Пальпация Қан жүйесі ауруларын анықтауда пальпация әдісімен сүйек жүйесін тексереді: жалпақ сүйектер мен түтік төрізді сүйектердің эпифизін басып, соғып қарай, ауыру сезімі бар-жоғы аныкталуы тиіс.
Маңызды клиникалық мәліметтерді лимфа бездері мен талақтың палыіациясы кезінде алуға болады. Лимфа бездерінің қатты үлғаюы көбіне лимфолейкоз, лимфогранулематоз, лимфосаркома ауруларында байқалады. Бүл кезде алдымен лимфа бездерінің бір тобы зақымдалса, кейін басқа топтарға да тарайды жөне де тек қана беткей орналасқан бездер гана емес, терендегі (кеуде, іш қуыстарындағы) бездер де зақымданады. Лимфа бездерінің үлкеюі тек қан жүйесі емес, басқа да аурулардың (туляремия, туберкулез, обырдың мета-с-таздары, ВИЧ-инфекциясы т. б.) да көрінісі болуы мүмкін.
Лейкоздар мен лимфомаларда үлкейген лимфа бездері ауырмайды, олар айналасындағы теріге жабыспаған, іріңдемейді. Лимфогранулематоз, әсіресе лимфосаркома ауруларында, бездер қатайған, бір-бірімен қосылып үлкен конгломераттар (15—20 см диаметрлі) түзеді.
Талақтың палыіациясы науқас шалқасынан, не оң жақ бүйіріңде жатқан кезінде жасалынады. Бірінші жағдайда науқас басын төсек-те төмен салып, қол-аяқтарын жазып жатады. Ал екінші жағдайда науқасты оң жағына жатқызады, басын кеудесіне қарай төмен иіп, шынтақтан бүгілген сол колын кеудесінің үстіне салады, оң аяғы түзу жатады, сол аяғын тізе мен жамбастан бүккен қалпында үстай-ды. Осы қалыпта қүрсақ бүлшық еттері босаңсып, талақ алға жыл-жиды. Дәрігер науқастың оң жағынан, бетпе-бет отырады. Дәрігердің сол қолы кеуде клеткасының үстінде, VII мен X қабырғалар ара-сьшда, қолтық асты сызықтарының бойына орналасады жөне кеудені жайлап басып, оның тыныс алу кезіндегі қозғалысын азайтады. Дөрігер оң қолын X қабырғаның шетіне қосылған түсына, саусақтарын бүгіп қояды. Егер де алдымен қарау немесе перкуссия әдіс-терімен тексеру кезінде көк бауырдың үлкейгендігі анық білінсе, онда оң қолды оның алдынан, төменгі шетіне қояды. Одан соң науқас демін шығарған шақта, дәрігер оң қолының саусақтарымен ішті баса отырып, кейін науқастан терең дем алуды сүрайды, осьлайша бірнеше рет қайталайды. Үлкейген талақ пальпация дүрыс жасал-ған уақытта, дем алу кезівде темен түскен кеуде пердесімен итеріліп, алдыңғы төменгі шетімен дөрігердің оң қол саусақтарына тіреліп барып, әрі қарай сырғанатып жасайды.Осы тәсілді бірнеше рет қайталап, талақтың өлшемін, ауыру сезімін, тығыздығын, пішінін, қозғалғыштығын, алдыңғы шетінде орналасқан өзгерістерді анықтауға болады. Қалыпты жағдайда талақты пальпация әдісімен зерттегенде анықталмайды. Бүл әдісімен төмен түскен (энтероптоз) кезінде және көбіне үлғайғанда ғана байқауға болады. Көк бауырдың үлкеюі жүқпалы ауруларда (іш сүзегі, вирусты гепатит, сепсис, безгек т. б.), бауыр циррозында, талақ венасының тромбозында және көптеген қан жүйесі ауруларында (гемолиздік анемия, тромбоцитопениялық пурпура, жедел және созылмалы лейкоздар) кездеседі. Көк бауыр өлшемінің қапы үлғаюын слленомегалия (грекше зріеп — талақ, те&аз — үлкен) деп атайды. Созылмалы миелолейкоздың сощы кезеңдерінде талақ шпің бүкіл сол жақ бөлігін алып жатады, ал теменгі полюсы кіші жамбас аймағына дейін түсуі мүмкін. Жүқпалы аурулардың жедел түсында талақ жүмсақ болады, сепсисте қамыр төрізді, ал созылмалы түрінде, бауыр циррозы және лейкоздар кезінде, әсіресе амилоидоз ауруында талақ тығызданып, қолға қатты сезінеді. Пальпация жасағанда талақ көбінесе ауырмайды. Ауру сезімі талак инфарктінде, периспленитге, сондай-ақ оның тез үлғаюы нөтижесінде сыртқы қабаты созылғаңца (көк бауыр тромбозы кезінде веналық қанның іркілуі) пайда болады. Әдетге талактың беті тегіс болып келеді, кедір-бұдырлылық, перислленит, мерез, эхинококктық жылауық, талақ өспелері сияқты аурулардың бірден-бір белгісі болып есептелінеді.
Талақ қалыпты жағдайда жақсы қозғалып тұрады, оның бұл қасиеті периспленитге нашарлай түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |