Ќазаќстан республикасы денсаулыќ министрлігі


ЕМДЕУ АЛДЫН-АЛУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ САНИТАРЛЫҚ – ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРТІБІ



бет29/68
Дата11.06.2020
өлшемі0,5 Mb.
#73168
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
Бектурсунова А.МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ

ЕМДЕУ АЛДЫН-АЛУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ САНИТАРЛЫҚ – ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРТІБІ.

Науқас түсер алдында палатадағы төсек,тумба,дәрет ыдысына арналған заттар дезинфекциялық ерітіндідегі дымқыл шүберекпен сүртеді.Осыған орай,бөлімнің жұмыс бөлмесінде дезертінді мен шүберегі бар таңбалы ыдыс болады.Ыдысты жабық ұстау қажет.Төсекке вегативті қалыптағы кесте бойынша камералы дезинфекциядан өткен төсек жабдықтары төселініп, төсек жабдықтарына таза төсек жамылғысы жамылады.Науқасқа жеке заттар (аурудың жағдайына байланысты) бөлінеді:стақан ,су жылытқыш , т.б. содан соң тиянақтап жуылады. Науқас жазылып шықаннан кейін жеке қолданылған заттар дезинфекцияланады.

Науқас ауруханағатүскен кезде гигеналық заттарды алуына рұқсат беріледі. Битпен түскен аурулар қабылдау бөлмесінде алғашқы тазалаудан өтеді,ерекше қадағалауда болады және қажет болған жағдайда толық битсіздендіру үшін қайта тазалаудан өтеді.Рұқсатпен,әр ауру өз бөлімінде гигеналық душ қабылдай алады (7-10 күнде 1 рет).Дене және төсек жамылғыларын 7-10 күнде бір рет (душ қабылдағаннан кейін) және жамылғы кір болған жағдайда ауыстырылады.

Жамылғыларды ауыстыру мерзімі арнайы журналда тіркеліп отырады, оны бөлімнің шаруашылық бөлімнің медбикесі жүргізеді.Жамылғыларды іріктеу мен талқылауға арналған арнайы бөлме болу керек.Пайдаланған жамылғыларды еденге лақтырып тастауға тиым салынады.Жамылғыларды іріктеу мен талқылауға арналған бөлме ауасы тазартылған,еденнен 1,5м жоғары плиткамен жапсырылған немесе майлы бояумен боялу керек.Жамылғыларды іріктеу кезінде халат ,медициналық қалпақ,маска,резинка қолғап,шәркей болу қажет.Жамылғыларды іріктеп болғаннан кейін бөлме дезертіндімен жуылады,арнайы киім жууға жіберіледі,аяқ киім мен қолғап дезинфекцияланады.Бөлмелерді жинау үшін жеке белгі қойылған мүлік және шүберек бөлінеді,олар жиаудан кейін дезинфекцияланады. Науқастар күнде таңертең және кешке,ұйықтар алдында жуыну керек.Тамақ ішер алдында міндетті түрде қол жуу керек.Төсектен тұрмайтын науқастар үшін жуыну төсектің жанында ұйымдастырылады.Бұған орай,бөлмеде белгі соғылған ыдыстар(шәйнек,леген).су және ағызба суға арналған пайдалылғаннан кейін дезинфекцияланады.Науқастарға палатадағы көрші төсек отыруына тиым салынады,сонымен бірге келушілерге де науқастың төсегіне отыруға рұқсат берілмейді.Бұл жағдайда палатада орындвқ болуы керек.Палатаның күніне кем дегенде 4 рет ауасы тазартылу керек.Ауруханалар үшін белгіленген түскі астан кейінгі демалыс және күн тәртібі барлық науқастар және аурухана жұмыскерлері үшін қатаң қадағалану керек.Ауруханалардың бөлімдерінде күзет тәртібі мен күн реті қатаң сақталу керек,науқастар мен персеналдардың дауыстап сөйлемеуі, бөлмелерді таңертең ерте және кешкісін кеш жинамауы керек.Науқастар басқа бөлімдерге баруға рұқсат етілмейді.

Шәркейлер басқада қолданылыста болған аяқ киімдернауқас шыққаннан кейін дезинфекцияланады..Қызымет көрсетушілер қолдарын тазалау осы нұсқаудың 2.14 тармағына сәйкес жүргізіледі.Бөлімдерде тәртіп пен тазалық сақталынады.Тазалану күніне 2 рет 2% ыстық сабынды –содалы ерітіндіні немесе 2%ыстық синтетикалық жуу құралының ерітіндісінің ылғалды тәсілін пайдалана отырып жүргізеді.Бөлімнің тазалау мүліктеріне (шелек,шүберек) белгі қойылады және дәретхана,палата,ванна,дәлсіз, емдеу кабинеттерінде және т.б.бөлмелерүшін жеке пайдаланылады. Белгі соғылған тазалау мүліктері қатаң белгіленген орындарда сақталадыжәне беғлгілі бір мақсатта ғана қолданылады.Тазалау мүліктерді сақтайтын орын болмаған жағдайда дезинфекцияланғаннан кейін жинайтын орын белгіленген жерге сақтауға болады.Осы мүліктерді басқа бөлмелерде және басқа да мақсатты істерге рұқсат етілмейді.Пайдаланғаннан кейін жинау мүліктері мен шүберекті дезинфекциялайды және тиісті жерде сақтайды.Бөлімдегі персоналдардың медициналық бақылауы мен тексерісі медициналық бақылаудың қолданыстағынұсқауына сәйкес жүргізіледі.Науқастардың арасында аурухана ішілік инфекциялық ауру пайда болған жағдайда барлық қызыметшілерге кезектен тыс медициналық бақылау жүргізіледі. Аурухана бөлімдерде науқастардың инфекциялық ауруларына орай іс-шаралар жүргізіледі.Науқастардың қызуы көтерілген кезінде (37,50 С және жоғары) 5 күн бойы тифопаратифоз, риккетсиоз және басқа да инфекцияларға орай бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін қан алады.Соңғы 2 жылда тропиктен келген безгегі ұстаған науқастардың алғашқы анықталуларына қарамастан малярия зиянкестерінің нақтылығын білуде міндетті түрде қаны зерттеледі.Осындай қанды зерттеу:

-қызу жиі көтерілгенде ауырған кездегі бірінші 5 күн ішіндегі алынған анықталуларға қарамастан

-қан құйғаннан кейін 3 ай бойы қызу көтерілгенде

-соңғы 2 жылда анамнезде маляриямен ауырғандардың қандай ауру түрі болмасын қызуы көтерілгенде

-белгісіз қаназдық,көк бауыр мен бауырдың өсуі кезінде жүргізіледңі.

Науқастың жұқпалы ауру белгісі байқалғаннан жұқпалылар ауруханасына (бөліміне) ауыстырғанға дейін.оны онаша палатаға оқшаулау керек.Жұқпалы аурумен қатысты науқастарды онаша палатаға ауыстырады және аралық уақытына дейін оларға бақылау жасалынады,науқасты шығарар кезде жұқпалы аурумен қатысты болғаны туралы мекен-жайына орай СЭСхабарлайды.Босатылған палатаға схемадағы бойынша ЕПМ құралдары және күшімен соңғы дезинфекция жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет