Күні: 7.12.15
Сыныбы: 5 «в»
Пәні: Жаратылыстану
Тақырыбы: Гидросфера- Жердің су қабығы
Мақсаты:
А) Оқушыларға «гидросфера» туралы ұғым беру. Дүниежүзілік су айналымы және оның маңызы жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету. Литосфера, атмосфера, гидросфераның байланыстары жайлы алғашқы мәліметтер беру.
Ә) Су туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, халықтық педагогиканы қолдану арқылы судың маңыздылығын ұғындыру, логикалық, шығармашылық ойлау дағдыларын кеңейту.
Б) Болашақ ұрпақтың елін, жерін қорғауға, «Судыңда – сұрауы бар» - деген мақалды негізге ала отырып, экологиялық, тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,тест тапсырмасын талдау, картамен жұмыс, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, физика, химия
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, жарты шарлардың физикалық картасы, кескін карта, оқулық, слайд.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Тест сұрақтары
ІV. Кескін картамен жұмыс
V. Жаңа сабақ
VІ. Өзіндік жұмыс
VІІ. Георафиялық диктант
VІІІ. Сен білесің бе?
ІХ. Қорытынды
Х. Бағалау
XI.Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, түгендеу. Назарларын сабаққа аударту. Оқушыларды үш топқа бөліп орналастыру.
ІІ. Үй тапсырмасы
Материктер мен аралдар
ІІІ. Тест сұрақтары
Біркелкі орналаспаған жер бедерінің жиынтығы.
А) тау Ә) рельеф Б) мұхит
2. Құрлықтың жан – жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі бөлігі.
А) материк Ә) арал Б)теңіз
3. Жер шарында неше материк бар?
А) 4 Ә)5 Б) 6
4. Материкке жақын, бұғаз арқылы бөлініп жатқан арал
А) жанартаулық Ә)материктік Б) маржандық
5. Ауданы ең үлкен материк
А) Еуразия Ә)Африка Б)Аустралия
6. Ең ылғалды және жасыл материк
А) Антарктида Ә)Оңтүстік Америка Б) Солтүстік Америка
7. Ауданы жөнінен ең үлкен арал
А) Суматра Ә)Хонсю Б) Гренландия
8. Гренландия аралының ауданы
А) 2,2 млн км Ә)3,2 млн км Б) 1,6 млн км
9. Тірі ағзалардың әсерінен пайда болатын арал?
А) жанартаулық Ә)материктік Б) маржандық
10. Материктер жердің неше пайызын алып жатыр?
А) 27% Ә) 29% Б)39%
ІV. Кескін картамен жұмыс
Үш топқа тапсырмалар беремін, материктерді кескін картаға түсіреді
V. Жаңа сабақ
Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған
Көңілің суын ішсең ашылады
Денеңде бар дертіңді қашырады
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
- Балалар бұл кімнің өлеңі білеміз бе? Дұрыс, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өлеңі. Жалпы оқылған өлеңге қарап қандай қабықты өтетінімізді біліп отырған сияқтымыз.
Мұхит, өзен көл жер асты ,батпақ сулары және мұздақтар мен атмосферадағы су булары - жердің су қабығы гидросфераны құрайды. ( грек сөзінен аударсақ гидро - су ). Бүкіл шамамен гидросферадағы судың қоры ( 97 % ) мұхит және теңіз сулары.
Судың қасиеттері
- Судың бірінші қасиеті: су - тірі ағзалардың құрамды бөлігі, екіншіден, құрлыққа қарағанда жылуды су баяу жинайды, соған орай ол жылуды баяу береді. Осыған байланысты қыс мезгілінде мұхиттар құрлыққа жылу береді, ал жазда салқын әкеледі, үшіншіден, су ағыны жер бедерін өзгертеді. Олар теңіз және мұхит жағаларын жыралап, өте терең үңгірлер және алып өзен алқаптарын тудырады, төртінші су көптеген заттарды ерітеді.
Адамның ағзасына күніне 10 литр су керек.
Су – тіршілік үшін ғана емес тазалық үшін де өте қажет.
Зауыт, фабрикалар сумен жұмыс істейді.
VI.Өзіндік жұмыс
1.Бір оқушы шығып 1литр суға 30-35 грамм тұз салып араластырып, дәмін татып көрсетеді. Осындай дәм- теңіз суының дәміне ұқсас болып келеді. Демек 1литр теңіз суының құрамында 35грамм тұз болады. Тұз суда ериді. Мұхит және теңіз суларында тұздың көп болуынан су кермек дәм татып, ішуге жарамайды. Ішуге жарамды суда тұздың мөлшері 1 граммнан аз болуы керек .
2.Бір оқушы шығып 1литр суға бір уыс топырақ салып араластырып, бірнеше минутқа дейін оны тұндырып қойады. Демек топырақ суда ерімейді.
VII.Географиялық диктант
1.Жердің су қабығы - .... . (гидросфера) 2.Бір литр теңіз суының құрамында .... грамм тұз болады. (35 грамм)
3.Емдік сулардың шығып жатқан жерін .... деп атайды. (арасан)
4.Табиғатта су неше күйде кездеседі. (қатты, сұйық, газ)
5.Ішуге жарамды суда тұздың неше грамы болуы керек. (1 грамм)
6.Гидросфераның құрамына .... жатады. (мұхит, өзен, көл, жерасты суы, батпақ сулары, мұздық, атмосферадағы су буы).
7.Қазақстанда емдік қасиеті бар қандай жерлерді білеміз? (Сарыағаш, Алмаарасан, Қапаларасан, Барлық арасан, Жаркент арасан)
8.Судың қандай қасиеті бар? (Су түссіз, мөлдір иісі дәмі жоқ. ұдайы ағып жатады)
9. Суда еритін заттарды ата? суда еритін заттарды мұз, қант ,тұз
Сергіту сәті.
Ғарыш кеңістігіне кімнің сапар шеккісі келеді? Олай болса ғарыш кемесіне мінейік. Барлығымызға сәт сапар тілейік. Жерді ғарыштан тамашалағанға не жетсін балалар?! Қараңдаршы біздің ғаламшар басқа ғаламшарлардан әдемі емес пе?! Қарайықшы, жердің басым бөлігі қандай түспен берілген? Дұрыс көк түспен, жерге қайта оралатын уақыт келді. Сәл сергідік пе балалар? Тамаша.
VІII . Сен білесің бе?Суға қатысты мақалдар
1.Су жүрген жер – береке, Ел жүрген жер – мереке
2.Сулы жер – нулы жер
3.Бұлақты жер – тұрақты жер
4.Сөз атасы — құлақ,Су атасы - бұлақ
5.Адамзатты сөз бұзар, Тау мен тасты су бұзар
6. “Су - ырыстың көзі, еңбек – кірістің көзі ”.
7.Таулы жер бұлақсыз болмас, Сулы жер құрақсыз болмас
8.Батыр туса – ел ырысы, Жаңбыр жауса, жер ырысы
9.Қар мол болса, дән көп, Су көп болса, ну көп
IX.Қорытындылау:
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тірлік тәмәм бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін,- деп сабағымызды аяқтаймыз.
Х. Бағалау.
Топ басшысына алдын – ала бағалау критерийлері жазылған парақша таратылып қойылады. Әр тапсырма сайын ұпайы жазылып, сабақ соңында жалпы балдары сараланып, журналға қойылады.
ХI. Үйге тапсырма.
§19. Гидросфера - жердің су қабығы. Мазмұндау
Қазақстандағы курортты - санаторийлер туралы мәліметтер іздеп келу.
Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп
Тақырыбы: Гидросфера-Жердің су қабығы
Өткізген: Куракова Ж
2015-2016 Оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |