Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді.[1] Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
нақтылы акша тшемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.
Елдін ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.
Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында - тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада XVI-XVIII ғасырларда кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жүйе монометализмге алмастырылады. Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім: Мыс (Рим — б.дд. V—III ғғ.), күміс (Ресей — 1843-1852 жылдары; Голландия, Үндістан — XIX ғ.), алтын (Англия — XVIII ғасыр аяғынан, басқа елдер — XIX ғасыр аяғынан).
Алтын метализмі алтын монеталық стандарт формасында бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды. Сол доуірде алтын монетасы еркін соғылған, қүн белгілері алтын монетаға еркін айырбасталған, елдер арасында алтын еркін жылжып отырған.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, құйма алтын және алтын девиздер стандарты пайда болды. Алтын қоры мол елдер (Англия, Франция, Жапония) алтын стандартын, алтын қоры аз елдер (Германия, Австрия, Дания) алтын девиздер стандартын енгізген болатын. Құйма алтын кесек стандарты тұсында, алтын монетасының еркін соғылуы жойылып, қағаз ақшаның алтынға айырбасталуы құйма алтын кесігі құнының мөлшерімен шектелген.
Алтын девиздер стандарты тұсында алтынмен байланыс бұдан да алшақ болған: алдымен құйма алтын стандартын тұтатын елдердің валютасын жинақтау қажет болады, осыдан кейін дүниежүзілік нарықта оны алтынға айырбастап алуға болатын. Құйма алтын мен алтын девизді стандарттар алтын айналымына жол бермейтін жүйелер болып табылды.
1944 жылы құрылған Халықаралық валюта қоры Тройская унция қүнын белгілеген (35 американ доллары 31,1035г. алтынға тең). Ресми түрде жарияланған алтынның құнын ұстап тұратын резервтік валютаның қызметі американдық долларға және ағылшын фунт стерлингіне жүктелді. Егер алтын стандарты кезеңінде валютаның қайта қалпына келгіштігі деп, ұлттық ақша бірлігінің алтынға айырбасталу мүмкіндігі түсінілсе, жаңа жағдайда, валютаның қайта қалпына келгіштігі деп, валютаның долларға айырбасталу мүмкіндігі түсінілген. Бүгінгі күнге дейін валютаның еркін ауыса-тындық қабілеті, оның АҚШ долларына айырбасталуымен қамтамасыз етіліп отыр. Бірақ АҚШ-ың өзінде 1971жылы Орталық банктер ушін де доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылған. Осы кунгі несие ақшасын борыш куәліктері құрайды. бұлардың нақтылы ақшадан айырмашылығы, олардың ұлттық байлық элементтеріне жатпауы. XX ғасырда олар бірте-бірте өздерінің ерекше тауар қасиетінен айрылып келеді: олар нақты тауардың тұтыну құнымен тұтасып кете алмай отыр және көбінесе бухгалтерлік тіркеп-жазу формасында (чек, депозиттері несие карточкалары, ақшаны электрондық құралдарды пайдаланып аудару, т.б.) орын алады. Ақшаның ерекше табиғаты мен және оның атқаратын қызметтерімен қатаң айқындалған, ақша айналым зандары әрекет етеді.
Алтынның айналуы кезінде, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталған жағдайларында, айналысқа қажет ақшаның саны төменде келтірілген формула арқылы есептеледі:
А=(ТБ-Н+Т-БТ)/АА
Бұнда:
A - айналысқа қажет ақша саны;
ТБ - айналыстагы іпауарлар багаларының қосындысы;
Н - несиеге сатылған тауарлардың бағасының қосындысы;
Т - мерзімі жеткен төлемдер;
БТ - бірін-бірі өтейтін төлемдер;
АА - аттас ақша бірліктерінің айналым саны.
Айналысқа артық шығарылған ақша қазына қоймасын толықтырады.
Ақшаның қағаз ақша айналысы кезеңінде, айналысқа түсетін ақшаның саны оның алтын ақша орнын алмастыратын санына тең болуы керек, басқаша болса, қағаз ақшалар арнасы артық толып кетіп, олар құнын жояды. Батыс экономистерінің көбі И.Фишердің айырбас теңдеуін пайдаланады:
М х V = Р х Q
Бұнда:
Бұл теңдеу тауар бағаларының қосындысы мен айналыстағы ақшаның массасының сан жағынан аратәуелділікте болатынын көрсетеді. Бағаға, өндіріске, жұмыспен қамтуға әсер ету мақсатымен ақшаның массасына бақылау жүргізу қажет.[2]
Мазмұны
1Тарихы
1.1Қазақстанның ақша рыногы
2Ақша жүйесінің типтері
2.1Биметализм
2.2Монометаллизм
2.2.1Алтын монета стандарты
2.2.2Алтын құйма стандарты
2.2.3Алтын девиз стандарты
3Ақша жүйесінің элементері
3.1Ақша бірлігі
3.2Ақша түрлері
3.3Эмиссиондық жүйе
4Дереккөздер
Тарихы[өңдеу]
Алтын аса құнды болғандықтан алтын монометалдығы күміс монометалдығы мен биметалдықты ығыстырып, 19 ғасырдың аяғында ақша жүйесінің негізіне айналды. Монометалдық жүйеде ақша жүйесін құрушы бір металдан істелген шақалар ғана төлем құралы болып саналады және айналымда жаппай қабылданады. Ақша жүйесінің негізі — алтын, ол тауардың қай түріне де айырбастала береді. Экономикалық дағдарыстар кезінде ақша жүйесі құлдырауға ұшырайды. 1-дүние жүзілік соғыс кезінде банкноттарды ақшаға еркін айырбастау тоқтатылды, алтын ақша айналыстан шығып, банкноттар қағаз ақшаға айналды. Ал оларды аса көп, мөлшерсіз шығару ақшаның құнын төмендетті. 1924-1928 жылғы валюталардың ішінара тұрақтануы дәуірінде алтын монометалдығы уақытша қалпына келтірілді. Кейін қайтадан қағаз ақшалар айналымы қалыптасты. Ақша жүйесі валютаның алтын баламасы заңмен белгіленетін ақша жүйесі (мысалы, АҚШ-та доллар таза алтынның 0,888671 г-на теңгеріледі) және валютаның алтын баламасы заңмен белгіленбейтін ақша жүйесі болып бөлінеді. Соңғы жағдайда ақшаның алтындық курсы тұрақты алтын баламасы бар валютаға байланысты анықталады. Халықаралық валюта қорының шешімі бойынша фунт стерлингтің алғашқы курсы АҚШ-тың 4 доллары, 1949 ж. қағаз ақшаның ресми құны тұрақтағаннан кейін — 2,8, ал1967 ж. — 2,4 долл. болды. Ақша жүйесі әр елде тарихи қалыптасқан және сол елдің заңымен бекітілген ақша айналысын ұйымдастырудың бір түрі болып табылады. Ақша жүйесіне валюталық металды, ақша бірлігін, шақаларды шығару және қағаз ақшаларды эмиссиялау тәртібі кіреді.
Ақша бірлігі (стерлинг, теңге, доллар, марка, франк, т.б.) одан әрі бөлшектеніп, баға көлемінің рөлін атқарады. Ақша массасы банктік және қағаз ақшадан, тиын ақшадан тұрады. Банктік билет пен қазыналық билеттің шығару тәртіптері бірдей. Олардың айырмашылығы банктік билеттер 25% бағалы металмен және 75% мемлекетік банктің басқа активтерімен, ал қазыналық билет мемлекеттің барлық мүлкімен қамтамасыз етіледі.
Ақша айналымын ұйымдастыру ақша кеңістігі, ақша рыногы және ақша реформасы сияқты ұғымдармен тығыз байланысты. Ақшаның белгілі бір аймақта өз күшін сақтауы ақша кеңістігін құрайды. Әр мемлекеттің ақшасы сол елдің аумағында пайдаланылады. Кейбір елдер өзара келісім бойынша ортақ ақша кеңістігін орнатуы мүмкін. Мысалы, Кеңестер Одағы кезінде сом пайдаланылды, яғни, одақтас республикалар бір ақша кеңістігінде болды. Кейін республикалар тәуелсіздік алғаннан кейін олар өз ұлттық ақшаларына көшті, сөйтіп біртұтас ақша кеңістігі жойылды. Қазіргі кезде Батыс Еуропа елдері өздерінің ақша кеңістігін кеңейту мақсатында ұлттық ақшадан мемлекетаралық ақшаға көшуге бағыт алып отыр (қазіргі Еуро). Ақша рыногына ақша қаражатымен тауарларды сату және сатып алу рыногының бір түрі немесе несиелік капитал рыногының бір бөлігі жатады. Ақша рыногының агенттеріне банкілер, брокерлік және дилерлік фирмалар, несие ақшаларды, валюталарды, бағалы қағаздарды сату, сатып алуға қатысушы қаржы-несие ұйымдары енеді. Ақша рыногының көмегімен кәсіпорындардың, фирмалар мен компаниялардың айналым қаражаты қамтамасыз етіледі, банкілердің қысқа мерзімдік ресурстары қалыптастырылады, мемлекет пен ұйымдар, жеке тұлғалар қысқа мерзімдік несиелер алады. Халықаралық валюта-несие қатынастарының дамуына орай халықар. ақша рыногы қалыптасып, шетел валюталарымен операциялар жасалады. Ол несие айналымы операциялары үшін қазыналық және коммер. вексельдерді, чектерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, банкі акцептерін және басқа есептеу жолдарын пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |