Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі



бет11/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Аурудың төсектегі қалпы. Өмір сүрудегі белсенділік амалына қарай барлық науқас адамдар жатпай жүргендер және төсек тартып жатқандар болып екі топқа бөлінді. Төсек тартып жатқандардың төсекте 3 түрлі қалпы болады:

  1. Еркін не активті (лат. аctivus әрекетшіл, әлігерлі) қалып. Бұл қалыпта науқас адам өз мүшелерін еркін қимылдата алады, төсекте қозғалуына, бір бүйірден екінші бүйірге ауысып жатуына мүмкіншілігі бар.

  1. Қимылсыз, не пассивті (лат. Рassives енжарлық, керенаулық) қалып. Науқас адамның төсекте қимыл жасауына мүмкіншілігі жоқ, төсекте жатқызған қалпын өзгерте алмайды. Бұл қалып сол болғанда, комада және әбден арып, әлсіздегенде кездеседі.

  1. Мәжбүр қалып деп ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалыпты айтады. Сондықтан да ауру адам ол қалыпта амалсыз болады. Оның ішінде өте жиі кездесетіндері мыналар:

1) тұрған күйінде қалшиып қатып қалу. Стенокардияда (өліп кету үрейінен), қуық ауруларында, қуық түбі безінің ауруларында (тік ішек қатты ауырғандықтан адам отыра алмайды) және ұстамалы ақсақтық жағдайда (жүреген кезде аяқтың бұлшық еті ауруы өршелене түсетіндіктен науқас адам бір жүріп, бір тоқтап қозғалады) кездеседі.

2) Ортопноэ (гр. ortos, pnoe ) тік отыру қалпы, ентіккенді азайтады

3) Амалсыз бір бүйіріне жату қалпы:

а) жүрек ауруларында науқас оң бүйіріне жатады (сол

бүйрегі жатқаннан жүрек қысылады);

4) амалсыз етпетінен жату іш өрімі қысылғаннан (ұйқы безінің ісігі, қарынның артқы қабырғасындағы жара, талақ венасының тромбозы (пайда болатын ауруға тән. Бұл жағдайда іш өрімінің қысылуы азаяды, сондықтан ауырғандықтан бәсеңсиді

5) амалсыз шалқасынан жату, іш ауырғанда және полиартоиттерде кездеседі

6) амалсыз шынтақпен тізеге отыру қалпы. Бұл қалыпта эксудативті перикардитте болатын ентігу азаяды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет