Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі


Экономикаға сырттан салынатын қаржылардың тиімділігі



бет8/10
Дата27.12.2016
өлшемі2,91 Mb.
#5785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Экономикаға сырттан салынатын қаржылардың тиімділігі.

Ақшаға деген сұранысты қарастырғаннан кейін біз олардың ұсынуларын қарастырамыз. Экономикалық жүйеде өзара байланысты тауарлар мен қызмет көрсету нарығы, қарыздар (облигациялар) нарығы, акциялар нарығы мен ақша нарығы секілді нарықтың бірнеше түрі бар. Нарықтың бірінде артық сұраным немесе ұсыныс орын алған жағдайда, екінші бір нарықта бағаны үйлестіру орын алады, тепе-теңдік жағдай ауысады. Іс жүзінде бұл Вальрастың «егер экономикада п нарықтар болса, және (п – 1) нарық тепе-теңдікте болатын болса, онда n нарық та тепе-теңдікте болады» дейтін заңы болып табылады. Тепе-теңдіктің бір нарықта ауысуы басқа нарықтарға қатысты сондай салдар алып келеді. Қазіргі кезде заттай есеп айырысу түрінің әлем бойынша сирек кездесетін оқиға болуына байланысты нарықтағы үйлестірулер ақшамен жүргізіледі, сондықтан да сұраныс пен ұсыныс ақша нарығында қалған барлық дүниеге ықпал жасайды.

Жалпы алғанда ақшаға деген артық сұраныс олардың біршама негізсіз қымбаттауына жол береді, бұл басқа нарықтағы дефляциялық қысымға соқтырады. Ақшаны артығымен ұсыну керісінше, оның құнын түсіріп, басқа нарықтың құнсыздану қысымына ұшырауына соқтырады. Егер экономикада кенеттен ақша көлемінің екі есеге артатынын көз алдымызға елестететін болсақ, онда экономикалық агенттер құнсыздану қысымының басқа нарықтарға таратуды қолдайтынын көруге болады. Жеке тұлғалардың артық сұраныс жасаулары бағалардың өсуіне жол беретін болғандықтан қысымның бір бөлігінің тауарлар нарығына түсетінін сеніммен айтуға болады. Алған қаражатты сақтауға және көбейтуге деген қызығушылық қор нарығы мен баспана нарығына қатысты сұраныстың артуына соқтырады. Қарыз нарығындағы бағаның өсуі қысқа мерзімді пайыздық ставканың құлауына соқтырса, мұндай жағдайда керісінше, бұрын жоғары пайызбен шығарылған облигациялардың бағасы өседі. Бұл капиталдың өсуі болып табылады.

6 суреттегі RTV тепе-теңдік қисығы бір бүйірлі гипербола болып табылып, нарықтық теңдіктің қисық сызығын көрсетеді (сұраныспен шатастырмау керек). Тік осьте ақшаның салыстырмалы құны көрсетілген, мұнда р бағаның деңгейі төмен болған сайын ақшаның салыстырмалы құнының жоғары болатыны және керісінше болатыны берілген. Ақшаның нақты ұсынысы өзгеріссіз қалып, Ро ' құрайды.




7 сурет. Ақша нарығындағы тепе-теңдіктің қисық сызығы.
Егер әр нарықты ыдыс деп алатын болсақ, ал құйылатын ақшаны сұйықтық деп есептейтін болсақ, онда сұйықтық осы ыдыстарға тең құйылуы тиіс. Сұйықтықтың бөлінуі индивидтердің таңдауына тәуелді болады. Егер ақшаның көп бөлігі тауар нарығына түсетін болса, бағаның өсуі елеулі түрде артады, ал баға акция нарығына құйылатын болса, онда қорлар индексі тиісті көлемде өсетін болады. Бұл ақша ұсынысының артуы акцияның, жылжымайтын мүліктің және басқа да активтер бағасының артуымен жұтылып кеткен жағдайда да экономика тауар нарығындағы құнсызданусыз-ақ өсе алады дегенді білдіреді. Барлық нарықтағы ақшаның жалпы көлемінің жиынтық өсуі экономикадағы ақшаның өсуімен сәйкес болуы тиіс.

Ақша ұсынысын сипаттау барысында «сыртқы қаржының құйылуы» секілді жалпы сөздермен шектеліп қалмас үшін нақты механизмді кеңірек қарастырып көрейік. Бірінші кезекте қол ақшадан бастайық, ақша – бұл орталық банктің міндеттемесі. Қазіргі кезде бұл міндеттемелер осы орталықтың дәл осындай міндеттемелерімен өтелуі мүмкін, яғни, алтынға немесе қандай да бір басқалай құндылықтарға байланыстырылмайды (басқа валютаға байланысты болу). Ақша ұсынымы төрт контрагентке тәуелді болады: орталық банкке, коммерциялық банктерге, қарыз алушылар және салым салушыларға. Қол ақшаның көлеміне жауап беріп, коммерциялық банктер үшін ақшаның қажетті резервтік нормасын анықтайтын және осылайша ақша қорын жасап отыратын болғандықтан орталық банк ең бастысы банк болып табылады. Ақша қоры – бұл айналымдағы және резервтегі, сондай-ақ коммерциялық банктердің орталық банктегі сақтауға қойған қол ақшаларының жалпы көлемі.



MB = C + R, где MB – ақша қоры, С – айналымдағы қол ақша, R – коммерциялық банктердің резервтері.

Орталық банктің ақша қорына ашық нарықтағы (мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу/сату) операциялар арқылы және резервтеу міндетті нормасын амалдар арқылы ықпал ететіні бәріне белгілі. Орталық банктің жеңілдетілген балансын көрнекі түрде төмендегіше беруге болады:

1 кесте – орталық банк


Активтер

Міндеттемелер

Мемлекеттік құнды қағаздар

Айналымдағы қол ақша

Несиелер

Резервтер







Орталық банктің мемлекеттік құнды қағаздар мен берілген несиелері түріндегі өзінің активтері бойынша пайыздық кіріс алатыны түсінікті. Берілген несиелер бойынша бекітілген пайыздық мөлшер қайта қаржыландыру немесе есептеу мөлшері деп аталады.

Орталық банктің ашық нарықта құнды қағаздарды 100 долларға сатып алғандағы жағдайды қарастырайық (банктердің мысалдары бұдан да нақты). Бұл шараның міндеті ақша қорын /базасын/ ұлғайтуға бағытталған. Енді осы шараның коммерциялық және мемлекеттік банктердің баланстарына қалай әсер ететінін бақылайық:
2 кесте – Орталық банк


Активтер

Міндеттемелер

Мемлекеттік құнды қағаздар +100

Айналымдағы қол ақша

Несиелер

Резервтер +100

3 кесте – Коммерциялық банк А




Активтер

Міндеттемелер

Мемлекеттік құнды қағаздар - 100




Резервтер +100



Коммерциялық банктің А 100 доллар көлемінде артық резерві пайда болды. Міндетті 10% резервирования ставкасы бойынша коммерциялық банк А 90 доллар көлемінде қосымша несие беруге мүмкіндігі бар, оның артық резервіндегі 100 доллардың тек 90 несиелеуге жатады да, қалған 10 орталық банктің резерві түрінде қалады. Несие беру барысында банк А несие алушыға несие көлеміне есеп чегін ашады. А банкінің балансы:

4 кесте – Коммерциялық банк А


Активтер

Міндеттемелер

Резервтер +10

Есеп чегі + 100

Берілген несиелер + 90



Банк А банк Б-ге 90 доллар көлемінде несие береді. Банк Б-де 90 доллар көлемінде артық резерв пайда болады және алдындағы банктер артық резервтер ұстамайды деген ережеге сәйкес банк Б-ның беретін несиенің көлемі 81 долларды құрайды да, резервте 9 доллар қалады.


5 кесте – Коммерциялық банк Б


Активтер

Міндеттемелер

Резервтер + 9

Есеп чегі + 90

Берілген несиелер + 81



Несие алушының жұмсаған 81 доллары басқа банкке сақтауға берілген (С). Осылайша, резервтерді 100 долларға бастапқы ұлғайту есеп чектеріндегі ақша көлемінің 271 долларға дейін өсуін қамтамасыз етеді. Егер несиелер банктер мен несие алушылардың жоғарыдағы болжамдарына сәйкес берілетін болса, қорытындысында есеп чегіндегі ақша көлемі 1000 долларға = 100/0,1 дейін өседі. Бұл депозиттерді бірнеше есе кеңейту моделі болып табылады.

Аталған үлгілердің бірнеше кемшіліктері бар, олар негізінен түрлі алғышарттарға қатысты (басқа көптеген модельдердегі сияқты). Біріншіден, банктерге саясатпен айналысу міндетті емес. 2 артық резервтерінің болмауы. Екіншіден, несие алушылар алған барлық қаржыларын басқа банкте ақша сақтауы міндетті емес. Бұл жерде іс несиенің бір бөлігінің «бейбанктік жұртшылықтың» қолындағы қол ақша түрінде қалып қоюының мүмкін екендігінде.

Орталық банктің құнды қағаздарды кімнен сатып алғанына қарамастан (банктерден немесе «бейбанктік жұртшылықтан»), ақша қоры ұлғаюы тиіс. Өзге нақтырақ үлгілерде жоғарыда келтірілген үлгілерде жіберілген факторлар /кемшіліктер/ түгелдей назарға алынады. Резервтер арасындағы ақша қорының ішінде өсуді бөлу және айналымдағы қол ақшаның көлемін болжау мүмкін болмайтындықтан орталық банктің резервтерден гөрі ақша қорына /базасына/ тиімді ықпал ететінін ғана сеніммен айтуға болады.

Орталық банк бекітетін міндетті резервтеу қорының көлемін азайтқан жағдайда артық резервтің алғашқы 100 доллары 1000 ғана долларға емес, одан да көп қаржыға айналуы мүмкін. Мысалы, міндетті резервтеу нормасын 8 төмедету ақша қорының /базасының/ (бұрынғы алғышарт аясында) 1250 долларға дейін өсуіне алып келеді. Мұның сыртында ақшаны ұсыну жаңа ақша шығару арқылы да орын алуы мүмкін. Қорытынды: Орталық банк ақша нарығындағы сұранымды да, ұсынысты да реттеп отырушы орган болып табылады.

Бақылау сұрақтары

1. Инвестицияға сипаттама беріңіз.

2. Ақша ұсынысы дегеніміз не?

3. Активтер мен міндеттемелер түсінігі?

4. Ашық нарықтағы операциялар дегеніміз не?

5. Ақша қорына сипаттама бер.
4. НАРЫҚТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН БӘСЕКЕЛЕСТІК
4.1 Өндіріс инфрақұрылымының мәні мен рөлі
Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісінің қазіргі жағдайы шығып жатқан тауардың сандық өсуі ғана көкейкесті мәселе болып тұрған жоқ, сонымен бірге еңбек ету және жүйелік ұйымның, ауылшаруашылық өндірісінің ресурстарын қамтамасыз етудің тиімді қалыптасуы және өндірістік күштердің маңызды элементтерін көрсететін өндірістік инфрақұрылым.

Білетініміздей аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің құрамдас бөлігі бола тұра, ауылшаруашылық өндірісіне қызмет ететін инфрақұрылым оның ішкі жүйесі ретінде жұмыс атқарады. Қызмет корсету саласының даму дәрежесі және талдау көрсеткендей өндірістің соңғы қорытындысы оның даму кезеңіне байланысты болады. Өндірістік инфрақұрылымның элементі ретінде даму дәрежесі бірдей болуы маңызды, ауылшаруашылық өнімнің және шикізаттың қажетті көлемін алумен анықталады, өнімді тиімді пайдалану инфрақұрылымның элементтерімен қамтамасыз етіледі.

Нарықтық қарым-қатынысқа өтудің пайда болу инфрақұрылымдық байланыстың кең түрде дамуын пайымдайды. Ең бірінші, ауылшаруашылық өндірісінің өнімінің көбейуіне жете назар аударылды, ал қалған мәселелер екінші орында тұрды. Сондықтан республикамызда өндірілген өнімнің 25 % өзінің тұтынушысына жетеді.

Ауылшаруашылығының негізгі ерекшелігі ол кең көлемде қосымша өндіріспен байланысты. Сәйкесінше оның масштабының өсуімен және ғылым мен техниканың кең түрде кіргізілуімен қызмет етуші салалардың рөлі арта түсті. Жаңа инфрақұрылымдық бөлімдер пайда болады. Инфрақұрылымның халықаралық ортамен байланысымен бірге, транспорт, байланыс, материалды-техникалық қамтамасыз ету, оларға міндетті түрде ғылымдық қамсыздандыру, жөндеу қызметін, өндірістік қызметтерді жатқызуға болады. 90-жылдардың басында, ауылшаруашылық қызметінің дамуының негізгі ерекшелігі нарықтық қатынасқа өту және жеке меншік нарықтың жаңа түрі қалыптасты, сонымен бірге оларға парапар шаруашылықтың ұйымдық түрінің енгізілуі, олардың өзіндік қалыптасуына айналады. Олардың негізгі қызметі, ауылшаруашылық өнімінің ақылы түрдегі қызметімен жинақталады. Осы кезеңдегі нарықтық қарым қатынастың қалыптасуы білім берудің жаңа инфрақұрылымдық өндірістің элементтері күшейеді, және барлық, ауылшаруашылық жағдайында оның маңызы жоғарылайды.

Инфрақұрылым өзіне өндірістік күштерді, қосымша салаларды, өндірістің немесе қызметтің түрлерін, тәуелсіз негізгі өндірісті (өндірістік инфрақұрылым), өндірістік процеспен тығыз байланысты ортаның салаларын (әлеуметтік инфрақұрылым) жатқызады. Жалпы қайта өндірістің құрамдас бөлігі бола тұра және оның ішкі құрылымына кіріп, ол халықаралық шаруашылықтың барлық салаларымен тікелей байланысты және ауылшаруашылық өндірісінің интенсификациялық факторының бірі болып табылады.

Соңғы 3 жылда бидайдың жұмсақ сортына сұраныс өсіп жаңа түрдің практикалық пайда болуына сұраныстың ғылымдық және информациялық қамсыздандыруды ауылшаруашылық өнімнің әр түрін, сонымен бірге ауыл шаруашылығына маманданған агрохимиялық қызмет көрсету және т.б.

Ауылшаруашылық өндірісінің негізгі салаларының алдағы уақыттағы дамуы, қосымша саланың өндңрістік түрінің дамуымен бірге өсіп отырады. Сондықтан инфрақұрылымның барлығын біріктіріп ең бастысын бөліп көрсету қиынға түседі. Осының барлығы ауылшаруашылық өнімінің маңызды бір бөлігі болады. Барлық өндірістік салалардың тиімділігі, қызметі бірден айтылады. Мысалы, ауылшаруашылық өнімінің әртүрлі түріне әлсіз ақпараттық қамтамасыз етудегі сұраныс кезінде олардың төмен бағамен сатылуына алып келеді, ал сатып алушының қажеттілікті білмеуі тіпті, өнімді қоймаларда ұстап қалуға алып келеді. Мұндай жағдай ақпаратпен әлсіз қамтамасыз етілгендігінен Солтүстік Қазақстанда өндірілген күшті сортты бидаймен болды.

Инфрақұрылым саласы өз еркімен өнімді шығармайды. Бірақ, олар ауылшаруашылық өнімінің негізгі көрсеткіші болатын негізгі өндіріс нәтижесінің қорытындысын көрсете алады.

Инфрақұрылымның элементтері аралық топтың жалпы қайта өндіру процесінде болады. Өкінішке орай, ауылшаруашылығында ұзақ уақыт бойы осы аралық топқа көңіл аударылмады. Ауылшаруашылық өндірісіне республикада бұрынғы кеңес кезінде және ол құлағаннан соң оған үлкен қаржы бөлінді. Бірақ олар күткен нәтижені бермеді. Көптеген жағдайда бұл өндірістік күштің инфрақұрылымының базасына парапар. Ауылшаруашылық өнімінің өз уақытында болмағандығынан, транспорт құралдарының жетіспеуінен, мұздатқыштар және қоймалар, инфрақұрылымның басқа элементтері жоғалды. Әртүрлі қызметпен есептегенде, инфрақұрылымдық байланыстың әлсіздігінен Қазақстанда тұтынушыға 18% өсірілген астық, 28% картоп, 20% көкөністер жіне бақша өсімдіктері, 2% ет, 25% ірімшік, ал жалпы алғанда 20-25% барлық ауылшаруашылық өнімдер жетпейді. Мұндай рәсуашылықты нарықтық қарым қатынастың қалыптасуында жіберуге болмайды. Ауылшаруашылық өнімдерін сақтау үшін қоймалардың және мұздатқыштардың көлемін ұлғайту, теміржол транспорттарының шарттары, техникалық және агрономиалық қызмет көрсету, ғылыми және ақпараттық қамсыздандыру кейінге қалдыруға болмайтын мәселе болып отыр. Бұл салалардың дамуы ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін жоғарылатады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бізде жоқ әртүрлі азық-түліктердің толық қанағаттандырылуын талап етеді.

Соңғы екі жылда транспорттың факторлары жоғарылауда. Жалпы ауыл шаруашылығында солтүстік және оңтүстік Қазақстан ниваларында автокөлік транспорты ерекше рол алады. Бұл саланың дамуы ауылшаруашылығының қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды және саланың дамуын артта қалдыратын фактор болып табылады.

Инфрақұрылымның әртүрлі салаларының артта қалуы байқалады, сондықтан оның даму мәселесі ауылшаруашылық өндірісінің және саласының оңтайлы қарым қатынасының мәселесі болып табылады. Қазіргі уақытта қоғамдық өндірістің кезеңінің жоғарылауы, жалпы материалдық кезеңінің шарттарының шеңбері, инфрақұрылым салаларының әртүрлі қамсыздандырылуы кеңеюде. Бұл объективтік процесс. Оның салдары жеке өндірістік функциялардың және инфрақұрылымдық бөлімдері ретінде дамуы болып табылады. Қайта пайда болған меншік иелері (фермерлер, бірлескен шаруа қожалығы) бір уақытта өндіріспен және инфрақұрылым салаларымен айналыса алмайды. Сондықтан олардың арасында еңбектік бөлініс бір уақытта және өндірістік күштің бірігу тәсілімен білінеді. Мұндай еңбектік бөлініс тек қана өндірістің заттық элементтерін ғана емес, олардың сапасын жақсарту, сонымен қатар инфрақұрылым саласында, өнімге көңіл бөлу, оны қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, кептіру, сұрыптау, сапасын жақсарту сақталған. Осындай жолмен, жалпы нәтижесімен бірге, инфрақұрылымның салаларының жиынтығы қамтамасыз етілген және барлық ауылшаруашылық өндірісінің нәтижесіне бөлек инфрақұрылым саласынан алынған сәйкес құрылым. Әрине, жеке меншік иелері жеке персоналды субъектілердің жеке иесі болғанына қызығушылық танытып, өздерінің негізгі алға қойған мақсаттары саланың нәтижесін жоғарлату, ауылшаруашылық өнімдерінің қамтамасыз етілу процесіне, қарым қатынасына қарайды. Анықтауышы қысқарту немесе толық жойылуы инфрақұрылым саласына және жеке меншік өндірушілерге арналған ауылшаруашылық өнімдерінің нақты жеткізілуін жоғарылату және кемелдендіруге жеткізу дәл осындай салалардың нақты анықталған мақсаты мәдениетті шығыс елдерінде өндірістік мәселені шешуге мүмкіндіік жасады. Сонымен қатар, осы елдердеде ауылшаруашылық өндірісі жүйелі түрде мемлекеттің қолдауында екенін ұмытпағанымыз жөн.

Инфрақұрылымның дамыған байланысының пайда болуы бір не екі шаруашылыққа байланысты емес, соның ішінде фермерлерге. Әрбір шаруашылық фермер болсын, басқа болсын ауылшаруашылық өнімінің шығарылу көлемін, қаражатын нақты бөліп көрсетеді. Бұл әсіресе инфрақұрылымның аудандық кезеңінде дамуында маңызды. Мысалы, ауылшаруашылық қаражатының бірігуі, өнеркәсіп және басқа да жек аудандық кәсіпорындардың суландыру жүйесін іскен асыруға мүмкіндік береді [26].

Қазіргі уақытта инфрақұрылым өзінің дамуында материалды-заттық өндірісі саласынан артта қалып отыр. Материалды-заттық өндіріс көптеген салалардан экономикалық қана емес, сонымен қатар бухгалтерлік саяси қарым қатынаста. Инфрақұрылым материалды-заттық өндірістің бөлінуіне қарсы тұрмайтынын атап өткен жөн. Керісінше, инфрақұрылым өндіріс салаларының көмекші жүйесі сияқты, ауылшаруашылық өндірісінің негізгі салаларына қызмет көрсете отырып, нарықтық қатынастың қалыптасу шартымен бірге экономика секторындағы аграрлық қайта өндірісінің қалыптасу шартымен байланысты.

Инфрақұрылымды өндірістік және әлеуметтік деп бөлу қабылданған. Мұндай бөлініс жалпы өндірістік жүйеде инфрақұрылымның орнын көрсетеді. Өндірістік инфрақұрылым ауылшаруашылық өндірісіндегі қызмет көрсету салаларын қосады. Әлеуметтік инфрақұрылымдарға халықтың өмір сүру жағдайының қалыптасуы жатады. Бірінші топ процеске өз еркімен, ал екіншісі тәуелді түрде қатысады.

Республикамыздағы ауылшаруашылық өндірісінің инфрақұрылымы, жеке ауданның және жеке кәсіпкерліктің немесе оған кіретін құрылымдық топтардың, олардың кезеңдерінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Мысалы, солтүстік қазақстанның астықты аудандарына инфрақұрылымның транспорттық байланысқа қаныққан, агросервис қызметінің дамуы, химиялық қорғау және т.б. тән.

Мал шаруашылық аудандарында инфрақұрылымның басқа түрі қалыптасты, ветеринария және зоотехникалық қызметпен, малдардың жақсы сақталуын қамтамасыз ету. Республикамыздың солтүстігіндегі ұзақ та салқын қыс, оңтүстігіндегі сияқты ауылшаруашылық азық-түліктерін көп мөлшерде толықтырып сақтап отыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бұл аудандардағы қоймаларда картоп, жеміс-жидек, азық-түліктерді сақтауға сенімді болуы қажет.

Нарықтық қатынастарға көшу шарттарында және аграрлық секторда жеке меншік иелерінің пайда болуында маңызды фактор болып жергілікті инфрақұрылым болып отыр. Бұрында атап өткендей жеке шаруалардың қолынан осындай дамыған инфрақұрылымдық байланыс түзу келмейді. Сондықтан, ауылшаруашылық өнеркәсіптерін, жеке меншік иелерін ірі өндірістік жүйеге біріктіру арқылы инфрақұрылымның жергілікті кезеңде тиімді дамыту көзделген. Бұл шаруашылық қаражаттарын біріктіру жаңа типтегі машина трактор станциясын құруға белгілі бір кепілдік мерзімде оларға ақылы түрдегі қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Аграрлық-өнеркәсіптік жиынтығының жеке саласының дамуы, және ауылшаруашылық өндірісінде инфрақұрылым саласы дамып пайда болды. Жол көліктік жүйе, ауылшаруашылық өнімдерін қайта қалпына келтіру және сақтау жалғасын тапқан кезең болып отыр. Жеке салалар қоғамдық өндірістің жаңа қажеттігінің заңды нәтижесі ретінде кейінірек пайда болды. Өндірістік белгілеулер мен ерекшелігіне байланысты инфрақұрылымның әртүрлі салалары немесе негізгі өндірістік салаға (мысалы, қой шаруашылығы), немесе олардбереың топтарына, немесе жалпы материалдық өндіріске қызмет етеді. Осыған байланысты инфрақұрылымды үлкен екі топқа бөлуге болады: сыртқысала және ішкісалалық (ішкі өндірістік). Инфрақұрылымды осындай салааралық атауларға және ішкіөндірістік атау қызметтер атауына бөлу әртүрлі иерархиялық көтерілімде инфрақұрылымның экономикалық рөлін талдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар жеке инфрақұрылым салаларын біріктіруге және олардың дамуының негізгі тенденцияларын бекітуге мүмкіндік береді. Бұл негізгі ауылшаруашылық өндіріс түрлері бар инфрақұрылым саладарының топтары қызметтерін біріктіру мен координациялауға жағдай туғызады. Аталған жағдай ауыл шаруашылық инфрақұрылым үшін аса маңызды болып келеді, өйткені оның дамуына капиталдық салымдар әртүрлі ағымдардан түседі. Бұл салымдардың концентрациясы салааралық және ішкісалалық (ішкіөндірістік) инфрақұрылымның объективті дамуы қажеттілігі ретінде шығады. Көбінесе инфрақұрылым сфералары салааралық сипаттамада болады.

Ауылшаруашылық өндірісті интенсификациялау жағдайында көп мәнге өнеркәсіптік салалар алады. Біріншіден, бұл ауыл еңбеккерінің қазіргі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын сапалы ауыл шаруашылық техникасының өндірісі. Екіншіден, ауыл шаруашылық өнімінің қайта өңдеу, транспорттау және тұтынушыға дейін жеткізілу жүйесінің дамуы.

Осы міндеттерге байланысты ауыл шаруашылық инфрақұрылымның барлық салаларын екі топқа бөлуге болады. Бірінші - ауыл шаруашылық өнімінің процесін функциалануының қамтамасыз ететін агросервис салалары. Мұнда материалды-техникалық қамту, техникалық және ремонттық қамтамасыз ету, агрономикалық и химиялық қызметтер, жол жүйесі, транспорт және байланыс, ғылыми және ақпараттық қамту кіреді. Екінші – тұтынушыға дейін өнімнің жетуін үнемі қамтитын өнім айналыс саласы. Ол дайындау, сақтау, біріншілік қамту мен өнімді өткізуден тұрады.

Қазіргі кезеңде республиканың ауыл шаруашылығының инфрақұрылымдық қамтуы ауыл шаруашылық өндіріс даму деңгейінен қалып барады. Бұған да объективті себептер бар.

Біріншінің мазмұны Союздың экономикалық мүмкіндіктері ұзақ уақыт бойы халық шаруашылығын қалыпты қаржыланды алмады. Капиталдық салымдар ең алдымен өнеркәсіпке, содан кейін ғана ауыл шаруашылығына бағытталды. Негізгі көңіл инрақұрылымның магистралды элеменнтерінің құрылуына бағытталды.

Субъективті себептер ауыл шаруашылық инфрақұрылым мәселелерін шешуде волюнтаристтікпен, административті-топтық жолмен байланысты болды. Сондықтан да инфрақұрылымның жеке элементтерінен тиімділік шаруашылықтың, аймақтың сыртына көріне бастады,

Ауылшаруашылық табиғи маңызды сипаттамада болғандықтан таиғат факторларына тәуелді. Мысалы, АҚШ та ауыл шаруашылқ өнімді дайындаужәне сақтау қабілеті оның өндіріс көлемінен он есе асып түседі.

Ауылшаруашылық өнімінің маңызды бөлігі тұтынушыларға дейін жетпей қалу фактін мойындауымыз керек. Республиканың топтық ауылшаруашылық кәсіпорындардың жылдық есебі бойынша (қазіргі кезде нақ осылар өнімнің 97%өндіреді) жыл сайын фуражға астықтың 20%, өсірілген өнімнің, жемістің 15% пайдаланылады.

Нарықтық қатынастарға көшу кезінде инфрақұрылым рөлін көтеретін факторлар көпжоспарлы сипаттамада жүр. Бұл ауылшаруашылық өндірістің ерекшелігінен болып табылады.

Біріншіден, Союздың жойылуы бұрынғы СССР ауыл шаруашылығының біртұтас жүйесін жойды, осыған байланысты оның элементтері арасындағы тік және көлденең байланыстар жеңілдетілді. Екіншіден, экономиканың аграр секторы республикадағы халық шаруашылықта аса маңызды орынға ие болды, дамудың бірнеше кезеңін өткерді. Үшіншіден, инфрақұрылым ерекшелігі сала орнығуының таратылуы болып табылады. Бұдан басқа, ауыл шаруашылық өнімінің (астық, ет, сүт, жемістің) ассортиментін мүлде өзгертпейді.

Осындай жолмен, әрине «инфрақұрылым» мазмұнының мағынасын анықтау өте қиын, оған салалардың барлығы, жүйесі және объектісі, материалды өнімдердің әртүрлі қажеттіліктері кіреді, бірақ бір бірімен Функционалды белгілері және өнімдік технологиялар белгілерімен ажыратылады. Сонымен қатар, ауылшаруашылық өндірісінің дамуы, ерекше қамтамасыз етілген өзінің жаңа салалары және өндірістік техникалық негізде инфрақұрылымдық өндірістің салалары кіреді.


Бақылау сұрақтары

1. Инфрақұрылым дегеніміз не?

2. Нарықтық инфрақұрылымға түсінік бер.

3. Өндіріс инфрақұрылымының мәні неде?

4. Өндіріс инфрақұрылымының рөлі қандай?

5. Инфрақұрылымның элементтерін ата.

6. Әлеуметтік инфрақұрылымды қалай түсінесіз?

7. Инфрақұрылым рөлін көрсететін факторларын сипаттап бер.



4.2 Ауылшаруашылығында әлеуметтік инфрақұрылым-ның қалыптасу ерекшеліктері

Әлеуметтік инфрақұрылымсыз нарықтық қатынастың тиісті дәрежеде жұмыс істеуі мүмкін емес. Оны шартты түрде екі топқа бөлуге болады.

Біріншісі, әлеуметтік-өндірістік топ, оған ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына қажетті әлеуметтік шарттарды қамтамсыз ететін нысандар мен кешендердің жиынтығы жатады.

Екіншісі, әлеуметтік-тұрмыстық топ, оған тұрғындардың өмір сүрулеріне қажетті жағдай жасауды қамтамасыз ететін баспана, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, демаылыс, сауда нысандары мен мекемелерінің жиынтығы жатады.

Әлеуметтік инфрақұрылымның өзгелерден ерекшелігі - оның адамдардың жағдайын жақсарту мақсатында тұрғындарға көрсеткен қызметі түріндегі еңбек әрекеті болып табылады. Ол қоғамдық еңбектің тиімділігіне, еңбек өнімділігінің артуына, жұмыс күшінің толығып отыруын қамтамасыз етуге, адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздығынан жұмыс уақытының қысқаруына және т.б. жанама түрде әсер етеді. Мұндай жағдайларда қызмет көрсету белгілі бір тауардың немесе еңбектің тұтыну құнының пайдалы әсері ретінде көрініс береді.

Ұзақ жылдар бойы ауылдың әлеуметтік инфроқұрылымының дамуы қаламен салыстырғанда көп кейін қалып келгені белгілі. 80 жылдары ауыл тұрғындарының баспана және мәдени-тұрмыстық жағдайын түбегейлі жақсарту мақсатында ірі шаралар қабылданды. 50 млн. ш.м астам тұрғын тұрғын үй ауқымы пайдалануға берілді. Осының нәтижесінде 1989 жылы ауылдың бір тұрғынының тұрғын алаңмен қамтамасыз етілуі орташа есеппен 13 ш.м. құрады. Алайда ауыл еңбеккерінің баспана және мәдени-тұрмыстық жағдайын түбегейлі жақсарту бағытындағы жұмыстардың көлемдері менсапалары қазіргі кездегі талаптарға сай келмей отыр. Ауылдың тұрғын үй қоры қалалықтардан сапасы жағынан да, қолайлылығы жағынан да көп кейін қалып отыр. Егер республика бойынша тұрғын үйлер мемлекет тарапынан бөлінген қаржыларға тұрғызылып, ыстық сумен, жуынатын бөлмемен, кәрізбен 80% қамтамасыз етілген болса, ауылдық жердегі мемлекеттік қаражат есебінен тұрғызылған үйлердің өзі (ауылдағы жалпы тұрғын үй қорының 25%) аталған тұрмысқа қажетті жабдықтармен тек 30% қамтамасыз етілген.

Әлеуметтік инфрақұрылым мен қызмет көрсету саласы өзара тығыз байланысты, олардың екеуінің де жұмыстарының әлеуметтік-экономикалық түрі қызмет көрсету болып табылады. Оның құрамына адамның іс-әрекеттерінің сан түрлі саласы кіреді. Бұған тек қана тұрмыстық саладағы қызмет көрсету түрлерінің санының 1000 асатынын айтса да жеткілікті.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің нарықтық қатынастың негізінде жұмыс істеуі оның әлеуметтік инфрақұрылымына тиісті өзгертулерді енгізуді қажет етеді. Біріншіден, ол жаңадан ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өндірісінің, яғни, жаңа меншік иесінің қажеттіліктерін қанағаттандыратындай болуы керек. Әлеуметтік инфрақұрылымның саланың өндіруіші күшінің өсуіне жасайтын ықпалын ескере отырып, оның өсу қарқыны (әлеуметтік инфрақұрылымның) саланың жетілу деңгейіне сәйкес болуын үнемі назарда ұсталуы керек. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру және акционерлік қоғамға айналдыру барысында әлеуметтік инфрақұрылым саласында да бір мезгілде осындай шаралар жүзеге асырылады. Екіншіден, ауыл еңбеккерлерінің көрсетілетін әр түрлі қызмет түрлеріне деген қажеттіліктері артады және мұның өзі әлеуметтік инфрақұрылымның, сондай-ақ оның құрылымдарының дамуына әкеліп соқтырады.

Соңғы 2-3 жыл көлемінде инфляцияның жоғары деңгейде болуына байланысты, Қазақстан мен өзге де ТМД елдері арасындағы, сондай-ақ республиканың өз ішіндегі кәсіпорындар арасында төлемдердің жүргізілмеуі себепті, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды қаржыландыру біршама қиындық тудырып отыр. Бұлардан басқа ауыл шаруашылығы өндірісінің өзінің дағдарыста болуы оның дамуына қажетті көлемде қаржы бөлуге мүмкіндік бермейді. Бұрынғы кездері қолданылып келінген мемлекеттік демеуқаржылар іс жүзінде алынып тасталынды. Осы себепті де қазіргі кезде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көпшілігінде әлеуметтік инфрақұрылымның нысандарын тұрғызу және іске қосу тоқтатылған. Қазіргі кездегі басты міндет - алдағы 3-5 жыл ішінде осы салаға қатысты қолда бар ғимараттарды сақтап қалып, олардың өздерінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс істеп тұруларын қамтамасыз ету болып отыр. Бұл орайда өндірістік инфрақұрылымның элементтері өндіріс қуатының өсуі мен орналасуына сәйкес дамитын болса, әлеуметтік инфрақұрылымның элементтерінің дамуы тұрғындардың санымен үйлестірілетінін айта кету керек. Әлеуметтік инфрақұрылымды жобалау, одан кейін оның элементтерін жасау, өңірдің белгілі бір кезеңге арналған дамуының нормативі бойынша, тұрғындар санына қатысты жүргізіледі. Соңғы 5 жыл ішінде республика экономикасының нашарлап кетуіне, халық шаруашылығы саласының түгелге жуық саласында өндірістің төмендеп кетуіне байланысты, халықтың көпшілігінің нақты отбасылық кірістерінің азайып кетулеріне байланысты бала туу кеміп кетті. Некеге тұрғандар саны айтарлықтай төмендеді. Мұндай жағдайда тұрғындардың бір жанына шаққандағы әлеуметтік инфрақұрылымның кейбір элементтері толық қанағаттандырарлық көлемде болады. Мысалы, балабақшалардың, мектептердің, денсаулық сақтау мекемелерінің және т.б. қажеттіліктер толығымен қанағаттандырылуы мүмкін. Әрине, әлеуметтік инфрақұрылым саласын мұндай мекемелермен толық қамтамасыз етудің өзі қоғамның саулығына, оның тұрақты дамып келе жатқанына куә бола алмайды.

Жоғарыда келтірілгендерден келесідей қорытынды жасауға болады:

а) қазіргі кезде Қазақстанның ауыл шаруашылығында еңбекақы еңбек нарығында да, тұтыну нарығында да шешуші фактор болып отырған жоқ;

б) еңбек нарығындағы негізгі дағдарыс енді басталып келеді деуге болады.

Ендеше орын алып отырған жағдайда ауыл шаруашылғы өндірісінде еңбекке деген қызығушылықты арттыруға не ықпал етуі мүмкін деген сауал туындайды.

Бұған нақты жауап беру қиын. Алайда Қостанай ауылшаруашылығы институты ұжымының Солтүстік Қазақстанның біраз өңірлерінде жүргізілген сауалдарына сұрау салынғандардың көпшілігі (68%) өздері мен балаларының болашағы толғандыратынын айтқан. Еңбекақының төленуі, басқа да қажеттіліктер түріндегі барлық уәждер екінші қатарға шығарылған, яғни, еңбекке деген қызығушылықты арттыруда адамдардың кез келген жағдайдан аман шығуы секілді психологиялық факторлардың маңызы жоғары деген сөз Бұған мәслихат алдында ереуіл жасау немесе пикет ұйымдастыруға мүмкіндік бермейтін ауыл еңбеккерлерінің (бұл біздің зерттеуіміздің саласы) сана-сезімдерінің төмендігін немесе тым жоғарылығын қосу керек. Олардың басты дәлелдері «жануарларды адамдар секілді күніне бірнеше рет тамақтандыру керек, ал ереуіл жасап жатуға уақыт жоқ» дегенге саяды.

Шаруашылық етудің нарықтық қатынастарға көшкеніне қарамастан өңірлерді дамытудың бұрынғы әлеуметтік-экономикалық жоспарларын назардан тыс қалдыруға болмайды, себебі солардың негізінде тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы нысандармен қамтамасыз етілуінің нақты деңгейін көруге болады. Тұрғындардың саны туралы деректер мен тиісті нысандармен қамтамасыз ету нормалары бойынша олардың осы нысандармен қамтамасыз етілу деңгейлері анықталады. Қолда бар нысандардың нақты көрсеткіштері мен олардың нормативті көлемдерінің айырмашылығы жақын кезеңге арналған құрылыстың көлемін анықтайды.

Әлеуметтік инфрақұрылым саласын қаржыландыруға қажетті қаржы көздері негізінен 2 жолмен құрылады: а) мемлекеттік, б) әр түрлі меншік иелері болып табылатын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бөлген қаржылары. Бұл орайда біріншісі жалпы республикалық та, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат болуы мүмкін. Екіншісіне қатысты олардың құрылуы жаңа жағдайда әлі толық анықталып болған жоқ деуге болады. Әрине, ең дұрыс жолы белгілі бір қаражат көлемін (барлығына бірдей, мысалы, түскен табыстың 2%) сол ауданға аударып отырған дұрыс болған болар еді. Ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды ұйымдастырудың ең оңтайлы нұсқасын елді мекендердің бір-бірінен қашық жатқандығын есепке ала отырып, ЭЕМ көмегімен анықтауға болады.

Ресми деректер Қазақстанның ауыл тұрғындарының 10% ғана түгелге дерлік қызмет көрсету мекемелері бар, облыс орталығынан екі сағаттық аймақта тұратындарын куәландырады. Қалған ауыл тұрғындары аталған қызметтерді жергілікті жерлерде алып, олардың қажеттіліктері ішінара ғана қанағаттандырылады. Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылым саласын одан ары дамытуға арналған қаражаттың жетіспеушілігі, жоғары деңгейде дайындалған кадрлардың болмауы, олардың еңбекақыларының төмендігі жақын арада қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылықты теңестіреді деуге мүмкіндік бермейді.

Қазақстанның ауыл тұрғындарына мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету саласына тән ерекшелік олардың ұсақтығы болып табылады. Елді мекендер (поселоктар, ауылдар, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бөлімшелері) бір-бірінен елеулі қашықтықтарда орналасқан. ауыл балабақшаларының орташа сыйымдылығы – 45-50 орынды, дүкендердегі жұмыс орындары – 1-2 адамды құраса, клубтар 130 орынға арналған және т.б. Көптеген мәдени-тұрмыстық мақсаттағы мекемелер қазіргі заманның талаптарына жауап бермейді.

Өндірістің де, әлеуметтік саланың да инфрақұрылымын қалыптастыру нарықтық қатынастарға сәйкес ірі көлемдегі қаражат пен ұзақ мерзімді қажет етеді. Мұның бір сәтте орнай қалмайтыны ақиқат. Сондықтан да коммунистік кезеңдегі тұрмыс жағдайының деңгейіне жетуді қамтамасыз ету үшін алдымен экономиканы нарықтық қатынасқа түсіріп алу керек (әлеуметтік қажеттіліктерге керек шығындарды мейлінше азайта отырып) және содан кейін барып оның әлеуметтік салаға қолдау (нарықтық қатынастарды үзбей отырып) көрсетуін қарастыру керек.

Қазақстанның әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы таңдап алғаны белгілі. Әлеуметтік бағыттағы нарықтық шаруашылықтың негізгі идеялары Л. Эрхардтың атауында шаруашылықтың мақсаты айқын көрсетілген атақты кітабында баяндалған болатын. Әрине, кітапта келтірілген амалдардың барлығы бірдей Қазақстан жағдайына келмейтіні айқын. Кітаптың басты идеясы еңбек өнімділігі мен шаруашылық өнімдерінің өсуінің сәйкестігі, осының нәтижесінде еңбекақының өсуі және тауарларға бағаның тұрақтануы болып табылады. Бұл тамаша нұсқа болған болар еді.

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі табиғат пен ауа райының жағдайларын дерексіздендіруді есепке алмағанда, бірінші кезекте техно-технологиялық факторларға тәуелді екендігі белгілі. Алайда еңбек процесі өтетін орында жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау еңбек өнімділігінің артуына негіз болатыны белгілі. Осы мақсаттарға қол жеткізуге арналған түрлі шараларды өткізу, еңбекшілердің жұмыс қабілеттерін арттырып, олардың денсаулықтарын нығайтады, жұмыс күшінің қалыпты толығып отыруына ықпал етеді, оның неғұрлым тиімді пайдалануына және жұмыс уақытын үнемдеуге әсер етеді.

Кез келген еңбек ету әрекеті белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылады. Жұмыс істеу барысында адам біршама шаршайды. Ауыл шаруашылығында жұмыс күні нормаланбаған болып табылып, астық жинау және басқа да ауқымды жұмыстарды атқару кезінде жұмыс уақыты күніне 14 сағатқа дейін созылады. Сондықтан да адамның жұмыс істеу қабілеті мен жұмыстың нәтижелігі өзара тығыз байланысты және тәуелді болып табылады.

Адамдардың физиологиялық жағдайларын жақсарту және ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жұмыс қабілеттерін арттыру мақсатында Қостанай облысында олардың еңбек орындарының санитарлық-тұрмыстық жағдайлары мен жұмыс тәртіптерін, тұрмыстары мен демалыстарын жақсартудың кешенді шаралары жүзеге асырылуда. Ол еңбеккерлердің тікелей өздерінің қатысуымен және жұртшылықтың пікірлерін ескере отырып дайындалған. ХХІІІ партсъезд, «Соколовский», СССР 50 жылдығы ат. және басқа да көптеген кеңшарларда аталған шараларды жүзеге асыру барлық малшыларды ұзартылған технологиялық үзіліспен ұтымды жұмыс тәртібіне көшіруге мүмкіндік берді. Олардың жұмыс уақыттары (ерекшеліктерін ескере отырып) сағат таңғы 7 басталып, кешкі 19 кешікпей аяқталатын болды. Осылармен бір мезгілде егіншілер мен басқа да салалардың және бөлімдердің еңбеккерлерінің жұмыстарын біртіндеп аусымды жұмыс түріне көшіру жүргізілуде. Еңбек процесіндегі осы өзгерістермен қатар ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайлары да елеулі түрде жақсара түсуде. Өндіріс аумағындағы қоғамдық тамақтандыру орындары барлық жұмыскерлерді бір мезгілде тамақтандыруға есептеліп қана қоймай, олардың суға шайыну, киім ауыстыру және киім шешетін орындарға және демалыс бөлмелеріне деген қажеттіліктерін де қанағантандыру қарастырылған.

Ең бастысы аталған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ең қиын деген экономикалық жағдайдан шыға біліп, жұмыстарын жалғастыруда және өз кадрларын сақтап қалуда. Кез келген жағдайдан шыға білу міндеті ең алдымен адамдардың еңбегін құрметтеуден, оларға қалыпты еңбек, тұрмыс пен демалыс жағдайларын жасау міндетінен туған болса керек.

Соңғы 10 жыл ішінде облыс тұрғындарына мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету саласының материалдық-техникалық базасы елеулі түрде нығайып, оның мазмұны мен түрлері және әдістері біршама жақсарды.. Шаруашылықтар тұрғындарына мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету саласының материалдық-техникалық базасын одан ары дамытудың және бұл саланың жұмыстарын жетілдірудің жолдарын қарстыруда. Қостанай облысының ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшін білім беру және мәдениет, сауда және қоғамдық тамақтандыру мекемелерінің қажетті материалдық-техникалық базасы негізінен қаланды деуге болады. Осылармен қатар кәсіби техникалық училищелерді, балабақшаларды, ауруханалар мен емханаларды салуға бөлінген қаражат 30% ғана игерілгенін, ал мәдениет мекемелеріне тиісті қаражаттың одан да аз игерілгендігін атап өту керек. Облыс орталығынан шет аудандардағы жағдай мейлінше қанағаттанғысыз болып отыр.

Жұмысшылардың жұмысқа деген қабілеттері олардың денсаулық жағдайларына тікелей тәуелді екендгі белгілі. Жұмысшылардың егін егу және оны жинау науқаны кезінде олардың ауырып қалуларына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз болып қалуы ауыл шаруашылығы өндірісіне айтарлықтай экономикалық шығын әкеледі. Сондықтан да әлеуметтік-гигиеналық шараларды тұрақты өткізіп отыру қоғам үшін экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылады.. Алдын алу және экономика – бұл сыртқы түрлері ғана өзгеше, алайда мақсаттары бір туыстас екі ұғым болып табылады. Еңбеккерлердің денсаулықтарын жақсартуды үнемі назарда ұстау арқылы елеулі экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге болады. Облыста тұрғындарға медициналық қызмет көрсету қанағаттанарлық жағдайда деуге болады. Шаруашылықтың әр бөлімшесінде акушерлік-фельдшерлік пункт болса, қыс мезгілдерінде емдеу-сауықтыру орындары жұмыс істейді. Алайда өндіріс пен тұрғындар ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыстардың ашық аспан астында жүргізілетінін, ұжым мүшелерінің ауруға шалдығыуларының алдын алу үшін үнемі эпидемияға қарсы шаралардың жүргізіліп отырлатынын, мал қораларындағы ауа тазартқыш құрылғылардың ақаусыз жұмыс істеуін бақылау орнату, қораларды залалсыздандыру құралдарын қолдану арқылы өңдеудің қажеттігінескере отырып медициналық қызметтің жақсартылуын талап етеді. Жасырын жүргізілген әлеуметтік зерттеудің нәтижесінде суықтан болатын аурулардың (тұмау тию) алдын алу шараларының тұрақты жүргізілмейтіні анықталды және мұның өзі жұмысшылардың уақытша жұмысқа жарамсыздықтарына әкеліп соқтыратыны белгілі. Аталған зерртеудің қорытындысы жоғалған жұмыс уақытының 15% тұмауға байланысты екендігін көрсетіп берді. Ауыл шаруашылығы өндірісі малшылардың үнемі малдың арасында жүрулерімен ерекшеленеді. Сондықтан да адамдар малдардың ауруларымен жиі ауырып жатады. Медициналық пунктердің деректері бойынша малды күтумен айналысатын жұмысшылардың, атап айтқанда сиыршылардың 20% туберкулезбен ауыратындығы немесе соған бейімділігі анықталған. Сүйек-бұлшық ет жүйесінің (радикулит), тері, сондай-ақ тері асты аурулары байқалған. Бұл аурулардың күзде және қыста асқына түсетіні анықталып отыр. Бұл кезеңде акушерлік-фельдшерлік пунктке келу ұлғаяды (орталық мекендерде күніне 40, бөлімшелерде 20-25 дейін). Ауыл шаруашылығы бригадалары мүшелерінің арасында жүргізілген социологиялық талдаудың деректері жұмысқа жарамсыздықтың бақытсыздық жағдайларды есепке алмағанда, күз бен қысқа келетінін, бұл кезде сүйек-бұлшық ет, тері ауруларының артатынын көрсеткен.

Осылайша, нарықтық қатынастың жұмыс істеуі үшін әлеуметтік жағдайға тиісінше көңіл аудару өте маңызды болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру көбіне өндіріс, ауыл шаруашылығы және сауда кәсіпорындары арасында жаңа және тиімді байланыстар орнату нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік инфрақұрылым саласын дамыту нарықтың негізінде ғана жүзеге асырылмайды. Әлеуметтік инфрақұрылым тұтастай, алайда нарықтан тыс дамып келеді, ал оған қолдау көрсету ауылдағы жаңадан құрылған шаруашылықтардың әзірше қолдарынан келмей отыр. Сондықтан да әлеуметтік инфрақұрылым саласына қолдау көрсету мемлекеттің құзыреті болып табылады.
Бақылау сұрақтары

1. Әлеуметтік-өндірістік топ дегеніміз не?

2. Ауылшаруашылық әлеуметтік инфрақұрылымына сипаттама беріңіз.

3. Әлеуметтік инфрақұрылымның ерекшеліктерін ата.

4. Әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржыландыру көздерін ата.

5. Ауылшаруашылығы өңдіріс қаржылындыру сипаттамасы.



4.3 Ауылшаруашылық шикізат нарығында бәсекелестік ортаның қалыптасуы

Қазіргі кезде аграрлық қатынастарда бәсекелестікті тудыру жекеменшік және шаруашылық түрлерінсіз мүмкін емес. Бәсекелестіктің негізі болып адамдардың шаруашылық құралдарын иеменденуі және еңбек нәтижесі болып табылады.Жекеменшіктің жанаруынан халық шаруашылығында,аграрлық секторда бәсекелестік артады.

Реформа нәтижесінде әр түрлі жеке меншік формалары пайда болады.Бұл бәсекелестіктің жаңа мазмұнын және көзқарасын қалыптастырады.Өндірістің иесі тек қана жұмыскер емес,ол қожайын ретінде жаңа бәсекелестік импульсін туғызады. Сондықтан да,істі толық теориялық түрде қарастырмай,оның нақты практикалық шешімін қарау керек.Біз практикалық түрде ауыл шаруашылығында бәсекелестікті дұрыс ұйымдастыра алмаймыз.Жалпы жеке меншіктің формасы қоғамның қызығушылығын қанағаттандыру. Басқа қырынан қарастырсақ, жеке меншік міндетті турде жеке және қоғамдық назарда болу керек,бұл өзіндік бәсекелестік стимулын тудырады

Бәсекелестіктің туындауы және жүйеленуі, ондағы жұмысшы мен мүшелердің нақты өндіріске қосатын мүмкіншілігімен және өздерінің тауарларын практикада таратуда дұрыс қолдана алуы. Осы уақытқа дейін жеке меншік пен бәсекелестік бір-біріне қарама қайшылықта болды, себебі барлық бәсекелестік арқылы қоғамның мүддесін қамтамасыз етуге болады,бірақ бұны жүзеге асыру тек қана ауыл жұмысшыларының қолында екендігі көп жағдайда ескерілмейді.

К.Маркс бәсекелестікті жан жақты қарастырылған капиталдың жалпы өндіріс процесінде бірігуі деп көрсетті. Бәсекелестік – «капиталдың ішкі табиғаты және ол капиталдарды бір біріне бағыттаушы,құрастырушы тұрғыдан әсер етуші».Сонымен қатар алты кітап планында ол арнайы бәсекелестікке үйрететін кітап шығару керек деп айтып қана қоймай оның логикасын көрсеткен: «1) Капитал жинақталуы; 2) Капитал бәсекелестігі; 3) Капитал концентрациясы (көлем мөлшері мен капитал әрекеті сияқты, сонымен бірге капиталдын сапалы айырмашылығымен көлемді айырмашылығы)» [27].

Бәселестік мәселесіне ерте кезден мән берген, әсіресе экономикалық стимулдарына,бірақ бұл аз.Себебі бұнымен қоса өндіріс көлемінің дамуымен байланысты бәсекелестіктің дамуын қарастыру керек. Бұндай құрылымда мындай сұрақтар қаралады: бәсеке формалары бар ма, қатысушы нарықтық қатынастардың толық реализациясы, егер бәсекелестік болса негізі қандай формада және қандай құрылымда әлеуметтік экономикалық еңбек пайда болады. Өндірістік құрылымның нарықтық қатынасқа өткендегі ролі және маңызы.

Экономикалық әдебиетте ерте кездің өзінде еңбек құрылымына,ерекшелігіне сұрақ қойылған. Еңбектің негізі болып ,әрине өндіріс көлемінің белгілі сатысында дамуы. Бұл сатының даму қоғамдағы тұтыну заттарының толық қамтамасыз етпейтін ассоцациялы еңбекте жұмыс істеушілер, сонымен қатар, әлеуметтік экономикалық еңбек жөнінде анықтамалар бар,көп жағдайда қоғамдық еңбекті екі жүйелік тұрғыдан қарастырады [28].

Қазіргі жағдайға сәйкес еңбек құрылымы еңбек спецификасын құрады. Бірақ, қоғамдық экономикалық тұрғыдан бұл айқын жеткіліксіз, себебі ашық түрде мынадай сұрақтар туындайды. Өндіріс жұмысы қоғам жұмысына жеке меншік қатынас тұрғысынан арнайы әсер ете ала ма. Анализ бойынша мұндай форма бар. К.Маркс айтқандай «Әрбір жеке өндіруші, халыққа қанша берсе, соншалықты қайтарыммен алады деген және ары қарай сол халыққа берген еңбектің көлемі бір формада, ал ол басқа формада қайтарып алады».

Бірақ бұның барлығы, өндірушілердің ерекше арнайы түрде қоғамдық жұмыс арқылы, өздеріне жұмыс атқарады. Егер жұмыскерлер тұрғысынан қарастырсақ, бұл былай түсіндіріледі: бір жағынан олар өз еңбектерімен қоғам қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан сол еңбек шығыны арқылы, басқа жұмыскерлердің шығын көлемін ерекшеленетін тауарды шығарады,сол арқылы өндірістің негізін өздерінің жұмыс күшімен қамтамасыз етеді. Барлық жағынан да, қоғам бұл жұмысты ассоциация шығын негізінде ғана өндірмейді, жеке жұмыскерлердің еңбек шығыны немесе жұмыс мүшелерінің еңбек шығыны да қарастырылады. Сондықтан бәсекелестік негізінде құрылған нарықтық қатынастардың жүйелі құрылымы мына факт негізінде: жұмыскерлер шығыны негізгі өндірістің физическалық және басқа қабілеттерінің негізін құрайды.

Шаруашылық механизімін жанарту кезінде қайта құру қатынасында бәсекелестік қатынастардың туындауына лайықты орта қалыптастыру.бәсекелестіктің ұлғайуы және тереңдеуі нәтижесінде,оның нақты инициативті өсу көрсеткіші артады. Еңбек тобы көрсеткішінің ұлғайуы жеке шаруашылық аренда,жеке және мүшелік қызығушылықпен нарықтық қатынастарға өту. Плюрализмалық даму негізінде ғана жер шаруашылығында және әр түрлі қожалық формаларында өздерінің тиімділігі мен ауқымдылығын көрсете алды. Бұл жағдайда бәсекелестіктің ауыл шаруашылығында қозғалмалы күштері пайда болады.

Жеке меншіктің жаңа трактовасында өз меншігін өндірісте және творческалық еңбекте еркін, басқару форм тандау мүмкіншілігі және қоғамдық мүддесімен жеке өзін қанағаттандыру еңбегі қорытындысын қарастыру мүмкіндігі. Ауыл шаруашылығына қатысты жеке меншік үлкен мазмұнды болып келеді, ол адамдар қатынасын, мүшелерді,жерді қоғамда жалпы қолдану,тауар және экономикалық қызығушылықты нақты сатыда қарастырады.

Жеке меншік мазмұны және бәсекелестік мазмұны арақатынасы біздің ойымызша, жұмыскердің жермен,басқа да өндіріс орындарымен байланысы және іс жүзінде өз жұмыс қорытындысын басқара алуы. Жердің жеке меншік формаларының әртүрлілігі адамдардың ауыл шаруашылық өндірісіне қатынасын айқындайды, сонымен қатар бәсекелестік қатынасын да айқындайды. Қоғамдағы адамдардың ауыл шаруашылық процесіне деген қызығушылығын тудырушы: бәсекелес негізінде көрінетін экономикалық қызығушылық.

Қазіргі кезде аграрлық сектордағыэкономикалық байланысы барлар,материальдық стимулдардың ауыл еңбегіне аз әсерін анықтайды. Сондықтан аграрлық сектордағы жеке меншікке қатынасты реформалау біріншіден,ауыл еңбеккерлеріне өздерінің иницативасын, өзіндік басқара алуын және оларды нағызжер иелері қылып, өзара бәсеке тудыру керек.

Аграрлық бүкіл жүйеде кезеңдендірудің маңызын жер игеру көрсетеді, себебі бәсекелестік жеке меншік жер мен онын қолданылуымен байланысты. Бұнын негізі мынада жеке меншік қатынасын құрғанда міндетті түрде бәсекелестік негізінде, бұрынғы калхоз және совхоздағы әр түрлі ішкі қатынастарды, әр түрлі форм кооперация дамуы, фермерлік және крестяндық қожалықтардың, агроөндірістік комбинаттардың агрофирмалардың құрылуы.

Плюрализм формасындағы жер иелену әрбір жұмысшының толық түрде иницативасын дамытып,олардың материалдық благ құрылуында қамтамасыз етеді. ауыл шаруашылығының өсуі аграрлық жүйелердің өзгеруімен құрылуы керек. Шаруашылық реформасы еңбек етушілерді белсенді қожайындарға айналуына мүмкіндік береді. Ол қожайын ретінде белгілі бір потенцияға ие болады.

Жеке меншікті реализациялаудың негізі еңбек, онда меншіктің қоғамдық субъектілігі қарастырылады. Экономикадағы тең дәрежедегі өндіріс орындары еңбекте жемісті болу үшін әр түрлі жер иелену формаларын қолданады.Сол экономикалық бәсекелестіктің маңыздылығымен бірге,мешік реализациялаудың негізі ретінде қолданылады, басқа жағынан қарасақ та бәсекелестік қатынасы меншік қатынасымен көрінеді. Меншік олардың қатынасының негізін құрайды.Меншік құрылымы бәсекелестіктің негізгі құрылымын көрсетеді.

Аграрлық секторда меншік қатынастарын реформалау кезінде жерді меншік плюрализм формасымен қамтамасыз ету керек. Осындай жағдайда әр түрлі ауыл шаруашылықтар арасындағы бәсекелестік артып, адамдардың қажеттілігін қамтамасыз етуде аз шығындар болады.

Әр түрлі формадағы шаруашылықтар арасындағы нағыз бәсекелестік тек қала өндіруші,нарық, тұтынушы өзара тығыз байланыста болғанда ғана жүзеге асады.Сонда аграрлық экономика тиімді болады, ішкі шаруашылықтар еңбек бәсекелестігін экономикалық бәсекелестікмен біріктіргенде ғана, әр түрлі формадағы бәсекелестікдің дамуында, мынадай жүйе қалыптасады: аграрлық экономикада үлкен қозғалыс процесі болатын, бәсекелестік қатынасында жүйесі құруға негіз болады.

Республиканың халық шаруашылығының негізгі құрылымына кіретін ауыл шаруашылығы, қоғамдық өндіріске қосылған тиімді экономикалық заңдар арқылы дамиды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірістің негізгі материалдық өндірушісі ретінде, әлеуметтік және табиғи негіз түрінде қалыптастырылады және ол бәсекелестікке өз қолтанбасын қалдырады. Ауыл шаруашылығынын негізгі қасиеті брлып:ауыл шаруашылық қоғамындағы экономикалық жетістіктер міндетті түрде жермен байланысты болады және тиімді де әсерлі қолданылуы керек. Жер басқа тұрғыдан адам қоғамындағы ең үлкен энергия көзі,онда тамақ, тұтыну өнімдеріөндіріледі ол адамдардың тіршілік етуінің негізі. Бұл адамдардың жерге немқұрайлы қарамай,оны қорғап, қалпын сақтап отыруға міндеттейді.

Осы жер иелену саласындағы басқару механизмі көбінесе жердің меншік формасына тәуелді және ол әлеуметтік экономикалық,құқық,политикалық ұйымдардың жерді қолдану кезіндегі халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуімен сипатталады.

Аграрлық секторда бәсекелестіктің артуына экономикалық қатынастар көп әсерін тигізеді. Ауыл шаруашылығынын дамуын тиімді ету үшін: адамдар қажетін толық қамтамасыз етіп,нарықта ауыл шаруашылық тауарларын көбейту керек және адамдардың тауарға деген назарын анықтау керек. Бұл әдіс бәсекелестік артқан сайын бұл да күшейе түсу керек.

Жерді пайдалану кезінде адамдар белгілі бір қарым-қатынасқа түседі және өзінің құрамына қарай әртүрлі, бірақ негізгі мазмұнда нарықтық қатынастар көрінеді. Экономикалық форма арқылы жекеменшік жердің құрылуы жер рентасы болып табылады.

Дұрыс құрылған ренталық қарым-қатынас оның шығарылған еңбегіне және ауыл жұмысшыларының белсенді еңбегінің дамуына бағытталады. Ауыл шаруашылығында жерді негізгі өндіріс құралы ретінде қолданғанда дифференциалды рентаны көтеретін жердің сапасымен байланысты таза түсім болады.Дифференциалдық рента - ауылшаруашылығы бәсекелестік қатынастарының жүзеге асырылуының негізгі таңба жүйесі.

Әр түрлі мөлшерде тауарлардың шығындары да түрлі болады, сол сияқты жердің құнарлығына байланысты шаруашылық шығыны мен пайдасы әр түрлі жүйеде болады. Тауар ақша құрылымындағы қатынасты дифференциалдық рента сипаттайды.

Жерге қожалықты экономикалық тұрғыдан дамыған ауыл шаруашылық жүргізеді. Олардың қосымша пайдасы: жердің құнарлығымен, жанағы қожалықтың орналасу жерімен және өндірісті арттыру үшін салынған салым көлемімен байланысты. Әр түрлі сападағы жерді қолдану еңбектің артуына және қожалықтың рента қатынасы мен экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл бәсекелестікке жаңа жүйелер қосылуына мүмкіндік береді.

Шаруашылықтар арасындағы ренталық қатынастарды жүйелеудің жалпы негізі: біріншіден жердің экономикалық бағасы, екіншіден өндірістегі адамдардың жұмыс сапасы. Жердің экономикалық бағасы арқылы ренталық төлем көлемін және әр гектарға есептегендегі жердің төлемін анықтауға болады. Бірақ жер меншіктерінің негізгі қасиетін көрсететін тіркеме көрсеткіштері бойынша, тек қана жалпы шаруашылықтың аз ғана сатысында арендалық салым болат және тіркеме көрсеткіші жалпы шаруашылықта бірдей бәсекелестік қалыптастыруды қиындатады.

Ауылшаруашылық жүйесін жүйелеу жердің экономикалық бағасы арқылы жүзеге асуы керек. Бұл үлкен көлемдегі қожалықтармен бірге, олардың бөлімдерінде, бригадаларда, арендалық коллективтерде қожалық ету жағдайын тудырады. Ауыл шаруашылығындағы жердің сапасы бәсекелестіктің жүйеленуі үшін толық экономикалық мүмкіндік береді, сондықтан тауардың өндіріс көлемін тіркеме көрсеткіш арқылы көрсетіп отыру керек. Бұл қожалықтардың бірдей жағдайда даму формасын құрады.

Осы мақсаттарда бағалық көрсеткіштерді қолданған маңызды,яғни бантировка жүргізу. Зерттеулер көрсеткендей, республика шаруашылықтарындағы жерлер сапасы бойынша бір бірінен ажыратылады. Аналогиялық суретті республика аудандарынан байқауға болады. Сондықтан бәсекелестіктің негізгі принципі салыстырмалықты орнықтыру үшін нағыз жағдайдағы меншіктің жайы туралы құжат керек. Оны нақты түрде жүзеге асыру үшін, біріншіден жердің сапасын бағалау керек және соған лайық төлем мен табыс нормасын орнату керек. Ол үшін шаруашылықтар ішінде мықты база құрып, еңбектің қорытындысы мен жоғары жетістіктерді бағалайтын мықты экономикалық бәсекелестік қатынасын құру керек.

Арендалық жерлердің дамуы және жерге иеліктердің өзгеруімен, ең нашар жер иелігі де жақсы басқара алса тиімді түсім ала алады. Бұның себебі ауылшаруашылық тауарлардың нарықтағы бағасы, нашар учаскілік жерде өндірілген тауар бағасынан жоғары. Бұл жағдай бәсекелестікке үлкен әсер етіп, ауыл шаруашылық дамуын интенсивті жүйеге көшуіне мүмкіндік береді. Ал бұнын барлығын жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылық тауарына нарық өндірушілер бәсекелестігін күшейту керек.

Нарықтық қатынастарға өткенде бәсекелестікке аса мән беріледі. Бәсекелестік өзінің функцияларын автаномды экономикалық жүйемен тығыз байланыста жүйелейді. Бұл жағдай экономикалық бәсекелестіктің ауылдағы экономикалық қатынастардың жаңа формалары арасында мәселелер туындауын жоғарылатады. Оны зерттеу және пайда болған қорытындыны ары қарай қолдану өте маңыды. Оны ауыл шаруашылық механизмдеріне бағыттау және басқарудың бүкіл жүйесін, аграрлық сектордың экономикалық тиімді дамуын,жұмыскерлер жауапкершілігі мен олардың жұмыс қорытындысына қызығушылығы артуға көп көмектеседі.

Экономикалық бәсекелестік жалпы бәсекелестіктің қиын жүйесі,бүкіл экономикалық жүйенің толық дамудағы ішкі даму көрсеткішін сипаттайды. Теория мен практика міндеті конкуренцияны жүйелендіретін күшті қолдану,өндірістік мәселелердің практикалық шешімін табу.

Нарықтық қатынастардағы экономикалық бәсекелестік бұл нарықтағы тұтынушылар қажетін қамтамасыз ету. Бұл экономикалық жүйеленген предприятиялар , кооперативтер мен арендалық коллективтер арасында мүмкін, егер олардың жер иеліктері нақты экономикалық жеке меншікте болса. Бәсеке экономикалық жеке меншіктің шекарасын ұзарта алады, оның нақты жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді.

Экономикалық қызығушылық бәсекелестіктің негізгі импульсі.Әрбір субъектің өз қызығушылығы болат және әрқайсысы толық тиімді жолмен өз қажеттілігін қанағаттандыруға тырысады. Мемлекеттік, жеке кәсіп және кооператив арасында бәсеке бірдей пайда болмайды. Экономикалық бәсекелестікпен еңбектің конкуренциядан айырмашылығын қарастырсақ. Кәсіпорын көлеміндегі келісім шарт және ішкі қожалық арендасы еңбек бәсекелестігін тудырады, ал кәсіпорын, кооператив және арендалық коллектив нарықтағы шаруашылық бәсекесін тудырады.

Бұл формалар арасында тығыз қатынас бар.Еңбек бәсекелестігі мен бәсекелестік арасындағы байланыс негізі кіріс,табыс және еңбек көлемі.Экономикалық бәсекелестікті еңбек негізінде дамытқан жөн. Еңбек бәсекелестігі бәсекелестік қозғалысын жоғарылатып, жоғары қорытынды алуға мүмкіндік беріп, өндірістің тиімділігін арттырады. Бәсекелестік негізі объективті механизмге негізделеді және қоғамды керекті заттармен қамтамасыз ету,бұл әрине экономикада бәсекелестіктің туындауынын негізі.

Қожалық етудің жаңа формалары мен экономикалық бәсекелестіктің негізгі байланыстарының негізі болып қаржы несиелік механизімді жүзеге асыру. Ол әзірге бәсекелестік қасиетін иеленбейді. Сондықтан конкуренттік бағыттағы орындарына негізгі бағыттары бойынша ақша бөліп, олардың тиімді жұмыс жасау сатысына қарай кредит бөліп, белгілі бір система орнату керек.

Арендалық қатынастардың енгізілуі бәсекелестік дамуына үлкен мүмкіндіктер ашады. Аренда жұмыскерлер арасында иницативтің пайда болуын тудындатат. Бәсекелестік адамдардың қажетін толық түрде қанағаттандырылуын жүйелейді,нарық қажетін қамтамасыз етеді. Арендаторлардың шығынды азайту жөнінде өз бетінше шешім қабылдауы –олардың еңбегінің негізгі бағасы.

Қазіргі кездегі ауыл қожалығындағы аренда көп талқыланып және қызығушылық туындатып отыр. Бұл жаңа форма бәсекелестіктегі құрылған стимулдарды толық жүргізуге және кірістің артуына мүмкіндік береді. Аренда еңбек өндірісінің жоғарылауына және жерді тиімді пайдалану арқылы өндірістегі көрсеткіштердің жоғарлауына мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылығындағы арендалық төлем аграрлық қатынастағы сияқты басқару қатынасын сипаттайды. Сөйтіп арендалық төлемде бәсекелестіктегі сияқты мемлекет пен коллектив, халық көз қарасы біріктіріледі. Нағыз қызығушылық тауарға негізделген нақты еңбек қорытындысымен сиптталады,біріншіден материалдық негіз өндіріс дамуының негізі ғана емес, сол сияқты жалпы қоғамның, бәсекелестіктің негізі кіріспен сипатталады. Бүкіл жақтын қызығушылығы қалай көрсетілгеніне байланысты, бұл процес не дамиды, не бәсеңдейді.

Арендалық коллективтерде иницативтерді практикалық тұрғыдан дамытқанда арендалық төлемнің дұрыс анықталып, дұрыс қарастырылғанын қадағалау маңызды. Егер кіріс арендалық төлемге кететін болса, онда арендалық жерлердің көлемі, сапасы және бәсекелестік төмендейді. Арендалық қатынастардың дамуы материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуімен, арендаторлар мен арендодательдер арасындағы экономикалық дамымаушылықпен тікелей байланысты.

Егер арендатор өндірісте тек қана орындаушы ретінде,яғни ешқандай жеке құқықсыз болса,онда арендалық төлем бәсекелестіктің дамуына әсер етпейді,сонымен бірге арендатордың экономикалық дамуымен,жалпы,және жеке кіріс көлемін арттыру мүмкіндігінен шегерілет.

Жер қатынасындағы жер иелену принціптері арендалық төлемді азайтуға негізделу керек және ол экономикалық есептің негізінде болу керек.Бұл жерде біріншіден жеке меншік құқығы қарастырылған,екіншіден уақытша немесе өмір бойы басқарылатын арендалық жерлердің барлық құқықтары қарастырылады. Жер қатынастарындағы жер иелену принціпі біздің ойымызша, нағыз экономикалық есеп негізінде арендалық төлемді қысқарту мақсатында құрылу керек. Бір жағынан жеке меншік құқығы сақталып, екінші жағынан арендалық жерлерді иелену құқығы сақталады. Бұл экономиканың негізі болатын арендалық төлемді болжауға мүмкіндік береді және арендаторлардың қызығушылығын арттыратын нақты есеп құруға, жұмысқа деген жауапкершілік пен арендалық жерлердің тиімділігін арттырады. Алайда бұл жерде жердің экономикалық бағасы маңызды роль ойнайды, ол жердің сапасын,өнімнің сапасын,олардың дифференциальды кірісін, нарық коньюнктурасын, жердің құнарлығынан ондағы өндіріс тиімділігі мен материалдық, еңбектік ресурстар тәуелді.

Ауылшаруашылық өнімнің бәсекелестік ортада жүйеленуінде басты рольді тауарлық биржалар ойнайды, сонын ішінде өндірістік, себебі ол нарықтық қатынастардың міндетті элементі. Бұндай биржалар советтік республикада 20 ғ басында дамыған. 20 ғ ортасына қарай біздің елде 114 тауар биржасы тіркелген, оның құрамында 8514 әртүрлі өндірістер болған. Ауыл шаруашылығындағы үлкен жеке меншік өндірістер тауарлық биржаның дамып қалыптасуының негізі.

ТМД дағы тауар биржаларының анализі бойынша, олардың бәріне фиктивті сауда тән. Бұл сауданың негізі, сатылымға қойылған және келісім арқылы шешілгендері арасында нақты тауар жоқ. Шынында да,бұл тауар механизімінің объективті,субъективті түріндегі фиктивті келісімдері. Оның негізі мынадан тұрады: әр түрлі биржада сауда жасайтын көптеген фирмалар, капитал айналымын күшейту үшін бір тауар бір уақыт аралығында бірнеше жерде ұсынылады,сонын негізінде бірнеше келісім жасалса,фирма тиімді келісімді таңдап алады, ал қалғандарына штрафсонкциясын төлейді. Бұл келісімдер тіркеуге алынғандықтан, басқаларымен бірге жүйеленіп, биржалық айналымның жалпы құнында есепке алынады. Сарапшылар бағасы бойынша бұндай фиктивті сауда 30дан40% ке дейінгі ТМД елдерінің биржалық елдердің айналымында болады.

Бәсекелестік ортаның жүйеленуінің негізі өндірістегі монопализімді жою. Бір жағынан, ауыл шаруашылық нарқында өндіріс көлемі дамып келе жатыр.

Бәсекелестік ортаны құруда маңызды аспект болып қайта өңдеу салаларының монополизмін жеңу табылад. Бір жағынан ауыл шаруашылық нарықта шикізат әлсіз дамымағанымен нарықтық бәсекелестік ауылшаруашылық өнімін өндірушілер арасында, екінші жағынан барлық шикізатты әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымы жақсы дамыған монополизденген қайта өңдеу өндірушілерімен, сақтау орындарымен, дайындау ұйымдарымен сатып алынады. Мынандай жағдай қалыптасады, қайта өңдеу кәсіпорындар ең төменгі шығынды жасағаннан кейін ауыл шаруашылығының ақырғы бағасын «байланыстырады», ауыл шаруашылығынан табыстын біршама көлемін алады:
Кесте 6





Ауыл шаруашылығы

Қайта өңдеу салалары, сақтау, транспортировка, делдалдар және т.б.

Дайын өнімге жалпы шығындар %

70

30


Бөлшек бағадағы үлес %

20

80

Бұл «шығудағы» монополизмнен басқа «кірудегі» монополиз бар, мұнда шаруашылық субъектілер ауыл шаруашылық техниканы таңдау құқығы, кәсіпкерорын салаларындағы монополизм үшін жоқ. Соңғысы ауылшаруашылық өндірушілерге шартты белгілейді, өздерінің өнімдеріне үнемі бағаны көтеріп тұрады. Монополизм жағдайындағы қалыптасқан баға диспаритеті аграрлы реформа идеясын жүзеге асыруға кедергі жасайды.

Сондықтан монополизмді жеңіп шығу үшін ауылшаруашылық өнім өндірушілеріне акция пакеттерін ұсыну қажет. Мұнымен Қазақстанның ауыл шаруашылығында ауыл шаруашылық өнімдерге деген сұраныс пен ұсыныстың тұрақты, нақты байланысы жоқ.

Қалыптасқан жағдайда бәсекелестік қатынастың мәні өндіріс процесін талдау кезінде пайда болатын өз еңбегінде қызмет етіп жатқандарға материалды және топтық қызығушылықтың пайда болының негізі болып табылады. Бәсекелестіктің механизмі бұл жағдайда объективті материалдық қызығушылықтың маңыздысы болып шығады.

Жетілген бәсекелестік нарығы әлі жоқ. Жетілген бәсекелестік нарығында көптеген сатушылар мен сатып алушылар бар, сондықтан да жеке бөлектеп алған кез келген сатушы немесе сатып алушы бағаға өз әсерін тигізе алмайды. Дамыған мемлекеттердегі ауыл шаруашылығы жетілген бәсекелестікке жақын. Мысалы, мыңдаған фермерлер бидай өсіреді, оларды мыңдаған сатып алушылар сатып алады. Нәтижесінде бірде бір фермер немесе бірде бір сатып алушы бидай бағамына маңызды әсер ете алмайды.
Бақылау сұрақтары

1. Бәсекелестік дегеніміз не?

2. К. Маркс бәсекелестікті қалай түсіндірді?

3. Ренталық қатынастар түсінігі?

4. Бәсекелестік орта қалай қалыптасады?

5. Бәсекелестіктің түрлерін ата?





Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет