«Машина жасау технологиясының негіздері» пәнінен 5В071200 – «Машина жасау» мамандығының студенттеріне орындау үшін арналған зертханалық практикум



бет1/2
Дата09.07.2018
өлшемі140 Kb.
#48837
  1   2
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
Машина жасау және стандарттау кафедрасы

«Машина жасау технологиясының негіздері»

пәнінен 5В071200 – «Машина жасау» мамандығының студенттеріне орындау үшін арналған зертханалық практикум

Павлодар


2013

Аралық әдіптерді статистикалық әдіспен есептеу
Дайындамалар беттерін өңдеуге әдіптерді статистикалық (кестеік) әдіспен анықтау кезінде сәйкесті стандарттарды кестелері, нормативті материалдар мен техникалық анықтамалардың мәліметтерін пайдаланады. Әдіптің өлшемі өңдеудің өзіндік құнына қатты әсер етеді: жоғарытылған әдіп материалды пайдалану коэффициентін төмендетеді, еңбек, кесу аспабы мен электрэнергиясының шығындарын жоғарылатады, төмендетілген әдіптер металлдың бұл ақаулы қабаттарын жоқ қылуға және өңделетін беттердің қажетті дәлдігі мен кедір-бұдырлықты алудың мүмкіндігін қамтамасыз етпейді.

Әдіптің шамасы дайындаманың әртүрлі ақаулары (түзу еместіктер, тапсырылған өлшем мен қалыптан ауытқу, көміртексіздендірілген қабат және т.б.) шеттетілген болатындай үшін қажетті болуы керек, сонымен қатар орнату мен тетіктерді бқл операцияда базалау қателіктерін және оның алдындағы операцияда алынған түр мен өлшемдердің қателіктерін өтеу. Бұымның әрбір бетіне жалпы әдіптің шамасы нормативтердің арнайы кестелерінен таңдалады, дайындаманың өлшемдерін алады, кейін операциялар аралық әдіптер кестелері бойынша өңдеудің сәйкесті түрлері үшін әрбір операцияға әдіптің шамасын анықтайды және операция аралық өлшемдердің анықтауын өткізеді. Аралық әдіптер мен шақтамаларды әрбір операция үшін ақырғы операциядан бастап бастапқыға қарай анықтайды, яғни дайындаманы өңдеу технологиялық үрдісінің жүрісіне қарсы бағытта.

Әдіптерді есептеу үшін бастапқы мәліметтер болып келеді:

– дайындаманы алудың қабылданған тәсілі (илем, қалыптау, құю және т.б.);

– өңдеудің қабылданған технологиялық үрдісі;

– тетікті әрбір операцияда орнату мен бекіту әдістері;

– әрбір операция үшін қабылданған айлабұйымдар мен кесу аспаптары;

– дайындаманың салмағы;

– материал;

– күрделілік дәрежесі;

– дайындаманың габаритті өлгемдері.

Әдіптерді, шақтамалар мен операция аралық өлшемдерді технологиялық перекодтар бойынша есептеу кестесі


Технологиялық операцуялар мен бетті өңдеу әрекет

әдіптің ең кіші мәні

Есептеу өлшем, мм

Шақтама, мм

Шекті өлшемдер, мм

Шекті әдіптер, мкм

Ең үлкен

Ең кіші

Zmax

Zmin

1

2

3

4

5

6

7

8
























1 графа. Дайындамадан басталып соңғы операцияға дейін барлық операциялар мен әрекеттер бойынша өңделетін бет үшін өңдеудің технологиялық үрдісін пайдалана отырып толтырылады.

2 баған. Ең кіші әдіптің мәнін анықтмалардан әрбір әрекет (немесе операция) үшін анықтайды. Бұл бағанға алдымен ақырғы әрекет үшін тетіктің өлшедерін жазады:

а) білік немесе сыртқы бет үшін сызба бойынша ең кіші шекті өлшем;

б) тесік немес басқа ішкі бетті өңдеу үшін ең үлкен шекті өлшем.

Алдыңғы операцияның (әрекет)өлшемін бұл операция үшін әдіптің ең кіші шекті өлшеміне қосу жолымен алады – егер бұл біліктер немесе сыртқы бет болса. Егер де тесіктер немесе ішкі беттер болса, онда ең үлкен шекті өлшемнен ідіп алынады.

4 баған. Ақырғы өлшемге шақтама сызба бойынша тетіктің өлшеміне шақтамаға тең боулы керек. Операциялық өлшемдерге шақтамалар анықтамалардан таңдалады.

5 баған. Білік үшін ең үлкен шекті өлшемдерді ең кіші шекті өлшемге әдіпті қоса отырып анықтайды. Тесік үшін ең үлкен шекті өлшемдер есептеу өлшемі 6 ретінде 3 бағанға жазылады.

6 баған. Білік үшін ең кіші шекті өлшемді есептеу өлшемі ретінде жазады. Тесіктер үшін ең кіші шекті өлшемді сәйкесті шақтамадан ең үлкен шекті өлшемді айыру жолымен анықтайды.

7 баған. Білік үшін ең үлкен әдіп алдыңғы және орындалатын әрекеттердің ең үлкен шекті өлшемдері арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Тесік үшін ең үлкен әдіп алдыңғы және орындалатын әрекеттердің ең кіші шекті өлшемдердің арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

8 баған. Білік үшін ең кіші әдіп алдыңғы және орындалатын әрекеттердің ең кіші шекті өлшемдерді арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Тесік үшін ең кіші әдіп орындалатын және алдыңғы әрекеттердің ең үлкен шекті өлшемдері арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Барлық есептеулерді орындағаннан кейін жасалған есептеулердің дұрыстығын келесі формула бойынша тексеру қажет:


(1)
Жоғарытылған және қалыпты дәлдікті қалыптанған соғылмалардың сұлбасы төрт негізгі параметрден тұрады.

– соғылманың массасы;

болат маркасы;

– күрделілік дәрежесі;

– өлшемі.

Мысал: а) Соғылма І классты массасы 1,4 кг, өлшемі 250 мм

Болат тобы М1

Күрделілік дәрежесі С2



Кестеде дайындаманың өлшеміне шақтаманы анықтау.

(Шақтама тең)

б) Соғылма І классты массасы 0,35 кг, өлшемі 160 мм

Болат тобы М1

Күрделілік дәрежесі С1



Кесте бойынша дайындаманың өлшеміне шақтаманы анықтау

(Шақтама тең).

в) Соғылма І классты массасы 2,8 кг, өлшемі 280 кг

Болат тобы М2

Күрделілік дәрежесі С3



Кесте бойынша дайындаманың өлшеміне шақтаманы анықтау

(Шақтама тең)

Өлшемге шақтамаларды анықтау сұлбасы А қосымшада келтірілген.


1 мысал. Сатылы біліктің l = 350 мм ø40А6 (-0,016) бетке аралық өлшемдер мен өңдеуге әдіптерді есептеу.

Дайындама – соғылма.

Дәлдік тобы – 2-ші.

Материал – болат 45, М1.

Дайындаманың массасы – 4,6 кг.

Күрделілік дәрежесі – С2.


Технологиялық бірізділік қаралық, тазалық қыру мен ажарлаудан тұрады. Тетікті центрлерде бекіту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет