«Гидросфера жердің су қабығы. Құрлықтағы таулар және олардың жіктелуі»



Дата18.06.2017
өлшемі36,22 Kb.
#19235
Тақырыбы:

«Гидросфера – жердің су қабығы. Құрлықтағы таулар және олардың жіктелуі»


Мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға гидросфера – жердің су қабығы, дүниежүзілік мұхит сулары, табиғи судың адам өмірі үшін маңызы және таулардың түрлері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық. Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, жадысын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік. Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты жылдам орындауға және алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Ішінара ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: Интербелсенді баяндау, сұрақ – жауап, картамен жұмыс
Пәнаралық байланыс: География, экология, биология, химия.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, Қазақстанның және дүниежүзінің физикалық картасы, т. б

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру
Психологиялық сергіту
«Жақсы сөз жарым ырыс»
Оқушылар шеңбер жасап тұрып, бір - біріне жақсы сөздер айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Кеспе қағаздар арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Тақтаға түрлі-түсті кеспе қағаздар ілінеді. Оқушылар бір түсті таңдау арқылы сонда жазылған сұрақтарға жауап береді.
1. Географиялық қабық дегеніміз не?
2. Неше материк бар. Картадан көрсет?
3. Неше мұхит бар? Картадан көрсет?
4. Масштаб дегеніміз не?
5. Солтүстік Америка мен Евразия ежелгі қандай құрлықта болған?
6. Тау жыныстары түрлерін ата?

6 сыныпқа сөздікпен жұмыс


1 Лава дегеніміз не? Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айырылған магманы айтамыз.
Сөнбеген жанартау - ұдайы атқылап жататын жанартау
Сөнген жанартау - адамзат тарихында атқылауы жөнінде ешбір мағлұмат қалмаған жанартауларды айтамыз.
Гейзерлер - исландша лақ ете түсу.
Кратер грекше - тостаған.

5 сыныпқа сөзжұмбақ беріледі?


«Білім кілті танымдылықта» сөз жұмбағының шешімін таптырта отырып, жаңа өтілетін материалдың тақырыбын анықтадық.
1. Ежелгі құрлық - Пангея
2. Тынық, Атлант, Үнді бұлар нелер? Михит
3. Пангея құрлығы екіге бөлінді. Лавразия және... Гондавана.
4. Біркелкі орналаспаған жер бедерінің жиынтығын не дейміз? Рельеф?
5. Тау жынысының түрі: МЕТАМОРФТЫ
6. АУДАНЫ ЖАҒЫНАН КІШІ ЖӘНЕ ҚҰРҒАҚ МАТЕРИК Австралия
7. Ең ыстық материк - Африка
8. Шығу тегі біртекті аралдар тобын қалай атаймыз? Архипелаг
9. Жер бетіндегі ең үлкен арал? Гренландия
10. Төрт мұхиттың суларымен жанасып жатқан жалғыз материк? Еуразия
ГИДРОСФЕРА

ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
5 сынып жаңа сабақ тақырыбы: Гидросфера - Жердің су қабығы
6 сынып
Шыңына көз жетпес.
Көркіне сөз жетпес.
Басынан қар кетпес,
Өзіне...... тау жетпес.
Бұл өлең жолдары не туралы айтылған, Яғни тау. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Таулар және олардың жіктелуі.

І
V. Мағынаны тану
5 сыныпқа сабақ түсіндіріледі
Гидросфера жердің су қабығы. Мұхит, өзен, жер асты сулары, мұздықтар мен атмосферадағы су булары - жердің гидросфера қабатын құрайды. Грек тілінен аударғанда гидро су деген мағынаны береді. Судың негізгі қорын мұхит пен теңіз сулары алып жатыр. Құрлықтағы сулар тұщы болып келеді. Кейбір сулардың емдік қасиеттері бар. Емдік сулардың шығып жатқан жерін арасан деп атайды. Қазақстанның санаторийлі кешендері: Сарыағаш, Алмаарасан, Жаркент арасан. Судың тірі организмдер үшін маңызы зор. Ол болмаса тіршілікте жоқ. Гректер су құдайын пасейдон, римдіктер нептун деп атаған.
Мәтінді мұқият оқып 53 беттегі д. ж су айналымы бойынша айтады. Бір сұрақтан дайындайды.

V. Ой толғаныс
Дайындаған сұрақтарын қалташаға салады. Кезекпен кезек келіп сұрақты алып жауап береді.

Географиялық диктант


1. Гидросфера - жердің... су қабығы
2. 1 литр теңіз суының құрамында... 35 грам тұз болады.
3. Ішуге жарамды суда тұздың мөлшері... 1 грамнан аспауы керек.
4. Емдік сулардың шығып жатқан жерін.. арасан деп атайды.
5. Грек мифологиясында су құдайы... Пасейдон деп аталған.

6 сыныпқа мәтін оқуға беріледі.


Мәтінді оқып мына сұрақтарға жауап жазады.
Таулар деп атайды -
Тау жотасы
Таулы өлкені құрайды
Тау торабы -
Дүние жүзіндегі ең биік тау - Гималай.
Ең биік нүкте - Джомолунгма(8848 м)
Тянь-Шань тауының ең биік нүктесі - Жеңіс шыңы(7439 м)
Таулар биіктігіне байланысты үшке бөлінеді.
1. Аласа таулар - биіктігі 400 - 1000 метр аралығында. мысалы Сарыарқаның таулары
2. Орташа биік таулар - 1000 - 2000 метр аралығында. Мысалы: Қырым, Карпат
3. Биік таулар - 2000 метрден жоғары. Мысалы: Кавказ, Алтай, Тянь-Шань. т. б.

Сәйкестендіру


1. Аласа таулар 1000 - 2000 м
2. Орташа биік таулар 2000 м жоғары
3. Биік таулар 400 - 1000 м

Адасқан әріптер


Әріптерден сөз құрастыру.
1. Лаймаги
2. Мирпа
3. Шань - тянь
4. Рола
5. Молунджомаг
6. Рықым
7. Тапкар
Осының ішінен бір таудың атын алып, мәтіннен соған қатысты сөйлемді оқы.
• Қалам ортада
VI. Бағалау
VII.
Үйге тапсырма
1. 19 тақырыпты оқу
2. «Су тамшыларына саяхат» тақырыбында әңгіме, эссе, ертегі жазу
1. 22 мәтінді оқу
2. Дүние жүзіндегі ең ірі тауларды кескін картаға түсіру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет