Негізгі бөлім Автокөліктерді жөндеу технологиясы



бет1/5
Дата09.06.2023
өлшемі25,36 Kb.
#178518
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Автокөліктерді жөндеу технологиясы


Мазмұны

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  • Автокөліктерді жөндеу технологиясы

  • Автокөліктің сыртын жуу

  • Бөлшектенген бөлшектерді жөндеу үшін тазартулар мен жуу орны.

  • Автокөлікті құрастыру және оның агрегаттары

  • Бөлшектердің дефектациясы.

  • Бөлшектерді жинақтау

  • Құрастыру нақтылығын қамту әдісі

  • Автокөлік бөлшектерін құрастыру

  • Автокөліктің қосалқы бөлшектерін құрастырудағы технологиялық үрдістер:

  • Бөлшектерді және құрастыру бөлшектерін теңестіру.

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Автомобиль көлігі еліміздің тасымал кешенінде маңызды орын алады. Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, компания, ферма-кооператив ұжымдық клиенттерді халық шаруашылығында ретті атқарып және еліміздің халқына тынымсыз қызмет етеді.Жыл сайын автомобиль көлігімен халық шаруашылығында 80 %-дан астам жүк тасылатын болса, тасымалдың көпшілік пайдаланымында 75 %-дан астам жолаушы тасымалданады.


Автомобиль көлігінің алдында тұрған бірден-бір мәселе, автомобильдің пайдалану сенімділігін арттыру болып табылады.Бұл мәселені шешу бір автомобиль өндірушілерінің анағұрлым сенімді автомобиль шығарумен қамтамасыз етілсе, екінші жағынан – автомобильдің техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру болады.Бұл қозғалыс құрамын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін қажетті өндірістік базаны құруды, техникалық күтім көрсету мен жөндеудің алдыңғы қатарлы және қор үнемдеу технологиялық үдерісін тиімді жақсартуды талап етеді.
Автомобильдерді пайдалану кезінде оның сенімділігі мен басқа да қасиеттері төмендейді.Осыған байланысты автомобильдерде әр түрлі ақаулар пайда болады.Сондықтан осы ақауларды техникалық қызмет көрсетуде және жөндеу кезінде шегертеді.
Автомобильді ұзақ пайдалану кезінде оның жағдайын АКМ – рде, жөндеуі техникалық жарамсыз және экономикалық тиімсіз болады.Бұл жағдайда автомобильді жөндеу мекемесіне оны күрделі жөндеуге жібереді.
Автомобильдерді жөндеудің қажеттілігі және экономикалық ұтымдылығы айтылып, қазіргі кездегі жөндеу өндірісінің жағдайы Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерден тұрады.
Күрделі жөндеудің құны ежаңа агрегаттар немесе автомобильдің құнына қарағанда бірщама төмен, алавтомобильдің күрделі жөндеуден кейінгі жүру қашықтығы тек 20 % шамасында ғана кемиді.Сондықтан күрделі жөндеу ұтымды өндіріске жатады.
Автомобильді жөндеуде негізгі экономикалық тиімділігі – қалған қорлардың бөлшектерінің қолданылуы болып есептелінеді.Автомобильдің 70–75 %-ға жуық бөлшектері күрделі жөндеуге түскенде қайтадан қолданылып немесе біраз жөндеуді керек етеді.
Өзінің жұмыс қоры біткен немесе ауыстыруды керек ететін бөлшектер 25-30 % құрайды.Оларға поршень, поршень сақиналары, мойынтіректер, резинотехникалық бұйымдары т.с.с бөлшектер жатады.
Жұмыс беттерінің тозуы мүмкіндік шегі бар және оларды жөндеусіз пайдалануға болатын бөлшектер саны 30-35 %.Автомобильдің қалған бөлшектері 40-45 % қалпына келтіріліп, оларды қайта пайдалануға болады.Осындай бөлшектерге күрделі құрылысты, металл сыйымдылығы көп, және қымбат бөлшектер жатады : цилиндрлер бірікпесі, цилиндр бастиегі, иінді және таратқыш білік, беріліс қорабының, ілініс берілісінің және артқы көпірдің картері және т.с.с. бөлшектер жатады.Осы бөлшектерді қайта қалпына келтіру бағасы 10-50% жасалу бағасынан аспайды.
Автомобильдің және қосалқы бөлшектерінің күрделі жөндеудің өзіндік құны 60-70 % жаңа бұйымның бағасынан аспайды.Осыған байланысты металл мен энергетикалық қор тиімділігіне жетеді.
Автомобильдің істен шығуы, бөлшектердің тозуы, жабдықтың қажалуы және коррозияға ұшырау, көбінесе қажалудан, материалдың шаршауынан, межаникалық, тоттану зақымдарынан болады.Бөлшектердің астам көпшілігінің қалдық ресурстары бар, сондықтан оларды шағын көлемді жөндеуден кейін қайта колдануға болады.Соңғы кезде жүк автомобильдерінің жаңа түрлеріне, олардың бөлек агрегаттарын күрделі жөндеу ескерілген.
Маған берілген тақырып – ЗИЛ– 431810 жүк автомобилінің алдыңғы осінің, оның басқару көпірінің арқалығын жөндеу.
Басқару көпірі жүк автомобилінің негізгі бөлшегі, агрегаты болып саналғандықтан, оның ақаулары жүріс қауіпсіздігіне қатты әсер етеді.Сондықтан мен осы ақауларды жөндеудің тиімді, экономикалық ұтымды әдістерін ұсындым.Менің ойымша, маған берілген тапсырманы мен толық орындадым, және де берілген тақырыпты толық аштым.Мен осы курстық жобамды автомобильдерді жөндеу пәнінен өткен, алған, терген білімімді пайдаланып жаздым.
Қазіргі заманда техника, технологиялық процесстер, құрал – жабдықтар, саймандар өте жақсы дамыған.Сондықтан автомобильдердің ақауға ұшырамай, сынбай сенімді жұмыс істеуін осы технологияларды, технологиялық процесстерді, құрал – жабдықтар мен саймандарды пайдаланып, қолданып автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізуіміз шарт.Сол – себепті де қазіргі заманда автомобильдердің сенімділігіне жоғары талаптар қойылады.Менің оқып, алып жатқан білімім осы автомобильдерді жөндеу мен пайдалану болғандықтан, автомобильдерді пайдалануда болатын ақаулар мен сынуларды қарастырамыз.Сондықтан мен осы 4 курс бойы оқыған, жиған білімімді осы курстық жобаны жазуға қолданып, жаздым.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет