Ќазаќстан республикасы денсаулыќ саќтау министрлігі



бет22/208
Дата29.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#106401
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   208
Байланысты:
Мейрембаева Н.ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

Пальпация (сипау) Пальпация саусақтардың сезім түйсігіне негізделген. Ол ертеден қолданылып келе жатқан тәсілдердің біріне жатады, бірақ 19-ғасырдан бастап практикалық медицинада кең өріс алып дамыды. Бұл тәсілдің ерекше дамуына үлес қосқан орыс ғылымдары В.П Образцов пен Н.Д.Стражеско. Пальпацияны қолданған кезде де белгілі бір ережелерді сақтау міндетті. Бұл ережелер пальпация кезінде ауру мен дәрігер қалпының, дәрігер саусақтарының қандай болу керек екенін және пальпация жүргізудің техникасын (әдісін) қамтиды.

  1. Аурудың қалпын тексеретін мүшені жеңіл тауып сипап қарауға мүмкіншілік туғызатын ыңғайлы болу керек. Тексеретін мүшенің түріне қарай ауру тұрған, отырған, жатқан т.б. қалыптарда болады.

  1. Дәрігер қолдары тез шаршамайтын, өзіне ыңғайлы қалыпта болу керек. Тез шаршаған қолдың сезімталдығы азаяды.

  1. Дәрігердің қолдары тырнақ алғанда жылы және жұмсақ болу керек. Тырнақ аурудың терісіне батып, ауыртпалық тудырады. Салқын және қатты қол аурудың денесін тітіркендіріп, бұлшық еттің жиырылуын қоздырады. Бұлшық еттің жиырылуы сипаудың нәтижесіне теріс әсерін тигізеді.

  1. Қолданылатын әдісіне қарай пальпация беткі және терең пальпация болып екіге бөлінеді. Терең сипау негізінен ішкі қуыс мүшелерін тексеру үшін қолданылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет