Мектепке дейінгі мекеме «Күншуақ» КМҚК-ның
әдіскер- тәрбиеші Абенова Аселя Ормановна
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
(Ересектер тобы)
Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»
Бөлімі:«Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Сүйікті Балқашым»
Мақсаты: Балалардың рухани – моральдық құндылық қасиеттерін қалыптастыру. Туған жеріне, туған қаласына деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру.
Міндеттері:
Білімділік: Балқаш қаласының көрікті жерлері туралы, көше атауы, ғимараттар мен ескерткіштері, Балқаш көлі жайлы мәліметтерін толықтыру.
Дамытушылық: Балалардың топпен жұмыс жасау дағдыларын,сөйлеу қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Туған қаласын жақсы көре білуге, потриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: Қала – город - city, көл–озеро - lake, көше–улица-street, ғимарат– здание -building, ескерткіш–памятник - monument , журналист –journalist.
Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу,ойын.
Демонстрациялық құрал – жабдықтар:
Таратпа құрал – жабдықтар:
Оқу қызметінің барысы:
Мотивациялық-қозғаушылық
Балалар оқу бөлмесіне кіреді. Қонақтармен амандасады.
- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге көп қонақтар келіп отыр, ендеше өзіміздің қандай ақылды, епті, тапқыр екенімізді көрсетейік. Балалар, әркім өзі өзіне ұнаған суретті алсын, алып болсаңдар «Т» дыбысынан басталатын сөздер бар ма? Сендер бірінші топқа отрыңдар, Енді «А» дыбысынан басталатын сөздер бар болса екінші топқа отырады, «Ж» дыбысынан басталатын сөздер үшінші топқа барып отырады. Бүгінгі сабақтың тақырыбын мына бейнефильм арқылы түсінесіңдер. Ендеше мұқият қараңдар!
(Балаларға тақырыпты түсіндіру мақсатында «Сүйікті Балқаш» тақырыбында жасалған слайдқа назар аударайық)
Слайд көріп жатқан кезде ең соңғы слайдтан соң теледидар быжылдай бастайды. Күтпеген сәт: Мен пультты алып канал ауыстырғандай қимыл жасаймын. Сонда басқа канал қосылып журналист шығады.
Журналист: Hello children! Я работаю журналистом. Я путешествую по Казахстану. Я была в вашей столице Астана, и была в городе Караганда, вот теперь еду к вам в Балхаш. Хочу вас попросить чтобы вы познакомили меня с городом Балхаш.
Журналист: Бірақ сендерді қалай табамын? А ойландым қазір мен өзімнің ұялы телефонымның нөмірін жазып көрсетемін, сендер маған өз мекен жайларыңды хат арқылы жазып жіберіңдер. Келістік па?
Балалар: ия
Тәрбиеші: балалар журналист бізге өз ұялы телефоның нөмірін жазып берді, қазір мен телефонды ашып мекен –жайды жазайын. Кім айтады біздің мекен-жайды.
Сара: Біз Байсейтова көшесі 11, «Күншуақ» балабақшасы, «Ересектер» тобымыз.
Тәрбиеші жақсы жаздым. Енді мына нөмірге жіберейік. Бәрің бірге маған сандарды айтыңдаршы. Міне хат кетті. Енді бізді тез тауып алады деп ойлаймын.
Ұйымдастыру-іздестіру:
Тәрбиеші: Балалар, қонағымыз келмей тұрып Балқаш қаласы туралы өткенімізді есімізге түсіріп алайық! Еске түсіру барысында мен сендердің жауаптарыңды «Көңіл күй» текшесімен мадақтаймын. Сабақ соңында ең көп «Көңіл күй» текшесімен жинаған топты байқайтын боламыз. Ең алдымен «Ассоциация» ойынын ойнайық.
«Ассоциация» ойыны
Тәрбиеші:Ойынды бастамас бұрын, барлығымыз көзімізді жұмайық.(З затты З топтың алдына қоямын 1-ші топ – мыс, 2- ші топ – қайық, 3-ші топ - балық)
Тәрбиеші: Көздеріңді ашыңдар, мен әр топтың алдарына зат бердім, сол заттың Балқаш қаласымен байланысын бізге айтып берулерің керек. Сендерге біраз уақыт берейін, сендер ойланып, дұрыс жауабын беріңдер. (әуен қосылады)
Тәрбиеші: (әуен тоқтайды) Қай топ дайын, кім бірінші жауабын береді?
1топтың балалары:
Абзал:Бұл – Мыс. Балқаш қаласында «Мыс зауыты» бар.
Нұрай: Мыс зауытында мыс өндіріп шығарады.
Жансая:Мыс зауытында бірнеше мыңдаған адамдар қызмет жасайды.
Арслан: Біз «Мыс зауытымен» мақтанамыз.
Тәрбиеші: Балалар, 1 топтың жауабы ұнады ма?
Балалар: иә («Өте жақсы» көңіл күй нышанын текшеге іледі)
2топтың балалары:
Даниял: Бұл – Қайық.
Арслан: Біздің қаламыз үлкен Балқаш көлінің жағалауында орналасқан.
Мөлдір: Балқаш көлі ең ауқымды көлдердің бірі.
Бала: Балқаш көлінің 1 бөлігінің суы тұщы, ал 2 бөлігі жағында ащы болады.
Альтаир: Біздің Балқаш көліне көптеген адамдар демалуға келеді.
Бала: Балқаш көлі ең танымал курорттар мекені болып саналады.
Алия: Балқаш көлінде жыл сайын көптеген су жарыстары өтеді.
Тәрбиеші: Балалар, 2 топтың балаларының жауабы ұнады ма?
Балалар: иә («Өте жақсы» көңіл күй нышанын текшеге іледі)
3 топтың балалары:
Мансур: Бұл «Балық». Біздің Балқаш көлінде неше түрлі балықтар мекендейді.
Рамина: Көлде «Сазан», «Амур балығы», «Алабұға», «Шабақ» балықтары кездеседі.
Сұлтан: Балықтарды біз күнделікті өмірде де, шаруашылықта да көп пайдаланамыз.
Жанель: Балқашта «Балқаш Балық зауытымен» бар.
Тәрбиеші: Балалар, 3 топтың балалары толық жауап бере алды ма?
Балалар: иә («Өте жақсы» көңіл күй нышанын текшеге іледі)
(Есік қағылады, ішке жураналист кіреді. Балалармен амандасып, шағын диалог жүргізеді)
Журналист: Hello children!
Балалар: Hello misses.
Журналист: Мен атым Құралай Дулатовна!Whatisyourname?
Алихан:Mynameis Alychan
Журналист:Алихан как настроение?
Алихан: У меня все хорошо.
Журналист: Whatisyourname?
Фируза: Mynameis Fyruza.
Журналист: Fyruza, how old are you?
Фируза:I am 5 (five)
Журналист:А как тебя зовут?
Дінмұхаммед: Меня зовут Дінмұхаммед!
Журналист: Дінмұхаммед, тебе нравится твой город?
Дінмұхаммед: Да, мне нравится мой город Балхаш.
Жуналист: А как будет город по казахски, по английски?
Журналист: Ал сенің атың кім?
Руслан: Менің атым – Руслан!
Журналист: Руслан, сендердің көлдерің қалай аталады?
Руслан: Балқаш көлі.
Журналист: Прекрасно! Вы хорошо владеете языками!
Журналист: Балалар, Балқаш қаласы кішкентай қала, бірақ өте әдемі қала екен. Мен қаланы аралап көптеген жерлерге бардым, қаланы аралап көрікті жерлерін суретке түсіріп алдым. Бірақ олар туралы түк білмеймін. Мүмкін сендер таныстырасыңдар.
Тәрбиеші: Құралай Дулатовна, менде бір ой бар! Осы суреттер арқылы біз барлығымыз «Викторина» ойынын ойнап жіберсек қалай қарайсыз? Балалар ойнаймыз ба?
Балалар: ойнайық
Тәрбиеші:«Кім викторинаны жеңеді, сол ең тапқыр болады.
Тәрбиеші: Бұл ойында Құралай Дулатовна түсірген суреттерді көрсетеді. Сендер сол суреттің Балқаш қаласының қай жерінде орналасқанын, ақылдасып, сосын мен айтқан сөзді үш тілде айтуларың қажет.
«Викторина» ойыны.
Тәрбиеші:Құралай Дулатовна, 1-ші суретті 1 топқа берейік. Сәл ойланып алыңдар... Дайынсыңдар ма?
1 топ балалары: иә.
1 сурет:
Бекжан: Бұл Тәуелсіздің алаңында орналасқан«Ағыбай батыр» ескерткіші.
Тәрбиеші: ескерткіш сөзін үш тілде айтыңдар.
1 топ балалары: ескерткіш–памятник - monument
Тәрбиеші : жауап дұрыс бағалайды.
Тәрбиеші: Ал, 2 -ші суретті 2 топқа көрсетейік. Естеріңе түсіріп көріңдер... Бұл не сурет?... Дайынсыңдар ма?
2 топ балалары: иә
Тәрбиеші: Алия, айтшы бұл не сурет?
2 сурет:
Алия: Бұл Ленин көшесінде орналасқан Мағауия Хамзин атындағы Мәдениет сарайы.
Тәрбиеші: сарай сөзін үш тілде айтыңдар
2 топ балалары: сарай – дворец
3 сурет:
Тәрбиеші: 3-ші суретті 3 ші топтың балаларына берейік.
4 сурет:
Тәрбиеші: 1-ші топ мұқият қараңдар.
Альтаир: Бұл Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіші
5 сурет:
Мансур: Бұл Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне арналған «Мәңгілік алау монументі»
6 сурет:
Фируза: Бұл Балқаш қаласының 50 жылдығына арналған біріктасы
Тәрбиеші: Жарайсыңдар!
Журналист: Балалар, рахмет сендердің арқаларыңда түсірген суреттерім туралы білдім. Мүмкін біраз шынығып аламыз.(
Сергіту сәті
(Журналисттің нұсқау бойынша ағылшын тілінде балалармен сергіту сәтін жасайды)
Журналист: Жарайсыңдар, балалар! Маған ұнады. Сендерге көп рахмет! Менің кетуім керек, басқа қалаға баратын уақытым да келіп қалды.
Журналист: Оkey. Good Bye children!
Балалар:Good Bye misses.
Тәрбиеші: Балалар, біз қала туралы білімімізді көрсетіп жатырмыз. Өткен тіл дамыту және орыс тілі,ағылшын сабақтарында жаттаған Балқаш қаласы туралы өлең шумақтары кімнің есінде? Кәнеки, есімізге түсіріп көрейік (көздерін жұмады)
Тәрбиеші: 1- ші топ қай тілде айтасыңдар.
1-ші топ: қазақша:
Кім оқиды?
Жәнерке:Бақасы шулап әне тұр,
Балығы тулап міне жүр,
Балқаш көлі тамаша,
Барлығың міне қарашы,
Кіп-кішкентай балаша.
Тәрбиеші: 2- ші топ қай тілде өлең оқисыңдар?
2-ші топ: орыс тілінде
Руслан:Вот мой город Балхаш
Он счастлив и молод,
На части он не расколот,
Умыт Балхашской волной.
Тәрбиеші: 3-ші топ енді сендер ағылшын тілінде өлең жолдарын оқыңдар. Фируза:
Balkhash is my town
It’s beautiful city
There is a big lake
And I love my Balkhash
Тәрбиеші: Бұл тапсырманы барлықтарың жақсы орындадыңдар. Ендіше барлықтарың жақсы көңіл күй аласыңдар.
Тәрбиеші Балалар, биыл Балқаш қаласының 80 жылдық мерей тойы. 80 жылдыққа арналған қаламыздың эмблемасы бар. Барлығымыз теледидарға қарайықшы. Бұл эмблемада не бейнеленген.
Алихан: Эмблемада Ағыбай батыр ескерткіші бейнеленген.т.с.с.
Тәрбиеші: Тағы қандай ерекшелікті байқадыңдар? Мұқият қараңдар.
Жанель: Эмблемада «Балқаш» сөзі жазылып тұр.
Тәрбиеші: Өте дұрыс, қазір әр топ Балқаш сөзін қатыстырып екі сөйлемнен айтады.
Тәрбиеші: 1 топтың балалары
Балқаш өте көрікті қала.
Мен Балқаш қаласын жақсы көремін.
2- ші топ:
Балқаш қаласы Балқаш көлінің жағалауында орналасқан.
Мен Балқаш қаласында тұрамын.
3- ші топ:
Балқаш болашақта ең әдемі қалалардың бірі болады.
Балқаш қаласында әдемі көшелер көп.
Тәрбиеші:
Жаңа мынандай сөйлем болды, Балқаш қаласында әдемі көшелер бар. Ендіше біз сендермен қаламыздың көшелерімен танысқан болатынбыз. Қазір соларды атаңдар. Әр топ үш көшеден атасын..
Ші топ:
Даниял: Байсейтова көшесі
Дінмұхаммед:Ленин көшесі
Бекжан:Уалиханова көшесі
2-ші топ:
Руслан:Ағыбай батыр көшесі
Жанель:Томпиева көшесі
Альтаир:Бейбітшілік көшесі
ші топ:
Фируза:Желтоқсан көшесі
Сара:Караменде би көшесі
Рамина: Сатпаев көшесі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Сендер көшелердің аттарын ұмытпапсыңдар, қазір сендер алдыларыңда тұрған пазлдарды ашып құрастырасыңдар, сосын қай көше шыққанын айтасыңдар. (әуен қосылған бетте құрастыра алды)
Тәрбиеші: Құрастырап болсақ тақтаға ілейік.
Рефлексивті-түзетушілік
Тәрбиеші:
-Балалар, алдыларыңда гүлдер жатыр егер өздерің құраған суретті айта аламын, түсіндім десеңдер 3 гүлді жапсырасыңдар, егер түсіндім айта алмаймын десең екі гүл жапсырасыңдар, түкте түсінген жоқпын десең бір гүл жапсырасыңдар.
Әр топтан түсіндім айта алмын деген бала келіп суреті туралы айтады.
Енді балалар қанша көңіл жинағандарыңды санайтын уақыт келді. (ең көп көңіл күй жинаған топ жеңіске жетеді. )
Тәрбиеші: міне, бүгін сүйікті балқаш қаламыз туралы өткенімізді қайталап өттік. Сабағымызды балқаш қаламызға әдемі тілектер айтып сабағымызды аяқтайық.
Сара: Балқашым көркейе берсін.
Мөлдір: Балқашымның 80- жылдығы құтты болсын.
Жансая: Балқаш тек үлгілі қала болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |