Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі


НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕЙТІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР



бет10/10
Дата27.12.2016
өлшемі2,91 Mb.
#5785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6. НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕЙТІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР
6.1 Транзитті экономика жағдайында баға орнату мен салықтар
Нарықтық қатынастардың құрылуына мамлекеттің ықпалы одан әрі макроэкономикалық сипат ала береді, ал ол арқылы қабылданған шешімдер тиімді нарықтық құрылымдардың жасалуына әсер ететін салықтық және баға саясатына сүйенеді. Нарыққа көшудің негізіне жоспарлық, жүйелік, көп уақытқа есептелген және мемлекетпен басқарылатын қағидаттар енгізілген. Республика басқармасы жылдамдатылған экономиканы либерализациялауды өткізуге, мемлекеттің бағаларды бақылауын жоюға, «шокотерапия» әдістерін қолдануға қарсы болғандығы белгілі. Сондықтан, Қазақстанда кәсіпорындардың жұмысын реттеудің элементтері белсенді түрде енгізілуде, бірақ атқарушы аппараттың олардың жұмысына тікелей араласуы бар, жаңа нарықтық құрылымның құрылуы жеделдетілуде.

Айта кету керек, жүріп жатқан радикалды аграрлық реформаның бірінші кезеңі көп жағынан мына ұсыныстарға көшті. Қазақстан экономикасындағы бағаны либерализациялау жүргізілген болатын, ал мемлекет жариялаған ауыл шаруашылығын қолдау ісі бұрынғы администраторлық бұйрықты іспен ауыстырылды, бұл атқарушы аппараттың ең алдымен өндірілген өнімнің айналымға түсу ісіне тікелей араласы болды.

Өкінішке орай, бағаны либерелизациялау ісі инфляцияға әкеліп соқты. Мұндай жағдайда кәсіпорындарға бағалар қайта өседі деген үмітпен қоймаларды ішкі және дайын өнімдерді жинау тиімді болады. Шикі және дайын өнімнің санының бір уақытта сәйкес келмеуі, олардың сұранысының сәйкес келмеуі ифляцияның басталуына әкеліп соғады. Осы жерде айта кететін жәйт, ауыл шпруашылығы өнімін өндіргенде өнімді ұзақ мерзімге сақтай алмайсы, астық және май өнімдерінен басқасының «көп сақтаған» жағдайда сапасы нашарлайды. Сонымен бірге, аграрлық бөлік өндірісінің қысқаруы ақшаның құнсыздануына әкеліп соқты, ал соңғылары өз қызметтерін толық атқара да алмады. Экономикалық қатынастар бұзылған болатын. Нарықтық қатынастар, ең алдымен, күрделі нарықтық механизмнің қызметімен, оның шешуші бөлігі бағаның жүйесінен жүзеге асады. Баға жасалуының механизмі рыноктық механизмнің ажырамас және шешуші бөлігі. Біріншіден, соңғы жылдары белгіленген бағалар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде қоғамдық керекті шығындарды көрсетпейді. Екіншіден, бұл бағалар бір ауыздан мемлекет арқылы қабылданған, қоғапның саясатын да сол анықтайды.

Баға - нарықтық қатынастардың барлық мәселелерінің функционалдық қызметінің шешуші қорытындысы. Ол, әрине, өнеркәсіп пен қоғамдық сұраныстарды байланыстырады. Бұл байланыс нарықты басқарушылардың шартына бағына отырып, өнімнің сандық және сапалық реакциясын және оның қоғамдық сұраныстардың өзгеруіне байланысты өзгеруін анықтайды. Бұл реакцияның құрылып жатқан нарығының бірінші кезеңдерінде қоғам дық өнеркәсіптің толық дамымаған материалды-техникалық базасының кесірінен баяу болады. Өнеркәсіптік қатынастарға сай келген өнімді өндіруші мен тұтынушы өктем шартында ұзақ уақыт бойы «туа біткен дақ» көрінетін болады. Баға тауар өндірушілердің шешуші мотивтері мен стимулдарын айқындайтын, қоғамдық сұраныстың өзгеруіне жауап ретінде өндірістің өзгеруі жүзеге асады.

Совет Одағы құрылған күннен бастап қаншама он жыл ішінде шығындары негізделген баға белгілеудің орталықтандырылған жүйесі іске қосылды. Бізде априори, баға қоғамдық өндірісті іске асатын қоғамдық керекті шығындарды көрсетеді деп есептелген. Ұзақ уақыт бойы экономикада өмір сүрген догматизм шабуылынан босатылу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы айтарлықтай өзгертілгенін көрсетті, олар қоғамдық пайдаланылған керекті шығындарды көрсетпейді, әлемдік нарық бағаларынан шектетіліп қалған, «өркениеттің тізбек жолынан тыс қалып қойған». Әр түрлі бағаларда сәйкессіздік басым болды: тегін тұрғын үй және тамақ өнімдерінен үлкен демеу қаржы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы төмен болып қала берді және қоғамдық керекті шығындарды көрсетпеді. Өнеркәсіптік қатынастарда орын алған жағдайға байланысты ауыл шаруашылығы өнімдері үнемі демеу қаржылармен қолданды.

Администраторлық-топтық экономика көп проблемалар тудырды, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдеріне, баға белгілеу ісіне. Ел көп уақыт бойы қаражатпен өмір сүрген жоқ. Еңбектің мөнімділігі ауыл шаруашылығында баяу өсті, ал шын мәнінде мүлдем көтерілмеді. Өндірістің тоқтап қалуы еңбекақы сияқты көбейе берді. Ал аграрлық сектордың өнімдерінің бағасы көп жылдар бойы өзгеріссіз болды.

60 жылдардың басында әлеуметтік қоғамда ауылшаруашылығы өнімдерінің негізі «алғашқы бағада» жатыр деген пікір қалыптасты. Ол керекті өнімге сәйкес аграрлық сектор мен қосымша өнімнің шығындарынан тұрады. Мұндай баға белгілеудің жүйесі ауылдық тауар өндірушілердің тиімді шаруа жүргізуіне әсер ететін қатынастың болмауында қолданды.

60 жылдардың соңындағы экономикалық реформалардың негізгі жаңа жағдайға сәйкес шаруашылықтың сәйкес келетін жаңа механизмін табу болды. Әкімшілік-топтық басқарудың ауыл шаруашылығындағы жаңа жағымсыз рөлі ашылды. Бірақ алдын ала қабылданған шешімдер бірте-бірте ұмытыла бастады, ал ауыл шаруашылығын басқару қайтадан администраторлық-басқару жүйесіне берілді. Ауылшаруашылық өнімінің бағасы орташа өзіндік құн шығыны принциппен қалыптасуын жалғастыруда. Осының негізінде экономикалық жауапкершілік пен кәсіпорынның қызығушылығы төмендесе де шығынға қарсы механизм идеясына қайшылық туындап отыр.

70 жылдары баға өндірістік қорға рентабельді болымдылық берген «өндіріс бағасы» негізінде қалыптасты. Бағаны қалыптастырудың бұл принципі бойынша нашар техникамен жабдықталған өндірісте дайындалып, еңбекті көп талап ететін ауыл шаруашылығының өнімі арзандады. Яғни, экономиканың аграрлық секторының өнімі қымбаттады.

«Зиянды» ақша формасын пайдалану көбіне ауыл шаруашылығының өзінде ақшалық «білік» немесе «экономиканың сипатты шығынын» өндірушілерді бағдарлауда үйлекспеушілікке әкеледі. Мұндай уақытта ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер бағаны «ойнату» арқылы өндірістің көлемін ұлғайтады, сол себептен күтпеген қауіпті үрдіс туындайды. Жасанды көтерме баға экономикалық қауіпке әсер етпейді, тек жұмысшыларды бұзып, техникалық алға дамушылықты тоқтатады.

Бағаның құрылу реформасы нарықтық қарым-қатынаста жұмыс істеуде қолайлы жағдай туғыза алмады. Кеңес уақытында ақшаның құнсыздану барысы «оны мойындады ма, әлде жоқ па?» сұрағына қатысты болмады. Ақша белгісінің артықшылығына қатысты каналдардың толығуы белгілі бір мөлшерде 80 жылдары мойындалған. Ал баға құнсыздану шарттарын анықтау жұмыскерлердің экономикалық-әлеуметтік жағдайын нашарлатты. Барлық үкіметтік және партиялық құжаттарда адамдардың әл-ауқаты қанша жақсарды десе, соншалықты баға құнсыздануы болмас еді. Ақша өнімі ауылшаруашылық өнімі бағасы әрқашан төмен болды, сондықтан өнімнің шығынын жаба алмады. Нәтижесінде, ауылшаруашылық өндірісінің қысқартылуы ауылшаруашылық өнімі нарығының қысқартылуына әкелді.

Өкінішке орай, 1993 жылы үкімет республикасында астыққа ауылдың басты мәселесі болған өнеркәсіп өніміне қатысты жинақталған паритетті емес баға қойылды. Мемлекет орташа есеппен астықтың 1 т-на 45 мың сом төледі, ал оның өзіндік құны 55 мың сомды құрады. Алайда, егер ең төмен сапалы нанды таяу елдерге келісілген бағамен сатқанның өзінде, астық өндірісі рентабелді болар еді. Мысалы, облыстың 140 совхозы мен колхозына акционерлік ететін Қостанай астық үйі Беларусь республикасымен 1993 жылдық астық өнімінің қалғанынан 52 мың тоннаны 150-180 мың сом бағамен тапсырысқа келісімшартқа отырды.

Энергия тасушылар мен өндірістің өнім бағасының өзгерілуі қарастырылуда.Оларға кепілді сатып алу бағасын тексеру негізіледі. Орташа астық өнімі (Қостанай облысы бойынша 11,5-12 ц/га) және 2300 мың т көлемінде астықты сату (1250 мың т - өндіріс ішінде мұқтаждық + 1050 мың т – жоғары мұқтаждық), жалпы кіріс 740 млн теңге астықтың өзіндік құны бойынша 102 млрд. теңгені құрайды.

Республика үкіметінің 10.01.1994 жылғы жарлығына қатысты елімізде ауылшаруашылық өнімі тізімдемесіне мемлекеттік тапсырыс бар. Алайда, ауылшаруашылық өнімі өндірісінің көлемін анықтау үшін таяу шетелдердің негізгі өнімдерінің конъюктурасын үйрену керек.

1994 жылғы республикадағы егіс алқаптары құрылысында өзгерістер болды. Астық жігінде қатты бидай мен жемшөп түрлерінің алқабы кеңейтілді. Халықаралық нарықта бұл өнімдерге үлкен сұраныс болды. Алайда ішкі нарықта қатты бидай, арпа, сұлы, жұмсақ бидайдың түрлеріне сұраныс бәсеңдеп, қажетсіз болып қалды. Астыққа сұраныстың азаюы барлық өндіріске мемлекеттік тапсырысты төмендетті.

1995 жылы жұмсақ бидай түріне сұраныс өскен соң, ішкі нарықта оған деген баға бірден көтерілді. Кепілді сатып алу бағасы 3-5 рет өскен. Мысалы, I класстағы бидайдың 1 т – 50 доллар, II класстағы 47 доллар тұрады. Алайда, осы табыстың өзі шығынды ақтамады. Капиталистік дамыған елдерде бидай бағасы біршама жоғары болды. ГФР –да 90ж басында 1 т астық  316 доллар, Белгияда 313 доллар болды. Қазақстанда бұл бағалар әлдеқайда төмен болды. 1995ж аяғы мен 1996ж басында баға 50 долларды ғана құрады. Бұл жоғарыда аталған елдердегі бағадан 6 есе төмен еді.

Ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы либералды емес еді, ал астық өндірісі өнімдеріне баға жоғары болды. Трактор, автомобиль – 10 есе, комбайндерға 30 есе, металлға 10 есе, құрылыс материалдарына 5 есе жоғары болды. Астық өнімдерінің астық жеткізушілері ауылшаруашылық өндіріс орындарымен келісім шартқа отыр үшін әділетсіз шарт қойды.

Ауылшаруашылық өндірушілер ережесі бойынша олар мемлекеттік талапшыларға берілген өнім арқылы қосымша ақша ала алды. Тек дебиторлық берешектің өзі жемшөпке 290 млн теңге, 149 млн теңгені құрады. Осы жерде мынадай сұрақ туындайды. Неге бұл процесті ешкім басқармайды? Банктерде ауыл шаруашылығына көмек бермеу үшін қолдарынан келгенін барын жасайды.

Қазақстанда бәсекелестік орташа және нарықтық қатынаста дұрыс жұмыс істеу үшін, ауылшарашылық өнімге баға қою тәжірибесін өзгерту керек

Ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алудан контрактік жүйеге көшу толық көлемде жүргізілмеді. «Мемлекеттік сатып алу баға – мемлекеттік сатылым баға» тандемі көп жағдайда сақталған. Бұл тандемді барлық мүмкін болатын каналдар арқылы өндірушіден тұтынушыға ауыл шаруашылық өнім қозғалысын қамтамасыз ететін бағалардың көп жүйесіне айналдыру қажет.

Бұл жүйе масштабы шегінде мемлекеттік жоспарлы сатып алу бағалары контакты баға формасын алу керек, осыған сай мемлекет жеке шаруашылық субъектілерден ауыл шаруашылық өнімдерді келісілген баға арқылы сатып алады. Өнімнің көп бөлігі ашық нарыққа баға бойынша сату үшін ұсыныс пен сұранысқа байланысты түседі. Осыған орай, ауыл шаруашылық өнімнің негізгі түрін (бидай, ет, терішикізаты және т.б.) өндірушілер үшін тауарларды өткізу үшін бағаның үш түрі пайда болады. Ал бұл өнімді тұтынушылар үшін екі жүйелі баға – мемлекеттік сатылым баға және ашық нарық бағалары сақталынылады.

Нарықтық баға ұсыныс пен төлемқабілетті сұраныспен теңестіріледі. Сұраныс пен ұсыныстың теңдігі тек бір ғана нарық жағдайын, яғни тұрақсыз теңсізгігін ғана көрсетеді.

Сұраныс – сатып алушылардың қажеттілігі, ол сатып алушылардың белгілі бір көлемде тауарды сатып алу ықыласын көрсетеді. Сатып алушыларды ықыласы идеальный болмайды, тауар өндірушілер үшін қандай да абстрактілі, сондықтан соңғылары оларды нақты қанағаттандыруға тырысады. Нақты сұраныс көлемі нақты сатып алушылық қабілеттілікке тәуелді болып келеді. Сұраныс, әдетте, әрқашанда төлемқабілетті сқраныс ретінде көрінеді. Сол уақытта ол көбіне тауар бағасына тәуелді болады. Басқада да бірдей жағдайларда, бағалар жоғары болған сайын, сұраныс төмендейді, немесе керісінше. Сұраныстың бағамен бірдей өсуі өнімнің ерекше сапасының немесе оның беделі өсуінің күтілуінен болады. Тауар бағасы мен оған сұраныс арасындағы тәуелділік икемділік коэффициентімен анықталады, ол тауар бағасы 1%-ға өзгерген кезде, сұраныс қалай өзгеретінін көрсетеді. Егер сұраныс тауар бағасына қарағанда төменгі дәрежеде өзгеретін болса, онда мұндай сұраныс икемді болып саналмайды. Мысалы, нанға бағаны 2 есе көтерілуі, оған деген сұранысты 2 есе азайтпайды, сұраныс азаяды, бірақ төмен дәрежеде. Сұраныстың бағаға қарағанда үлкен дәрежеде өзгеруі, сұраныстың икемділігіне куәландырады. Мысалы, телевизор бағасының 10%-ға төмендету - әлдеқайда үлкен маңыздылыққа әкелуі мүмкін, оған сұранысты 10% жоғарлатуға қарағанда.

Сұранысты шартты түрде тұрақты, дәстүрлі және пайда болу, яғни жаңа тауарды шығаруда қайтадан пайда болатын деп айыруға болады. Бұл жағдайда сұраныс елеулі түрде ұсыныстан асып кетуі мүмкін, яғни берілген тауардың өндіріс көлемінен. Ағымдағы және болашақ сұранысты анықтау – тіпті ауыр жұмыс, әсіресе көпфункционалды тағайындалған тауарларға. Бұнда әртүрлі факторлар әрекет етуі мүмкін – тұрғындардың жан басына шаққандағы табысы- өзгеруіне дейінгі, немесе тіпті жаңа қажеттіліктердің пайда болуы. Сондықтан нарықтық жағдайларды статистикалық әдістермен, әлеуметтік сауалмен, экономико- математикалық модельдеумен екінші түрдегі сұранысты анықтауға болмайды. Дәстүрлі сұраныстың белгілі тенденцияларын, осы тауарларға қажеттілік жылдар бойы ізіне түсетіндіктен, анықтауға болады. Азық- түлік нарығы дәстүрлі сұраныс нарығы болып табылады. Бұрынғы Кеңес жағдайларында, қазіргі уақытта да республикада ол дефицит болып қала береді. Жүйелі түрде азық түлік жетпеді. Тұрғындардың шығындарының негізгі сатылары азық түлікке деген шығындар болып табылды. 1989 жылы олар жұмысшылар мен қызметкерлер отбасыларының жиынтық табысынан 31% құрады және ұжымшар отбасылардың - 34%. Азық түлік тауарларына барлық мемлекеттік және кооперативтік сауданың(қоғамдық тамақтануды қоса) тауарайналымынан 46% келеді. Бірақ жан басына азыұ түлік тауарларын өндірісі ақырын өсетіндіктен, ал 1990 жылы 1989 жылдың деңгейінде ғана сақталды, онда осы тауарларға сұраныс жүйелі түрде қанағаттандырылмайды. Мысалы 1989 жылы тұрындардың азық түлікке қанағаттандырылмаған сұранысы 40 млрд.руб., ал 1990 жылы 45-50 млрд.руб. құрады.

Республикада қалыптасқан дағдарыстық қатынастарда еңбекке төлеуде азық түлік шығындардың үлесі (отбасы бюджеті) тұрғындардың негізгі бөлігі үшін басымдылық жағдайын алады (60% дейін). Ал негізгі азық түлік нан өнімдері, жарма және одан өндірілетіндер болып табылады.

Қалыпты өндірістік тұтынудан алынып тасталған адамдар саны прогрессивтік түрде өсіп келе жатыр. Сонымен қоса жағдай ұлттық ақша бірлігі теңге енгізілуімен қолма қол ақшаның жеткіліксіздігі жөнінде өткір сұрақ туындауынын қиындай түсті. Адамдар айлап жалақыларын ала алмады. Осындай жағдайларда тұтыну сұранысын қанағаттандыру тіпті қиындай түсті.

Сондықтан қазіргі уақытта, ауылдық жерлермен бірге қалалық жерлерде де өолма қол ақшаның жетіспеушілігінен ұжымшарлардың қалыптасу кезіндегі бірінші жылдардағыдай еңбеккерлердің еңбекақысын төлеу натуралды түрде жүргізілді. Негізгі азық түліктер еңбекақының есебінен тізім бойынша берілді. Тұрғындардың осы өнімдерді тұтынуы 9 кестеде көрсетілген.

Көрінгендей, азық түлік өнімдерінің дефициті қалыптасқан жағдайда, осы тауарларға бағалардың ұстамсыз өсуі өндірушілердің монополист болуы керек және сәйкесінше осы өнімдерді тұтынушыларға өз шарттарын қояды. Шын мәнінде парадоксальды жағдай қалыптасты, яғни ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретін негізгі өндірушіге барлығы өз шарттарын қояды.

Біріншіден дайындаушы зауыттар өздерінің қызметтерін ұсынады. Қазір ауыл шаруашылық кәсіпорындары орман, цемент, трубалар сияқты және т.б. тауарларды алу үшін етпен, азықпен өз ақшаларынан «толықтыру» қажет.

Екіншіден, аты шыққан келісім бағалар біркелкі фунциялар болып табылады, өйткені өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдер айырбасы арасында ешқандай да эквиваленттік негіз жоқ. Ұтымды бағаны анықтау кезінде де оның жоғары-төмен шекарасын табуда да ешбір тұрақты шешім болмайды. Әрбір ауылшаруашылық кәсіпорны өз жұмыскерлерімен берілген тауарға белгіленіп тұрған баға мөлшеріне байланысты шешім жасйды. Көтерме баға бойынша тауардың да бірегей нарығы болмайды. Үшіншіден, осындай баға жүйесі мен ауылшаруашылық өндіріс арасындағы шектен шығушылық адамзат тарихында мүлдем болмаған. Ауышаруашылық кәсіпорындардың жетекшілерінің айтуынша; аграрлық сектордың нағыз тоналуы болып жатыр. Билігі мен күші бар мемлекет бұл жағдайға ешбір шара қолданбай жартыр;ал ауылдың қарқынды дамуы жөніндегі шешім тек қағаз жүзінде ғана жүзеге асырылуда.

Ауылшаруашылығынан тыс кәсіпкерліктің бөлшегі оның өңдейтін және шығаратын өнімдердің саны мен сапасына қарап бағаланады (қосылған баға мен акциздерге салық салынбайды). Тапқан табысқа ауылшаруашылығынан тыс өңделген тауарлардың жалпы көлемі 25 пайыздан асса табыс салығы енгізіледі. Жаңа құрылып жатқан ауылшаруашылық түрлеріне көмек көрсету үшін мемлекет салықтың тиімді жағдайларын тудырды. Негізінде, жаңа құрылған крестьяндық және фермерлік шаруашылықтар алғашқы үш жылға барлық салық түрлерінен босатылады. Одан әрі ауылшаруашылық өнімдерін

өндіретін кішігірім кәсіпорындар табыс салығынан 2 жылға босатылып,ал кейінгі екі жылда табыс салығын белгіленген сомадан 50 пайыз ғана төлейді.

Бидайдың жоғары дәрежелі сорттары мен мал шаруашылығының көлемін арттыру мақсатында жаңа сорттар мен жаңа түрлерді енгізіп,өсіру қолға лынды. Осы жұмыстардың күшін арттыру үшін ғылыми мекемелер ,жоғары тәжірибелі,ғылыми-танымдық орындар мен оқу орындары, ауылшаруашылығы мен орман шаруашылықтары жер салығынан босатылады.

Ауылшаруашылығында бұдан бұрын қолданылған салық жүйесі біршама маңызды факторлар әсерінен өзгертілген болатын. Біріншіден, бұрынғы кеңес орталығымен болған экономикалық және саяси байланыстардың үзіліп, ауылшаруашылық техникасының болмай қалуынан. Екіншіден,нарықтың дамуы мен жаңашылдықтар енгізуі, халықтың көбі жеке кәсіпкерлік істерін ашуы жаңа салықтарды тудырып, мемлекет тарапынан негізгі әдістер мен тәсілдердің арқасында жалпы экономикаға әсер етті.

Ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісін ұлғайту үшін «Кәсіпорындардан, ұжымдар мен серіктестіктерден алынатын салық» жөніндегі заңға азық-түлік, халыққа қажетті заттар, балаларға арналған тауарлар мен азықты өндіретін кәсіпорындардың өткен жылы түсірілген көлем бойынша салық алмау жөніндегі толықтырулар енгізілді. Және де ауылшаруашылығында өндірілетін өнімнің көлемі өскен жағдайда алынатын жер салығы бір пайызға төмендейді. Капиталистік дамыған елдерде ұтымды қолданылып келе жатқан 28 пайыз қосымша салық жүйесі (ҚСЖ) нарықтағы дәрежесі мен өндірісі төмен өндірушілердің дағдарыстан шығуы үшін қолданылады. Нарықтағы тауарлар саны шамадан тыс артып кеткен жағдайда бұл салықты өндіруші өз басымен төлейді. Бұл салықтың біздің жағдайда қолданылуы(тауар тапшылығы+гиперинфляция) салықты қолданушыға төлетеді, сонымен қатар инфляция дәрежесін күрт өсіреді. Біздің ойымызша, мұндай жағдайда несие алған ауылшаруашылық кәсіпорындарының қосымша салығының сомасын төмендету қажет. Қалай болған жағдайда да бұл жерде мемлекеттің түзетуінсіз іс шешілмейді.

Кейбір авторлардың ойынша, қосымша салықты қағидалардың негізгісі ретінде ұстану керек, соған қоса ауылшаруашылық өнімдерінің қатарында да. Инфляцияны тоқтату мақсатында барлық технологиялардың өзара тұрақты қалыптасқан байланыстары негізінде мұнай өнімдерінің бағаларының өсуін, сонымен қатар электр энергиясы, көлік-осы сияқты тауарларға бағаның өсуін болдырмай, тұрақтандыруды жүзеге асыру қажет.

Нарықты тұрақтандыру үшін ауылшаруашылығы өнімдерінің, тағам өндірісінің қайта өңделген түрлеріне бағаларды мемлекет шешімі бойынша жасау қажет. Сонымен қатар, шеттетілген аудандар мен ауылдардағы шаруашылықты дамытып, көркейту үшін салықты едәуір төмендету туралы түзетулер енгізу керек. Экономиканың аграрлық секторында қызмет ететін субъекттерге салынатын салық мөлшері 15 пайыздан аспауы тиіс.

Бұл шара ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы өндірісті активтендіру және мүлікке салынатын салықты төмендету барысында өндірушінің іскерлік белсенділігіне жағдай туғызу үшін жасалады.

Сонымен нарықтық қатынастарға көшу мәселесі мемлекет тарапынан әкімшілік басқару жүйесіндегідей жағдайда өтелмеуі тиіс. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстырушы құрал тәрізді баға одан да жоғары, анықтауыш рөл атқаруы қажет. Өкінішке орай, аграрлық реформаның бірінші сатысы кезінде республикада көбінесе бұрынғы шығыны мол бағаларды қалыптастырушы механизмдер болды, өндіруші басқа кәсіпорындар арасында баға тұрақтылығы сақталып отырды. Әсіресе әр саланың монополизмі мен ауыл шаруашылық техникасы және аграрлық сектордың қайта өңдеу құралдары айқын көрінді. Жоғарыда айтылған себептер әзірше өндіруге мұрша бермеді.

Республикада аграрлық реформа идеяларын жүзеге асыру көп жағдайда монетаристік әдістермен іске асырылады. Біздің көзқарасымыз бойынша өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімдерін баға диспаритетінен босату монетаристік принциптерін пайдаланумен ғана жүзеге аспайды. Мемлекеттік қолдаудың ең басты міндеті нарықтық қатынасты функцияландыру жағдайында инвестициялық қызметті көтеруді, ауыл шаруашылық өндірістің ұлғаюынын стимулдауда болып табылады.


Бақылау сұрақтары

1. Транзитті экономика мағынасын толығымен ашып көрсетіңіз.

2. Транзитті экономика жағдайындағы баға орнату мағынасын қалай түсінесіз?

3. Транзитті экономика жағдайындағы салықтар ұғымын айқындаңыз?

4. Сұраныс және ұсыныс ұғымының мәнін ашып беріңіз.

5. Транзитті экономика жағдайында Қазақстанда баға қалай құрылды?



6.2 Нарықтық қатынастарды қолдаудың қаржылық-несиелік әдісі

Нарықтық қатынастарға қаржы-несие әдісі арқылы қолдау көрсетудің маңыздылығы, әсіресе, бағаның қалыптасу жүйесі толықтай өзгеріске түскенде және экономикадағы қаржылық сәйкестік бұзылған кезде, сондай-ақ экономиканың өзінің жүйесі ішінде елеулі қайта құрулар орын алған кезде арта түседі. Қазіргі кезде Қазақстанда дәл осындай процестер орын алуда.

Қазақстандағы аграрлық реформаның бастапқы кезеңінде шаруашылықты жүргізуді нарықтық қатынасқа көшіруді демеу қаржылар мен жәрдем қаражаттардың қысқаруына мүмкіндік береді деп саналса, нарыққа көшудің алғашқы бағдарламасында «ауылшаруашылығының машина жасау кәсіпорындарының өнімдерін көтерме бағамен сатуға көшу барысында бағаның елеулі өсуі күтілмейді, оған бұл саланың біршама жоғары деңгейдегі пайдалылығы мен ауыл шаруашылығының негізгі техникамен жарақтануының қажетті деңгейден жоғары болуы себеп бола алады» деген сенім болды.

Тиісінше ауыл шаруашылығы саласында нарықтық қатынастарды қалыптастыруға деген несиелердің ықпалы мейлінше шектеулі болды, ал Қазақстанның Мемлекеттік банкі бөлімдерінің жұмысы бір жағынан экономиканың аграрлық секторындағы шаруашылық субъектілердің ақшаларын қатаң регламенттеуге бағытталса, екінші жағынан орын алған қаржылық-несиелік бейберекеттік жағдайында және әкімшілік-командалық жүйені бұзу кезеңінде субъективті факторлар басты рөл ойнай бастайтын болады. Көбінесе ірі көлемді несиелер «жоғарыдан түскен» жасырын нұсқаулар бойынша жаңадан ұйымдастырылған шаруашылық субъектілеріне берілді. Осы шараларға қатысты жүргізілген талдаулар несиені осындай жолмен алған кәсіпорындардың 80% ауыл шаруашылығы өндірісімен айналыспай, алған қаражатты не коммерциялық мақсаттарға, не тез пайда әкелетін салаға жұмсап жібергендерін, немесе мүлдем жабылып тынғандарын көрсетті.

Өкінішке орай қазіргі кездегі орын алған банктердің есеп айырысу жүйесі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасындағы өндірістік байланыстардың дамуын тежеп отыр деуге болады. Қазақстан Республикасындағы қол ақшасыз есеп айырысу тәртібін бұзғаны үшін салынатын айыппұл туралы жаңа ережеге сәйкес заңды және жеке тұлғалар берілген несиелерді мақсатсыз жұмсағаны үшін банк пайдасына алған несиенің 25% көлемінде айыппұл төлеп, несиені ұзақ мерзіммен және пайызымен қайтаратын болды. Ал клиенттердің ақшаларын өз мақсаттарына пайдаланғаны үшін банктер ешқандай жауапкершілікке тартылмады.

Несие саясатында Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген біршама маңызды ереже жұмыс істейді. Банктің болмаса есеп айырысу-кассалық орталықтың кінәсі бойынша салымшының есебінен қате немесе уақытында шығарылмаған қаражат үшін, сондай-ақ есеп айырысу құжаттарын өңдеуді бекітілген мерзімнен (банкке түскен күнін санамағанда бір операциялық күн) кешіктіру орын алған жағдайда банк салымшының пайдасына кешіктірілген әр күн сайын төлем сомасының 0,5% көлемінде айыппұл төлейді. Алайда шынайы өмірде аталған айыппұлдар мен санкцияларды пайдалану іс жүзінде мүмкін емес. Біріншіден, банктер өздеріне тиімсіз мұндай шараның жұмыс істеуіне жол бермейді. Екіншіден, жаңадан құрылған барлық шаруашылық субъектілері түрлі себептерге байланысты банк органдарына аталған талаптарды қоймайтын болып шықты.

Солтүстік Қазақстанның бірқатар шаруашылықтарында өткізілген әлеуметтік зерттеулердің мәліметтерінен олардың қаржы-несие жүйесіне қоятын кінәларының көп екендігін көруге болады. Несие саясаты ауылдың толықтай тоқырауға ұшырауына себеп болуда. Бұлардағы жұмыстардың маусымдылығы есепке алынбай, несие халық шаруашылығының басқа салаларымен бірдей пайызбен берілуде. Шаруа мен коммерсантқа несие беруде бір көлемдегі пайыз белгіленген.

Сонымен бірге Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің тәжірибесіне жүргізілген талдау, қолдау көрсету көлемін қысқартудың олардың пайдаланылуы мен қайтарылымының төмендеуімен қоса жүретінін көрсеткен. Аяқталмаған құрылыстардың саны артып, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі түсті және ауыл шаруашылығына бөлінген несиелер «жұтылып кетіп» жатты. Жағдайдың мұншама шиеленісуіне келесідей себептер әсер етті деуге болады:

- мемлекеттің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көрсеткен қаржылай көмектерінің құнсыздануына алып келген Қазақстан экономикасындағы құнсыздану деңгейінің жоғарылығы;

- аграрлық реформаның бастапқы кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тапшылығын жоюға бағытталған шаруашылық субъектілеріне қаржылай көмек көрсетудің бұрынғы жүйесі сақталып қалды және мұның өзі нарықтық экономикаға тән ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу ұстанымдарының орындалуларын жоққа шығарды. Атап айтқанда, аграрлық протекционизм ұстанымы сақталмады да, тұтыну нарығын импорттық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жаулап алуына алып келді және осының салдарынан Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі қауіп төнді. Құқықтық заңсыздықты тудырған, халық шаруашылығының түрлі салаларының шаруашылық субъектілерінің арасындағы міндеттемелердің бұзылуына алып келген құқықтық заңсыздық жағдайында нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеудің басқа да ұстанымдары ескерілмей қалды да, мұның өзі мемлекеттің қаржылай көмегінің тиімділігін елеулі төмендетіп жіберді;

- нарықтық қатынастарға көшу кезінде пайда болған жаңа жағдайларда ауыл экономикасын басқара алатын ұйымдастырушылық-экономикалық құрылымдардың болмауы;

- шаруашылық субъектілері жетекшілерінің тәртіптері мен жауапкершіліктерінің төмендеуіне алып келген қазіргі кездегі мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік бақылаудың босаңсуы;

- кей шаруашылық субъектілерді басқаларының ығыстырып шығаруын және басқаларға жергілікті билік өкілдері тарапынан «жасыл шам» қаржылық жеңілдіктерінің болуын көрсететін субъективті сипаттар.

Қазақстанда орталықтандырылған әкімшілік-командалық жүйеден бір факторлы экономикалық нарық үлгісіне көшу монетарлық әдіспен – бағаны ырықтандыру, бюджет пен жекешелендіруге қолдау көрсету және тұрақтандыру бойынша анықталады. Басты назар қаржы-несие жүйесі мен оны бөлуге аударылды. Ауыл шаруашылығының өзі барлық қайта құрудың процесін анықтаушы құрылым ретінде реформаторлардың назарынан тыс қалды. Мұның барлығы ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты түрде құлдырауына алып келді.

Сондықтан да нарықтық қатынастарға көрсетілер қаржылай қолдау ең алдымен мемлекеттік реттеудің ұстанымдарының орындалуына негізделуі, ал қолдаудың өзін жүзеге асыру нақты бағдарламалар мен жобалардың аясында жүргізілуі тиіс. Жобалар өндірілетін өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін, сұраныс пен ұсыныстың бірнеше жылғы ауытқуларына жан-жақты талдау жасай отырып және өнімді өткізудің кепілдігі бойынша шарттар жасаса отырып дайындалады Әдетте, бағдарламаларда қаржылық шарттарды ғана көрсетіп қоймай, сондай-ақ нарықтың коньюнктурасы өзгерген жағдайдағы бағалардың өзгерулерін де көрсету қажет.

Қазақстанның нақты жағдайында қазіргі кезде ауылшаруашылығы өндірісін техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру және әрбір инвесторға ақырғы кірістен өз үлесін алатындай мүмкіндік беру үшін шаруашылық субъектілері мен мемлекеттің қаржылық ресурстарын біріктіру қажет. Бұлардан басқа бағдарламалар ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты белгілі бір салықтық жеңілдіктердің болуын, сондай-ақ жеңілдікпен несиелеуді және несиелеу барысында мемлекеттің кепіл болуын, ал жәрдем қаражаттың нақты мақсатқа жұмсалатын болғандықтан оның негізгі бөлігінің мақсатты жәрдем /жәрдем қаражат/ ретінде берілуін қарастырулары тиіс. Соңғылар несие беру мен пайдалану кезіндегі шарттар бұзылған жағдайда кейін қайтарылады.

Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі ең алдымен ауыл шаруашылығында шешілетін болғандықтан мемлекет аграрлық сектордағы нарықтық қатынастың дамуына қаржы-несиелік қолдау көрсетуде басымдық беретін бағыттарды анықтайды және олардың негізгілері ретінде келесілерді атауға болады:

- ауыл шаруашылығы экспортының шикізаттық бағытын жоюға арналған ауыл шаруашылығы мен АӨК салаларының құрылымдық қайта құрылулары;

- ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие (бидайдың жұмсақ және қатты сорттары, ет (сиыр еті), жүн және былғары шикізаты) ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілетті түрлерінің санын арттыру;

- Қазақстанның ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымының түрлі салаларын қаржыландыру.

Бұл арада қаражатты мемлекеттің бірінші кезекте Қазақстанның ауыл шаруашылығын қайта құру жөніндегі ұлттық бағдарламасына енген шаруашылықтарға бөлетінін айта кеткен жөн, яғни, мұның өзі шарушылық субъектілерін іріктеу ұстанымдарының сақталып отырғанын көрсетеді. Қазіргі таңда мұндай шаруашылықтардың қатарына ең алдымен тиімді жұмыс істеп тұрған, Қазақстанның аграрлық секторы өнімдерінің негізігі үлесін өндіріп отырған (97% дейін) ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының кіретіндігі түсінікті. Осы және басқа да ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің ұстанымдарын автор Қостанай облысының бірқатар шаруашылықтарына жасаған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын құрастыру барысында көрсеткен болатын .

Мемлекеттің инвестициялық несиелеудегі басымдық беретін бағыттары – ауыл шаруашылығын техникалық қайта жарақтандыруға қаржы салу болса, бұл оны елімізде социалистік кезеңнен бері жалғасып келе жатқан индустрияландырудың негізі болып табылады.

Алайда, бұл мәселені түпкілікті шешу үшін қыруар уақыт пен ірі көлемді қаржы құю қажет болатын. Түрлі себептерге байланысты бұл мәселені шешу кейінге ысырыла берді де, ақыр аяғында республикадағы орын алған ауыл шаруашылығы өндірісінің дағдарысына өз әсерін тигізді деуге болады.

Қазіргі кездегі жағдайларда ауыл шаруашылығын дамудың қарқынды жолына көшіру тек әлеуметтік-экономикалық маңызға ие және ол халық шаруашылығының өзге салаларымен салыстырғанда өзіне тән ерекшеліктерімен байланысты. Ауылшаруашылығының басты өндіріс құралы – жер. Сондықтан ауыл шаруашылығы дамуының қарқындылығын алғашқыда жер телімін қарқынды пайдаланумен байланыстырылды. Ол негізгі қор ретінде жұмсалған еңбек пен салынған қаражаттың және егіс алқабының бір бірлігіне (1га, 1 десятина және т.т.) шаққандағы ағымдағы шығындардың көрсеткіштерімен сипатталса, қарқындылықтың нәтижесі егіс алқабының бір бірлігінен алынған өнімнің жалпы көлемімен өлшенеді. Ауылшаруашылығының қарқындылығын бұлайша түсіндірудің бүгінгі күнге дейін өзінің маңыздылығын жоймағанын, алайда оның жеткіліксіз екендігін атап өту керек.

К.Маркс ауылшаруашылығының қарқындылығын өнім өндіріді кеңейтумен, өндірістің мейлінше тиімді құралдарын пайдаланумен байланыстырды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқындылығын арттыру оны ҒТП жетістіктерінің негізінде ұйымдастыру арқылы ресурстарды мейлінше тиімді пайдалану, эконмикалық өсуді жеделдету, әлеуметтік және экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында оны жан-жақты сапалы түрде қайта құру дегенді білдіреді. Ресурстарды шектеулі көлемде жұмсай және қолдана отырып ең жоғары тиімділікке қол жеткізу, оларды мейлінше сақтау, қазіргі кездегі процестің көрсеткіші және ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқынды дамуының тиімділік белгісі болып отыр. Осыған байланысты К.Маркс «экономикалық тұрғыдан біз дақылдарды қарқынды өсіру деп белгілі бір алқапқа салынған капиталды түсінеміз» деген болатын.

Ауылшаруашылығын дамыту қарқынының сапасын арттырудың жаңа дәуірі ретінде бұл саланың автоматтандырылуын атауға болар еді. Ол негізінен бір жерде ұсталатын мал шаруашылығы мен жабық алқаптағы көкөніс өсіруде (сауу процесін автоматтандыру, күтімнің оңтайлы әдісін қамтамасыз ету, өсімдіктер мен малдардың жағдайына бақылау жасау және т.б.) жүзеге асырылады. Автоматтандыру ҒТП негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Мысалы, егер ауыл шаруашылығына енгізілетін механикаландыру мен электрлендіру есебінен бір адамды қол еңбегінен босату үшін 2,5-3,5 мың теңге қажет болатын болса, автоматтандыруды жүзеге асыру үшін 5-10 мың теңге қаражат құю керек болады. Мұндай жоба іске аса қалған жағдайда экономикалық тиімділік елеулі түрде артып, салынған қаражат қысқа мерзімде қайтарылатын болады.

Қоғамдық өндірістің қарқынын арттыру мәселесінің бұрынғы Кеңес дәуірінен келе жатқандығын айта кету керек. Алайда оны шешу көбінесе өндіріске де, ауыл шаруашылығына да ірі көлемдегі қаражат салумен байланыстырылды. Оның үстіне мұндай көзқарас мемлекет пен кәсіпорынның қаражат ресурстарын бөліп төлеу туралы ойластырылмаған болатын. Ең төменгі көрсеткіштермен жұмыс істеген ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жоғары тиімділікпен жұмыс істеп жатқан әріптестерімен тең дәрежеде мемлекеттік демеуқаржылар мен несиелер алып отырды.

Шамадан тыс монополиялық сипатқа ие болған социалистік экономиканың құрылымы жекелеген кәсіпорындардың арасында іс жүзінде бәсекелестік дегеннің мүлдем болмауы себепті ауыл шаруашлығының қарқындылығын арттырудан тиісті дәрежедегі тиімділікке қол жеткізе алмаған болар еді. Ол науқаншылдық, мәлімдеме сипатта болды және шаруашылықты жүргізудің тиімді әдістерін қолдану үшін ешқандай ықпалы болмады.

Іс жүзінде басты міндеті жаңа экономикалық құрылымдарға қаржылық қолдау көрсету және монополиялық әрекеттерді шектеу болған, республиканың кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мен дамытуды жүзеге асыру жөніндегі 2014 жылға арналған мемлекеттік бағдарламаның «жұмысы тоқтатылды» және бұған келесідей себептерді атауға болады:

а) шаруашылық субъектілері несиені бұл кезде тек Агропромбанктен ала алатын еді, яғни, олардың іс жүзінде кредитордың таңдау құқығы болған жоқ. Несие беруде бұрынғы әкімшілік-командалық әдіс іс жүзінде сақталып қалды, ал қаржы-несие саясатындағы монополизмнің қолайсыз зардаптары әзірше жойылған жоқ;

б) республиканың ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту аграрлық секторға бөлінетін қаржы көлемінің арттырылуын талап етті. Несиелер айналымдағы қаражатты арттыру үшін ірі көлемдегі қаржы құюға арналған демеуқаржының бір түрі болып табылды. Көбінесе олар ұжымшарлар мен кеңшарлардың қаржылық шығындарын төлеу мен ауыл еңбеккерлерінің еңбекақыларын арттыруға жұмсалды. Ауыл шаруашылығы өндірісін әкімшілік-командалық әдіспен басқарудың сақталып қалуы олардың жеке және кәсіпорындардан қарызға алған қаражаттарын көп ретте тиімсіз жұмсауларына соқтырып отырды. Мұндай жағдайларда несие айналым саласын артық төлем құралдарымен толтырып, қазақстан экономикасының құнсыздану құбылысының күшейе түсуіне ықпал етіп отырды;

в) қаржылық ресурстардың жетіспеуі, сондай-ақ негізделген аграрлық заңның болмауы мен жауапсыздықпен бөлінген қаражат үшін жауапкершіліктің болмауы жағдайында оларды бюрократтық аппараттың мақсатсыз бөлуі. Бұл қаржылық ресурстың елеулі көлемінің ауыл шаруашылығы өндірісі жағына кетпей, ауыл шаруашылығымен салыстырғанда айналым капиталы анағұрлым жоғары болған коммерциялық құрылым жағына кетіп қалуына ықпал етті. Қаржы ресурстарын бұлайша бөлу олардың жетіспеушілігін асқындыра түсті де, ақыр аяғында Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің дағдарысқа түсуіне алып келді.

Мемлекеттің инвестициялау саясатының басты бағыттарының бірі ретінде ауыл шаруашылығына ғылыми-техникалық прогресті енгізуді несиелеу болғанын және бұл саясаттың әлі сақталып отырғандығы болса, оның келесідей өзіне тән ерекшеліктерінің бар екендігін айтып кету керек:

- ауыл шаруашылығы өндірісінің табиғат пен климат жағдайларына елеулі түрде тәуелді болуы, ҒТП енгізудің оған жыл бойы пайда табуға мүмкіндік бермеуі;

- индустрияландырудың артта қалуы, механикаландыру дәрежесінің төмендігі, әсіресе мал шаруашылығында қол еңбегінің басым болып қалып отырғандығы (70% астам);

- химикаттарды ұқыпсыз қолданудан экологиялық мәселелердің пайда болуы;

- ауыл шаруашылығы мамандарының кәсіби және экономикалық тұрғыдан біліктіліктерінің тиісті деңгейде болмауы;

- ауылдың техникалық-ұйымдастырушылық құрылымының жетілдірілмегендігі;

- ауылдың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының нашар дамуы, сондай-ақ жаңадан құрылған шаруашылық субъектілерінің ақпаратпен тиісті дәрежеде қамтамасыз етілмеуі.

Ауылшаруашылығының дамып келе жатқандығына оның өндіріс құралдарымен жарақтандырылуы куә бола алады. Бұған қатысты «экономикалық кезеңдер нені өндіргендерімен емес, өнімді немен, қандай еңбек құралдарымен өндіргендері арқылы ажыратылатындығын» көруге болады. Тиісінше мемлекеттің ҒТП ең алдыңғы жетістіктерін ауыл шаруашылығына енгізуге бағытталған тиімді инвестициялық әрекеті нарықтық қатынастардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай тудырады.

Дамыған елдерде мемлекет ауыл шаруашылығы техникасын, ауыл шаруашылығына арналған өзге де тауарлар шығаратын кәсіпорындарға мақсатты жәрдем /жәрдем қаражат/ бөлетінін, осылайша бұл саланың ауыл шаруашылығына «енер кезінде» монополизм мен үстемдік орнатуының алды алынатынын, ал мұндай реттеу амалдарының Қазақстанның қазіргі жағдайында болмай отырғандығын атап өту керек. Мемлекет бұл шараларды шығындардың орнын толтыру үшін және ауыл шаруашылығы өндіріс құралдарының бағасының төмендігін сақтай отырып шаруашылықтың пайдамен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қабылдайды. Бұлардан басқа ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына жанар-жағар материалдары, қуат көзін жеткізушілер үшін жеңілдетілген тарифтар ұсынылады, ал ауыл шаруашылығының өзі «шаруа қожалықтары шаруашылықтарының кеңейтілуін қамтамасыз ету үшін төмен пайызбен жалпы жәрдем қаражат желісі бойынша несие алады».

Нарық бар дүниені өз орнына қойып береді, ауылшаруашылығына инвестиция өзі құйылады деген қиялдан арылу керек. Қазақстанның ауыл шаруашылығында нарықтық қатынасты дамыту үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді алғашқы капиталмен қамтамасыз ету мәселесі өте маңызды. Бір қарағанда несиелерді жер телімдерін кепілдікке қойып беруге болатын сияқты. Алайда, мұндай тәжірибені дамыту келеңсіздіктерге ұрындыруы мүмкін. Несиелер тікелей мақсатқа пайдаланылмай, алыпсатарлық үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұған қазіргі кезде республикамызда орын алып отырған объективті және субъективті жағдайлар ықпал етуі мүмкін.

Біріншіге келесілерді жатқызуға болады:

а) шарттағы қарапайым міндеттемелерді бұзу мен оларды бұзғандары үшін жауапқа тартылмайтын құқықтық бейберекеттік пен құқықтық заңсыздықтың болуы;

б) берілген несиелерді қатаң түрде өз мақсатына жұмсауға мүмкіндік беретін экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дәлелденген аграрлық заңның болмауы;

в) алынған қаржының шектен тыс құнсыздануына алып келетін құнсызданудың жоғары деңгейі;

г) Қазақстан экономикасының дағдарысты жағдайы, мемлекеттік бюджетте қаржының жетіспеушілігі.

Субъективті себептерге бірқатар әкімшілік аппараты өкілдерінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін бұрынғыдай қатаң бақылауда ұстауды «уысынан шығарып алмауы» болып отырғанын, сондай-ақ негізінен субъективті сипаттағы түрлі бюрократтық кедергілерді жатқызуға болады.

Сондықтан несиелерді жұмысты жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге болашақ өнімді кепілдікке қою арқылы беруді қарастырып көрген артық болмас еді. Мұндай әдіс қарыз алушының жағдайы мен шамасына, оның жоспарлары мен мүмкіндіктеріне толық талдау жасауды қажет етеді. Мұндай жағдайда қарыз алушыға несие алу үшін жерге қожалығын дәлелдейтін құжатты емес, болашақ жұмысына қатысты шығындар мен кірістердің жан-жақты талданған және дәлелденген сметасын көрсету керек болады. Мұндай несие жүйесі шеңберінде кеңес беру қызметтерін ұйымдастыруға, өндірістік жоспарларға сараптама бағаларды ұсыынуға болады. Мұндай тәжірибе бірқатар батыс елдерінде кеңінен қолданылып, соңғы кездері дамушы елдерде де қолданыла бастады. Оның көмегімен бөлінген қаржының алыпсатарлық немесе басқа да өндірістік емес салаларға пайдаланылып кетпей, тиісті бағытта дұрыс пайдаланылуына және бақылау жасалуына қол жеткізуге болады.

Осылайша, бір жағынан мемлекеттің реттеу функциясы әр түрлі қаржы-несие әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылып отырылады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы ауыл шаруашылығында қаражаттың пайда болуына, қазіргі заманғы ҒТП жетістіктерін пайдалануға, сондай-ақ заманауи машиналарды, тыңайтқыштарды және ауыл шаруашылығының өзге да жаңалықтарын пайдалануға мүмкіндік беретін инвестиция тарту болып табылады. Мемлекеттің инвестиция тарту жөніндегі шараларға кең көлемде қатысуына АӨК қайта өңдеу салаларының монополиялық құрылымдарынан шаруашылық субъектілерінің мүдделерін қорғауға бағытталған Қазақстанның аграрлық саясат жөніндегі қабылданатын заңы мүмкіндік бермек.

Нарықтық қатынастарды қолдауға бағытталған қаржы-несие әдісінің маңыздылығы зор. Бұрынғы кеңшарлар мен ұжымшарлардың орталықтандырылған қаржыландыру жүйесінің тиімсіз болғандығы енді ғана анықталып жатыр. Ал нарықтық қатынастар жұмыс істеп тұрған жағдайда мемлекеттің экономиканы реттеп отыратын әдістерінің бірі ретінде несиенің маңыздылығы өте ерекше. Бастапқы кездерде жеңілдікпен берілетін несиелерді экономиканың аграрлық секторындағы жаңадан ашылып жатқан шаруашылық субъектілеріне пайдалануға берудің қажеттілігі анық. Мұндай несие берулер орын алған жағдайда берілген несиелердің дұрыс пайдаланылуларына қатаң бақылау жасау керек.

Басқа жағынан, Қазақстандағы аграрлық реформаның бастапқы кезеңі шаруа қожалықтарының көпшілігінің реформаны қабылдамағандарын көрсетті. Солтүстік Қазақстанның бірқатар өңірінде жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің мәліметтерінен шаруа қожалықтарының 85% ұжымдық шаруашылықтың құрамынан шығып, өздерінің шағын тауарлы өндірістерін бастауға психологиялық тұрғыдан дайын емес екендерін, бұған себеп ретінде олардың қазіргі кезде мемлекет тарапынан нақты экономикалық көмектің болмай отырғанын және болашақта бұл көмекті алатындарына сенбейтіндерін көруге болады. Ауылдық өндірушілердің жаңа буынын жасау идеясын жариялаған мемлекет, бұл бағытта не экономикалық, не ұйымдастырушылық әрекет етіп отырған жоқ және өзінің осы әрекетсіздігімен өзі жариялаған аграрлық реформа жөніндегі тұжырымдамасына елеулі түрде нұқсан келтірді деуге әбден болады.


Бақылау сұрақтары

1. Нарықтық қатынастарды қолдаудың қаржылық-несиелік әдісін түсіндіріп беріңіз.

2. Аграрлық реформаның бірінші кезеңінде (1991-1995 жж.) ауыл шаруашылығын қаржыландыру қалай жүрді?

3. Мемлекеттің шаруа қожалықтарын несиелеуде қандай мәселелер болды?

4. Қаржы-несиелік қолдау көрсетудің негізгі бағыттарын атап беріңіз.

5. Қазақстандағы аграрлық реформаны шаруа қожалықтары қалай қабыл алды және ондағы мәселелерді көрсетіңіз?




ҚОРЫТЫНДЫ
Меншік және шаруашылық түрінің ауысуы нарықтық орта құрудың алғышарты ретінде тек мемлекет бағыттап және қолдау көрсетіп отыратын осының нәтижесінде біртіндеп дамып, жүзеге асатын процесс болып табылады. Бұдан көп салалы, жеке өндіріс пен мемлекеттік өндірістің ерікті кооперация негізінде жұмыс істеулері ұзақ уақытқа сақталып қалады деген деген қорытынды жасауға болады. Меншік иелерінің қандай әлеуметтік-экономикалық түрге жататындықтарына қарамастан экономикалық тұрғыдағы негізгі мақсаттары пайда табу және оны пайдалану болып табылады. Соңғысы өндірістік күштердің қол жеткізген даму деңгейлерімен анықталып, кіріске қол жеткізудің негізгі түрі ретінде еңбегіне қарай бөлуді білдіреді.

Ауылшаруашылығындағы мемлекеттік меншікті жекешелендірудің мазмұны мен түрі анықталуда. Жекешелендіру монополия мен мемлекеттік меншіктің үстемдігін жеңудің, тауар өндірушілердің арасында бәсекелестік ортаны дамытудың, жердің шынайы иесін қалыптастырудың құралы ретінде қарастырылады. Оның түрін таңдаудың көрсеткіші ретінде шаруашылық субъектілері өндірістерінің тиімділіктерін арттыруды, ауыл еңбеккерлерінің еңбектік жоғары өнімділігіне деген тұрақты ынтасын қалыптастыруды атауға болады. Осы көзқарас шеңберінде мемлекеттік меншікті жекешелендірудің теориясы мен тәжірибесіне, түрі мен әдістеріне, оны өткізудің тәртібі мен механизміне сыни тұрғыдан талдау жасалынды.

Жекешелендірудің өзін жүзеге асыру асығыс жүргізілді, бұған жекешелендірудің қатаң мерзімдерін бекіткен, көпшілік жағдайда ауылшаруашылығының негізгі және айналымдағы қорларын тегін беру арқылы және мүліктерді жаңа иелердің арасында мәжбүрлікпен бөле отырып жүргізілген әкімшілік-командалық қысым көрсетілу себеп болды. Жекешелендірудің, сондай-ақ нарықтық құрылымдарды қалыптастырудың ескі әкімшілік-командалық жүйені бұзу жағдайында өтуі, өңірлер арасындағы жұмыс істеп келген байланыстардың бұзылуы, мемлекеттік тапсырыстар мен келісілген шарттардың орындалмауы жағдайды одан ары күрделендіре түсті. Мемлекет нарықтық экономикаға көшу және жекешелендіру процестерін теңестіруге қауқарсыз деген қорытынды жасалды. Жекешелендіруді жемісті жүргізудің міндетті шарты тиісті дәрежеде нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру болып табылады.

Аграрлық реформа жерге және басқа да өндіріс құралдарына меншіктің көп түрлілігін енгізудің негізінде, кеңшарлар мен ұжымшарларды акционерлік кәсіпорындарға, шаруа қожалықтарының ассоциацияларына және кооперативтерге айналдыру арқылы ауыл шаруашылығы тауарларының бірыңғай нарығын қалыптастыру, мемлекеттік жоспарлаудың нұсқаулы жүйесін экономикалық реттеуге ауыстыру, ауылда жаңа еңбек және әлеуметтік қатынастарды қалыптастыру арқылы біртіндеп республикадағы аграрлық жүйені өзгертуді қарастырады. Бұл арада меншік түрінің өзгеруі олардың шаруашылықтарының тиімділігін арттыруға бағытталғанын айта кету керек.

Республика экономикасының аграрлы секторында нарықтық қатынастың орнауы ерекше тарихи жағдайда өтуде және көпшілік жағдайда дамыған елдерде өткен жолдарға ұқсамайтын ерекше жолмен дамуда. Олар көпшілік жағдайда бұрынғы өндірістік қатынастардың кеңеюінің нәтижесінде пайда болады, дамиды және осы себепті өндіруші күштер мен өндірістік қатынастардың ішкі дамуларының өнімі бола алмайтын еді. Жұмыста нарықтық қатынастың әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканың негізгі элементі бола алмағандығы жөнінде және ең басынан-ақ әрекет етуінің шектеулі болғандығы, орын алған шаруашылық байланыстар жүйесінде бағынышты жағдайда болғандығы туралы қорытынды жасалады. Бұл жағдай олардың даму мүмкіндіктерінің шектеулі екендіктеріне, тиісінше осы кезеңде өндірісті кеңейту мәселелерін шешуге және өздерінің негізгі функцияларын орындауға қабілетсіз екендеріне болжам жасауға мүмкіндік береді.

Нарықтық қатынастарды орталық бөлік ретінде қалыптастыру - мемлекеттік меншіктің аграрлық секторының бұрынғы базаларын акционерлендіруді қарастырады. Оның үстіне акционерлендіру міндетті түрде ұжымның әрбір мүшесінің мүддесін ескере отырып ұжымдық-үлестік болуы тиіс, яғни, ұжым мүшелерінің жалпы мүлікке қатысты үлестерінің көлемдеріне қарамастан олардың дауыстары түрлі мәселелерді шешуде тең дәрежеде болуы тиіс дегенді қарастырады. Жердің құнарлылығы жалпы ұлттық байлық болып табылатындықтан оның коммерциялануын шектеу қажет, бұлай болмаған жағдайда жерге дұрыс қарамау құнарлылықтың азаюына, тиісінше республиканың азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Қазіргі кезде ауылшаруашылығында нарықтық қатынасты мемлекеттің қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес деген түсінік қалыптасты. Ол макроэкономикалық сипатта болып, жұмыста келтірілген нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеудің негізгі ұстанымдарына сүйенетін болады. Ауылшаруашылығындағы мемлекеттік сектордың үлесі едәуір көлемде қалып отыр және ол ТМД елдері шеңберіндегі бірігу процесінің негізінде дамитын болады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Маркс К.. Капитал ,т.1, с.51

2 Роббинс Л. Предмет экономической науки. М. 1993, THESIS, т.1, вып. 1, с.18.

3 Фридман Н. Методология позитивной экономической науки. М.1994, THESIS. вып.4, с.20.

4 Ленин В.И.Полн.собр.соч. т.29 ,с.152-153

5 Р.Елемесов Теоретический уровень экономических суждений и современное состояние экономической науки. Вестник КазНУ. Серия экономическая. №4 (98).2013, 5с

6 Политическая экономия. М.1982. Изд-во политической литературы, с.20.

7 Дистервег А.Избр. пед. соч. М., 1956, с.158.

8 Ленин В.И. Полн. собр.т.23 , с.168

9 Аристотель. Избранные произведения – М.1959,с.287.

10 Denaix Montcrietien et Leconomie politigue nationale. France, Paris, 2001, р.21.

11 К.Менгер «Основый политической экономии» перевод с немецкого – М.1991, с.47.

12 Букейханов А. Избранное. Алма-Ата, 1995, с. 236.

13 Кунанбаев А. Слова назидания. Алма-Ата, 1982, с. 160.

14 Ленин В.И. Полн. собр. сог.т.4 ,с.86

15 Байтурсынов А. Архивный материал, т. 2, с. 15

16 Никонов А. Земельная реформа в СССР и основные направления устойчивого развития в АПК. - //Планое хозяйство, 1991, N: 3, с.15.

17 Назарбаев Н.А.»Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства». Алма-Ата, 1992, с. 35

18 Архив Костанайской области 1901 г. л.19

19 С.С.Мауленова ,С.Қ.Бекмолдин ,Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория Алматы .Экономика 2004,41б.

20 Кустанай. Отчет областного статистического управления, 16 февраля 1996 года.

21 К.Маркс, Ф.Энгельс. Избранные письма. 1947. с.187

22 С.С.Мауленова ,С.Қ.Бекмолдин ,Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория Алматы . 2011,143б.

23 С.Әкімбеков , А.С.Баймұхаметова , У.А.Жанайдаров Экономикалық теория. Алматы ,2002,73 б.

24 А.Б.Темірбекова Экономикалық теория .Алматы,2008,23 б.

25 Глазьев С.Ю.,Сәбден О.С.,Арменский А.Е.,Наумов Е.А./ХХI ғасырдың технологиялық жаңғыруы.Алматы : Елорда ,2011,137б.

26 Молдахметова А.,Өтебаев М. Микроэкономика : Оқулық . 2- басылым.-Астана :Фолиант ,2010.148 б.

27 Маркс К., Энгельс Ф. Сог.т.17,с.227

28 С.Б.Баймұханова,М.В.Ахмедьярова . Бәсекеге қаблеттілік-ел экономикасы дамуының басты шарты. КазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы. №1 (95).2013,28б.

29 Н.А.Назарбаев. Сессия Парламента РК. 2013.с 16

30 М.К.Байгісиев Ұлттық экономиканы мемлекеттік ретету. Алматы «Раритет» 2010 , 27б.

31 Н.А. Назарбаев Стратегия развития Казахстана до 2030 года,с.13.

32 Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н.,Жүнісов Б.А.,Байжомартов Ү.С.,Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория .Ақтөбе-2004ж. «А-Полиграфия» ,217б.







Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет