Терінің көгеруі (цианоз). Цианоздың негізгі механизмі қанда көгілдір түсті редукцияланған гемоглабиннің көбеюі:
Тері көгеруінің негізгі себептері:
дем алу (тыныс алу) мүшелерінің ауруы
жүрек тамыр аурулары
қанның қан уларымен улануы
Тері мен кілегей қабықтардың сарғаюы. Физиологиялық жағдайда терінің сарғаюы ішінде каротині (сары түсті зат) көп жемістерді көп жегеннен болады (мандарин, апельсин т.б.) Кейде сары түсті дәрі қабылдағанда да болады (мыс.акрихин)
Патологиялық жағдайларда тері сарғаюының негізгі себептері:
от жолдарының тығындалуы
бауыр клеткаларының жарақаттануы
эритроциттер гемолизі. Патологиялық тері сарғаю теріге билирубин жиналғаннан болады
Терінің қола түсті болуы Аддисон ауруын да кездеседі.
Теріде меланиннің көп жиналғанынан болады.
Достарыңызбен бөлісу: |