СЫРЫМ БАТЫРДЫҢ НҮРАЛЫ ХАНДЫ ШАПҚАНЫ
(2-нұсқа)
Сырым жас өспірім бала күніңде-ақ қой бағуды қойыпты. Жігіттік дәуіріне жетісімен хан, билердің кеңесінде болып, билікке кірісіп сөз айтпағанмен, сөзін тыңдап отыруға құмар болыпты.
Бір күні ханның ордасында бір жұмыспен жиналып отырған қазақтардың біреулері ханның ілулі тұрған ішігін көріп:
«Жарықтық, бұл нендей аңның терісі екен»— деп таңырқасады. Сонда хан отырғандарға жекіріп: «Атаңа нәлет қазақ деген неткен көргенсіз халықсыңдар, бір тышқанның терісіне сонша неге естерің кетті?»— дейді. Сырым сол жерде ханның сөзіне шыдай алмай ұшып тұра келіп:
— Япырмай, мына сарттың тасуын қара, қазақты аяғына басуын қара! Құдай тағала 6666 аяғы, 114 басы бар бір мақұлық жаратты, сен соны білемісің? Үш күннщ ішінде осы сөздің мағынасын тап, егер таппасаң басыңды аламын,— депті де, дойырын табалдырықтан шұбатып, үйден шыға жөнеліпті.
Сырым әр жақтағы Асан Таубай дейтін биден ақыл сұрапты: «Ңұралы хан солай деді, мен былай дедім» деп. Сонда Таубай: «Хан тасқан екен, оиы шаппақ керек» деп ақыл айтыпты. Сонан соң Нұралы ханның ұлын Үрымға, қызын қырымға жіберіп, Сьфым батыр іпауып альшты. Нұральгқашып Уфаға тығылып, ақырында сонда өліпті Сырым батыр 34 жас шамасында Нұралы ханды шапқан себепті үкімет тарапынан жер аударылып, онан аман-есен қелген соң, ханға қарсы күресті бұрынғыдан да күшейте түсіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |