Бауыр, өт жолдарының ауруларында
науқастарды тексеру әдістерінің бейнелемесі 7бейнелеме
Науқастың шағымдары
|
1.Іштің ауырсынуы (мерзімі, бағыты, тамақпен байланысы)
2.Лоқсу, құсу, қыжылдау, кекіру,
3.Іш өтуі, іш қатпасы, тәбетінің бұзылуы.
4.Іштің кебуі, сары судың жиналуы.
5.Терінің сарғаюы, қышыну.
6.Арықтау, әлсіздену, ұйқышылдық
7.аузында ащы дәмнің сезінуі
|
Ауру сыртартқысы
|
Себебі. Жүргізілген ем,оның нәтижесі
Бастамасы
Аурудың ағымы
|
Өмір сыртартқысы
|
1. Тұқым қуалаушылығы 6.Аллергологиялық сыртартқы
2. Жағымсыз қылықтары.
3. Тамақтану тәртібі
4. Тұрмыс жағдайы.
5.Маманы, ұзақ уақыт дәрі-дәрмектерді ішуі
|
Қарау
|
Сипалау
|
Тықылдату
|
1дене салмағының азаюы;
2.терінің, шырышты қабаттардың сарғаюы
3.алақанның сарғаюы
4тамыр жұлдызшылары
5асцит, теріде қасыған іздердің білінуі
6.іштің көк тамырларының білінуі
|
1.бауыр
2.көк бауыр.
3.асқазан.
4.ішек
5.өт қалтасы
|
1.іштің екі бүйірі
2.бауыр
3.көк бауыр
|
Қосымша тексерістер
|
Зертханалық
|
Аспаптық
|
1.Жалпы қан анализі
2.Биохимиялық қан анализі
3.Ұлтабардан сөл алу
4.Нәжіс анализдері
|
1.Іш қуысының рентгеноскопиясы -графиясы
2.холецистография
3.бауырды сканерлеу
4.іш қуысын ультрадыбыспен зерттеу
5.биоптат алу
|
Гепатиттер
Гепатит дегеніміз - бауыр торшаларының қабынуынан мүшенің диффузды өзгерістерге ұшырауы. Гепатиттің екі түрі болады: жедел және созылмалы. Жедел гепатит – жұқпалы ауру. Созылмалы гепатит – бірте –бірте дамитын түрі. Егер алты ай бойы жедел гепатитке қарсы жүргізілген ем тиімсіз болған жағдайда ол созылмалы гепатитке айналады. Созылмалы гепатитте бауыр торшалары қабынып, диффуздық және дистрофикалық өзгерістерге ұшырайды, бауыр қызметі бұзылады.
Вирусты гепатит А,В,С,Д,Е, құрт гелминттері, ішек ауруларының, токсикалық мәнбірлер, ішімдік гепатиттер, аллергиялық гепатиттердің әсерінен бауырда созылмалы қабыну дәрісі дамиды. Оның өзі уақытында әртүрлі диффузды, некротикалық және дистрофикалық өзгерістерге әкеліп соғады.
Алғашқы кезде созылмалы гепатит белгісіз және баяу өтеді. Науқас басында оң жақ қабырға астының ауырсынуына, аузында ащы дәмнің пайда болуына, тәбетінің төмендеуіне, кекіру, іштің кебуіне, үлкен дәреттің өзгеруіне( нәжістің кідіріп қалуына немесе іштің өтуіне), терінің қышуына, қызыл иектен, мұрыннан қан кетуіне шағымданады. Науқастардың жалпы жағдайы нашарлап, еңбекке деген қабілеті төмендеп, әлсіздік пайда болады. Жалпы қарағанда терісінің түсі сарғыш, денесінде тамыр жұлдызшылары пайда болады. Гепатиттің клиникалық белгілерінің бірі – қаңсырау синдромы. Сипалау жүргізгенде бауырдың көлемі сәл ұлғайғанын, ауырсынуын, бауырдың тығыздануын, көк бауырдың үлкейгендігін байқауға болады. Сырқаттың негізгі даму себептеріне байланысты созылмалы гепатиттің үш клиникалық түрі бар: агрессивті (белсенді), персистендік (белсенді емес), холестатикалық.
Достарыңызбен бөлісу: |