Емізік тәрізді өсінді аймағы (regio mastoidea)
Шекаралары.
Төменнен және бүйірінен саусақпен сипап көргенде, сүйектің емізік
тәрізді өсіндісінің көлеміне сәйкес, жоғарыдан бетсүйектік доғаның үстінен артқа қарай
жүргізілген сызықпен дәл келеді. Пішіні үшбұрышты(3-сурет).
Шипо үшбұрышы емізікші өсіндісінде орналасады. Шипо үшбұры-шының
шекарасы:
Алдынан – spina suprameatum
Жоғарыдан – әлпет доғасының жоғарғы қырын жалғастыратын сызық
Артынан – емізікше өсіндісінің қырқасы.
13
3-сурет. Шекарасы – емізікше өсіндісінің көлеміне сай.
Шипо үшбұрышы шектейді. 1-ортаңғы қаңқа – ми шұңқырымен (жоғарыдан);
2 - сигма тәрізді синуспен (артынан); 3-бет нервісінің өзегімен (алдынан)
Қабаттары.
Терісі жұқа, теріасты шелінде құлақ қалқанының артқы бұлшықетінің
жіңішке талшықтары, оған кіретін нерв тармақтары мен ұсақ лимфалық түйіндер
орналасқан. Бұл жерде құлақтың артқы артериясы мен венасынан құралған тамырлық
шоғыр және кіші шүйделік нерв пен (n.occipitalis minor), үлкен құлақтық нерв
(n.auricularis magnus) бұтақтары анықталады. Өзіндік фасциясы жұқа қабық түрінде
кездеседі. Емізік тәрізді өсіндіге төмендегі бұлшықеттер бекінеді: төс-бұғана-емізіктік
бұлшықет, бастың ең ұзынша бұлшықеті, бастың белбеулік бұлшықеті, екі қарыншалы
бұлшықеттің артқы қарыншасы. Сүйек қабығы Шипо үшбұрышы деп аталатын тегіс
алаңнан басқа жерде сүйекпен бекінген. Шипо үшбұрышы тұсында сүйек қабығы тегіс
келеді және сүйектен оңай сылынады. Үшбұрыш құлақ хирургиясында ортаңғы құлақ
қабынуы (отит) және емізіктік өсіндінің қуысшаларының қабынуы (мастоидит) сияқты
аурулардың асқынуы кезінде іріңдіктерді тазалау операцияларын жасауға өте ыңғайлы
жер болып табылады. Шипо үшбұрышын құлақ қалқанының артынан сипап табуға
болады. Үшбұрыштың шекаралары: артынан емізіктік өсіндінің қиғаш қыры, үстінен
бетсүйектік доғаның жалғасы ретіндегі қыр, алдынан сыртқы есту жолы тесігінің артқы
қыры. Шипо үшбұрышының көлемі емізік тәрізді өсіндінің әр адамда өзгергіш болуына
байланысты шамалы ауытқуы байқалады. Бассүйектің трепанациясын жасау
операциясында бұл үшбұрыштың жоғарғы шекарасынан тереңірек бассүйек қуысының
ортаңғы шұңқыры жақын орналасатынын ескеру керек, оған инфекция кіргізіп алу өте
қауіпті. Үшбұрыштың алдына қарай терең трепанация жасауға да болмайды, себебі сол
маңда өтетін бет нерві зақымдануы мүмкін. Сондай-ақ сүйектің трепанация шұңқырын
артқа қарай емізіктік өсіндінің қырынан асырып терең үңгуге де болмайды, өйткені
сигма тәрізді веналық синусты ашып жіберу қаупі туады. Қорыта келгенде,
трепанацияны Шипо үшбұрышының шекарасынан «қатаң түрде» шықпай және сыртқы
есту жолының артқы қабырғасына «қатаң түрде» параллельді бағытта жасайды.
Емізік тәрізді өсінді ішінде ауаға толы кеңістік орналасқан, ол өте жұқа сүйектік
арақабаттар арқылы көптеген ұяшықтарға бөлінген–cellulae mastoidea, олардың іші
кілегейлі қабықпен жабылған. Өсіндінің алдыңғы-жоғарғы бөлімінде ұяшықтар бірігіп,
14
ең үлкен ұяны құрайды – antrum mastoideum, ал ол өз кезегінде жіңішке өзекше арқылы
ортаңғы құлақ қуысына ашылады. Ортаңғы құлақтың қабынуында, (отит) ірің емізік
тәрізді өсіндінің ұяшықтарына еніп кетуі мүмкін (іріңді мастоидит). Бұл жағдайда
оперативті ем жасауға тура келеді (antrotomia). Дабыл қуысы (ортаңғы құлақ) самай
сүйек пирамидасының ішіндегі латералді жағынан дабыл жарғағымен, медиалды
жағынан ішкі құлақтың лабиринтімен шектелген алты қабырғалы (алдыңғы, артқы,
жоғарғы, төменгі, ішкі, сыртқы) кеңістік болып табылады. Ортаңғы құлақ қуысы
(шамамен 1,5см
3
) кілегейлі қабықпен жабылған және ішінде есту сүйекшелері –
балғашық, төстік және үзеңгіше орналасқан. Есту түтігі (Евстахий) арқылы дабыл қуысы
мұрын-жұтқыншақпен байланысады. Түтіктің ұзындығы 4см шамасында, оның маңызы –
дабыл қуысына ауа өткізу және сілемейлі шырышты шығару. Қабыну салдарынан түтік
бітеліп (қабысып жабысу) есту нашарлауы мүмкін. Ортаңғы құлақтың қабынуы
барысында іріңдік үрдіс емізік тәрізді өсіндінің ұясынан басқа, тіршілікке маңызды
элементтер: мойындырық венасы, ішкі ұйқы артериясы т.б. қабырғасына жалғасуы
мүмкін. Бұл жағдайдың асқынуы мұрын-жұтқыншақтың, ішкі құлақтың, мұрын
қуысының қосымша қойнаушаларының қабынуларымен де байланысты.
Ішкі құлақ сүйектік және жарғақтық лабиринт деген бірінің ішінде бірі орналасқан
екі бөлімнен тұрады, ал оның әрқайсысы өз алдына – кіреберіс, үш жартылай шеңберлі
өзекше және ұлу деп аталатын бөліктерден құралған. Сыртқы сүйектік лабиринт пен ішкі
жарғақтық лабиринт арасындағы кеңістікте – перилимфа сұйықтығы болады, ал
жарғақтық лабиринт ішін эндолимфа сұйықтығы толтырады. Дыбыс толқындарын
қабылдайтын аппарат ұлу ішінде иірімді ағза (cortii) түрінде орналасқан. Одан
қабылданған импульстар есту нерві арқылы, ромб тәрізді шұңқырға, одан әрі үлкен ми
қыртысының самай бөлігіне жетеді.
Сыртқы құлақ құрамына құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы кіреді. Құлақ
қалқаны терімен қапталған, тері астылық тінде май, тер бездері, қантамырлары мен
лимфа тамырлары және нервтік рецепторлық ұштар тармақталған. Одан тереңірек
эластинді шеміршек жатыр, оның пішіні әр адамға тән әртүрлі болып келеді. Құлақтың
төменгі жағында тері астында шеміршегі жоқ жұмсақ бөлікті ажыратады (құлақ
сырғалығы), оның құрамында майлы тін жақсы дамыған.
Құлақтың қанмен жабдықталуы негізінен құлақтың артқы артериясы, сондай-ақ
шүйделік, беткей самайлық және жоғарғы жақ артериясы тармақтары есебінен жүреді.
Веналық қан осы аттас веналар арқылы мойын веналарына құйылады. Құлақтың лимфа
тамырлары құлақ қалқанының артқы, алдыңғы және төменгі лимфа түйіндерімен
қосылады. Әртүрлі халықтарда құлақтың төменгі жұмсақ бөлігіне тесік жасалып, оған
қымбат бағалы сырғалар тағу дәстүрге айналған. Ежелгі Римде ер адамның бір
құлағында сырғасы болуы, оның құл дәрежесінің белгісін білдірген.
Қазіргі заманда көптен белгілі болған мәселе, құлақ қалқанының бетінде ішкі
ағзалармен байланысты рецепторлық нүктелердің әртүрлі ауруларды емдеу шараларында
қолданылуы (аурикулорефлексотерапия). Құлақ қалқанына үшкіл нерв (V жұп), кезбе
нерв (Х жұп), беттік нерв (VІІ жұп), тіл-жұтқыншақ нерві (ІХ жұп) тармақтары, сонымен
қатар, (С2-С3) мойын өрімі нервтері мен симпатикалық бағананың нервтік ұштары
келеді.
Құлақ қалқанының есту тесігінен сыртқы есту жолы басталады, оның шеміршектік
және сүйектік екі бөлігі бар. Шеміршектік бөлігі құлақ қалқанының жалғасы болып
табылады, ал сүйектік бөлігі самай сүйектің дабыл бөлімінің құрамына кіреді. Сыртқы
15
есту жолы дабыл қуысынан дабыл жарғағы арқылы бөлініп тұрады. Құлақ қалқанын
сыртқы және жоғарғы бағытта тартып, дабыл жарғағын жарық түсіретін аспаппен көруге
болады. Есту жолы терімен тысталған және ол дабыл жарғағының сыртқы бетіне
жалғасады. Тері құрамында май бездері және ерекше құлақ секретін (құлық) бөліп
шығаратын бездер бар.
Достарыңызбен бөлісу: |