Баға индексі тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа байланысты салыстырмалы өзгеруін білдіреді



Дата14.02.2022
өлшемі28,78 Kb.
#131752
Байланысты:
ХВНҚ ГЛОССАРИЙ
Статика. Статика элементтері тақырыбына реферат

ГЛОССАРИЙ
Баға индексі - тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа байланысты салыстырмалы өзгеруін білдіреді.
Баж – мемлекеттің кәсіпорындар мен мекемелерден, азаматтардан оларға көрсетілген қызметтің белгілі бір түрлері үшін алатын ақшалай алымы.
Бюджет тапшылығы - мемлекеттік бюджет бойынша шығындардың табыстан артып кетуі.
Валюта - 1. елдің ақша бірлігі; 2. шетелдің ақша белгісі, халықаралық есеп айырысуда қолданылатын төлем құжаттары
Валюталық бағам (курс) - екі валютаның айырбас кезіндегі құндық ара салмағы; бір елдің ақша өлшемінің – екінші бір елдің ақша өлшеміне шаққандағы бағасы.
Вексель – төлем және несие құралы; кәсіпкердің несиеге алған тауарларға белгілі бір уақыттан кейін ақша төлеуге берген міндеттемесі.
Венчур - өнімнің жаңа түрлерін жасауға өндірісті игеруге, енгізуге, жаңа технологияларды қолдануға маманданған шағын коммерциялық ғылыми-техникалық ұйым.
Дәстүрлі экономика - сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды дәстүрлер мен ғұрыптар айқындайтын экономикалық жүйе.
Дебитор – кәсіпорынның біреуге қарыздар берешек болуы.
Девальвация - қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру; тұрақты валютамен немесе халықаралық шот өлшемдерімен салыстырғанда елдің валюта бағамының төмендеуі.
Демпинг - тауарларды ішкі нарықтағы бағаға қарағанда сыртқы нарықта неғұрлым төмен бағамен сатылуы.
Деноминация - ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы өзгеріс жасау.
Депозит – белгілі бір шартты мерзімге сақтау орындарына сақтауға берілген ақша немесе құнды қағаз.
Дивиденд –акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге төленетін ақы.
Диверсификация - бұл жан-жақты даму; бір-біріне байланысты емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар дамып отыруы, өндірілген өкімнің таңдаулы ассортиментінің ұлғайып отыруы.
Дифференциалды рента І-ші - жер иесінің жердің табиғи құнарлығы мен жер учаскесінің жақсы орналасуына байланысты алатын рентасы (жол ақысы)
Дифференциалды рента ІІ-ші - жер иесінің жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын қосымша пайдасы.
Еркін экономикалық аймақтар - ұлттық және шетелдік кәсіпкерлер үшін жеңілдікті экономикалық жағдайлар жасалған аймақтар.
Ең төмен деңгейдегі тұтыну - адамның физиологиялық және әлеуметтік бюджеті (минимальды) мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну тауарлар мен қызметтердің жиынтығын сатып алуға жұмсалатын шығын.
Жабық акционерлік қоғам - акциялары тек құрылтайшылардың немесе күні бұрын айқындалған адамдар тобының арасында ғана сатылатын шаруашылық формасы.
Жалпы ішкі өнім - статистиканың жинақтап қорытатын макроэкономикалық көрсеткіші; ел ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің белгілі бір кезеңдегі нарықтық құны.
Жалпы ұлттық өнімнің - номинальды ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге дефляторы қатысын көрсетеді.
Жалпы ұлттық өнім – статистиканың жинақтап қорытатын макроэкономикалық көрсеткіші, яғни ел ішінде және сондай-ақ басқа да шет елдерде белгілі бір мерзімде өндірілген тауарлар мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны
Жарғылық капитал - құрылатын кәсіпорынға құрылтайшы-лардың бірігіп салған салымдарының құны, яғни кәсіпорын капиталының бастапқы сомасы.
Жиынтық сұраныс (АД) - бұл графикте көрсетілген кисық сызық, оның мағынасы: қоғамдағы барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі, яғни тұтынушылардың, кәсіпорындардың және үкіметтің бағаның әрбір деңгейінде нақты жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі.
Жиынтық ұсыныс (АS) - бұл графикте көрсетілген модель, яғни бағаның әрбір мүмкіншілік деңгейінде өндірілген нақты жалпыұлттық өнімнің көрінісі.
Импорттық квота - шеттен тауарлар әкелуді бір кезеңге шектеу.
Инвестициялар - пайда немесе табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығы саласына, кәсіпорындарға, өнеркәсіпке, құрылысқа, т.б. ұзақ мерзімге күрделі қаржының (капиталдың) сатылуы немесе жұмсалуы.
Инновация - жаңа техникаға, технологияға еңбекпен басқаруды ұйымдастырудың жаңа нысандарына қаражат жұмсау.
Инновациялық бактер - өнер, табысқа, ғылыми-техникалық талдамаларды кеңінен қолдануға жәрдемдесі үшін коммерциялық негізде құрылатын банктер.
Инфляция - айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы.
Капитал - тауар мен қызмет өндіруге пайдалану мақсатымен өндірілген құрал-жабдықтар.
Конвенция - халықаралық келісімшарт.
Конверсия - 1. өндірісті түбдірімен өзгерту; 2. бір валютаны екінші валютаға айырбастау.
Кондоминимум - біртұтас объектіні бірлесіп иелену, иемдену.
Консалтинг - кеңес беру (менеджмент, маркетинг, кеңес фирмалары).
Концессия - ұлттық экономиканы қалпына келтіру мен дамыту, табиғат байлықтарын игеру мақсатымен кәсіпорындарды, жерді, жерқойнауын, т.б. белгілі бір талаптар негізінде жеке кәсіпкерлерге, шетелдік фирмаға пайдалануға беру жөніндегі мемлекетпен жасасқан шарт; осындай шарт негізінде құрылған кәсіпорынның өзі.
Корпорация - меншіктің акционерлік нысаны, меншікті (капиталды) келісіп иелену, кәсіпорынды басқару міндететрін кәсіпқой басқарушы-лардың (менеджерлердің)жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру.
Лоренц қисығы - қоғамда табыстардың графикте нақты бөліну көрінісі.
Макроэкономика - экономиканы тұтас алып зерттейтін экономикалық ғылым бөлімі. Макроэкономикада зерттелінетін негізгі мәселелер: жиынтық өндіріс, жұмыссыздық, бағаның жалпы деңгейі (инфляция), экономикалық саясаттың басты мақсаттары.
Мемлекеттік қарыз - өткен жылдардағы бюджет тапшылығының жиынтық сомасы.
Меншік - өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өкімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын экономикалық қатынастар.
Микроэкономика - экономика ғылымының кәсіпорын (фирма) мен саланы, үй шаруашылығын, сондай-ақ жекелеген нарықтарды, нақты бағаны, тауарлар мен қызметтерді зерттейтін бөлімі.
Монетаризм - Макроэкономикалық талдау мен экономиканы реттеу теориясы, ол экономикалық дамуда ақшаның және экономиканы тұрақтандыруда ақша-несие саясатының рөлін бірінші орынға қояды.
Монополия - ерекше тауардың бір ғана сатушысының нарықта үстемдік жүргізуі.
Монополистік бәсеке - нарық көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құралады.
Мультипликатор - ұлттық өнімнің, табыстың немесе ақша айналысының өсуі, немесе азаюының қанша есеге өзгергенін анықтайтын көрсеткіш.
«НОУ-ХАУ» - патенттілік құқы жоқ қандай да болсын міндетті шешу үшін қажетті техникалық білімдер, тәжірибе, технологиялардың құпиялары.
Олигополия - нарықта аздаған ірі компаниялар үстемдік жүргізеді. Өнім біркелкі (біртектес) болып келеді. Бұл нарыққа басқа фирмалардың кіруі қиын болады. Бағаны бақылау бір біріне тәуелді болады.
Протекционизм - мемлекеттің жергілікті өндірушілерді шетелдік бәсекеден қорғау саясаты.
Паритет - алтын мөлшеріне сай келетін валюталардың ара қатынасы.
Ревальвация - ұлттық валюта бағамын ресми түрде жоғарылату.
Резервтік валюта - ұлттық (доллар, фунт, стерлинг) және ұжымдық валюталар (ЭКЮ,СПЗ), оларды елдер халықаралық есеп шоттарындағы қарыздарын реттеп отыру үшін пайдаланады.
Резидент - белгілі бір мемлекеттің аумағында тұрақты мекендейтін жеке тұлға, сондай-ақ онда өзінің қызметін тұрақты түрде жүзеге асыратын заңды тұлға.
Реимпорт - шетелде өңделмеген отандық тауарларды қайтып әкелу.
Реэкспорт - шетелден әкелінген тауарды өңдемей елден қайтарып жіберу.
Статистика - әлеуметтік – экономикалық құбылыстар дамуының сандық көрсеткіштері мен оларды есептеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Стратегия - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнер, оны жүргізудің қоғам дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары. Ол кәсіпорынның ұзақ мерзім кезеңінде алдына қойылған міндеттерін шешуді мақсат еткен ірі ауқымды жоспарлау.
Сыртқы сауда айналымы - елдің белгілі бір кезеңдегі экспорты мен импорт құнының сомасы.
Шетелдік инвестициялар – шетелдік меншік иелерінің өнеркәсіпке, ауылшаруашылығына, көлікке және экономиканың басқа да салаларына ұзақ мерзімге капитал бөлуі.
Экстраполяция - құбылыстың бір бөлігін бақылаудан алынған қорытындыларды оның басқа бөлігіне қолдануға негізделген ғылыми –зерттеу әдісі; мысалы, экономикада өткен кезеңде болған тенденциялардың болашақта да дамуы туралы болжам болып табылады.


Экспорттық–импорттық – импорт пен экспортқа сан және құн квота шектеулері, жекелеген тауарлар мен қызметтер, жекелеген елдер бойынша белгілі бір мерзімге енгізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет