Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» РМК
Бахия Атшабаров атындағы Іргелі және қолданбалы медицина
ғылыми-зерттеу институты
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлектерінің Ассоциациясы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Аса құрметті әріптестер!
2011 жылы өткен «ХХІ ғасырдағы лабораториялық медицинаның өзекті мәселелері» І Халықаралық конференция-көрме зертханалық дағдылар саласындағы мамандардың қызығушылығын арттырып отыр, ҚР ДСМ 09.01.12ж. № 10 бұйрығына сәйкес бұл іс-шара «ХХІ ғасырдағы лабораториялық медицинаның өзекті мәселелері» атты Республикалық мәжіліс ретінде «2012 жылға арналған ҚР ДСМ негізгі іс-шаралар жоспарына» енгізілді.
Сіздерді 2012 жылы 23 мамырда Алматы қаласы, Төле би көшесі №94, Ректорат «Даңқ залында» ұйымдастырылған «ХХІ ғасыр лабораториялық медицинаның өзекті мәселелері» халықаралық қатысуымен өтетін Республикалық мәжіліске қатысуға шақырамыз.
Мәжіліс барысында талқыланатын мәселелер: еліміздегі медициналық зертханалардың болашағы мен оның өзекті мәселелері, зертханалық технопарктердің дамуы мен қалыптасуы туралы, Қазақстанның тәжірибелік денсаулық сақтау саласындағы клиникалық-зертханалық диагностикасының келешегі мен қазіргі жағдайы, қазіргі таңдағы лабораториялық зерттеулердің негізгі бағыттары, лабораториялық медицинаға инновациялық технологияларды енгізу.
Баяндамашылар мен аудиториялар: ҚР ДСМ өкілдері, АҚШ, Израил, ТМД және еліміздің лабораториялық медицинаның жетекші ғалымдары мен мамандары, сондай-ақ, лабораториялық құрал-жабдықтарды жеткізген қазақстандық компаниялар мәжіліс жұмысына атсалысты. Мәжіліс бағдарламасында өткізілген «дөңгелек үстелдерге», шеберлік-класстары мен On-lain режиміндегі дискуссияларға Қазақстанның барлық аймақтарынан мамандар қатыстырылды.
Қолданылатын тілдері: орыс тілі, қазақ тілі және ағылшын тілі. Материалдар «ҚазҰМУ хабаршысы» журналына жарияланатын болады. Мәжіліске қатысу үшін алдын ала тіркелу керек. Өтініш пен мақалаларды төмендегі электронды мекен-жайға жіберуге болады: kaznmuscience@mail.ru «Лабораториялық медицина» белгісімен 10.05.2012ж. дейін (1 қосымшаға сәйкес).
Көрмеге қойылатын көрнекіліктер: іс-шара барысында диагностика және бақылау құралдары, жүйелік-тест, медицинаға арналған өнімдер, медициналық және лабораториялық құралдар және медициналық техникаларды көрмеге қою ұйымдастырылады.
Іс-сапар шығыны іс-сапарға жіберуші тараптар есебінен жүргізіледі.
Мақалаға қойылатын талаптар: мақала (Word редактор тексті бойынша), суреттер мен кестелер бірінші автордың аты-жөні көрсетілген жеке жинақталған файлға жіберіледі (мақаладағы суреттер мен кестелердің реттік нөмірі латын әріптерімен көрсетілуі тиіс, мысалы: «Ivanov, 1 сурет», «Ivanov, 3 кесте»). Мақаланың түпнұсқа көлемі 5 беттен аспауы тиіс Times New Roman 14 кегель шрифтімен, 1,0 аралығында жазылуы тиіс. Әдебиеттерге сілтеме беру тіктөртбұрышты жақшада көрсетілуі керек, тізімдегі көрсетілген нөмір мақаладағы нөмірмен сәйкес келуі керек. Қысқарған сөздердің, терминдердің толық атауы бірінші жазылған тексте көрсетілуі тиіс. Мақала туралы ақпаратқа: тақырыбы (бас әріптермен), автордың аты-жөні, автордың жұмыс орны, байланыс телефондары, электронды мекен-жайы қосылу керек. Түйіндеме орысша, қазақша немесе ағылшынша жазылуы тиіс, 10-15 жолдан және мақала тақырыбынан, автордың аты-жөні, тегі, мәтіннен, 6-8 кілт сөзінен, 14 шрифтпен, 1,0 аралық интервалмен, мәтін түйіндемесі курсивпен, тақырыбы мен автордың аты-жөні жартылай қарайтылу керек. Мақаланы төмендегі электронды мекен-жайға kaznmuscience@mail.ru «лабораториялық медицина» белгісімен жіберу керек. Редакция мақаланы өзгертуге немесе қысқартуға құқылы. Бұдан бұрын жарияланған немесе басқа баспаға ұсынылған жұмыс редакцияға жіберілмейді.
Мақаланы өткізу уақыты 2012жылдың 10 мамырына дейін. Мақала құны – бір бетке 1500 тенге (студенттер мен магистранттарға ақысыз). Мәжіліске қатысушылардың тіркелу жарнасы мен жарияланым ақысы 3000,00 тенге мына мекен-жайға жолданады: «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлектерінің ассоциациясы» РБҚ. Мақала үшін төленген түбіртек сканерленген түрде мына e-mail-ге жіберілуі тиіс: kaznmuscience@mail.ru
Банк реквизиттері:
АҚ «Қазақстан Халық Банкі» № 139900 Алматы облыстық филиалы
Банктің ағымдық есебі: № KZ6660101310000122045-KZT
Кбе 18
БИК HSBKKZKX
Банктің РНН: 600200091051 600700622275
Банктің ОКПО: 307222000000090061 50774847
Мекен жайы: 050046, Алматы қ, Розыбакиев көшесі, 101
Заңды мекен-жайы:
8(727) 259-07-77
8( 727) 259-08-00
1 қосымша
ӨТІНІШ
«ХХІ ғасыр лабораториялық медицинаның өзекті мәселелері» халықаралық мәжілісіне қатысушы (Алматы қаласы, «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» РМК, 2012 жыл 23 мамыр)
1
|
Аты –жөні, тегі (толығымен)
|
2
|
Жұмыс орны
|
3
|
Қызметі
|
4
|
Қала
|
5
|
Пошталық мекен-жайы индексімен
|
6
|
Байланыс телефоны
|
7
|
@-mail
|
Семинар-мәжілісіне қатысушыларға байланысты барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болады:
Андиржанова Гульзира, Тоқбаланова Лаура
Байланыс тел.: 8(727) 292-37-06
kaznmuscience@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |