2.ӘРІПТЕСТЕРІМЕН АРАЛАСУ- әріптестерімен қалыпты қарым-қатынас ұжым ішіндегі қалыптың, тазалықтың кепілі. Өзара қарым-қатынас, әрине, өзара көмек арқылы даму керек. Қандай жағдайда болмасын кіші медперсоналда дәрігерлер арасындағы субординация ережесін ұсталыну қажет.
ЕМДЕЛУШІЛЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС- емдеу медбикесі дәрігердің кез келген тапсырысын білікті, ұқыпты тез орындау керек. Емдеу медбикесінің емделушіге қатысты кез келген әрекеті оның ағзасына (егу жасау, зерттеудің биологиялық материалдарын жинау, сүнгілеу, пункция және т.б.) араласу болатынын еске алу керек., ем жүргізудің қажеттілігін, кейде сендіру, жұбату арқылы әр емделушінің жеке ыңғайын таба білу керек.
-Емдеу медбикесінің ем жүргізуінің техникалық әрекеті нақты және сенімді болуы керек, бұл кезде емделушінің алдында беделі өсіп, олардың алып жатқан емдерінің сәтті боларына сенімді болады.
1.Өткізілетін медициналық процедураларға байланысты процедуралық (манипуляциялық) кабинеттерді ашады:
-бұлшық етке, тері астына инъекцияларға
-көктамырға инъекциялармен құюға
-ауыр қалдағы науқастарға реанимациялық көмек көрсетуге
-интенсивті терапияға жасауға
-емдік және диагностикалық сүңгілеуді іске асыруға
-емдік және диагностикалық клизмаларды жасауға.
2. Процедуралық (манипуляциялық) кабиненттерінің кешені 12-14м2-ден кем болмауы керек, жоғары жеткілікті , желдету, қабырға және төбе бактериоцидті шамдармен
(ОБН -200 немесе ОБН-300 бір шам бөлменің 30м2есебімен) жабдықталуы міндетті. Бактериоцидті шамдары 2 жылдан кейін ауыстырады.
3.Процедуралық (манипуляциялық) кабинеттер аурухана (емхана) жабдықталу табілімен байланысты үсті дезинфекция кезінде бүлінбейтін құралдармен жабдықталуы тиіс. Кушеткаларды полиэтилен пленкасымен немесе медициналық клеенкамен жабу қажет.
4.Құралдармен кушетканың үстін нұсқау бойынша дезинфекциялайды.
5.Процедуралық кабинетте дезинфекция жүргізу үшін мөрленген ыдыста қажетті концентрациялы дезертінді болу керек.
6.Медициналық құралдарды қолданған соң шайып, дезертіндімен ыдысқа салып қояды.
7.Егер медициналық құралда қуыс болса, онда дезинфекция алдында дезертінді ыдыста шаяды, әрі қарай медициналық құралдар нұсқау бойынша өңделеді.
8.Арнайы процедуралық (манипуляциялық) үстелдерді журнал және басқа оқу септік құжаттарға толтыруға болмайды.
9.Дәрілік ампулалады жинап уақытша сақтауға педальды ыдыс болуы қажет.
10.Процедуралық кабинетте істейтін медициналық персоналға арнайы киім (медициналық халат, шәрке) міндетті арнайы киім. Арнайы киімді күнделікті ауыстырады.
12.Қажетінше жұмыс күні ішінде стерильді медициналық заттарды қолдану және сақтау үшін, стерильді ақ жамылғымен жабылған үстел әзірлейді. Стерильді заттарды сақтау мерзімі 12 сағаттан аспауы керек. Стерильді үстелді әзірлеу стерильді пинцетпен (корцангпен) қолданылады.
13.Манипуляциядан кейін дезертінді қолдану арқылы ылғалды жинау жүргізіледі.
14.Процедуралық кабинет, палата, реанимация бөлімінде ылғалды жинау әдісімен дезертінді қолдану арқылы 3 рет жүргізіледі.
15.Аптасына 1 рет процедуралық (реанимация, интенсивті терапия ) кабинеттерінде жалпы жинау жүргізіледі. Дезинфектант ретінде 5% деохлор немесе 6% су тотығы + 0,5% жуу комплексін қолданады. Алдымен қабырғалар, құралдар, үстелдер, медициналық кушеткалар залалсыздандырады, қоқысты жандырады. Сосын еденді мұқият жуады, содан соң бактериоцидті шамдарды 2 сакғатқа қосады, кейін бөлмені желдетеді.
16.Процедуралық кабинеттерде, реанимация (интенсивті терапия) палаталарында жұмыс уақытында қолданылмайтын заттарды сақтауға тиым салынады.
17.Егер медбике процедуралық кабинетті ылғалды жинауға қатысса, оларға жинауға арнайы қосымша киім беріледі, ол негізгі арнайы киімнен бөлек сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |