Б - қалыптылық
В – гиперстеникалық
Морфологиялық тұрғыдан алғанда гиперстениктердің денесінің көлденең мөлшері ұзындық мөлшерінен басым болады. Кеуденің ұзындығы қол аяқ ұзындығынан басымдау, ал іштің (құрсақтың) ұзындығы кеуде қуысы ұзындығынан басымдау болады. Бұлар орта бойлы, не ортадан төмен бойы бар бар адамдар функциялық (лат.functio – орындау) тұрғыдан алғанда, гиперстениктерге баяу зат алмасуы тән. Сондықтан бұл адамдарда зат алмасу аурулары басқалармен салыстырғанда, жиірек кездеседі. Мысалы: атеросклероз, қант диабеті, өт және бүйрек тасы, семіздік.
Астениктерде дененің ұзындық мөлшері көлденең мөлшерінен басым болады, қол аяғының ұзындығы кеуде ұзындығынан, ал кеуденің ұзындығы құрсақтың ұзындығынан басым. Бұлардың бойлары ұзын болады. Зат алмасуы көтеріңкі болады. Астениктерде невроз аурулары, өкпе түберкүлезі, асқазан жарасы, спланхноптоз (іш қуысы ағзаларының төмен түсуі) жиірек кездеседі. Нормостениктерде дене құрылысының қатынас мөлшерлері сақталған, зат алмасу қалыпты жағдайда болады.
Адамның өзін ұстау келбеті организмнің жалпы тонусын (лат.tonus ширақтық, күштену) сипаттайды. Сау адамға денені тік ұстау мен серпінді де екпінді жүріс тән. Жүрістің бұзылуының неше түрі неврологияда кезедеседі. Терапияда жүрістің бұзылуы (мардымсыз жүріс) полиартриттерде кездеседі.
Күйлілік жағдай деп тері асты шел мен бұлшық еттерінің даму дәрежесін атайды. Күйлілікті анықтайтын 2 тәсіл бар .
Бірінші тәсіл қабырға асты тұсында екі саусақтың арасына алынған тері мен шелдің қалыңдығы қалыпты жағдайда 2 см шамасында болады. Екінші тәсіл белгілі жағдайларды сақтап (ашқарынға, ішек пен қуықты босатқаннан кейін, киімді шешіп) таразымен өлшенген адам денесінің массасын (салмағын) тиісті массамен салыстыру. Тиісті массаны анықтау үшін см-мен өлшенген бой ұзындығынан 100 санын алу керек
Достарыңызбен бөлісу: |