20
артерия ми көпірінің төменгі бетінің ортасымен өтеді де, мынадай тармақтар береді:
жұлынға (a.spinalis ant.et post.), мидың екі артқы артериялары (a.cerebri post.). Соңғы
артериялар мишыққа, көпірге, ішкі құлаққа тармақтар береді. Ішкі ұйқы артерияларынан
бөлінетін артқы жалғастырушы артериялардың мидың артқы артерияларымен анастомоз
жасау нәтижесінде мидың астыңғы бетінде субарахноидалды кеңістікте мидың
артериялық шеңбері пайда болады (circulus arteriosus cerebri). Шеңберден миға және
қыртысасты құрылымдарға көптеген тармақтар тарайды. Үлкен мидың веналары
артериялармен қосақтасып жүрмейді. Ми сыңарларының беткей веналары жоғарғы
сагиталды синусқа, сонымен қатар ми астындағы синустарға құйылады. Ми
қарыншаларының веналары және тамырлық өрімдер веналары тік синусқа барып
қосылатын мидың үлкен венасына (v.Galeni) құйылады.
Достарыңызбен бөлісу: