Оқу жылында 9-сынып оқушыларын математика пәнінен ожсб-ға дайындау жоспары



бет1/3
Дата01.01.2022
өлшемі74,5 Kb.
#107427
  1   2   3
Байланысты:
ожсб жоспар


БЕКІТЕМІН:

Мектеп директорының м.а.:_________ Габдрахимов М.Б.



2020-2021 оқу жылында 9-сынып оқушыларын

математика пәнінен ОЖСБ-ға дайындау

жоспары

Пән мұғалімі: Айшуаков М.А.


Теректі ауданы, Покатилов ЖОББМ


Түсінік хат

Соңғы жылдары экономикамыздың қарқынды өсіп дамуы техникалық мамандықтарға деген сұранысты арттырып, оқушылардың политехникалық циклдағы пәндерге қызығушылығын оятты.

Оқушының ОЖСБ-дан математика пәні бойынша алған нәтежиесі Қазақстандағы орта білім жүйесінің сапасы болатыны айдан анық.
         Оқушылар математика пәнінен берілген тест есептерінің 30% ғана шығаратындығы статиска мәліметтері бойынша белгілі.

Математикада есеп шығару – оқу жұмысының қажетті элементі болып табылады.

Қайталау үшін әр тақырыпқа жеке-жеке шолу жасай отырып, ондағы формулалар мен негізгі түсініктемелерді кестелерге немесе сызба нұсқаларға енгізген тиімді. Мұны мұғалім оқушылармен бірге жасайды. Әрі олар өз қолымен түсіне отырып сызып алған кестесін тест есептерін шығаруға пайдалану кезінде оңай жаттап алады.

Жеке мен жалпының арасындағы байланыс құрылымдық ұқсастық пен ерекшелікті салыстыру арқылы анықталды және ол ой желісін дамытатын негізгі «құрал» болғандықтан бағдармада қамтылған мәселелер құрылымдық анализ тұрғысынан баяндалады. Мұның өзі бір класстың бірнеше ұғымдарын бірден қарастыру және жеке мен жалпыға ортақ қасиетті тереңірек түсіну мүмкіндігін туғызып, оқушылардың ұғыну қабілетін арттыруға себепкер болады.



Оқушылардың өздері орындауға арналған жаттығу жұмыстарында тестілеуде көп кездесетін есептермен қоса сол есептердің күрделі деңгейінің жоғары болуында көп көңіл бөлуді ұйғардым. Себебі курсты таңдаған оқушы ОЖСБ-ге дайындалумен қатар жан-жақты ізденіп дайындалады.

Мақсаты:

  • оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру;

  • математика лық білім-біліктерді және математика ғылымының жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау;

  • логикалық ойлау, таным іс-әрекеттерін дамыту;

  • қиынға ұмтылу, зерттеушілік қасиеттерін арттыру;

  • ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге машықтандыру.

Міндеттері:

  • оқушыларға терең, кеңейтілген білім беру;

  • ОЖСБ-дан оқушылардың жоғарғы балл алуын қамтамасыз ету;

  • қоршаған ортадағы жүріп жатқан құбылыстарды математика танымдық түсініктер арқылы ойлай білуге үйрету;

  • оқушылардың мамандықты дұрыс таңдай білуіне ықпал ету.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет