Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі



бет164/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Қан жүйелеріне қан түзуші мүшелер (қанды түзу және оны бұзып, жүзеге асыратын мүшелер) мен қан, қанның құрамдық бөліктері, сары су, және химиялық заттар жатады. Қан түйіршіктеріне эритроцит, лейкоцит, тромбоциттер жатады. Эритроциттер көректену қызметін атқарады, лейкоциттер иммун жүйесіне қатысты, яғни қорғаныш қызметін атқарады, ал тромбоциттер қан ұю дәрісіне қатысыды.Адам ағзасында қанның атқаратын ролі орасан маңызды. Онсыз адам өмір сүре алмайды. Қан ағзадағы заттар алмасу дәрісін реттейді.Сонымен қатар қан ағзадан зиянды заттар шығарып оны түрлі зиянды әсерлерден сақтайды және дене қызуын бірқалыпты реттеп отырады. Оттегін денеге тарату қызметін қанның гемоглобині басқарса, көмірқышқылды денеден шығаруды сарысу атқарады. Ішкен тамақтағы көректік заттар және гормондар қан арқылы әрбір мүшеге тарайды. Ағзаны түрлі аурудан қорғау қызметін ақ түйіршіктер атқарып, олар ауру жұқпаларын жойып отырады. Қан түйіршіктері өз міндеттерін атқарып біткен соң тамаққа барып қырылады да олардың орнын жілік мойында және лимфа бездерінде пайда болған жаңа түйіршіктер басады. Ал қанның ескірген сары сұйығы тері, бүйрек және ішек арқылы ағзадан сыртқа шығады. Қанды бояушы қызыл зат – гемоглобин қанның тыныстық пигменті. Гемоглобин оттегі мен кейбір газдарға қосылудан оңай ыдырайтын күрделі ақуызды қосынды. Негізгі қызметі – оттегін өкпеден тіндерге және тіндерден көмірқышқыл газын өкпеге жеткізу. Гемоглобин қанның қызыл түйіршік терінде болып, оған қызыл өң береді. Оттегін бай қанның түсі ашық қызыл (артерия қаны) болады. Артерия қаны тіндерге еніп құрамындағы оттегін тінге алмастырғаннан кейін оның түсі қоңыр тартады (көк тамыр қаны) Ағзадағы кез – келген патологиялық дәріске қан жағынан серпіліс беретіні белгілі. Тек қана басты өзгерістер қан жүйесінде ғана болатын аурулар бар. Көбінесе қан түзілу немесе қан бұзу дәрісі бұзылады, оның ішінде құрамдық бөліктерінің біреуі ( мысалы, эритроцит, лейкоцит, тромбоцит). Қан түзілудің қай бөлігі бұзылуына байланысты барлық аурулар шартты түрде келесі топтарға бөлінеді: қан аздық көбінесе қан құрамының бұзылуымен және шеттік қанда эритроцитпен гемоглобиннің санының азаюымен байланысты ауру; гемобластоздар – қан түзілуінің милеоидтық, лимфоидтық, эритроидтық немесе мегакариоцитарлы өсінділердің зақымдануы бар ісікті аурулар. Қан жүйелерінің ауруларында бір – бірімен белгілі бір дәрежеде байланысқан жалпы симптомдар кездесуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет