Тежегіш жүйесі жылдамдықты реттеуге, маневр жасауға және тоқтау қажет болғанда жылдамдықты түсіруге көмектеседі. Онсыз автокөлік жүргізуді елестетудің өзі қиын. Ол негізгі тежеу, көмекші және тұрақ жүйелерінен тұрады. Және әрқайсысының өз қызметі бар.
Негізгі тежегіш жүйесі
Негізгі тежегіш жүйесі автокөлік жылдамдығының баяулауына жауап береді. Ол гидропровод пен тежегіш механизмінен тұрады. Жүргізуші тежегіш педальін басқан кезде күш тежегіш цилиндріне жіберіліп, ондағы поршень доңғалақтармен жалғасықан жүйенің түтіктеріндегі қысымды арттырады. Доңғалақпен жалғасқан жүйеде тежегіш сұйықтығы болады. Ол электродтар мен тежегіш барабанынан тұратын тежегіш механизмінің жұмысына әсер етеді де, дәл осы үйкеліс доңғалақтардың айналуын және автокөліктің жылдамдығын баяулатады.
Көмекші тежегіш жүйесі Көмекші немесе қосалқы тежегіш жүйесі негізгі тежегіш жүйесі бұзылған жағдайда немесе төтенше тежеу үшін қажет болады. Жалпы алғанда, қосалқы тежегіш жүйесінің жұмысы мен қызметі негізгі жүйеден айтарлықтай ерекшеленбейді.
Көмекші тежегіш жүйесі
Тұрақ тежегіш жүйесі
Атауынан көрініп тұрғандай, тұрақ тежегіш жүйесі автокөлікті ұзақ уақыт бойы ұстап тұру үшін қажет (көлік толық тоқтаған кезде немесе тұрақта). Оны іске қосқан жағдайда көліктің өздігінен қозғалуына жол берілмейді. Өйткені ол тұрақ режимінде толығымен тежеліп тұрады. Сонымен қатар, бұл тежегіш жүйесі негізгі және қосалқы жүйе істен шыққанда да қажет болады.
Автокөліктің тежегіш жүйесі негізгі жетек бөліктері мен тежегіш механизмдерінен тұрады.
Атап өтсек:
• Доңғалақтағы тежегіш цилиндрлері;
• Салонындағы тежегіш педальі;
• Тежегіш цилиндр және оған арналған бак;
• Вакуумдық күшейткіш;
• Тежегіш түтіктер.
Тежегіш механизмдері жылдамдықты азайту және толық тежеу үшін екі түрлі әрекет жасауға мүмкіндік береді:
Бірінші табақ тежегіштері арқылы. Яғни, тежегіш педальіне түскен күш тежегіш цилиндріне жеткен кезде, тежегіш және үйкеліс төсемдері іске қосылады. Соның арқасында доңғалақтың табағы мен тежегіш төсемдер (колодка) арасында йкеліс пайда болып, бұл доңғалақтың айналу жылдамдығын қажетті көрсеткішке дейін төмендетуге немесе толық тежеуге мүмкіндік береді.
Екінші дискі тежегіштерінің көмегімен. Олар бекітілген немесе жылжымалы болуы мүмкін. Егер жылжымалы болса, онда төсеніштер бірдей тозады. Енді жмыс жүйесін айтсақ: тежегіш педальді басқан кезде поршень дискідегі колодкаларға әсер етеді де, осыдан пайда болған үйкеліс күші доңғалақтың айналу жылдамдығын төмендетеді, яғни көлік жылдамдығына әсер етеді.
Ақаулар Тежегіш жүйесі үнемі бақылауды және күтімді қажет етеді. Өйткені бұл жүйедегі кез-келген ақау адам денсаулығына, тіпті өміріне қауіп төндіреді. Егер, қауіпсіздігіңізді ойласаңыз, ақау белгілері біліне бастағаннан-ақ көлік жөндейтін мамандардың қызметіне жгініңіз. Тежегіштегі ақаулардың негізгі белгілері мыналар: • Автокөлікті тежеу кезінде шығатын «ысқырық» сияқты дыбыс электродтардың тозғанын, тежегіш дискінің өзгеріске ұшырағанын білдіреді; • Тежегіш педальінің басылуы қиындаса, ауа немесе сұйықтық жүйесінің, түтіктер мен колодкалардың бұзылғанынан хабар береді; • Ал доңғалақтардың айналуы ауырласа, негізгі тежегіш цилиндрдегі поршеньнің кептелуі салдарынан болуы мүмкін. Сондықтан, автокөліктің тежегіш жүйесінің жай-күйін, тіпті ол дұрыс жұмыс істеп трса да уақытылы тексеріп отыру керек. Бұл мәселені дер кезінде шешуге және оны жою арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |