Тромбоэластография. Бұл тәсіл өзгермеген (нативті) қанның не оның плазмасының спонтанды ұюын график түрінде көрсетуге мүмкіндік туғызады.Силекон инесін қолданып венадан алынған қанды кішкене кюветаның тербелісі дискінің қозғалысын тудырмайды.Қоюланған сайын қан дискі мен стерженді қимылға келтіреді.Олардың қимылын қағазға түсіріп алса,ол тромбоэла стограмма деп аталады. Тромбоэластограмманы талдай отырып,коагуляция процесінің кейбір көрсеткішін анықтауға болады. Мысалы,” реакция уақыты “қан ұюдың І-ІІ фазасының ұзақтығына, қан ұйысы пайда болу уақыты –ІІІ фазаның ұзақтығына сәйкес келеді. Тромбоэластрограммаға қарап қан ұйығының серпінділігін,тұрақтылығын анықтауға болады.