Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 182 бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде нұсқама жүргізу Жұмыс берушінің міндеті болып табылады
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 182 - бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде нұсқама жүргізу Жұмыс берушінің міндеті болып табылады.
Ұйымда кіріспе нұсқаманы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе ұйым бойынша бұйрықпен осы міндеттер жүктелген адам жүргізеді.
Бағдарламаны еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі де әзірлейді және жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі стандарттарының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ өндірістің барлық ерекшеліктерін ескере отырып бекітеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі — Кодекс) 82. Қызметкерлерге жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету-әрбір жұмыс беруші үшін басым міндет. Кодекстің 182-бабына сәйкес жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі міндеттері қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады.
Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нұсқама жүргізу жөніндегі талаптарын орындамауы (кіріспе нұсқамадан басқа) және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі құжаттардың болмауы – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.