Алтын монета стандарты[өңдеу]
Алтын монета стандарты — бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:
алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;
алтын монеталарды құюға рұқсат етілді (әдетте елдің монета сарайында);
толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;
алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы бюджет тапшылығының өсуі, оны займдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларынан көп мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз ақшаларды алтын монеталарға еркін ауыстыру қаупін туғызды. Бұл кезендерде алтын монета стандарты соғысушы елдерде өзінің қызметін тоқтатса, кейіннен көптеген елдерде де (АҚШ-тан басқа) тоқтатты. Сөйтіп, банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылады, және оны сыртқа шығаруға тыйым салынады, сондай-ақ алтын монеталар қазынаға сақталуға жіберіледі.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң жайлаған капитализм дағдарысы тұсында, ешбір капиталистік мемлекет өзінің валюталарын алтын монета стандарты негізінде калпына келтіре алмады. 1924—1929 жылдары ақша реформасының жүруі барысында алтын стандартына қайта оралып, яғни оның мынадай екі қысқартылған нысаны жасалады: алтын құйма стандарты және алтын девиз стандарты.
Достарыңызбен бөлісу: |