Операциялық алаңды дайындау
. Операция алдында шаштарды қырып, басты
сабындап жуады. Бассүйектің артқы шұңқырына операция жасалатын ауруды
дайындағанда желкедегі, мойындағы, сондай-ақ иық үсті аймақтағы шаштар мен түктер
қырылуы керек, ал көзұясы үсті аймағын қамтитын операцияларда – міндетті түрде
қастар да қырылуы қажет.
Ауырсындырмау.
Ауырсындырмау жолдарын таңдау операциялық әрекеттердің
сипаты мен жеке организмнің ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болады. Бассүйек – ми
операциялары әруақытта наркоз беру арқылы жүргізіледі, бастың беткейлік
жарақаттарының хирургиялық тазартылуы новокаинның 0,5% ерітіндісімен жергілікті
инфильтрациялық
анестезия
жасау
арқылы
жасалады.
Кейінгі
жылдарда
ауырсындырмаудың аралас тәсілдері кеңінен қолданылып жүр (мысалы: новокаин мен
пентотал және наркоз).
Достарыңызбен бөлісу: |