Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі



бет134/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Зертханалық тексерістер. Сырқаттың қозу кезеңінде қанда ЭТЖ артады, лейкоцитоз байқалады, С – реактивтік белок білінеді. Қанның құрамында амилаза, липаза, альдолаза ферменттерінің мөлшері көбейеді. Кейбір жағдайда қанда қанттың мөлшері де көбейеді. Асқазан асты безінің сыртқы сөлденіс қызметі бұзылуы кезінде гиперпротеинемия, ал ауыр жағдайда электролиттік алмасудың бұзылуы кездеседі. Ұлтабар сөлінің құрамында ферменттердің мөлшері алғашқы кезеңде біршама көп болуы мүмкін. Ал анық атрофикалық кезінде безде бұл көрсеткіштер азды – көпті азаяды.

Сырқаттың қозу кезеңінде зәрде амилазаның мөлшері көбейеді. Созылмалы іш өту кезінде майлы ботқаға ұқсайтын нәжіс болады.

Копрологиялық зерттеу кезінде онда қорытылмаған тамақ қалдығының көп екендігі байқалады. Без ұлпасының зақымдануынан қанда қанттың мөлшері көбейеді. Ауыр жағдайларда қант сусамыры дамиды.

Асқынуы. Созылмалы панкреатиттің асқынуларына іріңдік, іріңді жылауық, қант сусамырының ауыр түрі, көкбауыр тамырларының тромбозы, асқазан асты безінің қабынып қатаюы жатады. Ұзақ уақытқа созылған панкреатитте асқазан асты безінің қатерлі ісігі пайда болуы мүмкін.



Емі. Клиникалық белгілері нақты болмағанда амбулаторлық емдеу жүргізіледі. Емдәм тәртібін сақтау, қабыну дәрісін емдеу, сыртқы және ішкі сөлденіс жетіспеушілікті жоюға жағдайлар жасалады. Науқастың тамақтануы 5 – 6 мезгіл, аз мөлшерде болуы керек. Асқазан асты безіне әсер ететін қуырылған, майлы, өткір тағамдар қолданылмайды. Емдәм бойынша ақуыздар көп болу керек, 150 гр – ға дейін тәулігіне. Тамақ жылы болу керек, өйткені суық тағам ішектің қозғалыс қызметін күшейтеді. Сырқаттың өткір кезеңінде ферменттердің белсенділігін басу үшін трипсин ингибиторларын қолданады (гордокс, контрикал 100 000 - 200 000 бірлік көк тамырға, тамшы түрде). Қабыну дәрісін басу үшін антибиотиктер қолданылады. Қатты ауырсыну кезінде бүйрек маңайын бөгейді, наркотикалық емес анальгетиктермен, спазмолитик дәрілерін

қолданады. Асқазан асты безінің сыртқы сөлденіс жетіспеушілігінде орын ауыстыру мақсатында ферменттік дәрі – дәрмектер беріледі: фестал, дигестал, панзинорм, панкреатинин т.б. Өткір белгілері басылған соң алдын алу шаралары мақсатында гастроэнтерологиялық бағыттағы санаториялық емдеу ұсынылады.


Бауыр ауруларының науқастарды сұрастыру және қарау .Бауыр мен көкбауырдың перкуссиясы мен пальпациясы. Лабораториялық –инструментальды тексеру әдістері. Сарғаю, бауырдың қабынуы, бауыр-клеткалық жетіспеушілік, портальдық гипертензия синдромдары. Себептері. Симптомдары,олардың механизмдері .Диагностикалық маңызы

Бауыр – ас қорыту ағзаларындағы ең үлкен без, оң жақ қабырғаның астында орналасқан, салмағы 1,5 – 2 кг. Бауыр оң және сол бөліктен тұрады. Олардың ортаңғы бөлігінде өт қалтасы орналасқан. Оның сиымдылығы 50 мл. Бауыр ағзада бірнеше маңызды қызметтерді атқарады:

  1. қорғаныш қызметі - улы, жағымсыз дәрілерді ақуызбен байланыстырып, усыз түрге айналдырады;

  2. өт шығару қызметі - оның құрамында билирубин, холестерин, өт қышқылдары кальций, фосфор бар. Өт ас қорыту сөлінің бірі, ол ұлтабар сөлімен бірігіп майларды ыдыратады;

  3. осымен бірге басқада зат алмасу дәрісіне қатысады. Әртүрлі химия серпілісі арқылы көмір сулар гликогенге айналады, ол керек кезде бауырдан глюкоза (қант) түрінде қанға түседі.

Ақуыздар әртүрлі ас қорыту сөлдерінің әсерінен ыдырап бауырға түседі. Бауырдың ақуыз алмасуындағы маңыздылығы – ағзаға қажетті альбуминнің, фибриногеннің түзілуін қамтамасыз етеді. Бауырда А,В,С,Д,Е витаминдері және ағзаның дұрыс жұмыс атқаруына керекті мөлшерде бір қатар микроэлементтер жиналады. Бауырда өтетін дәрістер жүйке жүйесі және әртүрлі гормондардың (адреналин, инсулин, гипофиз, бүйрек безі) қатысуымен өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет