Әдістеменің кейбір өзекті мәселелері. Қос мәселе



Дата08.02.2022
өлшемі17,12 Kb.
#98255
Байланысты:
Әдістеменің кейбір өзекті мәселелері
Әдістеменің кейбір өзекті мәселелері (2)

Әдістеменің кейбір өзекті мәселелері. Қос мәселе (тіларалық және мәдениетаралық мәселелер)
Қазіргі кезде шет тілдеріне қоғамның сұранысы өсіп отырған жағдайда шет тілдерін оқыту әдістемесіне оның кейбір мәселелерін шешуге басты назар аудару керек.
Шет тілін оқыту әдістемесінің мәселелері өте көп. Біз оның тек екеуіне ғана тоқталмақпыз.
1) Мәдениетаралық қарым-қатынас
2) Тіларалық қатынас мәселелері
Шет тілін оқыту барысында белгілі бір әдістемені колдану әр түрлі шарттарға байланысты болады. Оның ең бастысы оқытудың алдына қойылған мақсаты, оқушының жас ерекшелігі, оқуға бөлінген уақыт, т.б.
Мысалы: шет тілін оқып үйренетін ғалым мен саяхатшының мақсаттары әр түрлі, сондықтан қойылатын әдіс-тәсілдер де өзгеше болады. Әрине, он жастағы бала мен 25 жастағы ересек адамды оқытудың әдіс-тәсілдері де өзгеше.
Осы факторлардың барлығын әдістемелік оқытуда ескерген жөн. Осы факторлардың ішіндегі маңыздысы – оқытудың мақсаты, қоғамның дамуы, басқа елдермен байланыс оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей ықпал етіп отырады.
Мысалы: II Дүниежүзілік соғыстан кейінгі ақпарат құралдарының қарқынды дамуы барлық елдерде қатынастық әдістеменің тууына ықпал етті. Мұнда екі сатыны атап көрсетуге болады:
1) ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтарындағы тәжірибелік-функционалды тұжырымдама
2) ХХ ғасырдың 90-жылдардан дамып келе жатқан мәдениетаралық қатынас тұжырымдамасы
Қатынастық тұжырымдама дүниежүзі адамдарының барлығын бір тәсілде оқыту мүмкін емес екенін көрсетті. Басқа жолдарды іздеуге мәжбүр етті. Ол жол мәдениет- аралық қатынас тұжырымдамасы. Шет тілін мәдениетке негіздеп оқыту барысында оқушылар өз елінің, тілін оқып отырған елдердің елімен салыстыруға, өзгешелігін тануға мүмкіндік алады, қызықты, тартымды жақтарын зерделейді, түсініксіз жайттарды білуге талпынады, сөйтіп сөйлеуге бейімделеді. Жалпы айтқанда, ол елдің мәдениетін білмей тұрып, сол елдің тілінде қатынастық біліктілікке қол жеткізу мүмкін емес.
Мәдениетаралық қатынас мәселелерін де мынадай салалар қаралады:
1) Оқытудың мақсатын анықтау
2) Оқытудың мазмұнын анықтау сабақ барысындағы
3) Мәдениетаралық қатынас тұлғааралық қатынастың құрамды бөлігі
4) Оқыту материалдары мен оқулықтары
5) Оқыту әдістемесі
Шет тілін оқытудың мақсаты оқушылардың санасында мәдениетаралық қатынас іскерліктерін қалыптастыру. Бұл жерде мәдениеттің қатынасы ұлттар мен мәдениеттер аралығы өзара байланысты түсіну ретінде қарастырылады.
Мәдениет дегеніміз не?
Мәдениет дегеніміз - әмбебап жүйе. Ол белгілі бір қоғамға, топқа тән жүйе. Осы жүйе қоғамның барлық мүшелерінің болмысты қабылдауына, ойлауы мен іс-әрекетіне ықпал етеді. Бұл жүйе әр қоғамда әр түрлі болады. Сондықтан тілді дұрыс қолдана білу үшін сол елдің мәдениетімен де танысуы керек.
Мысалы: неміс тіліндегі \Ди - \Сен \: Sie - Сіз қаратпа сөздері мен қазақ тіліндегі \Сен - \Сіз\ сөздерінің қолданылуы. Ди-14 Sie.
Сонымен, мәдениеттің қатынас тұжырымдамасы негізінде құрылған шет тілдерін оқыту әдістемесі мынадай талаптарға сай болуы керек:
1. Мәдениетаралық қатынастарға негізделген оқудықтардағы тақырыптар іріктеліп алынуға тиіс және өз құрбыларының осы тектес өмір тәжірибесімен байланысып отыруы қажет.
2. Сабақта басқа ел мәдениеті, тілі, ділі, тұрмысымен танысу оқу құралдары арқылы орын табады. Тыңдауға, оқуға арналған мәтіндер оқушылардың түсінуіне ықпал ететін әдіс-тәсілдерді қолдануды талап етеді.
3. Әдеби мәтіндерге де назар аудару керек.
4. Салыстыру тәсілі негізгі тәсіл болып табылады.
Әдістеменің екінші мәселесі
Тіларалық қатынас мәселесі тіларалық байланыс теориясымен және қос тілділік теориясымен тығыз байланысты. Шет тілін оқып үйрену жеткізу деген сөз. Оқып үйрену процесінде екі тіл бір-бірімен байланысқа түседі. Әдістеменің екінші мәселесі қос тілділікке қол Тілдердің өзара байланысына түсуі нәтижесінде ана тілі шет тілін оқып үйренуде тиімді және тиімсіз байланысқа түседі.
Мысалы: ағылшын тіліндегі дыбыстар қазақ тілінде жоқ, бұл дыбыстарды айтып үйрену қиынға соғады. Бұл тиімсіз ықпал. Ал дыбыстарын үйрену оңай, себебі бұл дыбыстар қазақ тілінде де бар. Бұл тиімді ықпал. Бірақ, бул орыс тілді оқушылар үшін өте қиын. Ал дыбыстардың ұзақ және қысқа айтылуы қазақ және орыс тілді де оқушылар үшін қиын, себебі мұндай құбылыс қазақ-
орыс тілдерінде жоқ. Шет тілін оқытуда ана тілінің ерекшелігін ескеру үшін ол екі тілді бір-бірімен тілдің барлық деңгейлерінде (грамматика, фонетика, лексика) салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау керек.
Тілдік құбылыстар ұқсас болса да тілді меңгеруде тиімді ықпал етеді. Бұл тиімді ықпалды психологтар тасымал деп атайды. Шет тілін оқыту барысында тасымалды кеңінен пайдалану керек. Ал айырмашылықтар интерференция (дыбыстардың айтылуындағы өзара ықпалдастығы) деп аталады. Интерференцияны болдырмауға тырысу керек.
Тасымал мен интерференция құбылысы грамматика саласында да кездеседі.
Мысалы: қазақ тілінде ілік септіктен болған анықтауыш сөздің алдында тұрады.
Мысалы: Баланың кітабы. Ағылшын тілінде Boy's book, ал орыс тілінде - Книга мальчика.
Ағылшын тілін үйренуші қазақ тілді оқушыға тасы мал өсер етеді де, орыс тілді оқушыға интерференция құбылысы ықпал етеді.
Шет тілдерін оқытудың қазіргі заманғы өзекті мәселелерінің ең бастысы осы мәселелер. Бұларды шешіп алмайынша шет тілін оқыту жақсы нәтиже бермейді. Олай болса, әдістеме ғылымы саласындағы зерттеулер осы мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет