Ақпараттық коммуникациялық технологиялар.
Жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережелері. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
Жұмыс жасау кезіндегі;
Апаттық жағдайдағы;
Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей :
Компьютерді тоққа қосатын сымдарға , қос тілді розеткілерге , штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
Компьютердің жанына портфельдер , сумкалар , кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.
Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды ;
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.
Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек ;
Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.
Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.
Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;
Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға ьолады;
Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет.
Көз жаттығуларын білу міндетті.
1. Көзіңізді компьютерден басқа бағытқа аударып, 2 минуты тынықтырыңыз. Ол үшін көзіңізді жұмып, жағымды нәрсе жайлы ойлаңыз. Гимнастика барысында иығыңыз бен басыңызды тік ұстаңыз.
2. Енді назарыңызды басқа жаққа аударып, бір нүктеге 5 минут қараңыз.
3. Жоғарыдағы ең биік нүктені тауып алып, сонда қараңыз. Содан кейін жанарыңызды ақырындап төмен түсіріп, жердегі бір нүктеге қараңыз. Осы жаттығуды 10 рет қайталаңыз. Келесі жаттығуды дәл осы бағытта, текан оңға, оңнан солға қарау арқылы жалғастырамыз.
4. Көзіңізді айналдыра отырып, оң жақтан сол жаққа қарай, сол жақтан оңға қарай қараңыз. Бұл жаттығуларды жасау барысында асықпағаныңыз жөн.
5. Сұқ саусағыңызды мұрныңызға тигізіңіз. Саусағыңыздың ұшына қарай отырып, қолыңызды алға қарай созыңыз. Қолыңызды асықпай қайта мұрныңызға тигізіңіз. Бұл жаттығуды орындау барысында назарыңызды саусақ ұшынан басқа бағытқа аудармаңыз. Бұл жаттығуды, кемінде, 6 рет қайталаңыз.
Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.
Достарыңызбен бөлісу: |