1.Қандай ғылым болмасын оның өз даму тарихы бар. Тарихнама — тарих ғылымының даму тарихы, сонымен бірге бұл ұғым өзге де ғылым түрлеріне қатысты. Тарихнама — ғылымның белгілі бір түрі қай ғасырда пайда болды, қай ғасырдан бастап зерттеле бастады, ғалымдар осы ғылым саласы бойынша қандай еңбектер жазды, соны зерттейді. Дегенмен «тарихнама» деген атау ең алдымен тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуын, өзекті мәселелерін қарастырады.
XIX ғасырдың II жартысына дейін алғашқы қауымдық құрылыс туралы тарих ғылымының арнайы саласы болған жоқ. Бірақ бұдан XIX ғасырдың II жартысына дейін ешкім онымен айналыспаған деп айтуға болмайды. Адамдардың өздерінің өткен тарихына көз жіберуі сонау ерте заманнан басталған. Біз бұны дүние жүзіндегі халықтардың өз ата-бабаларының ерліктері туралы осы күнге дейін сақталған ертегі аңыздарынан, рулар мен тайпалардың шығуы туралы шежірелерінен білеміз.
3-4 сұрақтар
Тарихи сана мен тарихи жады.
Келесі басты терминдер – бұл тарихи сана мен тарихи жад. Жад – бұл өз өткеніңе деген ұғынып көрсетілген қарым – қатынас (Жад – бұл өткен шақты ұғыну арқылы есте сақтау). Жадынан айырылған адам өзін-өзі түсіну, басқа адамдар арасында өз орнын анықтау мүмкіндігін жоғалтады. Жад -адамның жеке өзі жинаған білімі, оның өмірлік тәжірибесі. Тарих өткенді тану үрдісі ретінде әлеуметтік есте сақтау көріністерінің бірі болып табылады.
Әлеуметтік жад – бұл адамдардың өз тәжірибесін, алдыңғы ұрпақтың тәжірибесін сақтау және түсіну қабілеті. Тарихи жад бір фактілер мен оқиғаларды түсіндірудің әр түрлі тәсілдерін жасау процесінде, қазіргі уақытта өткеннің қандай да бір құбылыстарын өзектендіру процесінде, сондай-ақ өткенді ұмытпау процесі байқалса қалыптасады.
Тарихи тәжірибені сақтау және ұғыну тарихи сана болып табылады. Бұл ұжымдық жадты құрайды. Келесі басты термин бұл - «тарихи сана мен ұмыту» .
Бір оқиғаны ұмыту және басқалардың маңыздылығын асыру адамдарға тән қасиет (б. а. оларды өзекті
ету).
Сондықтан, әлеуметтік жадтың мәселелері мен тарихи сананы зерттеушілер, әр түрлі қоғамдар мен
мәдениеттердің өткені туралы түсініктердің ерекшеліктерін зерттеуде адамдардың нені және неге ұмытып кеткенін ескеру қажет деп ойлайды. Қоғам ұжымдық жадтан жекелеген фактілер мен оқиғаларды алып тастаудың себептері, бұл қоғамның тарихтағы өз орнын қалай ойлайтынын түсінуге мүмкіндік береді. Өткеннің сол немесе өзге де аспектілерін ұмыту әртүрлі себептерге байланысты болды.
Бірінші. Ұмытылған оқиғалардың ішінде жазбаша қолжазбалардың дамымаған кезеңдердің тарихы болды. Мысалы, қазіргі заманғы еуропалық ұлттардың бастауында тұрған тайпалар мен халықтардың тарихы үлкен күшпен, түрлі гипотезалар, болжамдар және логикалық құрылыстар арқылы қалпына келтірілді. Тарихшылар әлеуметтік және саяси ұйымдар, кельттердің мен герман тайпаларының, славяндардың діни нанымдары, олардың дамуына ықпал еткен маңызды оқиғалар мен тұлғалар туралы үзімелі мәліметке ие. Осыған ұқсас мысалдар жердің әр түкпірінде және аумақтарында көп кездеседі.
Өзінің өткені туралы жүйелі түрде жазылған әңгімесі жоқ халықтар «тарихынан айырылған» деп аталады - бұл оларда өткеннің жоқтығын емес, ол туралы жадының жоғалғанын көрсетеді.
Екінші. Өткен туралы жадтың жоғалуы адам және әлеуметтік санадан қандай да бір құбылыстар туралы мәліметтердің жоғалуының табиғи процесімен байланысты болуы мүмкін. Бір қызығы, ұмыту — адамзаттың өзін өзі сақтау құралы болып табылады екен. Себебі, жеке адамның жады мен қоғамның ұжымдық жады көптеген тарихи фактілерді сақтап тұра алмайды. Сондықтан, адамдарға маңызды болып табылған, саналы түрде іріктелген ақпарат қана болашақ ұрпақ үшін сақталып жеткізілу керек болған.
Есте сақтауға лайықты ақпаратты іріктеу техникасы және артық мәліметтерді електен өткізу принциптері әр түрлі болған. Олар қоғамның немесе топтың әлеуметтік дамуының түрі мен оның деңгейіне тәуелді болды.
Ортағасырлық еуропалықтар немесе біздің замандастарымыз, ежелгі иудейлер немесе антикалық тарихшылармен сақталған өткен туралы мәліметтер әртүрлі себептермен іріктеліп алынды. Дегенмен, барлығы үшін ортақ белгі ол - тіркелетін оқиғалар мен құбылыстардың маңыздылығын мойындау және барлық қалған актуалсыз фактілердің жиынтығын өз назарынан тыс шығару болды. Бұл оқиғалар мен құбылыстар ұмытылған оқиғалар қатарына жатты. Уақыт өте келе, сол «Ұмытылған» оқиғалар да, бір кезде өткен дәуірдің өкілдерімен ысырылып тасталса да, өмірге қайта оралып жатыр. Олардың көбісі кәзіргі таңда, әлеуметтік сананың және тарихи жадының объектісіне айналды.
Үшінші. Өткенді ұмыту саяси немесе идеологиялық негізі бар қоғамдық сананы саналы түрде қозғаудың нәтижесі болуы мүмкін. Мысалы, жақында болған Отан тарихы тарихи жадының жойылуының жарқын және қайғылы растауы. Мысалыға, ХХ ғасырда оқытылған тарихта репрессия, адамдарды және тұтас әлеуметтік топтарды қорлау және жою фактілері ұжымдық жадтан ысырылды.
Жадты «құртудың» міндеттері әртүрлі болуы мұмкін. Тарихи жағымсыз фактілер туралы үндемеу арқылы саяси жүйе өзіне сай ұлттық сана-сезім мен мақтанышын нығайтуы тиіс болған. Жауларды жеңген жеңісіне түпкілікті сипат беру үшін жеңілген жаулар туралы жадының толық жойылуы типтік көрініс деуге болады.
Ұмыту - тарихи жадтың ажырамас элементі. Бір жағынан, ұрпақтарының санасында бар немесе қалпына
келтірілген өткен тарихи оқиғалардың бейнесін бұрмалайды. Екінші жағынан — «ұмыту» болмай толық оқиғаның тұтас логикалық бейнесі қалпына келтірілуі мүмкін емес. Себебі, сапасыз өте көп тарихи фактілер түсініксіз бөгеуілдеуге айналады.
Енді, «тарихи жады пен өткенді баяндау» терминін қарастырып көрейік.
Қоғамның санасында бар өткеннің бейнесі сақталған мәліметтерді жинаумен ғана емес, оларға берілетін мәнмен де анықталады. Оқиғаның тарихи мәнін табу үшін пайдаланатын тәсілдер нені анықтайды?
Тарихи құбылыстың, оның тарихи контекстінің өзіндік мәнін;
уақыт пен оқиғалардың кейінгі жүрісін ескере отырып, ұрпақтың тарихи құбылысына беретін бағасын; өткеннің (өткен тарихтың) беделін өзінің саяси немесе идеологиялық мақсаттарында пайдалануға
ұмтылатын жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың тарихи оқиғаларға беретін бағалары.
Аталған анықтаулар іс жүзінде бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Оқиғаның өзіндік мәні немесе тарихи оқиғаның астарында қандай ағынаны түсінуіміз керек? Мүмкін,
бұл әр кезеңнің замандастарының оны қалай түсініп, сынағандығында шығар.
Мысалы, тарих оқулықтарында Батыс Рим империясының аумағына варварлық тайпалардың басып
кіруі дәстүрлі түрде ежелгі өркениеттің жойылу процесі ретінде және сонымен қатар Халықтардың Ұлы Қоныс аудару дәуірі ретінде анықталады.
Қазіргі заманғы тарих ғылымында осы үйреншікті қалыптасқан көзқарастарға сол оқиғаларға қатысушылары мен замандастарының әр-түрлі қабылдаған екіжақтылықтары сақталып отыр.
Антикалық мәдениет кезеңіне жататын адамдар үшін варварлардың жеңістері әдеттегі және өзгермейтін әлем тәртібінің жойылуын білдіреді. Олар Римнің құлауын әртүрлі бағалай алды: өркениет негіздерінің апат және құлдырауы немесе сенімсіздік пен бойкүндік (высокомерие) білдіргендері үшін Құдайдың ұлы империяны қатал әділ жазалағаны деп білді. Бірақ, қалай болса да варварлардың келуін олар универсалды әлемнің құлдырауы деп білді.
Басқаша бұл оқиғаларды батырлар мен көсемдер, олардың батылдығы мен ерлігі туралы миф пен аңыздар топтамасын жасаған герман халқыларының әлеуметтік және тарихи естеліктері сақтады. Жүз жылдар бойы бұл аңыздар ортағасырлық Еуропаның халық фальклоры мен әдеби дәстүрін толықтырып тұрды. Әлеуметтік жадыда бұл оқиғаны герман тайпалары өз тарихының ұлы және батырлық кезеңі ретінде тіркеді.
Сонымен, сол дәуірдің замандастарынан құрылған білімді Рим азаматы, шіркеу қорғаушысы немесе варварлар — қайсысының оқиғаны бағалауы неғұрлым дәл? Кімнің қабылдауы немесе ойлану логикасы заманауи тарихқа қызығушылығы көп тұлғаны немесе кәсіби зерттеушіні толығымен қанағаттандыра алады?
Замандастары, куәгерлер немесе жақын ұрпақтары оқиға немесе сол кездегі қоғамның жай-күйіне, толыққанды және жан-жақты сипаттамасын беруге қабілетті емес. Себебі, олар сол тарихи уақыттың шынайы болмысына тым байланғандықтан объективті және шеттетілген түрде бағалау бере алмайды.
Оларға қарағанда, келесі ұрпақтың өткенді әділ тану үшін мүмкіндіктері көп. Олар оқиғаларды, адамдардың іс-әрекеттерін, оқиғалардың алғышарттары мен салдарларын анықтай отырып, кең мағынадағы адам өмірінің жекелеген көріністерін көре алады. Бірақ, олардың бағасы тарихи құбылыстардың «өзіндік мәнінің» нақты сипаттамасы бола алама? Зерттеуші - маман да қарапайым азамат сияқты тарихи тарихи құбылыстарды ойлай отырып, көптеген өзара бір-бірімен байланысты фактілер мен факторларды анықтай алады. Әрбір факттың немесе фактордың бағалау рөлі әр түрлі болады.
Рим империясының құлаған және вандалдардың жаулап алу дәуіріне қайта оралсақ, бұл тарихи оқиғалар әр-түрлі қарастырылуы мүмкін екендігін айтып кеткен жөн. Біріншіден, оқиға антикалық мемлекеттіліктің, әлеуметтік және шаруашылық жүйелердің ішкі дағдарысының көрінісі ретінде қарастырыла алады. Екіншіден, варварлардың басып кіруін бастан кешіп, жойылмаған Рим империясы институттарының тұрақтылығының көрінісі ретінде зерттеуге болады. Үшіншіден, мүмкін бұл оқиға варварлық тайпалардың ішкі өзгерістері болғандығын дәлелдейтін факт ретінде қарастырылады. Төртіншіден, германдық халықтарға дәстүрлі өмір сүру күшін еңсеруге мүмкіндік берген қуатты түрткі ретінде көрсетілуі мүмкін. Германдық ұлтшылдық идеяларын қолдайтын зерттеушілер германдықтардың варварлық тайпалардың іс- әрекеттерінде қарсылық көрсетулері оларға (германдықтарға) этнос ретінде тән батырлық рух пен әскери ерліктің көрінісі деп бағалады. Зерттеушілердің тағы бір тобы, ежелгі германдықтардың әскери әдебіне әділ баға бере отырып, олардың іс-әрекеттерінде варварлық сананың белгілері бар екендігін айтады.
5.
Қазақстан тарихнамасы саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының кең көлемде жүргізіле бастауы, сондай-ақ Қоғамдық ғылымдар секциясы мен КСРО Ғылым академиясының Тарих бөлімінің бастамасына орай ҚазКСР Ғылым Академиясының Президиумы 1978 жылы 7 қыркүйектегі № 131 қаулысымен Институтта "Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құру туралың қаулысын қабылдайды. Осы жылдың 25 қазанынан бастап құрамында 5 ғылыми-техникалық қызметкері бар бөлім сол кездегі ҚазКСР Ғылым академиясының вице-президенті, академик Байдабек Ахметұлы Төлепбаевтың жетекшілігімен өз қызметін бастайды. Бөлімнің осы алғашқы құрамында аға ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты С.Б. Нұрмұхамедов, кіші ғылыми қызметкерлер - Р.В. Колдобская, Л.Н. Катасонова және лаборант В.А. Замаревалар болды. Институтта бөлімнің ашылуы өз тарихнамашы кадрларымызды дайындаудың игі бастамасы болды. Бөлімнің алғашқы тобында қызмет еткен аға ғылыми қызметкер В.К. Янулов КСРО ҒА Ленинградтық бөлімшесінің Ғылыми кеңесінде, аспирант Н. Әлімбаев "тарихнамаң мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғайды.
Бұл қаулының қабылдануына түрткі болған басты себеп 1976-1979 жылдар аралығында жүргізілуге тиіс мемлекеттік тапсырыстағы "Қазақстанның тарихнамасы" атты Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша тарихи ойлардың дамуын зерттеудің алғаш рет қолға алынуы екендігін атап өткен жөн. Аталған тақырыптың мәдени революция кезеңдерін, оның басты мәселелерін, әсіресе халық ағарту және ғылым тарихы, зиялы қауымның қалыптасуы мен мәдени-ағарту жұмыстарының тарихын зерттейтін маңызды "Қазақстандағы мәдени революция тарихы (1917-1978)" атты бөліміне ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, тарих ғылымдарының докторы Г.Ф. Дахшлейгер жетекшілік етсе, негізгі орындаушысы тарих ғылымдарының докторы Р.Б. Сүлейменов болды.
Бөлім қызметкерлері 2 томдық "Қазақстанның қоғамтанушы ғалымдарының био-библиографиясынң дайындауды қолға алады. Аталған тақырып сол тұстағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұзақ мерзім арасында жүргізілуіне орай 1980-1985 жж. қабылданады. 1979 ж. Институт дирекциясының кезекті отырысында бөлімнің құрамын нығайту және зерттеу тақырыбының аясын кеңейту туралы мәселе қаралады да, құрамына сол жылы аспирантураны бітірген Ә. Ғалиев және "Жалынң редакциясының қызметкері Р. Есіркемесова, аға лаборанттыққа Ж.І. Қуанышев қабылданады.
Аталған мәселені ҚазКСР ҒА Президиумы мен Қоғамдық ғылымдар бөлімшесі қайта көтеріп, Институттың, жалпы Бөлімшенің өзге мекемелерінің де құрылымын қайта қарастыру қажеттігін ұсынады. Институт басшылығы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағытына қарай өз құрылымын сол күйінде сақтай отырып, тек кеңестік кезеңдегі зерттеу жұмыстарын үйлестіруді жақсарту мақсатында бұрынғы бөлімдерді секторларға айналдырып, үлкен бір бөлім - Кеңестік Қазақстанның тарихнамасы бөлімін құрады. Осыған орай бөлім қызметкерлерінің бесжылдық жүктемесіне жаңа тақырып "Кеңестік Қазақстанның тарихи ойлардың даму тарихың қосылады. Көп ұзамай оны екі бөлімнен тұратын "Кеңестік Қазақстанның тарихнамасың деп қайта қарастырады.
6.Біз бірінші тарауда тарихпен айналысатын ғылымның да, оның зерттеу нысанының да «тарих» деген бір терминмен білдірілуі бірқатар қолайсыздықтар тудыратынын айтып едік. Сондықтан тарихи үдерістің өзін ғана «тарих» деп, ал оны зерттейтін арнайы ғылымды «тарих ғылымы» немесе сол баяғы грек тілінде «исто- риология» деп атаған дұрыс болар еді. Ал тарих ғылымы тура- лы тарих «тарихнама» (историография) деп аталады. Сондай-ақ тарих ғылымында деректану (орысша источниковедение) сынды қосымша пәннің де бар екенін айта кету керек. Тарихнама тарихты ғылыми тұрғыда түсіндіру мен бағалауды, басым көпшілігінде, тарихты баяндау мен тарихи зерттеулердің нәтижелерін бағалауды білдірді және ол өзінің жазбаша сипаты- мен айқындалады. Әлемді түсінудің батыстық парадигмасында жазбаша тарихнама антикалық замандағы тарихтың атасы сана- латын Геродот пен Фукидидтен бастау алады. Ал ауызша тарихи шежірелер мен аңыздар күні бүгінге дейін ғылыми тарих ретінде мойындалмай келеді. Дегенмен тарихтың тарихнамадан (жазба тарихтан) бұрын басталатыны баршамызға мәлім. Жер бетінде қай ұлтты немесе қай халықты алып қарамасақ та, олардың кез-келгені – тарихи да- мудың туындысы. Зерттеліп жазылған тарихи кітабы жоқ болуы мүмкін, бірақ тарихсыз халықтың болуы мүмкін емес. «Тарихнама ең алғашында ауызша тарихи-шежіре, аңыз түрінде басталып, жазба тарих кейін келе, жарыққа шығып, кемелденіп отырған. Жер жүзіндегі ең ежелгі марқа мәдениеті, бағзы заманнан үзілмей келе жатқан жазба тарихы бар жұңғоның (қытайдың) да шияшаң дәуірінен бұрынғы хуаңди, янди жөніндегі деректері тарихи аңыз- ертегілерден басталады. Ежелгі Египет, Индия, Иран, Грек тарихта- ры да осындай» [115, 39 б.]. Ал енді осыдан Еуразиялық Ұлы Дала мен Орталық Азияны мекен еткен көшпенділердің, оның ішінде қазақ халқының төл та- рихын тануы мен тарихи санасында шежіренің қандай орын ала- тынына, оның тарихнамасының қалай түзілгеніне тоқталайық. Тарихты шынайы жазу үшін деректердің алатын орны зор. Деректемелердің қатарына тарихи айғақтардың барлығын, яғни археологиялық, этнографиялық, антропологиялық, лингвистикалық, жазбаша, заттық, ауызша айғақ-деректердің кез келгенін жатқызуға болады, өйткені олар белгілі бір заман мен қоғам туралы тарихи таным қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осындай деректер тобы- на, әдетте, шежіре немесе генеалогия да жатқызылады. Жалпы жоғарыда айтылғандай, тарих ғылымында шежірелік деректерге қосалқы немесе жанама дерек көзі ретінде қарау үрдісі қалыптасқан [116]. Басым көпшілігінде генеалогияға «ру-тайпалардың пайда болу, қалыптасу тарихын білдіретін және ата-текті түсіндіре тарата- тын тарих ғылымының бір саласы» деген академиялық анықтама беріледі. Кейде тіпті шежірені «отбасы тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін тетік» деп те қарастырады. Мұндай ұстанымнан кеңестік тарихшылардың, олардың ықпалынан әлі ажырай алмай жүрген қазақстандық тарихшы-этнологтардың да ұзап кете алмай жүргені де жасырын емес. Шындығына келгенде, тарихи деректану саласында әлі түп- кілікті зерттеле қоймаған, әрі өзектілігі артып отырған ғылыми мәселенің бірі қазақ шежірелерімен байланысты. Біз үнемі сілтеме келтіріп отырған «Тарих толқынында» еңбегінен мынаны оқуға бо- лады: «Ру шежіресін білу – сахара төсінде көшіп-қонған қазақтар үшін өмірлік қажеттілік. Қазақ халқының ру-тайпалық, жүздік- қауымдастық біртұтас ғажайып бітімі ғасырлар бойы бүкіл қазақ – бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы деген ұстаным бойын- ша өсіп-өркендеп отырған» [1, 34-35 бб]. Дала өркениеті тудырған шежіре мәлеметтеріне деректік талдау жасау көшпелілік болмысқа тән тарихи ой-сана мен тарихи таным өрісін, оның табиғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін тануға жол аша- ды. Тарихи ертегілер, жыр-дастандар, тарихи әңгімелер, аңыз, әпсаналар, қария сөз, шешендік, билер сөзі және басқа да ауызша айтылып, халық жадында сақталған мұралар шежірелік дәстүрді құрайтын ішкі деректерге жатады. Өз заманында Ш. Уәлиханов, қазақта «бірде-бір мәнді оқиғасы, бірде-бір керемет кісісі туралы айтылмай қалғаны, халық жадында сақталмай қалғаны жоқ», – деп атап өткен еді [117, 157 б.]. Расында да дәстүрлі қазақ мәдениетінде, оның ауызекі төл әдебиетінде үлкен тарихи деректік қор бар. Ол деректемелердің тарихи шындықты суреттеудегі ерекшеліктері ғылымда қарастырылмай келеді. «Қазақ шежірелерінің тарихи мәліметтерін сын көзқарас тұрғысынан тексеру, нақты ғылыми тәсілдермен шындыққа сәйкес келетін ақиқатын анықтау, қажетінше ғылыми айналымға енгізу – мемлекет, ұлт және мәдениет тарихын деректік тұрғыда зерттеуді жаңа деңгейге көтеретін келелі мәселе» деп атап өтеді, қазақ шежірелерін тарихи дерек ретінде арнайы ғылыми түрде қарастырған тарихшы-ғалым М.А. Алпысбес. Зерттеу барысында біз бұл ғалымның ой-пікірлеріне де сүйендік. Көшпенділерде, әсіресе қазақ халқында шежіре дәстүрінің ұғымдық ауқымы деректемелік сипаттағы тар түсініктен анағұрлым кең екендігін атап өту керек. Көшпелі мал шаруашылығының үстемдігі ықпалымен қазақы дәстүрде жазба мәдениеттен гөрі ауызекі мәдениеттің басым болғаны рас. Сондықтан қазақ тарихнамасы, көршілес отырықшы елдермен салыстырғанда, ауызша дәстүрде, аңыз-шежірелерде жүзеге асырылды. «Қазақтың шежірешілдігін, дәлірек айтсақ, қазақтың тарихшылдығын ұлттық қасиет деуге бо- лады. Бұл, әрине, ерекше артық жаратылғандықтан немесе артта қалған жабайылықтан емес. Қазақ халқының шежірешілдігін, тарихи санасының сергектігін, ең алдымен, оның ұзақ ғасырлар аясында көшпелі өмір салтта болуымен сабақтастырған жөн. Ал салт атты көшпелілер өркениетінің Еуразия ойкуменінде үш мың жылдық та- рихы бар» [102, 31 б.]. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілі, белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбек қазақтың шежірешілдігін көшпелі өмір салтымен қатар жеті аталық үрдіс пен рулық қандас- туыстық қатынастармен байланыстырады. Өткен тарихтың көпшілік ортасында ауызша баяндалуы, сөйтіп этнос тарихының ұжымдық жадыға айналуы, ең алдымен, шежіре деректерінің объективтілігі мен шыншылдығын қамтамасыз етіп отырған. Бұл үрдістің ұлттық таным-түсінік пен моральдық-этикалық нормаға енгендігі сонша, қазақ ұғымында әруақтар (өлгендер) туралы ғайбат сөйлеп, жаңсақ айту да күнәнің ең ауыры саналған. Мұндай қарым-қатынас, А. Сейдімбектің айтуынша, «әрбір қазақтың тарихи танымын ұдайы кеңейтіп отыруына, шежірелік зердесін ұдайы шыңдап отыруына себепші болған. Мұның өзі далалық ауызша тарихнаманың, біріншіден – ұзақ есте сақталуына, екіншіден – өзара салғастыру мүмкіндігінің молдығына байла- нысты көп өзгеріске ұшырамауына, үшіншіден – субъективизм- ге ұрынбауына, өтіріктің айтылмауына себепші болып отырған» [102, 41 б.]. Тарихи сананың сергек қалыпта сақталынуының ерекшелігін Шоқан Уәлиханов та атап өтеді: «Қазақ өздерінің көне аңыздары мен наным-сенімдерін қайран қаларлық тазалықта сақтай білген. Одан да өткен ғажабы сол, байтақ даланың әр шалғайындағы әсіресе өлең-жырлар еш өзгеріссіз, бір қолдан шыққандай қайталанатынын қайтерсіз. Көшпелі сауатсыз ортадағы ауызша тараған осынау үлгілердің бір-бірінен қылдай ауытқымайтыны адам айтса нанғысыз қасиет, алайда күмән келтіруге болмайтын шындық» [107, 390].
Достарыңызбен бөлісу: |