Бөлшектерді жинақтау: даналап, топтап, араластырып. Жинақтау кезінде орындалатын жұмыстар кешені: жинақтау, жөндеуден өтпеген жарамды бөлшектерді сақтау, қалыпқа келтірілген түрлерін сақтау, есепке алу; көлемі мен номенклатура бойынша құрамдас бөліктерді алу; сәйкес өлшемдері бойынша жанасқан бөлшектерді алу, өлшемдік және жаппай топтарды алу. Базалық бөлшектерге жанасқан (поршень, гильза, иінді білік және т.б) бөлшектерді анықтау. Жинақтап құрастыру кезінде орындалатын дәнекерлеп-қиыстыру шарасы (астарларын қыру, клапандарды сүрту және т.б) орындалады. Жинақталған карталардың мазмұны (құрастырылған әрбір бұйым үшін). Құрастырып жинау аумағында құрастырғыштың жұмыс орнын белгілеу.
Құрастыру нақтылығын қамту әдісі:толық өзара алмасу әдісі, толық емес өзара алмасу әдісі, топтық өзара алмасу әдісі (селективті әдіс), реттеу әдісі мен қиыстыру әдісі. Өлшем тізбектері мен элементтері.
Автокөлік бөлшектерін құрастыру. Қосу түрлері мен құрастыру технологиясы: шешілетін және шешілмейтін құрастыру кезінде тұтастығын сақтау бойынша; қозғалыстағы және қозғалмайтын құрамдас бөлшектердің өзара орын алмасу мүмкіндігі бойынша; түзілу әдістері бойынша-бұрандалы, баспалы, оймакілтекті, кілтекті, дәнекерленген, тойтармалы және т.б; жанасқан беткі қабаттар бойынша- цилиндрлі, тегіс жазықты, конусты, бұрандалы, қималы және т.б. Бұрандалы қосылыстарды құрастыруда қойылатын талаптар: бұрандама өстерінің сәйкестігі, түйреуіш, бұрамалардың бұрандалы тесіктерге сәйкес келуі; бұрандалармен орнату тығыздығы, жанасқан бөлшектердің беткі қабатына байланысты бұрама бастиектері немесе сомын қапталдарындағы қиғаштанулардың болмауы; топтық бұрандалы қосылыстарда кезекпен, тұрақты бекіткіш бөлшектердің тартылуы. Баспалық қосылыстарда термо әсер етулерді қолдану (майлы шомылғыларда бөлшектерді қыздыру, электрлік пештерде, индукциялық қондырғыларда қыздыру және т.б, сұйық азотпен, мұзбен, қатты көмірқышқылдармен салқындату). Тербеліс мойынтіректермен қосып құрастыру: құрал біліктер көмегімен баспалау кезінде басу күштері сәйкес сақиналы шетжақтауларына беріледі: ішкі-білікке баспалау кезіне, сыртқы-корпусты баспалау кезінде орындалады. тесіктер бойынша тісті дөңгелектердің орналасуын, тісті берілістерді құрастыру кезінде ілінісулер мен қосылыстарды тексеру. Құрастыру түрлері: түйінді және жалпы құрастыру; кезекті, паралельді және кезекті-параллельді құрастыру; қолмен, механизмденген, автоматтандырылған, автоматты құрастыру; ағымдық, топтық, даналап құрастыру және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |