Пациентті тексеру сұрастырудан басталады. Негізгі шағымдарға тез шаршағыштық, әлсіздік, жалпы немқұрайлық, пациенттің қызыл иегінен, мұрыннан, жатырдан қан кетеді. Қан ұю дәрісі бұзылғанда денеде гематомалар жиі байқалады. Темір тапшылық қан аздықтың түрінде науқастар бор, көмір, құм жеуге әуес болады. Аддисон – Бирмер ауруында тәбеті төмендеп, тілі күйіп, іш өтуі байқалады. Ақ ноғанада уыттану белгілері басты белгі болып білінеді де ағзаның қорғаныш қызметі төмендейді. Қан аздықта жиі кездесетін шағымдар: тез шаршау және ентігу, әлсіздік, бас айналу және жүрек жиі қағуы байқалады. Кейін осы шағымдарға жүректің әлсізденгені қосылады. Сұрастырған кезде аурудың қашан және қалай дамығаның білу керек. Аурудың пайда болу себептерін анықтағанда маңызы зор. Сонымен қатар қандай тексерулер өткізілгенін және олардың берген нәтижесі қандай болғаның анықтау қажет. Қолданған емнің түрін және оның тиімділігін білудің де дерт анықтамаларының маңызы зор. Науқасты жалпы қараған кезде жалпы жағдайын бағалауға болады. Қан аздықты тері мен кілегей жамылғысының түсі ақшыл тартқанынан байқауға болады. Қан аздықтың кейбір түрлерінде мысалы, В12 – тапшылық түрінде тері лимон түсті болып келеді. Сонымен қатар тілдің емізікшелері тегістеліп, тіл жылтыр болып байқалынады. Оның себебі қан аздықтың бұл түрінде болатын эритроциттердің ыдырауына байланысты. Оның нәтижесінде қанда көбейген билирубин теріге сарғыш түс реңін береді. Геморрагиялық диатезде тері астына, кілігей қабаттарға қан құйылғанын көріп, байқауға болады. Қан құйылудың белгілері әртүрлі түрде болып кездеседі. Ол кейде ұсақ нүкте тәрізді, кейде қан құйылған жердің көлемі үлкен болады. Қараған кезде байқауға болатын белгілерге мойында, бұғана астында, қолтықта және шапта үлкейген бездерді табуға болады. Лимфа түйіндерінің үлкеюі ақ ноғана ауруының белігісіне тән. Сипалау әдісінде лимфа бездерінің қатайғанын, тығыздығынын, лимфа бездердің астыңғы қатарда орналасқан тіндермен жабысқанын байқауға болады. Сүйектердің буындарын сипалаған кезде ауырсыну сезімін сезуге болады. Сипалау мен тықылдату әдісін науқасқа жүргізгенде бауыр және көк бауырдың көлемінің ұлғайып, кейде олардың кіші жамбастың астаушасына түсіп кеткендігін байқауғңа болады. Қан ауруларындағы жүрек – тамыр жүйесі бір бірімен аралас байланысы болғандықтан, олардың қызметтерінің бұзылуы міндетті түрде байқалады. Науқаста жүрек қағысы жиілеп, тахикардия байқалады. Қанның зертханалық тексеріс әдістері жалпы қан аурулардың дерт анықтамсын өткізгенде маңызды роль атқарады. Қанды морфологиялық тексеруге лейкоциттердің жалпы саның есептеу және олардың түрлерінің ішіндегі ара қатынасты анықтау, эритроциттердің, тромбоциттердің саның анықтау, ЭТЖ және гемоглобиннің мөлшерін анықтау жатады. Бұл жалпы қанның клиникалық анализі деп аталады. Жалпы клиникалық анализі қанның барлық ауруларында жүргізіледі. Қан аздықтың барлық түрлерінде эритроцитпен гемоглобиннің мөлшерінің азаюы байқалады. ЭТЖ – ғы қан тұтқырлығы азайғанда және ағзадағы қабыну дәрістерінде көбейеді. Ақ ноғана ауруында қанның құрамында көп мөлшерде жас, қалыпты жетілмеген бластық лейкоцит торшалары байқалады. Сонымен қатар кейбір қан ауруларында тромбоциттердің мөлшері азаяды. Тромбоциттердің негізі қызметі – қан ұю дәрісіне қатысу.
Сонымен бірге тромбоциттердің антигендік те қасиеті бар. Тромбоциттің көрсеткіш санының азаюы геморрагиялық диатездің негізгі себебі болғандықтан, ол қансырауға әкеліп соғады. Қандағы тромбоциттердің қалыпты түрде жеткіліксіз салдарынан, қан ұю дәрісінің ұзақтығы созылып, қансыраудың болуына әсер етеді. Қан ауруларының дерт анықтамасын жүргізгенде ради белсенділік изотоптарды қолданады (сканерлеу тексеріс түрі). Көбінесе ради белсенділік хромын жиі қолданылады. Ол көк тамырға ертінді түрінде жіберіліп, көк бауырда, бауырда, сүйектің кемік затында, лимфа түйіндерінде жиналады. Ради белсенділік хромын жібергенде эритроциттердің көлемін және қанның сары суын анықтауға мүмкіндік туғызып, эритроциттердің өмір сүру ұзақтылық уақытын анынтауға болады. Көк бауыр және бауырды сканерлеу әдісімен зерттеген кезде олардың орналасу қалыпын, көлемін және пішінін анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |