Сабақтың тақырыбы Жол белгілерін білеміз бе? Қатысқандар



Дата07.05.2020
өлшемі0,75 Mb.
#66552
түріСабақ
Байланысты:
Жол белгілері1




Пән: Қазақ тілі

Сынып : 5

Мектеп




Машықтанушы

Әскербекова Ақмаржан

Бөлім

Көлік және жол белгілері

Сабақтың тақырыбы

Жол белгілерін білеміз бе?







Қатысқандар-

Қатыспағандар-







Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/А5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіруү

5.ӘТН 4.3 Сын есімдердің , шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Бейнематериалды тыңдайды.Жабық сұрақтарға жауап береді



Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтіннің мазмұнын түсінеді. Тақырып аясында өз ойын жеткізуде сын есімдерді толық пайдаланады..



Кейбір оқушылар орындай алады:

Сын есім шырайларын ажырата алады. Және шағын диалог құрауда пайдаланады.



Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Жол белгілері туралы сұрақтарға жауап береді. Бейнематериалға қатысты өз ойын білдіріп, баға береді. Сын есімдерді табады.



Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: жол белгілері, тыйым салу, ескерту белгілері, сын есім

Ишара: бармақ көрсету, бас изеу

Алдыңғы оқу

Жол белгілері туралы біліп келу

Бағалау критерийлері

Ойлау деңгейлері: білу, түсіну.

-Жол белгілерін ажыратады.

-Сын есімді анықтайды.


Құндылықтарды дарыту

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу

Пәнаралық байланыс

Тарих

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10- минут




Сабақ басында шаттық шеңберін құру «Жылы лебіз» тәсілі арқылы оқушылар жол, сапарға байланысты тілектер жолдайды

Жол оқиғасына байланысты суреттер көрсетіледі.



  • Балалар, өздерің көрген осы суреттердегі жол көлік апатының себебі неде деп ойлайсыңдар?

- Жол белгілерін білмегендіктен және жол ережесін сақтамағандықтан.

Тақырыпты оқушының өздері ашады «Жол белгілері»


Оқушыларды топқа біріктіру

«Адасқан суреттер» әдісі арқылы топқа біріктіру

1-топ Жаяу жүргінші өтпесі



2-топ Аялдама



3-топ Бағдаршам реттеуі





Оқу мақсатымен таныстыру.

Грамматикалық тақырыпты түсіндіру

Оқушылар біз жол белгілерін қалай ажыратамыз?

Олардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай?

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар грамматикалық тақырыпты да болжайды.






«Жүрекше»

Жол белгілері бойынша қима қағаздар



Сабақтың ортасы 

10-минут


10-минут

5-минут


1-тапсырма:

Топтық жұмыс. Тыңдалым тапсырмасы

Тыңдалым алды сұрақтар:

Жол белгілері не үшін керек?

Қандай жол белгілерін білеміз?

Бағдаршам туралы қандай қызықты ақпарат білеміз?


Тыңдалым бейнематериалы және тапсырмасы:

«Әлемдегі ерекше бағдаршамдар»

Берілген ақпараттар бойынша топтар ментальді карта дайындайды. Ментальді карта дайындау барысында шырай түрлеріне қатысты мысалдар пайдаланады.



Бағалау критерийлері:

1. Бейнематериалдағы ақпаратқа сай ментальді карта дайындайды;

2. Ментальді карта эстетикалық талғамға сай болуы керек;

3. Ментальді картаны қорғау барысында сын есімнің шырай түрлеріне қатысты мысалдар пайдаланады.


ҚБ: «Смайликтер» әдісі арқылы бағалау

2-тапсырма

Жұптық жұмыс. Жазылым тапсырмасы.

«Аялдамадағы кездесу»


Оқушылар аялдамада кездесіп қалған екі адам (оқушылар рөлдерін өздері бөліп алады) рөлінде «Жол белгілерінің маңызы» тақырыбында шағын диалог құрастырады.



Бағалау критерийлері:

1. Берілген тақырып бойынша шағын диалог құрастырады;

2. Диалог құрастыру барысында жол белгілеріне сипаттама келтіріп кетеді;

3. Диалог барысында сын есімнің шырай түрлеріне қатысты мысалдар пайдаланады.


ҚБ: «Смайликтер» әдісі арқылы бағалау

3-тапсырма

Жеке жұмыс. Оқулықпен жұмыс.

3-тапсырма. Суреттегі жол белгілерінің қалай аталатынын анықта. Оларды төмендегі кестеге бөліп жаз.






Тыйым салу белгісі

Ескерту белгісі













ҚБ: «Смайликтер» әдісі арқылы бағалау

«Әлемдегі ерекше бағдаршамдар»

Бейнематериал

Плакаттар, маркер, стикерлер.

Смайликтер

Смайликтер

Жол белгілерінің суреттері

Смайликтер



Соңы 5 минут

Бағалау: Сабақ барысында тапсырмалар бойынша жиналған смайликтер санына қарай бағаланады.

Кері байланыс : «Мәре» әдісі

Оқушылар сабақ бойынша кері байланысты өз көліктерінің «Мәреге» жақындық деңгейімен береді.





«Мәре»

плакаты




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет