Сабақ жоспары Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: А. Алимова



Дата11.02.2020
өлшемі384,71 Kb.
#57801
Байланысты:
сауаташу 23.01.20
Лекция 3, агылшын 4 сабақ, туризм касиптик агылшын 18.09
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бекітемін:_____________

Оқу ісінің меңгерушісі: А. Алимова


Сауат ашу

Мектеп: Ж.Мырзағалиев

Күні: 23.01.20ж

Мұғалім: Габдешова Ж

Сынып: 1 «а»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ж ж дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру

1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама- қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою



Сабақтың мақсаттары

Барлығы: ж әрпін таниды, дыбысты ажыратады

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: сөздерден сөйлем құрай алады, мәтінді оқи алады, өз ойын еркін айта  алады.


Бағалау критерийі

Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіре алады.

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.


Пәнаралық байланыс

Өнер, дүниетану, жаратылыстану, музыка, орыс тілі

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Алдыңғы меңгерілген білім

Ә дыбысы мен әрпін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Сабақ алдындағы жағымды көңіл-күй

Балалар, қазір мына суреттегі бұлттарға назар аударыңдар. Сендерге қай бұлт ұнайды?

1 бұлт – көк түсті, жайбырақат қалыпта.

2 бұлт – ашық көгілдір, көзі күлімсіреп тұр.

3 бұлт – қара көк, ашулы.

Өздеріңе ұнаған бұлтты көрсеткенде оқушылар шапалақтайды. (3 рет)-Блалалар, барлықтарының көңіл күйлерің жақсы екен, сәттілік тілеймін!


Таныстыры-лым




Сабақтың ортасы

20 минут

Ой қозғау

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

-Суреттегі заттар атауын атаңдар.



-Қандай ортақ ұқсастық көріп тұрсыңдар?

-Бүгінгі біздің тақырыбымызға қатысы қандай?

-Қандай дыбыспен танысады екенбіз?

Жіп, жапырақ, жолбарыс, жылан, жұмыртқа, жаңбыр, жүзім, жол, жел, жарқанат, жастық, жәшік.

-Сонымен, балалар! Біз сендермен бүгінгі сауат ашу пәнінен Ж ж дыбысымен әрпін өтіп, танысатын боламыз. Ж ж дыбысы дауыссыз дыбысқа жатады. Ж ж дыбысын айтқан кезде, өкпеден шыққан ауамыз белгілі бір кедергілерге ұшырайды. Ж ж дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі.





1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу

1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

Жаға Жасау Жақсы Жауын

Жаса Жасыл Жаман Жарыс

Жалау Жайлау Жылтыр Жарас

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру



Жарыс

Жарыс, жарыс. Жайлауда ат жарысы өтуде. Жанаттың аты желден де жүйрік. Жарастың жорғасы мықты. Кім жарыс мәресіне тез жетеді?



-Енді осы оқыған «Жарыс» мәтіні бойынша жұптық жұмыс жасап бірнеше сұраққа құрастырайық.

Сұрақтар:

  1. Жарыс қай жерде өтуде?

  2. Жарысқа кімдер қатысты?

  3. Кім жарыс мәресіне тез жетеді?

  4. Мәтінде жиі қайталанып тұрған қандай дыбыс бар?

  5. Ж ж дыбысы бар сөздерге буындық талдау жаса?

Жазылым

(Ө) «Кім жылдам?» ойыны

1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

лау жал жыл зім

жа жол ға

сыл рық жу тыр а жу

Дескриптор:

1.Буындардан сөз құрай алады.

2. Құраған сөздерін жазады

3. Дауысты дыбыстарды ажыратады

4. Дауыссыз дыбыстарды ажыратады

1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама- қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

Тұрма жай,

Қамыр жай.

Суға жуа-жуа,

Тазаланды жуа.

1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті олардың жалғыз сиыры болыпты



Таныстырылым

 Ұжымдық жұмыс




Сабақтың соңы

2 минут


Кері ой қозғау

«Менің сөзім»

Сыныптан 1 оқушы шығып сабақта не болғанын айтады да басқа бір оқушының атын айтады.Сөзді сол оқушы сабақты қорытындылайды.




Кері байланыс


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру

Кретериалды бағалауды дескриптор арқылы бағаладым                         



Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады



Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді және бағалау тапсырмасының дескрипторларын жазасыз

Дескрипторлар:

- Көп нүктенің орнындағы әріпті анықтайды;

- сөздерді қатесіз оқиды.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сандық техникаларады қолдануда қауіпсіздік шараларын еске түсіру және сақтау



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

Бұл өткен сабағыма ешқандай өзгертулер енгізгім келмейді. Өйткені, сабағымдагы әдіс-тәсілдерімді тиімді пайдаланғандықтан оқушылар сабағымды жақсы меңгерді.

Тапсырмаларды тиімді пайдаланғандықтан, сабақ өз уақытында бітті



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылар сабаққа белсене қатысты

2: Жоспарланған ойындар сабақтың өтуіне тиімді болды. Алайда келесі жолы басқа да қызықты ойындарды ұйымдастыруым қажет.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жұптық, топтық,ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру сабақты жақсартуға ықпал етті.

2: Көрнекілік құралдарды сабақта пайдалану оқушылардың сабақты жақсы түсінуге көмектесті.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



  Оқушылардың талпынысы, белсенділігі жақсы. Бірақ, Аружанға, Диасқа, Нұрсезімге жеке тапсырмалар беруім қажет.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет