Баспасөз беттеріндегі фразеологиялық тіркестерді қолдана отырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру 411 штқ студенті



Дата30.11.2016
өлшемі139,88 Kb.
#2905
Баспасөз беттеріндегі фразеологиялық тіркестерді қолдана отырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру

411 ШТҚ студенті: Жолжақсы.А.Е.

І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы

e-mail: Attractive.girl.94@mail.ru

Ғылыми жетекші: Кылышпаева М.Х.



Бүгінгі таңда дүние жүзінде 2000-ға жуық тілдер мен диалекттер бар. Кей жағдайда бұл бірнеше мың адам арасында тар қолданысқа ие болатын тіл болса, өзге жағдайда саны он, не жүз миллионға жететін адамзат игілігіне қызмет ететін тілдер. Мұндай тілдер қатарына орыс, қытай, ағылшын, испан, француз, индонезиялық және араб тілдерін жатқызамыз.

Ағылшын тілі дүние жүзінің барлық бөліктеріне таралған. Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Канада елдерінің басым бөлігі үшін бұл тіл олардың ана тілі болып есептеледі. Ағылшын тілі- көптеген ірі компаниялар өз өнімдеріне нұсқауларды ағылшын тілінде беретіндіктен, сауда тілі, халықаралық коммуникация мен Интернет тілі болып табылады.

Кез келген адам Шекспир қолданған ағылшын тілі мен қазіргі заманның авторының тілін бірден оңай ажырата алады. Алайда бүгінгі қолданыстағы ағылшын тілі де өзгерісте, сондай-ақ, қазіргі ағылшын тілінің жалпы ағымы - коммуникативтік фразеологизмдерді кең көлемде қолдану үрдісіне көшуде, сол ретте бұл жайт көзделген тақырыбымыздың өзектілігін анықтайды. Оқу үрдісіндегі жоғарғы буынның оқулықтарын зерттей келе, біз ағылшын тілінің фразеологизмдері жайындағы мағлұмат қазіргі оқу құралдарында сирек берілетіндігін анықтадық.[1:6]

Бұл шет тіліне оқытудың коммуникативтік бағыттылығын толық жүзеге асырмайтынын және халықаралық деңгейдегі қарым-қатынасқа деген қабілеттің дамуына толық мүмкіндік бермейтінін көрсетеді. Осыдан, фразеологизмерді зерттеу сөйлеу әрекетіне қандай әсерін тигізеді деген мәселені анықтаймыз.

Осыдан шығып, “Баспасөз бетіндегі фразеологиялық тіркестер арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастыру” атты жұмыстың тақырыбы өзекті деуге болады.

Әрине, бұқаралық ақпараттар құралдары мәтініндегі фразеологизмдердің орны ерекше, әсіресе баспасөз беттерінде. Профессор Г.О.Винокур баспасөз тілі толығымен фразеологияланған, себебі газеттердің сөз орамдарының бірегейлігі, оның ажырамас ерекшелігі болып табылады деп санаған [2:12].

Баспасөз тілінің ерекшелігі – тақырып, тақырыпша, айдарлар, афиша, анонс сияқты ерекше тілдік құрылымдардың болуы. Тақырып ретінде бір сөз, сөз тіркесі, сөйлем, бірнеше сөйлем, әрине фразеологизмдер қолданылуы мүмкін. Баспасөз бетіндегі тақырып орны, ғалымдардың пікірінше,- күшті, акцентті позицияны алады, себебі оқырман бірінші ретте газет бетінің тақырыбына назар аударады. Баспасөз тәжірибесі тұрақты сөз тіркестерін түрлендіру тәсілдерінің белгілілерін тәжірибе жүзінде қолданған. [3:44].

У. Шекспирдің драмалық шығармалары ағылшын идиоматикасының қайнар көзі болып шықты. Шекспир ойлап тапқан фразеологизмдер, немесе оның шығармаларының цитаталарынан жалқы есімдерді байқаймыз: Hamlet with Hamlet left out “Дат ханзадасынсыз Хамлет”, яғни, ең негізгісінен, түп негізінен айрылған нәрсе. Ағылшын тілін байытқан фразеологизмдер көлемі бойынша, Інжіл кітабынан кейінгі орынды Шекспир шығармалары екінші орынды алып отыр. Оның көлемі жүзден асады. Әйгілі фразелогизмдердің бұл түрінің бірнешеуін мысалға келтіруге болады:


  • gild refined gold (“King John”) – “таза алтынды жылтырату”, яғни, өзі де жақсы нәрсені жақсартуға, сәндеуге тырысу;

  • the green-eyed monster (“Othello”) –“жасыл көзді құбыжық”, яғни, қызғаныш;

  • the wish is father to the thought (“King Henry IV”) – қалау ой туғызады, яғни, адамдар, өздері қалаған нәрсеге сенеді.

Шекспирден басқа да жазушылар ағылшын фразеологиясын байытқан болатын. Солардың ішінен бірінші ретте Джеффри Чосер, Джон Мильтон, Джонатан Свифт, Чарльз Диккенс және Вальтер Скотты атауымыз керек.

Свифт: “rain cats and dogs” (“Polite Conversation”) – «жауын шелектеп төгіп тұр»; “quarrel with one’s bread and butter” (“Polite Conversation”) – «біреудің наны болған істі тастау».

Чарльз Диккенс: “How goes the enemy?” (әңгіме барысында) – «Біздің жауымыз –уақыт қалай өтіп жатыр? Сағат қанша болды?» (“Nicholas Nickleby”); “never say die” – «мұңаймаңыз» (“David Copperfield”).

Дэвис Томпсонның классификациясына сай барлық фразеологялық бірліктері үш топқа бөлуге болады: фразеологиялық тізбек, фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік.



а) Фразеологиялық тұтастық

Фразеологиялық тұтастыққа құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын фразеологизмдер жатады. Мысалы, kick the bucket (ауызекі тілде) - өлу; = төсек тарту , send somebody to Coventry- біреумен қарым- қатынасты бұзу at bay- амалсыз жағдайда болу , be at somebody’s beck and call- қызмет көрсетуге дайын, to rain cats and dogs шелектеп жауу (жауын жайында), be at thumbs- икемсіз, Kilkenny cats – қас жау.

Фразеологиялық тұтастықтың бірнеше өзіндік белгілері бар:


  1. олардың құрамына осы тұтастықтан басқа жерде қолданылмайтын некротизм сөздер кіруі мүмкін;

  2. тұтастықтар құрамына архаизмдер кіруі мүмкін;

  3. олар синтактикалық бөлінбейді;

  4. көп жағдайда олардың компоненттерінің орнын ауыстыру мүмкін емес;

  5. өз қатарына қосымша сөздерді қабылдамайды

ә) Фразеологиялық бірлік

Фразеологиялық бірлік әу бастағы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан пайда болады. Фразеологиялық тұтастықтан айырмашылығы сол, мұнда жеке сөздердің қосындысынан пайда болған жай ғана туынды мағына емес, бейнеленген туынды мағына емес, бейнеленген туынды мағына, яғни фразеологиялық мағынаның жасалуына негіз болған еркін тіркестегі бастапқы лексикалық мағына айқынырақ көрініп тұрады. Мысалы:



Swim against the current- ағысқа қарама- қарсы жүзу, яғни басқаларға қарсы бір әрекет жасау.

Бұндай фразеологизмдерде “сыртқы омонимдер” болуы мүмкін, яғни тура мағынада қолданылатын тіркестермен сәйкес келетін фразеологизмдер.

Мысалы:

It was very tiresome as I had to swim against the current – Ағысқа қарама – қарсы жүзу өте қиынға соқты.

Өзінің бейнелік мағынасын жоғалтып алған фразеологиялық тұтастықпен салыстырғанда, фразеологиялық бірліктер әрдайым метафора түрінде қабылданады.

Солардың ішінен тұрақты салыстырулар жұргізуге болады-

To stick like a lunch- монша жапырағындай

Метафоралық эпитеттер-



Mirtal grip- күшті айла

Гиперболалар-The gold mountain- алтын асулар

Питоттар-

Catch at a straw- қармаққа түсу

Перифразалар, яғни бір сөзді алмастыратын бейнелі тіркестері бар фразеологиялық бірліктер де бар.

Мысалы:

Broad shoulders

Кейбір фразеологиялық бірліктер экспрессивтілігін күлдіргіштерден алады.



The hole of the bublik- тоқаштың тесігі

Қалғандарының мәнерлілігі антонимдер ойынынан құрылады-



More or less- аз да көп

Синонимдермен қақтығысу арқылы-



Out of the frying pan into the fire

Фразеологиялық бірліктер тілге өзінді мәнерлілік пен ауызекі стильді көрсетеді.



б) Фразеологиялық тізбек

Фразеологиялық тізбек те фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан пайда болған. Мұнда тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы мүлдем жойылмағанымен, күңгірт тарта бастағаны байқалады. Фразеологиялық тізбек еркін тіркесімділік қабілетке ие сөз бен жұмсалу қабілеті шектеулікке ие бола бастаған, көбіне фразеологиялық байлаулы мағынада ғана жұмсалатын сөздердің тіркесінен тұрады. Мысалы:

Біз The Indian summer десек те, ешқашан The Indian month, The Indian autumn деп айта алмаймыз.

Фразеологиялық тізбекті тұрақты болғанымен, еркін мағыналары бар сөздерден тұратын семантикалық бөліну мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Мысалы:

To be or not to be- болу не болмау.

Бұл топқа қанатты сөздер, мақалдар, мәтелдер кіреді.

Көптеген фразеологиялық тіркестер синтактикалық ерекшелігімен көрінеді: тек тіркестер емес, толық сөйлемдерді қамти алады.

Қазіргі БАҚ мәтіндеріндегі көптеп кездесетін сүйікті тәсіл – тұрақты сөз тіркестерін түрлендіру, жаңарту болып табылады. Оларды трансформацияландыру мүмкіндігі тұрақты сөз тіркестерінің ішкі формасын сақтап қалуынан туады, яғни олардың дәлме-дәл мағынасы, қатыстық тұрақтылығы. Түрлендіруге семантика да, сөз тіркесінің құрылымы да шалдығуы мүмкін. Контексттің нақты шарттарына байланысты тіркестің жалпылама, метафоралық мағынасын бейімдеу және авторларға белгілі бір дәрежедегі жойылып кеткен бейнені “қайта қалпына келтіруге ” мүмкіндік беретін олардың ішкі формасының бар болуынан тұрақты сөз тіркестерінің семантикасының түрленуі мүмкін.

Трансформацияның түрлерін екі бөлімге бөлуге болады:


  • бей-аналитикалық (семантикалық, мағыналылық)

  • аналитикалық

Семантикалық трансформация

Семантикалық трансформацияда тұрақты сөз тіркесінің құрылымы өзгеріссіз қалады: оған сөз мағынасының реңктері немесе тура не ауыспалы мағынаның бірігу нәтижесінде сөз ойыны пайда болады, сол уақытта белгілі бір экпрессивті әсер өз мәресіне жетеді. “All is not gold that glitters” атты мақала атауы контрабанда мүшелерінің жалған алтынды шекарадан өткізгендігі жайында сұғбат етеді. [4:123]



Фразеологизмнің дәлме-дәл мағынасын қолдану

Автор мәнмәтінде (контекст) дәлме-дәл фразеологизмдерді болып жатқан болмыстың кекесін көрінісін (ирония) көрсету немесе күлдіргі әсерге жету (фразеологиялық сөзойнатым құрау) мақсатында қолданады. Мысалы, “Film in the empty place” [5:23]. Мақаланың аты бойынша автор мағынасы жоқ фильмді сынап отыр, бірақ бұл жерде фразеологизмнің дәлме-дәл мағынасы қолданып тұр: Гас Ван Сенттің “Джерри” фильмі адам өмірінің экзистенциялдық мағынасыздығын, бос кеңістігін суреттейтін шөл даладағы оқиғасы.

Both sides of coin with one image of queen ” атты мақала британдық тыйынның екі жағының бірдей шығарылған көрінісі жайлы ақпарат береді [6:76].
Фразеологизмнің дәлме-дәл және астарлы мағыналарына синтез

Семантикалық түрленулерде бір сөз тіркесі бір жағынан семантикалық тұрғыдан біртұтас, бөлінбейтін, тұрақты болса, бір жағынан еркін, семантикалық жүйелене алатындығын көрсетеді. Лингвистикалық әдебиеттерде бұндай құбылыстың терминдік атауы бар: “тұрақты сөз тіркесінің екіжүйелілігі”, “екі мағынаның синтезі”, “фразеологизмнің бөлінуі”, “фразеологизм модификациясы”, “фразеологизмнің ішкі формасының актуализациясы”. Біздің ойымызша, семантикалық түрленген фразеологизмдер фразеологизмдік сөзойнатымдар болып табылады.

Мысалы, жаңа жыл қарсаңындағы Санта Клаустардан алған сұғбаттың бірінде, бірі: “it is not easy to be in Santa’s skin during the all month” деп жауап беруі таң қаларлық жағдай емес. Басқа адам кейпінде ұзақ жүру, сол адамның жағдайын толығымен түсінуге мүмкіндік береді .

Бойжеткендер журналының бірінде қыздың жүрегін жаулап алудың бірнеше тәсілдері көрсетілген. Соның бірінде: “he proved her, that life and love with him is only bed of roses” (жігіт қыздың туған күн кешіне раушан гүл толған кереует пен бөлме әзірлеген) делінген [7:54].



Компоненттер санының өзгеруі

Фразеологизмді актуализациялау мақсатында автор оның құрамын қысқарта, не ұзарта алады. Редукция, немесе фразеологизм құрамының қысқаруы оны қайта ойлауымен байланысты.

Where there is the will…” атты мақала президенттің жыл бойғы атқарылған қызметтердің нәтижесін шығаруы жайында. Тұрақты сөз тіркесінің толық формасының екінші бөлігі шегеріліп қалған. (Where there is the will there is a way).

Редукцияға қарама-қарсы – фразеологизм құрамының кеңеюі. “The head of the company clipped his flying wings by taking credits from investors” деген мақала бөлігінен to clip somebody’s wings атты тұрақты сөз тіркесінің flying деген сөзінің қосылуынан кеңейгенін байқаймыз [35:43].

Swimming treasure island”- теңіз круиздарының үлкен атаққа ие екендігін көрсететін метафоралық мінездеме. Бастапқы формасы: treasure island [8:33].

Лексикалық трансформация

Бір немесе бірнеше элементтердің манипуляциясын қарастырады: фразеологизм компоненттерінің ауысуы болады. Бір жағдайда ауысу тура жағдайда болады. Басқа жағдайда бұндай ауысу аллюзия әсерімен жүреді (тұспал, ассоциация).

“Fashion” атты журналдағы “Clothes makes the woman” мақаласы әйелдерге арналған киім үлгілерімен таныстырады. Мақала атауы clothes makes the man деген тұрақты сөздің өзгеруінен болып отыр [40:29].

Ұлыбритания университеттерін бітірген студентер білімі - нағыз инвестиция екендігі оның білім сапасы мен оқу төлемақысының жоғарылығынан делінеді: “Knowledge is the investigation”. Бастапқы формасы: knowledge is power [9:4].



Кейс әдісі- (Case Study)

Ең алғаш кейс-әдісі оқу процесінде 1870 жылы Гарвард университетінің құқық мектебінде қолданылды. Кейіннен 1920 жылы кейс-әдісін сол Гарвард университетінің бизнес мектебінде енгізілген болатын.

Кейс-әдісі – бұл оқу барысында талқыға түсу мақсатымен жүретін, нақты материал негізінде арнайы құрылатын нақты оқу жағдайлары. Студенттер немесе оқушылар жалпы біріккен “команда” күшімен нақты жағдайды (кейсті) талдауға, сол жағдай бойынша шешім қабылдауға үйренеді.
Кейс-әдісін қолдануда студенттер немесе оқушылар материалдың аннотациясын шет тілінде жасай білуі қажет. Мәтіндерді тадау, өз ұсыныстарын презентация арқылы ұсына білу, өз ойын қорғай білу және мәселені шет тілін қолдана отырып шеше білуі керек.

Шет тілін оқуда кейс-әдісін қолдану бізге не бере алады?



  • Жалпы шет тілін білу деңгейін көтереді. Терминдерді қолданып, оларды түсіну, оларды тек жаттап алғаннан гөрі ұтымдырақ, себебі оларды қолдану біліктілігін талап етеді.

  • Тілде ойлануды талап ете отырып, шығармашылық ойлауды дамытады.

  • Презентация өткізу дағдыларын дамытады (шет тілінде көпшілік алдында өз жұмысын ұсына білу)

  • Сұрақтық түрі формаларын құруды үйретеді

  • Дискуссия жүргізу, жауаптарды талдау біліктіліктерін дамытады, бұл дайын мәтінге сүйенбей-ақ сөйлеу әрекетінің дамуына ықпал етеді

  • Шет тіліне кәсіби оқу дағдысын қалыптастырады

  • Командада жұмыс істеу мен топтық шешім қабылдауға үйретеді

  • Индивидуалды және топтық өздік жұмысты шешуге мүмкіндік береді

Кейстер 4 түрлі форматта жүреді:

  • Индивидуалдық жұмыс (оқиғаның тарихи тізбегін жазып көрсету, термидер жинағын жасау, диссертациялар, тезистер, кітапқа пікір жазу, жазбаша диалогтар);

  • Лекция (мәтін, диалогпен жұмыс, дебаттық жұмыс);

  • Дискуссия (мәселелер мен мүмкін шешімдер);

  • Шағын топтық жұмыстар (мәселелер мен шешімдерді талқыға салып, пікір алмасу)

Сонымен қатар оқушылар кейс оқиғаның өзінен тапқан фразеологиялық бірліктердің суреттерін дәлме-дәл не астарлы мағынада салып көрсете алады. Бұл жаттығулар мәтінді дұрыс түсініп, фразеологизмдерің ұзаққа есте сақталуына ықпал етеді.

астарлы мағынада тура мағынада

Қорытындылай келгенде Ағылшын тілінде фразеологиялық бірліктердің орны ерекше, себебі, сындарлы қарым-қатынас, сөйлеу әрекетін түсіну, коммуникацияны халықаралық деңгейде жүзеге асыру қабілеті фразеологизмдерді қаншалықты білетіндігіне байланысты. “Тіл- жанды құбылыс” деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. Ал осы тілдің сәнін келтіретін тұрақты сөз тіркестері десек те артық болмас. Газет журнал беттеріндегі фразеологиялық тіркестерді зерттеу,болашақ ұстаз ретінде шет тілі пәндерінде дұрыс қолдана білу ,біздің басты міндеттеріміздің бірі болып саналады.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Гузеева К. А., Трошко Т. Г. Английский язык: Справ. материалы: Кн. для учащихся. – М.: Просвещение, 1993.-265б.

  2. Винокур Г.О. Маяковский – новатор языка. – М., 1943.-265б.

  3. Кривенко Б.В. Фразеология и газетная речь. // Русская речь.-1993.-№3.

  4. Madin S. All is not gold that glitters // Wall Street Journal. -2005. March 4.

  5. Хомский Н. Язык и мышление М.: изд. моск. ун, -1972.-298б.

  6. Залогина Т.В. Общая характеристика кейс-метода (case-study). Роль преподавателя в проведении кейс-метода. // Российское право в Интернете. – 2009.- № 03.

  7. Соловова Е. Н. Методика обучения иностранным языкам: базовый курс лекций: Пособие для студентов пед. вузов и учителей / 2-е изд. – М.: Просвещение, 2003

  8. Бим И. П., Каменецкая Н. П., Миролюбов А. А. и др. О преподавании иностранных языков на современном этапе // Иностр. языки в школе. – 1995. № 3.

  9. Ломов Б.Ф. Проблема общения в психологии. В кн.: Проблема общения в психологии. – М.: Наука, 1981.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет