АТА ТҰРЫП ¥Л СӨЙЛЕСЕ ЕРЖЕТКЕН БОЛАР
Сырым 26 жасында бір жолдасымен Нұралы ханңың үйіне барса, хан Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.
Балалар, аман ба,— депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:
Жүр кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой,— дейді.
Сонда Малайсары жалт қарап:
Ата тұрып ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып қыз сөйлегеннен без.
Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді?— -
дейді.
Ата тұрып ұл сөйлесе ержеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар.
Ата балаға кесір болса, кері кеткені болар,—
дейді Сырым.
Сен толған екенсің, мен тозған екенмін,— деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |