Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі


Асқазан ауруларымен ауратын науқастарды тексеру әдістері



бет113/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Асқазан ауруларымен ауратын науқастарды тексеру әдістері

Науқастың шағымдары

1. Ауырсыну (тамақ ішумен байланысты, кезеңді, қарқынды, жайылмалы)

2. Лоқсу. 3. Құсу. 4. Кекіру. 5. Қыжылдау. 6. Тәбетінің бұзылуы.



Аурудың даму тарихы

1. Қауып қатер мәнбірі. 4 Қозғалысы.

2. Себебі. 5 Жүргізілген ем.

3. Бастамасы



Науқастың өмір тарихы

1. Ұлты. 3. Тамақтану тәртібі

2. Жағымсыз қылықтары. 4. Тұрмыс жағдайы.

Науқасты тікелей тексеру

Қарау Сипалау Тықылдату

-дене салмағының азаюы; 1.бауыр Асқазанның төменгі

-тіл өзгерістер; 2.көк бауыр. шегін анықтау

-іштің пішіні; 3.асқазан.

-терінің түсуі.

Қосымша тексерістер

Зертханалық аспаптық

1.жалпы қан анализі 1.асқазан рентгеноскопиясы

2.асқазан сөлі 2.асқазан рентгенографиясы

3.асқазан жуынды суының анализі. 3.фиброгастроскопия

4.құсық анализі 4.биоптат алу

Сөлдің түсіне, құрамына, иісіне, қоюлығына көңіл аудару керек. Асқазан ауруының түріне байланысты асқазан сөлінің қышқылдығы әртүрлі болып кездеседі. Ас қорыту мүшелерінің ауруларында құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері міндетті түрде қолданылады. Іш қуысы мүшелерінің орналасуын рентген сәулесі, ультрадыбыспен, сканирлау әдісі арқылы анықтауға болады. Эндоскопия әдісі арқылы асқазан және ішектің ішкі кілегейлі қабатының жағдайын, қатпарлардың, шырышты қабаттардың бұзылысын, жараларды, ісіктерді анықтауға болады. Бояу заттарды қолдана отырып өт қалтасының өзгерістерін көруге болады (холецистография). Ішек жолдарын тексеру үшін ирригоскопия (тоқ ішекке бояу зат енгізіп, рентген сәулесімен қарау), колоноскопия (колоноскоп құралымен тоқ ішектің ішкі кілегей қабатын тексеру) әдістерін қолданады. Ас қорыту мүшелерінің қатерлі ісігін анықтау үшін тіннің гистологиялық тексерісін жүргізеді (биоптат алу).



Дисфагия - тағамның өңеш арқылы өтуінің нашарлауы. Бұл өңеш ауруларында ең жиі кездесетін симптомдардың бірі. Науқас өңешіне астың тұрып қалуы (өңеші түйіліп), мен оның ауырғанын сезінеді. Дисфагия өңештің органикалық немесе функционалдық тарылуынан болады. Органикалық тарылу біртіндеп басталады, ол қатерлі ісікте күшейе түседі. Алғашқыда қою, сосын жүмсақ, соңында сұйық тағамның да жүруі нашарлайды. Қатерлі ісіктің ыдырауы кезінде уақытша болса да өңештің өткізгіштігі қалпына келгендей сезім пайда болады. Өңешке бөгде зат түскенде, сол сияқты өңештің ішкі қабаты улы заттардың түсуіне байланысты күйгенде, дисфагия лезде пайда болады. Сонымен қатар ол өңешке сыртқы денелердің батып, оның қысылуынан, кебінесе қолқа аневризмасы кезінде, жүрек қабының ісігінің әсерінен де пайда болуы мүмкін. Өңештің функционалдық тарылуы өңеш бұлшық еттерінің рефлекторлы болуынан, яғни невроз кезінде иннервациясының бұзылуы себебінен екені сөзсіз, сол сияқты оған өңеш бұлшық еттерінің қатты тарылып, жиырылуы да әсер етеді.

Ауру - бұл еңештің кілегей қабатының қабынуы кезінде, яғни эзофагит ауруында байқалады. Өңештің ішкі қабаты сілтілер мен қышқылдардың әсерінен күйіп қалғанында, науқас ауырғанын бүкіл өңештің ұзына бойына сезінеді. Өңештің ауруы жауырыннын екі ортасына беріледі. Кардия ахалазиясы ауруында ауыру сезімі әдетте арқаға, төс сүйегінің жоғарғы жағына қарай, мойынға. иек асты, жақ сүйекке беріледі. Аурудың ұзақтығы бірнеше минутқа немесе сағатқа созылуы мүмкін. Кеуде пердесіндегі өңеш тесігінің жарығы және асқазан-өңеш рефлюкс ауруы кезінде ауырғаны кеуде клеткасының сол жағына қарай беріледі және ол жүрек ауруы сияқ-ты сезіледі.

Құсу-бұл өңештің тарылуынан болады. Тағам өңештің тарылған жерінен жоғары кеңейген жеріне жиналады да, оның бұлшық еттерінің жиырылуының нәтижесінде тағамды сыртқа рефлекс түрінде итеріп шығарады. Құсу бірнеше белгілермен ерекшелінеді: ол лоқсусыз болады, науқас тағам тұрып қалған сияқты сезінеді. Құсықтың құрамын зерттегенде, онда қорытылмаған ас қалдығы немесе тұз қышқылы, пепсин бар-жоқтығына көз жеткізу керек. Егер құсықта шіріген иіс пайда болса, ол өңеш дивертикуласын немесе қатерлі ісіктің ыдырауын көрсетеді.

Тамақтың өңештен кері қайтарылуы, ол өңештің тарылған жерінен өте алмағандығынан болады. Бұл белгі көбінесе нерв жүйесі сырқаттарында жиі байқалады. Сонымен бірге ол өңештің төменгі бөлігінің тарылуынан да болуы мүмкін.

Сілекейдің ағуы — бұл белгі эзофагит ауруында кездеседі. Өңештің тесігінің тарылуы, кейде қатерлі ісіктің салдарынан да болады.

Шірік иісті сезіну - өңештің қатерлі ісігінде және кардия ахалазиясы кезінде ас қалдықтарының жиналып қалуынан және оның шіруінен пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет