Пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасы
Ситуациялық есеп
Орындаған: Сейлбеков И.Н
Қабылдаған: Улан Кабыловна
Топ: 304 А
Алматы, 2022 ж
Ситуациялық есеп
Науқас 58 жаста жедел жәрдеммен мына шағымдар бойынша түсті жүрек соғысының бұзылуымен, жалпы әлсіздік, басының айналуы мен ауырсынуына, тез шаршау, қатты жүргенде ентігу.
Анамнезінде: 13 жыл ішінде артериялық қан қысымы максимальді АҚ 190/120 мм.сын.бағ дейін көтерілген. Адаптациялық қан қысымы 130/90 мм.сын.бағ. Кеуде тұсында ауырсынулар болмаған. Жағдайы 3 күн ішінде нашарлағандықтан жедел жәрдем шақарған.
Обективті қарау: Жалпы жағдайы орташа есі анық. Ісіктер жоқ. Тері жамылғыларында бөрітпелер жоқ. Бойы-178 см, салмағы-107 кг. Жамбас, сан және іш аймағында май жиналған. Терінің ылғалдылығы жоғары. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары ритмді емес. Жүрек соғу жиілігі минутына 121 рет. АҚ тыныштықта отырғанда-170/110 мм.сын.бағ.
Сұрақтар:
1. Синдромдарды анықтаңыз
2. Диагнозды құрастырыңыз
3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
Жауабы
Ырғақ бұзылысы синдромы
Метаболикалық синдром
Артериялық гипертензия синдромы
Артериялық гипертензия III дәреже, этиологиясы анықталмаған. Атриальды фибрилляцияның пароксизмальды тахисистолалық түрі.
I дәрежелі семіздік (ИМТ= 33,77 кг/м2).
ЭКГ
ЭхоКГ
Достарыңызбен бөлісу: |