«Степной орта мектебі» ММ
«Қазақша күрестің әдіс-тәсілдері»
Құрастырушы: К.Б.Махмутов-дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Кіріспе
Қазақтың ұлттық спорты 1920-1930 жылдар аралығында қазіргі заманға сай біржүйеге келтіріліп, олардың түрлері бойынша арнайы спорт жарыстары өткізіле бастады. Оған жергілікті жерлерде: ауыл, аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылған үйірмелер мен секциялар негіз болды.
1930жылы Алматыда бірінші рет колхозшылардың республикалық спортакиядасы өткізілді. Мұнда қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен де жарыстар өтті.Ал 1944-1947 жылдар аралығында қазақтың ұлттық спорт түрлерін тұтас қамтыған жеке-жеке жарыстар ұйымдастырылды. Осы кезден бастап Қазақстанда қазақтың ұлттық спорт түрлері басқа əлемдік спорт түрлерімен қатар дамып, халқымыздың денсаулығын сақтап, нығайтуға, икемді де епті, күшті де төзімді болып өсіп-жетілуіне зор пайдасын тигізіп келеді.
Қазіргі кезде арнайы жарыстар өткізіліп жүрген қазақ халқының ұлттық спорт түрлері мыналар:
1) жорға жарысы
2) Бəйге
3) жамбы ату
4) күміс алу
5)көкпар
6) қыз қуу
7) аударыспақ
8) қазақша күрес
9) тоғызқұмалақ
10) бестас
Қазіргі кезде қазақ халқының ұлттық спорт түрлері мен қимыл қозғалыс ойындары республикамыздағы барлық мектеп жəне жоғары оқу орындарының бағдарламаларына бүкіл əлемдік спорт түрлерімен қатар енгізіліп, кеңінен пайдаланып келе жатыр. Өйткені қазақтың ұлттық ойындарын мектеп жасынан біліп жəне жақсы ойнай алуына өте жоғарғы үлес қосады. Қазақтың ұлттық ойындары қазіргі кездегі дамуына әкелетін болсақ, жоғарғы оқу орындарында жəне жоғарғы оқу орындары арасында көптеген жарыстар болып жатыр.
Қазақстан біріншілігіне де өте көп студенттер арасынан қатысып жатады.Қазақтың ұлттық спорт түрлері қазіргі кезде өте жақсы дамып келе жатыр десекте болады.
Негізгі бөлім.
Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күшібасымтүсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
«Қазақша күрес» бойынша бірінші іріжарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.
2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті — Түкиев Серік Адамұлы.
2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар. 2010 жылдың шілдесінде Монғолияда «Қазақша күрес» күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті. 2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті.
Қазақ күресінің әдіс – тәсілдері
а) Әдісті қолданушы қарсыласының оңжеңінен ұстап, оң қолмен белбеуден ұстап, жамбас әдісін қолданып құлату
б) Жеңнен омыраудан ұстап иықтан асыра тастау.
в) Желкеден жеңнен ұстап қырқа әдісін қолданып құлату.
г) Жеңнен, жағадан ұстап шалу әдісін қолданып құлату
д) Жаға, жеңнен ұстап іштен шалып құлату әдісін қолдану
е) Жеңнен белбеуден ұстап жаңға тастау әдісін қолдану
Әдіс – балуанның жеңу мақсатында күрес ережесіне сай қарсыласына қолданған әрекеті.
Күрес әдісін алдымен қолданған балуан – шабуылдаушы, ал күрес әдісі қолданылған балуан қорғанушы болып табылады.
Қорғану – балуанның шабуылшыға қарсы әрекеті.
Аралас әдіс – балуанның жеңіс немесе қорғаныс үшін орындаған бірнеше әдістерінің қосындысы.
Тұрып күресу – балуанның кілем үстінде аяғында тұрып күресуі.
Тәсіл – балуанның күрес әдістерін, дене-күш мүмкіншілігін жеңіске жету мақсатында әртүрлі жолдармен қолдана білу шеберлігі.
Ұстау – балуанның күрес кезінде ережеге сай қарсыласының денесінен немесе киімінен ұстауы.
Аттас ұстау – балуан қарсыласының оң қолын сол қолмен немесе сол қолын оң қолмен ұстауы.
Тікею – денені тік ұстау.
Оң жақты тұрып күресу – балуанның оң аяғын алға қойып, денесінің оң қырын алға беріп тұруы.
Сол жақта тұрып күресу – сол аяқты алға беріп, денесінің сол жақ қырын алға беріп тұруы.
Еңкею – кеудені алға еңкейтіп ұстау.
Шалқаю – денені артқа қарай шалқайтып ию.
Айналу – денені өз осінде оңға немесе солға бұру.
Итеру – қолмен немесе денемен қарсыласын артқа немесе жанға итеру.
Жұлқу – киімінен немесе денеден ұстау арқылы қарсыласын жұлқи тарту.
Тарту – қолмен немесе аяқпен қарсыласын алға немесе жанға тарту.
Бұру – қарсыласытың денесін оңға немесе солға қолмен бұру.
Жығу, құлату – шабуылшының әдіс қолдануы арқылы түрегеліп тұрған балуанды кілемге жығуы.
Барлау – күрес үстінде балуанның айла-тәсілдер қолдануы арқылы қарсыласы туралы білуі.
Қауіп төндіру – шабуылшының қарсыласына қолданған жалған әрекеттері.
Адымын айқастыру – түрегеліп тұрып жасалатын қимыл, алдына немесе жанына шығу мақсатымен аттас аяғын қарсыласының аяғының артына қоюы.
Аудару – қарсыласты кілемнен көтеріп немесе көтермей басы арқылы қаралуы.
Жанға аудару – балуанды денесінің қыры арқылы аударуы.
Отыра лақтыру – балуанның өз жамбасына отыруы арқылы жасайтын әдісі.
Қарсы аттау – түрегеліп тұрып жасалатын қимыл, балуан қарсыласының жанына немесе артына шығу мақсатымен әр аттас аяғын қарсыласының артына қоюы.
Арқадан асыра лақтыру әдісі – түрегеліп тұрып немесе отырып жасалатын әдіс. Шабуылшы қарсылас балуанға арқасымен бұрылуы арқылы орындалатын әдістер тобын айтады.
Шалу әдісі – түрегеліп тұрып немесе отырып жасалатын қимыл, балуан аяғын қарсыласының аяқтарының алдына, артына жанына кедергі ретінде қою арқылы әдіс орындауы.
Қағу әдісі – балуанның аяғымен қарсыласының аяғын тобығынан, алдынан, артынан, сыртынан, ішінен қағу арқылы жығуы.
Ілу әдісі – қарсыласының аяғын, шабуылдаушы балуан аяғының ұшы, өкшесі арқылы ілуін айтады.
Шалқайып кеуде арқылы лақтыру әдісі– түрегеліп тұрып немесе отырып жасалатын әдіс. Шабуылшының артқа шалқая қарсыласын кілемнен көтере кеудесі арқылы өзінен асыра лақтыруын айтады.
«Диірмен» әдісі – түрегеліп тұрып немесе отырып жасалатын әдіс. Балуан қарсыласын иығына қондыра кілемге көтеріп жығуы. Бұл әдіс түрі арқадан асыра жығу әдістері тобына кіреді.
Бөктеріп лақтыру – түрегеліп тұрып жасалатын әдіс. Балуан қарсыласын өз аяғының сырт жағына бөктере көтеріп лақтырады.
«Қырқа» шалу – балуан өз аяғының қылтасы арқылы қарсыласының аяғының арт жағынан шала жығуын айтады.
Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қолбайлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашаданалу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіретін күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.
Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жасөспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күшалу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныған өнер.
Күрес өнері туралы.
Спорттың бұл түрі – қай халықта да бар деуге болады. Олардың бәрі де бұл спорттың түрін жан-тәнімен сүйіп ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, оны байытып жаңғырта келіп, бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Әр халықта да өзіндік арнамен дамыған ұлттық күрес өнері бар.
Қазақша күрес өнерін сөз еткенде алдымен ауызға ілінетін мына бір есімді – Қажымұқанды білеміз. Кезінде әлемді аузына қаратқан аты аңызға айналған қазақтың сол алып ұлының өзі де алаш халқының төл өнерімен сусындап содан үйренері хақ. Ендеше бүгінгі өркенді өнеріміздің Қажымұқандарының да тұсауларын алаш қазақша күресі кесті. Өйткені қазақша күрес бүгінгі әлемдік ареналардағы күрес түрлерінің қай-қайсысына болмасын жақын да ұқсас.
Қазақ палуандарының қай-қайсысы болмасын ауылда ә дегеннен шаңдақта күресіп, күрес әліппесін қазақша күреспен ашқаны айқын.
Күрес әліппесі... Осыған орай тағы да бір шындық атойлап алдымыздан шығады. Болашақ әлем чемпиондары осы күрес әліппесіненді-енді парақтап ашып ауылда жүруі әбден мүмкін. Бірақ олардың өздігінен үйреніп талпынуы мүлде жеткіліксіз. Бұл қиындықтан құтылудың бір жолы – күрес өнерін үйренем деген жастарға таңдау курстары ашылып, өз пайдасын тигізеді. Сондықтан бұлтаңдау курсы арқылы жастар күрес әлеміне жолашылары сөзсіз.
Күрес
Екі адамның белгілі бір уақыт аралығында белдесіп күш сынасуын күрес деп атайды. Күресте дайындығы мол, күшті әрі епті балуан жеңіске жетеді. Күрес денені шынықтырады. Ол адамның қимыл – қозғалысын жетілдіреді. Күрестің бірнеше түрі бар.
Күресте қолдануға болмайтын айла-тәсілдер қолды белбеуден босатып жіберуге болмайды, қарсыласын ұрып не болмаса итеруге, тамақтан, саусақтан, құлақтан ұстауға болмайды. Белбеуден басқа киімнен ұстауға, уақыт белгіленбейді. Белдесу барысында тең түсу, ия болмаса ұпай санымен ұту деген болмаған. Белдесудің уақыты шектелмегендіктен міндетті түрде қарсыластың біреуі жеңіске жетеді.
Қорытынды
Қазақтың ұлттық ойындарының кез-келгенін қазіргі заманға сай етіп, жаңаша үйретуге болады. Қазақтың ұлттық ойындарын балаға жеткізудің бірі – сабақта қолданылатын көрнекі құралдар. Әдемі көркемделген, ұлттық нақышта өрнектелген, ұлттық ою-өрнегімізді пайдаланып салынған плакаттар болса балаға тез жетеді деп ойлаймын. Көзге түсетін жерлерге ойын ережелерін іліп қойса ол да пайдасын тигізері сөзсіз. Ұлттық ойындарды бейнелеген кітапшалар көптеп шығарылса нұр үстіне нұр болары еді. Бізде насихаттау жағы нашар болып жатады, соны жабыла қолға алсақ. Қазақтың ұлттық ойындары пайдаланылған ашық сабақтарды бейнетаспа арқылы көрсетсек, балалар қызыға қарап танысар еді. Әрбір мектеп өздерінің сабақ жоспарларына ұлттық ойынды кіргізіп, 3-4 ойын түрін әр сабақта үйреніп отырса біздің балаларға жасаған азғантай пайдамыз сол болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |