Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі



бет132/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың белгілері тастардың орналасу орнына, оның көлемі мен санына, құрамына байланысты және ілеспелі жұқпа, өт жолдарының қызметіне байланысты болып сипатталады. Егер тастар өт қалтасының түбінде жатса (“үнсіз аймақ”) сырқат белгісіз түрде өтеді. Күйзелістен кейін, майлы тамақ ішкеннен кейін, сілкілдеуге ұрынса, тас орнынан жылжып ауырсынуды тудырады. Ауру күрт басаталды. Оң жақ қабырға асты шаншып, тіліп, сұғып, қатты шыдатпай ауырады. Содан соң ауырсыну іштің бәріне таралады. Ауырған оң қолға, оң иыққа, оң бұғанаға, жауырын астына таралады. Ұстама кезінде науқас лоқсып, құсады, іші кебеді. Құсу жеңілдік әкелмейді. Рефлекторлы түрде үлкен және кіші дәреті кідіріп қалады. Ұстама бірнеше минуттан бірнеше сағатқа, бірнеше күнге созылуы мүмкін. Ұстаманың жиілігі әр науқаста әртүрлі түрде өтеді. Кейбіреуінде өмір бойында бір екі рет болуы мүмкін, ал кейбіреуіне жылына, айына бірнеше рет болуы мүмкін. Ұстама кезінде егер тас өт өзегін бекітіп тастаса өт 12 - елі ішектің ішіне түспей қанға таралып, теріні тітіркендіріп, қышыма белгісін тудырады (механикалық сарғаю). Нәжістің түсі түссіз, ал зәрдің түсі қоңыр түсті болады. Өт тұрып қалған жағдайда қабыну дәрісі дамып, дене қызуы көтеріліп, уыттану белгілері байқалады. Ұстама арасында науқастардың жағдайы оңалады, бірақ бауыр аймағында ауырсыну сезімі білінеді, осымен бірге ауыз қуысында ащы дәмнің болуы, лоқсу, іштің кебуі байқалады. Тексеріп беткей сипалау өткізгенде оң жақ қабырға асты ауырсынады, іш бұлшық етінің жирылғандығын және өт қалтасының көлемінің ұлғайғандығын сезуге болады. Ортнер, Френикус белгілері бұл ауруда оң нәтижелі болып табылады.

Панкреатиттер

Өткір панкреатит дегеніміз – асқазан асты безінің өткір қабынуы. Олардың бір екі пайызы ауруханаға өткір ішпен түскенде анықталады.

Этиологиясі және патогенезі. Өткір панкреатиттің негізгі себебі асқазан асты безі өзектерінің обструкциясынан асқазан асты безі сөлінің қысымы көтеріліп, бездің өзектері жарылып, осының әсерінен мүше тіні зақымдалады. Өзек жолдарының жарылу себебі 70 пайыз жағдайда өттің тас ауруы болып табылады. Сонымен бірге ішімдікпен улану, тамақты мөлшерден тыс ішу (әсіресе майлы және өткір тағамдар), өт тасы ауруының ұстамасы, он екі елі ішек және Одди сфинктерінің дискинезиясы т.б. мәнбірлер әсер етеді. Генетикалық мәнбірлерін де есепке алмауға болмайды, өткір және созылмалы панкреатит ауруы ұрпақтан ұрпаққа білініп келеді. Өткір панкреатит кейбір жағдайда аллергиялық серпілістен пайда болады.

Клиникалық бейнесі. Өткір панкреатиттің клиникасы әртүрлі: эпигастрий маңайындағы жеңіл ауырсыну ұстамасынан ауыр жағдайларда өлімімен аяқталуы мүмкін. Өткір панкреатиттің белгілері:


  1. эпигастрий аймағында және сол жақ қабырға астында аяқ астынан ауырсыну ұстамасы пайда болады. Көбінесе бұл майлы тамақтан және ішімдіктен кейін болады;

  1. құсық;

  1. қан - тамырлар коллапсы;

  1. дене қызуының көтерілуі;

  1. гиперамилазурия.

Өткір панкреатит кенеттен дамиды. Эпигастрий аймағында немесе сол жақ қабырға астында арқаға берілетін ауырсыну ұстамасымен өтеді. Науқастың іші кебеді, азаптандыратын құсық болады. Жалпы тексергенде терінің бозарғаны көрінеді (тамырлар коллапсының нәтижесінен), жалпы улануда дем және жүректің жеткіліксіздігі, сонымен қатар денеде геморрагиялық бөртпелер білінеді. Осымен бірге уыттанудан дамыған шоктың белгілері көрінеді. Тамыр соғысы әлсізденіп жіп тәрізді болады. Науқастың жалпы жағдайы нашарлайды. Біраз уақыттан кейін ауырсынуға дене қызуының көтерілуі қосылады. Жиі іштің кебуі, дәретінің көп уақыт болмауы, іштің жиі өтуі білінеді. Геморрагиялық панкреатитте іштің бүйірін тықылдатқанда экссудат анықталады. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады. Дерт анықтамасының мағынасы қандағы және зәрдегі амилазаның артуы. Әсіресе зәрдегі амилазаның мөлшерінің көбеюі өткір панкреатиттің анық белгісі болып табылады. Кейде өткір панкреатитте гипергликемия және глюкозурия анықталады. Тез арада ультродыбыспен зерттегенде (эхография) асқазан асты безінің ісінгенін анықтайды.

Өтуі және асқынуы. Өткір панкреатит нәтижесінде асқазан асты безінің жайылған абсцессі, көкбауырдың флегмонасы және тамырының қабынуы дамуы мүмкін. Өткір панкреатитте тамырлардың коллапсы, бүйрек бездерінің өлі еттенуі өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейбір жағдайларда өткір панкреатит созылмалы түрге ауысуы мүмкін.

Емі. Өткір панкреатитте науқасты хирургия бөліміне жатқызу керек. Емі көбінесе консервативті түрде өтеді. Алғашқы 1 - 4 күнде ашқарында ем жүргізіледі, асқазан сөлін асқазан сүңгісі арқылы сорып алып отырады. Алғашқы күндері іштің жоғарғы бөлігіне суық басу керек. Жиырылуды басу үшін ганглиоблокаторларды және спазмолитик дәрілерін қолданады. Ауырсыну шогына қарсы 1% - 1 мл промедол ерітіндісін күніне бірнеше рет тері астына енгізеді (морфий ерітіндісін қолданбайды, өйткені ол Одди сфинктерінің жиырылуын күшейтеді). Омыртқа арасын және бүйрек маңайын бөгейді. Сусыздануды болдырмау үшін және ағзаның уыттануына қарсы көк тамырға және тері астына тамшылатып изотоникалық натрий хлор ерітіндісін, 5% глюкоза ерітіндісін, қан сары суын және қан алмастырушыларды құяды (тәулігіне 3 литрге дейін). Барлық жағдайларда қанның электролиттік құрамын және оның коррекциясын өткізіп отыру керек. Сонымен бірге емдік шараларын жүргізеді. Өткір панкреатиттің емінде трипсин ингибиторын (контрикал) жеткілікті мөлшерде көк тамырға тамшылатып енгізу маңызды роль атқарады. Жұқпаның қосылуын және асқазан асты безінің іріңдеуінің алдын алу үшін антибиотиктерді қолданады. 1 - 3 күннен кейін науқастың жағдайы жақсарған соң жұмыртқа ақуызын, көкөніс шырындарын, сүт (ауыз немесе өт сүңгісі арқылы) қолдануға рұқсат етіледі. Кейін емдәмді біртіндеп кеңейтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет