденген белгілі қорытындыға келіп тірелеміз (ресейлік шындыққа қатысынсыз). Пайыздық мөлшердің көтерілуі құнсызданудың құлауына әсер еткенімен, ол тауарларға қатысты тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың, жиынтық сұраныстың құлауына да алып келеді. Пайыздық мөлшердің төмендеуі тауарларға деген тұтынушылық және инвестициялық сұранысты арттырып, облигацияға қатысты сұранысты төмендетеді, артып келе жатқан нақты ақша қалдығы тауарлардың бағасына құнсыздану қысымы ықпал етеді.
Р
6 сурет. Тауарлар мен облигациялар нарығындағы теңдікке қозғалыс.
Жоғарыда пайдаланылған себеп-салдар бойынша қорытынды жасау әдісінің сипаттама жасауға ең қолайлы екендігіне қарамастан, оның шындыққа қатысты соншалықты дәл еместігін айта кету керек. Жоғарыда біз адамның тұрақты үлгі жасағысы келген әрекеттері туралы айттық, алайда іс жүзінде адамның үлгісі немесе қалпы дегеннің жоқ екендігі белгілі, олай болса, оның ақшаға деген қатынасын да бір үлгіге немесе қалыпқа келтіруге болмайды. Бұл қатынас жетілмеген, ол уақытқа және кеңістікке байланысты өзгеріп отырады. Біздің пайыздық мөлшер мен (депозиттер бойынша мөлшерлер) бағаны индекстеу арасындағы жасап шығарған теориялық байланысымыз белгілі бір экономикалық жүйенің шынайылығын қанағаттандыра алуы мүмкін. Біздің одан ары анықтайтынымыздай Ресейдің 1999-2008 жылдар аралығындағы экономикалық жағдайы аталған байланыспен сипатталмайды.
Бақылау сұрақтары
1. Проценттік мөлшерлеме дегеніміз не?
2. Баға индексін қалай түсінесіз?
3. Нақты жиынтық сұраныс дегеніміз не?
4. Ақшаның құнсыздануын қалай түсінесіз?
5. Облигация нарығы дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |