Науқастарды санитарлық өндеу.
1.Толық (ванна,су-сепкіш).
2. жартылай(жуыну, сүртуін).
Санитарлық –гигеналық өндеудің алдында, қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі педикулезді анықтау үшін науқас денесінің шаш бөліктерін ұқыпты қарауы қажет. Биттердің ең жиі локализациялары:желке және самай аймақтары (бас биттері) және қасаға аймағы (қасағаныңбиттері).Егер педикулез анықталмаса, науқастарға гиеналық ванна, су-сепкіш немесе сүртуін өткізеді де, науқасты таза аурухананың киіміне киіндіреді.
Егер педикулезді анықтағанда санитарлық өндеу басталады.
ДЕЗИНСЕКЦИЯ-бұл жұқпалы ауруларды қоздырғыштарын тасымалдайтын зиянды жәндіктерді жою. Педикулезді анықтағанда қабылдау бөлімше мейірбикесінің іс-қимылдарының алгоритімі.
1.Өзіне қосымша халат және үшкіл орамалды қию.
2.Науқасты киім ілетін орында клеенкамен жайылған кушеткаға отырғызу,
3.Мақта тампонның көмегімен науқастың шашын педикулезге қарсы құралмен өндеу (НИТИФОР лосьоны, Педилин су сабыны, Антибит лосьоны).
5жасқа дейінгі балаларға, екіқабат және бала емізетін әйелдерге фосороганикалық ерітінділерін пайдалануға болмайды!
4. Шашты үшкіл орамалмен 20 минутке тану («Ниттифор»
Лосьоны-45 минут).
5.Шашты жылы сумен жуу.
6 .5-10% ас сірке су ерітіндісімен шаю. 10-15 минут бойы жиі тарақпен тарау. Қасағаның биттері болуында қасаға және қолтық астындағы түкті өндейді,10: күкірт немесе ақ сынап майын терісіне жағады.
7.Науқастың киімін, мейірбикенің халат, үшкіл орамалын қапқа салу,дезинфекциялық камераға орналастыру.Үй жағдайларында соданың 2% ерітіндісіне 5 миут қайнату. Екі жағынан ыстық үтекпен тегістеу. Сыртқы киімді карбофоспен өндеп, 20 миутқа целлофан қапшығына салу, ашық ауада желдету.
8.Дезинфекциядан кейін ғимараттарды және заттарды сол дезинфекциялаушы ерітінділермен өндеу.Науқастың ауру тарихының парағында жоғарғы оң бұрышында қызыл түсті қарындашпен «Р» белгісін қояды.(Постмейірбикенің бақылауы 7 күннен кейін өткізіледі).
9.Жұқпалы ауру туралы төтенше хабарлама қағазын толтыру және науқастың тұратын меке-жайы бойынша аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясына жіберу.Содан соң мейірбикенің жетекшілігімен науқас гигеналық ваннаны немесе су-сепкіш қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |