Мен жақсы көретін жан-жануарлар. Буын.
(МК; Ө; Қ) Әңгіменің мазмұнын сұрақтарға толық жауап бере отырып, ретімен баяндау білігін бағалау.
Тақырыбы: «Жайлауда»
Оқушыларға мұғалімнің сыйы ретінде жан-жануарлар туралы әңгіме оқып беріңіз немесе тыңдатыңыз. Әңгіме желісі бойынша сұрақтар қоя отырып, мазмұндатыңыз. Оқушылардың әңгімені тыңдау барысында алған әсерлерімен бөлісіңіз.
(МК; Ө; Ж; Қ) Дыбыс түрлерін ажырату, буынға бөлу білігін бағалау.
1. «Мен жақсы көретін жан-жануарлар» тақырыбы бойынша буын сызбасын оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.
Бірінші тапсырманы «Төлдер қандай дыбыс шығарады?» ойыны арқылы ұйымдастырыңыз.
«Бұзау мөңірейді. Құлын кісінейді. Бота боздайды. Қозы маңырайды».
Бұзау, құлын, бота, қозы сөздерін буынға бөлгізіп, буын сызба-үлгісімен жұмыс ұйымдастырыңыз.
(МК; Ж; Қ) Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалау.
Қосымша тапсырма. Мұғалімнің сыйы. «Қайсысы қалай дыбыстайды?» ойынын ойнату. Оқушыларға жануарлар мен құстардың суреттері таратылып беріледі. Жұппен жұмыс жасай отырып, олардың қалай дыбыстайтынын табу керек.
Әр оқушыға өзі ұнататын жануарлары мен құстары туралы әңгімелетіңіз. «Неліктен ұнайды?» сұрағының көмегімен оқушының өз ойын дәлелдеулер арқылы білдіруіне ықпал етіңіз.
Мысалы: тауық қыт-қыттайды. Маған тауық ұнайды. Ол адамға пайдалы. Жүнін, жұмыртқасын, етін пайдаланамыз, т.с.с.
(МК; Ө; Қ) Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдасты-рыңыз.
Бала қолының ұсақ бұлшық еттерін дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлбасын салу, элементтерді жазу) үшін мұғалім төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алғаны дұрыс:
– дәптер бетіндегі суреттерді бояу;
– әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу;
– заттарды сызықтар арқылы қосу;
– үзік сызықтарды бастырып жүргізу;
– әртүрлі сызықтар, ою-өрнек, таңбалар салу;
– дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлау;
– жазу жолдарымен (үлкен, кіші) таныстыру;
– әріп элементтерімен таныстыру, оларды жазуға үйрету
|