Бекболат пен бір төре
Қарауыл Бекболат шешенге бір төре орыс сұрақ қойып:
Құдай қайда тұрады? депті. Бекболат төреге «мылтығыңды атшы» дейді. Анау шүріппені басады.
Оғы қайда түсті? дейді сонда Бекболат.
Қайдан білейін? дейді төре.
Өзің атқан оқтың қайда екенін білмейсің, он сегіз мың ғаламды жаратқан құдайдың қайда тұрғанын мен қайдан білейін? депті Бекболат.
Күншығыс пен күнбатыстың арасы неше күншілік? депті төре.
Жаз қағазыңа, бір күншілік, дейді Бекболат.
Оны қайдан білдің? дейді төре.
Күн таңертең шығады, кешке батады, арада қонып түстенгенін көргенім жоқ, дейді Бекболат.
Көк пен жердің арасы неше шақырым? дейді төре.
Бір шақырым, дейді Бекболат.
Оны қайдан білдің? дейді төре.
Көкте періштелер дауыстайды, біз оны естиміз, дауыс бір шақырым жерден естілмей ме? дейді Бекболат.
Қазақ асылының асылы не, жасығы не? дейді төре.
Қазақ асының асылы да айран, жасығы да айран, өйткені айран алғаш шыққанда шәрбат болады, қымыз шыққанда іркіт болады, депті Бекболат шешен.
Достарыңызбен бөлісу: |