Оқушыларға 1-ші қыркүйек күніне арналған тақпақтар!



Дата24.01.2020
өлшемі9,69 Kb.
Оқушыларға 1-ші қыркүйек күніне арналған тақпақтар!

Сәлем, саған мектебім,

Алғыстарым көп менің,

Оқу, білім, тәрбие

Ой санама еккенің.

Қуаныш бүгін – мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы,

Жан досым, саған мың сәлем

Мектепке енді барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.

Өсті міне бойымыз,

Өсті міне ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойымыз.

Мектепке алғаш барғанда

Ұстаздарды мақтаймын,

Сенімдерін ақтаймын.

Біздікіндей мектепті

Әлемнен шарлап таппаймын.

Бірінші қыркуйек күнімен.



Аңқыған жұпар гүлімен

Келіп ем, қарсы алар мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен.

Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет