19-сурет. Мойын аймақтары
Аймақтың ортаңғы үштігінде артериялар толығымен төс-бұғана-емізіктің бұлшықет
астында өтеді және осы тұста жауырын-тіласты бұлшықеті қиғаш кесіп өтеді. Оны
үшінші фасция жапырақшалары қоршайды. Бұл жерде негізгі қантамыр-нервтік
шоғырдың элементтерінің ішінде неғұрлым медиалды орналасатыны жалпы ұйқы
артериясы, одан сыртқары және беткейлеу ішкі мойындырық венасы, ал екеуінің
арасында тереңірек – кезбе нерв жатады.
Аймақтың жоғары үштік бөлігінде жалпы ұйқы артериялары төс-бұғана-емізіктік
бұлшықеттің алдыңғы қырынан шығады да, қалқанша тәрізді шеміршектің жоғарғы
шетіне дейін көтеріліп, екі тармаққа бөлінеді (a.carotis interna және a. carotis externa).
Аталған ішкі және сыртқы ұйқы артериялары ұйқы бұрышында өтеді.
Ішкі мойындырық венасы бассүйектің сына тәрізді қойнауының жалғасы болып
табылады және бассүйек ішінен мойындырық тесігі арқылы шығады да бірден кеңейген
буылтық жасайды. Осындай екінші кеңейген жері сатыаралық кеңістікте бұғана асты
венасымен жарақат болған жағдайларда қабыспай, қуысы ашық қалады. Бұл жағдай
оның қуысына ауа сорылуына себеп болып, өмірге қауіпті ауа эмболиясына алып келуі
мүмкін.
Кезбе нерві (n.vagus - Х жұп) вегетативті, парасимпатикалық нерв, сопақша мидан
бөлініп, бассүйек қуысынан ішкі мойындырық венасы, тіл-жұтқыншақ және қосымша
81
нервтермен бірге мойындырық тесігінен шығады. Кезбе нерві бас нервтерінің ішіндегі ең
ұзыны, ол өз талшықтарымен тыныс алу ағзаларын, жүрек-қантамырлар жүйесін, ас
қорыту жолының көп бөлігін, соның ішінде бауырды, бүйректерді, ұйқы безін (секрет
шығару талшықтарымен) қамтамасыз етеді. Мойындырық тесігінде нервтің сезімтал
бөлігі кішкентай түйін- ganglionsuperior жасайды, тесіктен шыға берісте екінші ганглий
(түйін) – ganglion inferior құрайды. Нерв мойынға медиалды қантамырлық шоғырдың
артқы жағымен түседі. Нервтен ішкі ағзаларға өте көп тармақтар тарайды, сонымен қатар
бас нервтері мен симпатикалық нерв жүйесінен байланыстар құрайды.
Кезбе нервінің ең ірі тармақтарына жататындар – көмекейдің жоғарғы және
қайырылмалы нервтері. Жоғарғы көмекей нерві жоғарғы түйіннен бөлініп, көмейдің
кілегейлі қабығы мен бұлшықеттеріне, дыбыс саңылауынан және тіл түбіріне барады.
Қайырылмалы нерв кезбе нервтен оң жағында бұғана асты артериясының, ал сол
жағында аорта доғасының тұсында бөлініп, олардың астымен және артымен жоғары
бағытталып, өңеш пен кеңірдек арасындағы жүлгемен жүреді де оларға тармақтар береді.
Нервтің соңғы бөлігі көмейдің төменгі нерві деп аталады, ол көмейдің кілегей қабығы
мен бұлшықеттерін, дыбыс байламдарын, кеңірдекті және жұтқыншақты нервтейді.
|