Созылмалы панкреатит
Созылмалы панкреатит – асқазан асты безінің созылмалы қабыну ауруы. Сырқат жиі кездеседі. Негізінде созылмалы панкреатит орта және қартайған шақта, көбінесе еркектерге қарағанда жиі әйелдерде кездеседі.
Этиологиясы және патогенезі. Созылмалы панкреатиттің себебі әртүрлі: созылмалы панкреатитке өткір панкреатит ауысуы мүмкін, бірақ көпшілік жағдайларда ол белгілі бір жағымсыз мәнбірлердің себебінен пайда болады. Оларға дұрыс тамақтанбау, майлы тағамдарды қолдану, дәрі – дәрмектермен улану жатады. Этиологиялық мәнбірлердің ішіне қан айналымының және асқазан асты безінің атеросклеротикалық тамырлардың зақымдануы, көптеген жұқпа аурулар да жатады. Осымен қатар созылмалы панкреатиттің дамуына асқазан, ұлтабар аурулары да әсер етеді. Айтып кеткен мәнбірлердің әсерінен асқазан асты безінің ұлпасы зақымданып, дәнекер тіні дамиды, мүшенің функциялары бұзылады.
Клиникалық бейнесі. Аурудың белгілері әртүрлі. Көбінесе ауырсыну синдромымен мінезделеді. Ауырсыну кіндіктің сол жағында, сол жақ қабырға астында білінеді. Кейбір жағдайда ауырсыну қабырғаның бойымен сол жақ жауырынға, сол жақ иыққа, жүректің маңайына әсер етеді. Ауырсыну жиі майлы және ащы тамақтан соң білінеді. Асқазан асты безі көп мөлшерде сөл шығарғаннан, ағзаның өзектері сөлге толып созылады да ауырсынуды туғызады. Диспепсиялық белгілер үнемі кездеседі: тамаққа тәбетінің мүлдем жойылуы, сілекейдің көп бөлінуі, кекіру, лоқсу, іштің кебуі және іштің қорылдауы байқалады. Ұйқы безі жеткілікті түрде ферменттерді шығармай, ішекте қорыту дәрісі бұзылады. Көп мөлшерде жағымсыз иісті, майлы (стеаторея) нәжіс байқалады. Жеңіл жағдайларда нәжіс қалыпты, ал ауыр жағдайларда іш өту, іштің кідіруімен кездесіп отырады. Ас қорыту дәрісінің бұзылуы нәтижесінде арықтау байқалады. Кейбір жағдайда субфебрильді дене қызуы, әлсіздік, сескенгіш, ұйқы бұзылуы білінеді. Көптеген авторлардың жазуы бойынша сипағанда ауырсыну нүктелері және аймақтары тұрақты түрде байқалады, көбінесе сол жақ эпигастрий маңайы, сол жақ қабырға асты. Ұлғайған және тығыздалған асқазан асты безі сирек кездеседі. Созылмалы панкреатиттің қозу кезеңінде басқа ағзаларда өзгеріс болады, көпшілік жағдайда бауыр қабынуы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |